Ақтөбе облысы Шалқар ауданы «№2 мектеп-гимназиясы» КММ
бастауыш сынып мұғалімі Оспанова Эльмира Сәндібайқызы
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстары |
Сабақтың басы
5 минут |
Ұйымдастыру:
Ширату жаттығуы: (Ұ) Берілген кеспе қағаздардағы геометриялық фигуралардың қасиеттеріне қарай 4 топқа бөліп отыру. «Артығын алып таста» әдісі бойынша: (Сабақ тақырыбына байланысты оқушылардың қызығушылығын туғызу) (Т) Парта үстіне қағаз қиындыларына жазылған сөздерді оқып, затты қолданылуына байланысты топтастыру. — Жарайсыңдар! (үш шапалақ) Сабақ мақсатын анықтау: Біз бүгін заттардың сипаты бойынша жиындар тобын құрып, саластырамыз. Тең жиындар туралы түсінік аламыз. |
(сырға, білезік, сақина, алқа, шашбау, тоқаш, бауырсақ, бөлке, самса) |
Сабақтың ортасы
30 минут |
(ҰЖ) «Ойлан тап» әдісі
(Жаңа тақырыпты түсіндіру мақсатында) МК :Бейнеролик «Жиындар мен олардың элементтерінің мысалдары» көрсету Берілген заттардан қандай жиын құрауға болады? Жиындарды сипаттап, ортақ белгісіне қарай топтастырып, жиын бөліп ал. Әр жиындағы элементтерді сана. Жауаптарын тыңдау. (ҚБ) : Жиындарды сипаттап, ортақ белгісіне қарай топтастырады. Ынталандыру «Бас бармақ» БК-1 Жиындарды салыстыруды үйренеді 1. Жиындарды салыстыруды үйренеді (Ж.Ж) «Сана және салыстыру» (жаңа түсінігін бақылау мақсатында) Суреттер жұбын салыстыра санайды. Жиындар тең бе? Дескриптор:
(Ж. Ж) «Ізден. Ойлан» әдісі (жаңа ұғымды меңгергендігін тексеру мақсатында) Оқушылар суреттерді салыстырады. Жауабы: 1-жиындар тең емес 2-жиындар тең Дескриптор:
Басқа топ мүшелері бағалайды. Өзін-өзі бағалау ДЖ: «Ойлан Салыстыр» әдісі (жаңа білімді пысықтау мақсатында) 1. Жиындарды салыстыр. Олардың арасында ≠,= таңбаларын қой. 2. Артық элементтерді сызып, жиындарды теңестір. Дескриптор:
БК- 2. Тең жиындар туралы түсінік қалыптасады. Сергіту сәті. Кітаппен жұмыс: (Т.Ж)»Ойлан, бірік, бөліс!» әдіс (Жаңа білімді қорыту мақсатында) Суреттердегі заттарды қарап салыстыру және теңестіру. (ҚБ): 1-креслоны алып тастауға болады. 2- креслоның суретін алып қосуға болады. Дескриптор: — Жиындар салыстырады. — Артық элементтерді табады. — Жиындарды теңестіреді. Шешімін тез әрі дұрыс тапқан топты смайлик арқылы бағалау. (ҚБ): суреттерді салыстырып, теңестіре алады. (Т. Ж)»Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісі (саралау мақсатында) Қоңыздарды салыстыру. Қоңыздардың түрін, санына, түсіне назар аудару. Дескриптор: Заттарды санауды біледі. Жаңа терминдерді қолдана отырып сөйлей алады. 1. Қабілетті оқушыларға проблемалық ізденіс әдісін қолданамын — пайымдау, дәлелдеу, қорытындылау дағдыларын қалыптастыру мақсатында өз бетінше жұмыс жасайды. 2. Төмен деңгейлі оқушылардың жауабын сұрақтар арқылы саралаймын. Қорытынды сараланады. ДЖ: «Ойлан-тап» тәсілі (Өз бетінші жұмыс жасау мүмкіндігін қалыптастыру) 1. Артығын алып тастап, теңестір. 2. Тең жиындарды қос. Дескриптор:
|
https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/algebra/logika-ehlementteri/lesson/zhiyndar-zhiyndarha-qoldanylatyn-amaldar
Суреттер (кесе, тостаған, ожау, қазан, торсық, ағаш қасық, тымақ, шапан, бөрік, сәукеле, мәсі) Суреттер (боялмаған және боялған асықтар) Математика оқулығы 2-бөлім Алматы «Атамұра» 2016 Математика 2-бөлім жұмыс дәптері 107 –бет «Мектеп» баспасы,2016 |
Сабақтың соңы
5 минут |
Рефлексия: «Сиқырлы микрофон» әдісі.
Бүгінгі сабақта болған көңіл — күйді микрофонмен бет — әлпеті салынған суреттер таңдау арқылы бағалау (смайликтер) өте жақсы жақсы орташа |
|
Саралау | Бағалау | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Оқушылардың қарқыны бойынша тапсырмалар саралап берілді. Жиындарды салыстыруда теңестіру тәсілін дәлелдей алады. «Орындап көр» тапсырмасы; Жиындарды сипаттап, ортақ белгісіне қарай топтастыра біледі, жиын бөліп ала алады. «Тап және салыстыр» тапсырмасы;
— Саралауда ерекше қабілетті оқушыларға өз бетінше пайымдау, дәлелдеу, қорытындылау дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісі кезінде өз бетінше пайымдауда көмек қажет еткен оқушыларға мұғалім тарапынан көмек болды. Қорытынды сараланды. 2. Төмен деңгейлі оқушылардың жауабын сұрақтар арқылы саралаймын. |
Оқушылардың білімін бағалауда үнемі ынталандыру сөздерін және «Басбармақ», «Үш шапалақ», «Сиқырлы микрофон» бағалау әдістерін пайдаланып отырамын. | Партада түзу, дұрыс отыру;
Сергіту сәті. Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуын орындау барысында қарастырамын. |
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да,оқу туралы да ойланыңыз ?) 1. « Ойлан тап» 2. «Сана және салыстыр», «Ойлан, жұптас, бағала» Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз ?) Саралап оқу: Оқушылардың қарқыны бойынша тапсырмалар саралап берілді. Жиындарды салыстыруда теңестіру тәсілін дәлелдей алады. «Орындап көр» тапсырмасы; Жиындарды сипаттап, ортақ белгісіне қарай топтастыра біледі, жиын бөліп ала алады. «Тап және салыстыр» тапсырмасы; Саралауда ерекше қабілетті оқушыларға өз бетінше пайымдау, дәлелдеу, қорытындылау дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісі кезінде өз бетінше пайымдауда көмек қажет еткен оқушыларға мұғалім тарапынан көмек болды. Қорытынды сараланды. Төмен деңгейлі оқушылардың жауабын сұрақтар арқылы саралаймын. Белсенді оқу: Жиындарды салыстыру дағдысы қалыптасты, жинындарды сипаттап, ортақ белгісіне қарай топтастыра білді. Сабақтың барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік , қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет ? Сабақ барысында жиындарды салыстыру, тең жиындар туралы түсініктерін қалыптастыру мақсатында « Ойлан тап», «Сана және салыстыр», «Ойлан, жұптас, бағала» әдістерін қолдану арқылы жиындарды салыстыру, тең жиын ұғымын меңгерді. Осы әдістерді қолдану арқылы сабақ мақсатына жетуіне тиімді екенін түсіндім. Әріптестерімнің кері байланысы нәтижесінде топтық, жұптық жұмыстардың орнын ауыстырдым. Алдағы уақытта тапсырмаға сәйкес қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыруды жоспарладым. |