Жаңа сабақтар

«Жаны жомарт, жүрегі жылы әдіскер»

«Ұстаз болу-мінездің күн шуағы, Ұстаз болу сезімнің ақылдылығы» — деген осы бір жыр теңеу біздің «Балбөбек» бөбекжай балабақшасының әдіскері Оразбекова Бибінұр апайымды суреттеп тұрғандай. Оразбекова Бибінұр апайым отбасымен қатар жұмысын ерекше қарап тиянақты байыппен орындайды. «Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсін» деген ұлағатты сөздің шындығын мектеп қабырғасында, универде, өз ортамызда жиі еститінмін. Бүгін соған көзім жеткендей. Себебі, мақалама арқау болғалы отырған Бибінұр апайым, әдіскерім, ақылшы анам, әрі нағыз әріптесім.

Оразбекова Бибінұр апайымен ақыл-кеңес, сұрап әңгімелесе қалсаңыз, емін-еркін ой бөлісіп, қажетті нәріңізді алып шығасыз. Тағы бір қасиеті, ашық сырласып, өзіне баурап алады. Оның ілтипаттығы мен сабырлылығы, ұжым мен бүлдіршіндер арасындағы қадірін арттырмасса, кеміткен емес. Әңгіме арасында Бибінұр апай көбінесе әкесінің тәлім-тәрбиесін айтып, мақтан тұтады. біздің кішкентай бүлдіршендерді өз баласынан артық көрмесе кем тәрбиелемейді. Апай қандай да бір уағыз нақыл айтатын болса имамдардан кем айтпаса сол кісілердей етіп жеткізеді құдды адамды өзіне баурап алып жүзіне қарап отырғың келе береді. Демек Бибінұр апайым ұлағаттылығы тектен-тек, анасының ақ сүтімен әкесінің берген тәлім-тәрбиесінің арқасында берілген қасиет болып тұр.

Мен 2017жылы университеті бітіріп, балабақшаға келгенде өзі қарсы алып менің мұғалім болуыма, үлкен себепкер деп аузымды толтырып айта-аламын. Әуелі бастан-ақ Бибінұр апайым мен өз баласындай көріп, тәлім-тәрбиесімен мені баурап алған жан. Әр істі бастамас бұрын тіліңді шахадқа келтіріп бастауды сабыр мен төзімшілікті үйреттіп жүр әлі де үйретеді. Бибінұр апайыма таң қалатыным өзі біліп тұрса да «Мынаны былай істесек қалай қарайсың!»…. деп өзіңнен сұрап отырып, жұмыстарда кездесіп жататын небір кемшіліктерді тез жолға қоятын. Адамдармен өте орынды қарым-қатынасты орнатуды өзі үлкен іскерлігін кқрсетеді.

Біздің әдіскер Оразбекова Бибінұр апайымыз аузын ашса жүрегі көрінетін жан, ешбір жанға қиянат көрсетпей керек десеңіз жердегі жәндікті де басып кетпитін жандардың бірі. Міне «Балбөбек» бөбекжай балабақшасының әдіскері, әрі үздік тәрбиешісі ұлағатты ұстаз Оразбекова Бибінұр апаймыз келешек зейнеткер еңбекқорлығына іштей сүйсіне отырып, біз жаны жарқын жанға алдағы уақытқа зейнеткершілікті Алланың абыройымен шығып сіздің жолыңызды ерке балаңыз әрі саз жетекшіңіз Өмірзақ Ержанға берсін деп аяқтайын.

Түркістан қаласының тұрғыны, «Балбөбек» бөбекжай бақшасының
саз жетекшісі: Өмірзақ Ержан Ахметжанұлы

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.