Тайбекова Разия Идирисовна

Күні :11.10.2019.Жұма

Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу қызметі «Сөйлеуді дамыту», «Сенсорика», «Сурет салу», «Жапсыру».

Тақырыбы: Балықтар.

Мақсаты:Балалардың сөздік қорларын молайту,балықтар туралы түсініктерін кеңейту.Аквариумда тіршілік ететін балықтар туралы тусіндіру. Заттарды өзара салыстыруға үйрету.«ӨТШТ» технологиясын пайдалана отырып балаларды шығармашылыққа баулу.Бейнелеу өнеріне қызығушылықтарын арттыру.Балықтарды табиғи заттармен жапсыру әдісін уйрету. «Тәй-тәй»технологиясын пайдалана отырып балалардың белсенділіктерін арттыру.

Қажетті құралдар: Дамыту орталықтары,түрлі-тусті балықтар суреті,ойыншықтар,суреттер,бояу,ақ қағаз,паралон,бастырма,балауыз,тұзды қамыр,жапсырмалар,майлық т.б.

Әдіс – тәсілі: Көрсету , түсіндіру , сұрақ-жауап,ойын.

Жаңа сөздер: Балық.Балықтар.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ой-қозғаушы әрекеттер Армысың,алтын Күн!

Армысың,көк Аспан!

Армысың,жер Ана!

Армысың жан Досым!

Балалар шеңбер құрып, қимыл қозғалыс жасайды.
Ұйымдастыру-ізденушілік Ғажап сәт: Балаларға орамалмен жабылған затты көрсетеді.Қанекей балалар ашып көреміз бе?

Орамалдың астында (аквариумдағы жапсырмалы балықтар суреті).

Балалар:Бұл жерде не бар екен?

Балалар:Бәрі бірдей ме кәне?Сары,қызыл,

ақ балықтар.Үлкен- кіші. Көзін,құйрығын, қанатын көрсетіңдер.Жарайсыңдар!

Балалар өздерің қалаған орталыққа орналасыңдар.

1-орталық «Аквариум»,Балықтарды балауызды пайдалану әдісін пайдалана отырып салу.Паралонмен,бояуды пайдаланамыз.

2-орталық «Теңіз», Бастырма әдісін пайдалана отырып,теңізді балыққа толтырамыз.

3-орталық «Көл»,Тұзды қамырдан жасалған балықтардың денесіне қабыршақтарын жапсырамыз.Балаларға әдіс-тәсілдерін көрсетіп көмектесеміз. Ал енді балалар бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті:

Гүлдей болып өсеміз,

Құстай болып ұшамыз,

Балық болып жүземіз,

Көбелек болып қонамыз!

Ойын: «Балық аулау».

Ия.

Балық.

Сары

Қызыл

Ақ

Үлкен

Кіші

Балалар орталықтарға бөлінеді.

Сергіту сәтін жасайды.

Ойын ойнайды

Рефлексивті-түзетушілік

Қорытынды

Біз не білдік?Жарайсыңдар балалар! Сендер білгір,жылдам,епшіл болдыңдар! Сүрақ жауап береді.

Қуанады.

Жаңғыртады:Балалар балықтар туралы білді,шығармашылық қабілеттерін жаңғыртты .

Түсінеді:Балалар сурет салуды,жапсыруды тусінді.

Қолданады:Ойынды дұрыс ойнай білді.

—
Зайтуна Есмаганбетова

—
IЗГIЛIК НАГИЕВ. Редактор

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше