Жаңа сабақтар

Нурмаханова Аққыз Ильгерибасовна

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қаражота ауылы Б.Момышұлы атындағы

орта мектеп КММ. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Нурмаханова Аққыз Ильгерибасовна

Қысқа мерзімді жоспар

Мектеп: Еңбекшіқазақ ауданы

Б.Момышұлы орта мектеп КММ

Мұғалім аты-жөні Нурмаханова Аққыз

Ильгерибасовна

Сабақтың тақырыбы: Шынықсаң шымыр боласың
Сынып: 5-сынып
Күні: Қатысқан оқушы саны: Қатыспағаны:
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары Т/А 3.Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну,негізгі және қосымша ақпаратты анықтау.

Ж.2.Жанрлық ерекшеліктеріне сай рәсімделуі мен құрылымын сақтап,хат,жарнама,хабарлама құрастырып жазу.

ӘТН.4.Жұрнақ арқылы жасалған туынды және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану.

Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар орындай алады:

Мәтінді түсініп,тыңдайды, негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды.

Оқушылардың көпшілігі: Туынды және күрделі сөздерді ауызша тілдесім барысында қолданады.
Кейбір оқушылар: Жанрлық ерекшеліктеріне сай рәсімделуі мен құрылымын сақтап,хат,жарнама,хабарлама құрастырып жазады.
Бағалау критерийлері 1.Мәтінді түсініп, тыңдайды,негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды.

2.Жанрлық ерекшеліктеріне сай хат,жарнама,хабарлама құрастырып жазады.

3.Туынды және күрделі сөздерді ауызша тілдесім барысында қолданады.

Тілдік мақсат Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Спорттық кешен,шаңғы,асық ату,ойын

Пәнаралық байланыс Дене шынықтыру
Құндылықтарға баулу Салауатты өмір салтын ұстану,қазақтың ұлттық құндылықтарын дәріптеу
Алдыңғы оқу Спорттық ойын түрлері
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығу түрлері. Ресурстар
Басы

3 минут

1.Сәлемдесу.Сабаққа дайындығын тексеру.

«Сәлем хaт»тәсілі бойынша әуен қойып, әуен тоқтағанда хат кімнің қолына түседі сол оқушы сұраққа жауап беру арқылы өткен сабақтағы білімдерін пысықтау.

2. Психологиялық aхуaл қaлыптастыру.

Шaттық шеңберін құру . «Жүректен –жүрекке» Бір-біріне бүгінгі күндеріне сәттілік тілейді.

3.Топқа бөлу.

Ұлттық спорттық ойындардың суреттерін тақтаға іліп қойып, кім қандай ойынға қатысады деп сол бойынша топқа бөлемін..

  • «Aсық ату»
  • «Теңге алу»
  • «Aрқан тартыс»
  • «Aударыспaқ»

Сабақ мақсаттарын таныстырып өту.

Интербелсенді тақта

Әуен

Сурет

Ортасы 1-тапсырма.Топтық жұмыс «Дaра диaгрaммa» әдісін пайдаланамын.

1.Мәтінді тыңдаңдар.

2Мaзмұнын түсіндіріңдер

Мәтіндегі негізгі және қосымшa aқпaратты дaра диaграммaсынa сaлып aнықтaңдaр.

Негізгі ақпаратты жаз Қосымша ақпаратты жаз

Дескриптор:

-Мәтінді түсініп,тыңдай алады.

-Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтай алады.

ҚБ: «Шапалақ ұру» арқылы бағалау

2-тапсырма. «Сұқбат» әдісін пайдаланамын.

1. «Сұқбaт» әдісі бойынша мәтінді диалогқа айналдырыңдар.

2.Мәтінге сұрақ дайындаңдар

3Ауызша тілдесу барысында туынды және күрделі сөздерді кірістіріңдер.

Дескриптор.

-Мәтінді диалогқа айналдыра алады.

-Мәтінге сұрақтар дайындай алады.

-Тілдесу барысында туынды жән күрделі сөздерді кірістіре алады.

ҚБ.»Кемеңді боя»

Сергіту сәті: «Қаражорға» биіне билету

3-тапсырма. «РAПТ» әдісі бойынша топтық жұмыс

1.Мәтіннің рәсімделуі мен құрылымын сақтаңдар.

2.Мәтіннің құрылымын сақтай отырып, «РAПТ» әдсі бойынша «Шымбұлақ»спорт кешені тақырыбында

І топ: хат

ІІ топ: хабарламa

ІІІ топ: жарнамалау мәтінін құрастырып жазыңдар.

Шымбұлақ спорттық кешені

Дескриптор:

-Мәтіннің құрылымын сақтай алады.

-Мәтіннің құрылымын сақтай отырып,хат,жарнама,хабарлама құрастырып жаза алады.

ҚБ. «Екі жұлдыз бір тілек»

Маркер,

А3 форматы

Кесте

Сурет

Оқулық

Мәтін

Сурет

«Қаражорға» әуені

Шымбұлақ» спорттық кешенінің суреті,

Соңы Оқушылар рефлексиясы

Үйге тапсырма: Спорттық ойындардың түрлеріне байланысты презентация жасап келу.

Сурет
Қосымша ақпарат
Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз, қабілетті оқушыларға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

«Дара диаграмма»әдісі бойынша

Барынша қолдау қажет ететін оқушыларға қосымша ақпараттар беру арқылы қолдау көрсетемін.

Орташа қолдау қажетететін оқушыларға ойын нақты жеткізу үшін жетелеуші сұрақтар қоямын.

Төмен қолдау қажет ететін оқушыларға өз көзқарасын нақты дәлелдермен жеткізуін сұраймын.

«Сұқбат» әдісі бойынша

Барынша қолдау қажетететін оқушыларға туынды және күрделі сөздердің жасалу ережесін еске түсірту арқылы қолдау көрсетемін.

Орташа қолдау қажет ететін оқушыларға ауызша тілдесу барысында туынды және күрделі сөздерді мейліеше көп қолдануға бағыттаймын.

Төмен деңгейлі қолдау қажет ететін оқушыларға мәтіндегі диалогты рөлдерге келтіріп айтуын ұсынамын.

«Рапт» әдісі .Барынша қолдауқажет ететін оқушыларға спорттық кешен туралы түсініктерін кеңейтетіндей ақпарат беремін.

Орташа қолдау қажет ететін оқушыларға хат,хабарлама, жарнамалауды стильге сай жазылуын басты назарда ұстау керектігін ескертемін.

Төмен деңгейлі қолдау қажет ететін оқушыларға хат,хабарлама,жарнаманы сыни тұрғыдан ойлап жазуды ұсынамын.

Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Әр тапсырмадан соң дескриптор арқылы бағалаймын.

ҚБ түрлері «Екі жұлдыз,бір тілек», «Бес саусақ», «Кемені боя», «Шапалақ ұру» әдістері арқылы бағалау.

Денсаулыққа және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс

Партада дұрыс отыруын қадағалау,АКТ-ны қолданғанда қауіпсіздік шараларының сақталуын қамтамасыз ету.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.