Абылкаирова Пания Сейтовна

ШҚО Семей қаласы «№32 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі

Абылкаирова Пания Сейтовна

Тақырыбы: «Арайлы, алтын күз!»

Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Төрт мезгілдің суреттері. Жапырақтардың суреттері, жемістер мен көкөністер салынған себеттер.

Әдемі сазды әуен ойналып тұрады, төрт сыныптың балалары тәрбиешімен бірге кіріп орындықтарға жайғасады.

Сабақтың барысы:

1 Тәрбиеші:

Тырна көкте тыраулап,

Қош, қош айтты, «Кеттім» – деп

Шөптің басы қыраулап,

Күзде келіп «жеттім» деп.

2 Тәрбиеші:

Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Армысыңдар құрметті ата-аналар, ұстаздар және балалар! Бүгінгі «Арайлы, алтын күз!» атты ертеңгілігімізді бізбен бірге өткізуге қош келдіңіздер!

1Тәрбиеші: Сәлеметсіңдерме, балалар? Көңіл-күйлерің қалай? келген қонақтарға амандасайықшы.

2 Тәрбиеші:Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Тоңазып атырап,

Көп жеміс піседі.

Сарғайып жапырақ,

Судырап түседі.

Айтыңдаршы,балалар

Бұл қай кезде болады?

Балалардың жауабы.Күз.

2Тәрбиеші: Дұрыс балалар. Күз мезгілі.

1Тәрбиеші: Осы табиғаттың төрт мезгілінің алатын орны ерекше. Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтанда да, адамдар күзді берекелі күз, алтын күз деп баға береді. Бұл мерекеге барлығымыз жиналып қалыппыз, ендеше мектепалды даярлық сыныптары келген қонақтарға өздерінің дайындап әкелген өнерлерін ортаға салсыншы.Ортаға төрт сыныпты шақырайықшы. 0 «А» сыныбы, 0«Б» сыныбы, 0«Д» сыныбы, 0 «Е» сыныбы.

Бұл топтардың өнерлерін алдымызда отырған әділқазылар алқасы бағалап, тиісті бағасын қояды.

Әділқазылар алқасымен таныстырайық.

2Тәрбиеші:Әділ қазыларға ең жоғарғы бал бес бал деп айта кетейік.

Байқау төрт бөлімнен тұрады:

  1. «Ал, қанекей жыл мезгілдерін таныстырайық!» (әр бір топ төрт жыл мезгілін таныстырып өтеді).
  2. Сән үлгісі – 2019

  3. «Өнерлі өрге жүзеді» (өнерлерін көрсету).

  4. «Ас адамның арқауы» (Үй тапсырмасын көрсету кезеңі).

Ұйымдастыру бөлімі:

1Тәрбиеші:Ерте ,ерте,ертеде атақты жыл патшалығы болыпты.

Олардың 4 баласы болыпты.(қыс,көктем,жаз,күз).Осы төрт баласының мінезі әр түрлі болыпты. Жыл патшайымы осы 4жылды бағып-қағып өсіріпті. Күндердің күнінде осы қыс, көктем, жаз, күз мезгілдері бір күні айтысып қалыпты. Олар былай деп айтысады.

Көктем:Менен тіршілік көзі басталады. Көктем айларында көптеген мерекелер аталып өтіледі. Табиғат ана оянады, қыстың қары еріп, құстар жылы жақтардан қайта оралады.Ағаштар бүршік жарып гүлдейді. Адамдар қыстан аман шығып, жадырап, қызу еңбектерін бастайды. Табиғаттың ең тамаша кезеңі әрине менмін.

Жаз:Жарайды көп мақтанбай-ақ қой, менсіз адамдар не істеген болар еді? Егер менің аптап ыстығым болмаса егін, бау-бақшаларың пісер ме еді? Ал сендер суға шомыла алар ма едіңдер. Табиғаттың ең кереметі менмін.

2Тәрбиеші: Одан кейін қыс былай дейді:

Қыс:Пай-пай мақтануларын. Табиғаттың ең керемет кезеңімін. Менен күшті ешкім жоқ, барлық жерді ақ бояуға бояп, түрлі өрнектермен безендіріп, табиғатқа сұлулық беретін мен. Жаңа жылды менсіз қарсы алмайсыңдар ғой? Көрдіңдер ме? Табиғаттың ең күщті кезеңі менмін.

1Тәрбиеші:Одан кейін күз былай дейді:

Күз:Өте дұрыс айтқандарың, бірақ адамзатқа меніңде қажетім бар. Барлық еңбек атаулының қызған шағы менде, егін бау-бақшалар жиналып, қыбырлаған жанның бәрі қыс қамына кіріседі, ал сендер жеміс-жидекке тоймаған болар едіңдер. Табиғаттың ең бір жақсы кезеңі менмін.

2Тәрбиеші:Осылай айқайласып жатқан үстіне табиғат патшайымы келіп қалып былай дейді:

Табиғат патшайымы: Бәрекелді , бәрің жиналып қалыпсыңдар ғой, бұл не жиын?

Бәрі:Табиғаттың керемет кезеңі кім екен деп таласып жатырмыз.

Табиғат патшайымы : Орынсыз таласқандарыңыз дұрыс емес. Бәрің де адамдарға керексіңдер. Сендер көктем, жаз, күз, қыс болып өзгеріп тұрмасаңдар, олар өмір сүре алмаған болар еді. Барлық кезеңнің өз кереметттері бар, сондықтан

таласпай адамдарға қалтықсыз қызмет жасауға тырысыңдар. Олар табиғаттың кереметтерімен ғана күн кеше алады.

Бәрі: Дұрыс –дұрыс ,орынды айтылды. Бізден қателік болды. Түсіндік.

1Тәрбиеші: Балалар табиғат патшайымы дұрыс айтады. Бүгін күз мерекесі ғой. Барлығымыз дайындап әкелген өнерлерімізді ортаға салайық.

1Тәрбиеші:

2 Сән үлгісі – 2019

Тұлғасына сән киім жарасады,

Бүкіл әлем таңғалып қарасады-деп ортаға көрікті,сұлу ұл-қыздарымыз шығып, өздерінің сән үлгілерін көрсетеді.

2Тәрбиеші:

3 «Өнерлі өрге жүзеді»

Шалқытып сайыста ән салайық

Өнерпаз балаларға тамсанайық.

Ән айтып,би билеп,шаттанайық дей отырып, келесі кезекті өнерге берейік.

1Тәрбиеші:

  1. «Ас адамның арқауы» (Үй тапсырмасын көрсету кезеңі).

1Тәрбиеші:

Жарыс заңы ежелден –

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол –

Еңбектену, жалықпау

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады

Жеңілгендер ренжімей

Тараса бізге жарады – демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды анықтау үшін, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.

2Тәрбиеші:

Бойларында от бар екен байқадық.

Жүректерде шоқ бар екен байқадық.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.

Кімдер жүйрік,

Өнерпаз екенін білейікші,

Әділқазы алқасына тек әділдікті, ал, бүлдіршіндерге сәттілікті тілейікші- деп келесі сөз кезегін әділ-қазылар алқасына сөз беріледі. Қорытынды бағаны әділқазылар алқасы ақылдасып шешеді. Жеңімпаздарды анықтап, құттықтап , сыйлықтар табыстайды

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше