Жаңа сабақтар

«Ақылшы, данашы, қамқоршы басшы — Оразбекова Алма апай»

«Адамзат жетім болмайды-халықта болса панасы,
Халық жетім болмайды-басшысы болса данасы» Сырым Датұлы

Басшы туралы жазу, педагог үшін қиындау екенін білемін, дегенмен, білікті басшының аз жылдар ішіндегі жетістіктері бір төбе екенін біреу білсе, біреу білмейді. «Білім беру балабақша табалдырығынан басталады» — десем ешқашан қателеспеймін. Осы орайда, Түркістан қаласы «Балбөбек» бөбекжай балабақшасын басқарып отырған Оразбекова Алма апайды ерекше атап өткім келеді. Алма апай бізді үздіксіз біліммен қамтып, іс-тәжірибемізді арттырып отыруға мүмкіндік беріп отырады. Өзінің қай істе де тындырымдылығымен балбақшаға танылып үлгерген азаматша.

Әрбір қызметтің өзіндік жауапкершілігі қиындығы мен рахаты бар. Алма Оразбекова апайды ұжым тек басшысы ретінде ғана емес, балабақшамыздың керемет жанашыры ретінде құрмет тұтады. Киелі шахардың маңдайалды білім ұясының айналасын кілімше құлпыртып, гүлдендіріп отыр. Алма апайдың ерекшелігі, тек өз жұмысымен ғана шектелмейді. Әрқашан балабақшамызда өткізіліп жататын басқа да мәдени іс-шара, ертеңгіліктеріміз жоғары деңгейде өтуіне атсалысып, қолынан келген көмегін аямайды. Ұжымның, бүлдіршіндеріміздің, қонақтарымыздың назарында болады.

Жасыратыны жоқ, жақсы адамдар жайлы қолыма қалам алып мақала жазу адамға шабыт береді. Сондықтан еңбегімен елге танылып, ұжымда және әріптестері арасында үлкен абыройға ие болған Оразбекова Алма апайыма зор денсаулық, шалқыған дәулет, отбасыңыздың амандығын тілеймін.

Түркістан қаласы «Балбөбек» бөбекжай балабақшасы
саз жетекшісі ӨМІРЗАҚ ЕРЖАН АХМЕТЖАНҰЛЫ

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.