Жаңа сабақтар

«Ұлы халықтың ұлы — Абайы»

12 ақпан 2020 жылы қалалық «Балбөбек» бөбекжай бала-бақшасында бөбекжай басшысы Алма Оразбекова бастаған педагог қызметкерлері мен мектеп алды даярлық тобының ұйымдастыруымен, Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына орай «Ұлы халықтың ұлы-Абайы» атты керемет іс-шара өткізілді.

Мектеп алды даярлық тобының тәрбиешілері: Кадирова Жанат пен Алтынбекова Ләззат апайлары өздеріне қарасты бүлдіршіндермен Абай атамыздың өлеңдерің мәнерлеп оқып, танымдық-тәрбиелік жағынанда мол үлесін қосса, көмекші тәрбиеші Дүйсенбайева Гүлсара апайымыз бүлдіршіндердің киім үлгілерін, жүріп тұруына көмек беріп, саз жетекшіміз Өмірзақ Ержан бүлдіршіндерге Абай әндерін ырғаққа түсіп орындатып, Абай атасының туралы көріністерін көрсетіп көз айым болса, биишіміз Кубеева Бибинур апаймыз қыздарды қазақтың ұлттық биін, нақышына келтіріп билетіп, ертеңгіліктің ажарын ашты.

Ертеңгіліктің өткізілу мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірі мен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл-мұраларын нәсихаттап, өлеңдерін, әндерін бүлдіршіндерге мәнерлеп айтқызу, көркем сөйлеуге шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.

«Балбөбек» бөбекжай бала-бақшасының бүлдіршіндері мен педагог қызметкерлерімен көптеген іс-шаралар өткізіліп жатыр. Атап айтқанда, «Алтын күз», «Тәуелсіздік тұғыры», «Жаңа жыл» сынды түрлі іс-шаралар өткізілді.

Ертеңгіліктерімізде тәрбиешілер, саз жетекші, биші мен бүлдіршіндердің арқасында шамасына келгенше барынша жан-жақты көрсетіп, бүлдіршіндер қысылмай анықтап, нақпа-нақ дауыстары да анық жоғары деңгейде өтуде.

Түркістан қаласының тұрғыны, «Балбөбек» бөбекжай
балабақшасының
саз жетекшісі: Өмірзақ Ержан Ахметжанұлы

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.