Жаңа сабақтар

Мустафина Кундуз Еркиновна

ШҚО Семей қаласы «№ 44 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

бастауыш сынып мұғалімі Мустафина Кундуз Еркиновна

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Дүниетану

Мектеп:

Күні:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Менің отбасым және достарым

Сынып:1

Мұғалімнің аты – жөні: Мустафина Кундуз Еркиновна

Сабақ тақырыбы Менің отбасым
Оқу мақсаты 1.1.1.3 отбасы мүшелерінің арасындағы өзара қамқорлықтың маңызын түсіндіріп, мысал келтір
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: отбасы мүшелерін атайды,отбасы мүшелер арасындағы бір-біріне көрсететін қамқорлықты айтады

Көптеген оқушылар: отбасы мүшелерінің арасындағы өзара қамқорлықтың маңызын түсіндіреді

Кейбір оқушылар: отбасы мүшелерінің арасындағы өзара қамқорлықты көрсетудің қажеттілігін дәлелдейді.

Бағалау критерийлері -отбасы мүшелерінің арасындағы өзара қамқор қарым-қатынастың маңызын түсіндіреді;

-отбасы мүшелеріне көрсететін қамқорлық түрлеріне мысал келтіреді

Тілдік мақсаттар Сабаққа қатысты терминдер мен сөз тіркестері: Үйіне, өз отбасына, өзінің қауымдастығына қатынасы бойынша өз ойлары мен сезімдерін, уақыт өте келе отбасы мен қоғамдық өмір қалай дамығанын сипаттайды және түсіндіреді

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

— туыстық байланыстар жүйесіндегі өз орны

-отбасы мүшелері арасындағы қамқорлық қарым-қатынас

Талқыланатын мәселелер:

— Қандай туыстық атауларды білесің?

— Қамқорлық деген не?

— Отбасына қалай қамқорлық көрсетесің?

-Отбасы мүшелеріне қамқорлық жасаудың маңызы бар ма?

Құндылықтарды дарыту Отбасы мүшелеріне қамқорлық көрсету, сыйластық, өзара түсіністік, туыстық құндылықтарды қалыптастыру
Пәнаралық байланыстар Көркем еңбек:«Постер» қорғауда оқушылар үйдің суретін салып,жолға жақсы адами құндылықтарды көрсететін сөздерді жапсырады
АКТ қолдану дағдылары Бейнеролик

https://www.youtube.com/watch?v=_A3nhSzwJ4E оқушылар берілген жағдайға болжау жасайды

Бастапқы білім Отбасы мүшелерінің атауларын айта алады
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезендері Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет Ресурстар
Сабақтың басы 1.Шаттық шеңберге тұру

(М) Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен

Амандасып алайық

Бір жадырап қалайық!

-Сәлеметсіңдер ме,балалар!

-Біздің шеңберіміз неге ұқсайды?

-Шаңырақ деп нені айтады?

— Бір -бірден уығын алып,бір-бірімізге жақсы тілек айтып, шаңырақ құрайық .Міне,біз бір шаңырақтың астында бір отбасы болдық.

-Қандай тілек айтамыз?

— Отбасымыздың шаңырағы биік болсын!

-Енді осы лентаның түстері арқылы топқа бөлінейік:

1топ-ақ

2топ-сары

3топ-көк

2.Ширату жаттығу. (Ж)

Тапсырма:Суреттерге мұқият қара. Отбасы мүшелерінің арасындағы қамқорлықты бейнелейтін суреттерді белгіле. (құстұмсық)

(О)-Қамқорлық жасау дегенді қалай түсінесің? Жұпта талқылау.

Дескриптор:

— отбасы мүшелерінің арасындағы қамқорлықты бейнелейтін суреттерді көрсетеді;

— қамқорлық жасау туралы ой қорытады.

қ -«Сол қол,оң қол»

(әртүрлі қимылды қолданады:келісемін-оң қол,келіспеймін-сол қол)

(М)-Балалар,қалай ойлайсыңдар бүгінгі сабақта не туралы айтамыз және сабағымыздың мақсаты

қандай болады?

(Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтады)

Ақ,сары,көк ленталар
Сабақтың ортасы

Сергіту сәті

3.(Ұ) Stop-кадр тәсілі

(М)-Сендер бұл жағдайда не істер едіңдер?

Оқушылар берілген жағдайларға болжау жасайды және отбасы жайлы

қорытынды шығарады

қ -«Сөздік бағалау»

(Оқушылардың қажеттілігіне беріледі)

(М)«Бұрыштар ойыны»

Оң жақ бұрышқа – анасына кім ұқсайды?

  • Сол жақ бұрышқа – әкесіне кім ұқсайды?
  • Менің қасыма келеді – өз-өзіне ұқсайды?
  • Оң жақ бұрышқа – кімде қарындастары бар?
  • Сол жақ бұрышқа – кімде бауырлары бар?
  • Есік жаққа барады – кімде қарындастары бар,
  • бауырлары бар?
  • Терезе жаққа барады – кімде ешкім жоқ?
  • Кім өз отбасын жақсы көреді-менің қасыма келеді!Қол шапалақтаймыз!
  • (О) іс-әрекеті: тапсырманы орындайды

5.(Т) «Рөлдік ойын»

Тапсырма: Кімнің, кімге және қалай көмектесіп жатқаны көрсет.

Өз отбасыңда бір-біріңе қалай көмектесесің?

Дескриптор:

— кімнің не істейтінін ойластырады;

— өзара рөлдерді бөліседі;

-дайын рөлдерді ойнайды;

қ -«Бас бармақ»

6.(Т) «Постер қорғау» «Ойлан-Жұптас-Бөліс»талдау тәсілі

Тапсырма: «Армандағы үйді» салу

Отбасы бақытты болу үшін қандай құндылықтар болу керек.

-осы сөздердің ішінен ең маңыздысын тауып,үйге апаратын жолға жабыстыр.

-өз жауаптарыңды дәлелде

қ — «Үш шапалақ»

Бейнеролик

https://www.youtube.com/watch?v=_A3nhSzwJ4E

«Армандағы үй»

желім,15 сөз жазылған карточка

махаббат,

қайырымдылық,

тәккәпар,сұлулық,

мақтаншақтық,ақыл-

дылық,

пайдалық,ақымақтық,

мейірімділік,ашуланшақтық,достық,

нәзіктік,

өшпенділік,

дөрекілік,тыныштық

Сабақтың соңы «Бес саусақ» тәсілі:

-Бүгінгі сабақта не білдің?

-Не үйрендің?

-Отбасы мүшелеріне қандай қамқорлық көрсетесің?

— Қамқорлық деген не?

-Отбасы мүшелеріне қамқорлық жасаудың маңызы бар ма?

кері байланыс

Рефлексия:жүрекшелерге өз отбасына тілек жазып,мына «Армандағы үйге» жабыстыр

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап

отырсыз?

Тапсырмаларды оқушылардың қажеттіліктерін есепке алып, саралауды жоспарлап отырмын.

Барлық оқушылар:

Қимылды “Бұрыштар” ойын арқылы отбасы мүшелерін атайды.”Шира-

ту жаттығулар”, “Stop-кадр”тәсілдер арқылы отбасы мүшелер арасындағы бір-біріне көрсететін қамқорлықты айтады. Тиімді кері байланыс беру арқылы оқу мақсатына қол жеткізу үшін оқушыларды алға жетелеймін

Көптеген оқушылар: Топтық жұмыс нәтиже-

сінде ”Рөлдік ойын”тәсілі арқылы көптеген оқушы-лар отбасы мүшелерінің арасындағы өзара қамқор-лықтың маңызын түсінді-реді.Оқушылар орындай-тын істер:ережелер,қамқор-лық және қаншалықты маңызға ие екендігіне көз жетеді.

Кейбір оқушылар: «Постер қорғау»

Жоғары деңгейдегі оқушыларды ойлануға,

терең білім алуға ынталан-дыру мақсатында әр бір отбасы мүшелері үшін отбасылық өмірдегі сый-ластық,сүйіспеншіліктің маңыздылығы мен қажеттілігін көрсетеді

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Өзара бағалау,өзіндік бағалау,мұғалімнің комментарийлері арқылы бағалау-«Оң қол,сол қол»,

«Бас бармақ», «Үш шапалақ»

«Сөздік бағалау»

(оқушылардың қажеттілігіне беріледі)

кері байланыс «Бес саусақ»

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сергіту сәті және белсенді іс-әрекет түрлері кезінде денсаулық сақтау элементтерін қолдану,қауіпсіздік шараларын ескеру.

Сабақ бойынша рефлексия
Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі ( оқыту туралы да, оқу туралы да

ойланыңыз ) ?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады ( оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз ) ?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.