Жаңа сабақтар

Нургалиева Гулнур Сериковна

Нургалиева Гулнур СериковнаМДҰ «Аққайың» балабақшасының тәрбиешісі Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Талдысай ауылы

Ашық көрсетілім.

«Қыс қызығы»

Білім беру саласы; Коммуникация.Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрлері;тіл дамыту, жапсыру,математика.

Тақырыбы; Қыс қызығы-аққала.

Мақсаты:

а.Балаларды сурет бойынша әңгіме құрауға баулу.

ә.Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.

б. Балаларға аққала туралы мағлұмат бере отырып, аққала суретін жапсыруды үйрету.

Көрнекілік құралдар: қыс суреті, қайшы,желім, аққала суреті.

Сөздік жұмыс: үлкен,кіші, кішкентай,аққала.

Блингвистикалық сыңары: аққала-снеговик.

Әрекет кезеңдері: Тәрбиешінің іс-әрекеті, балалардың іс-әрекеті.

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз,

Жайнай түсті даламыз.

Қайырлы таң, апайлар!

Қайырлы таң, балалар

Сәлем саған алтын күн!

Балалар өлең ырғағына сәйкес қимылдар жасап қайталайды.

Тәрбиеші:Балалар қазір қай жыл мезгілі?

Балалар: Қыс мезгілі

Тәрбиеші:Қыс мезгілінде неше ай бар?

Балалар: 3 ай бар

Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар, қыста ауа- райы қандай болады?

Балалар: Суық болады

Тәрбиеші:Балалар қар қандай болады?

Балалар: Қар аппақ, ұлпа, жұп-жұмсақ

Тәрбиеші: Қыста қандай ойындар ойналады?

Балалар: Аққала жасау, шаңғы тебу, сырғанау, коньки тебу

Тәрбиеші:Аққаланы қандай қардан жасауға болады, жабысқақ па, әлде жаңа жауған қардан ба?

Балалар: Жабысқақ

Тәрбиеші:Аққаланың пішіні қандай?

Балалар: Дөңгелек

Тәрбиеші:Санап көрейікші қанша шеңбер бар екен?

Балалар: 1,2,3

Балалар: Аққаланың төменгі жағы үлкен, ортасы кіші, бас жағы кішкентай екен.Аққала үш бөліктен тұрады.Аққаланың түсі аппақ,көздері тастан, ауызы ағаштан,мұрны сәбізден жасалған.

-Жарайсыңдар,балалар

Ғажайып сәт: Осы кезде баяу ән қосылып,аққала келеді.

Аққала: Сәлеметсіңдер ме балалар? Сендер өте көңілді балдар екенсіңдер, достарың да көп екен. Ал менің достарым жоқ. Мен де сендер сияқты дос көп болса, мен де көңілді болар едім.Маған дос табуға көмектесесіңдер ме?

Балалар: Әрине көмектесеміз.

Тәрбиеші: Кел, төрлет сен туралы айтып отыр едік. Балалар, қонаққа кім келді?

Балалар: Аққала

Аққала:Балалар, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.Мен өзім ойнаудан жалығып кеттім. Қане бәріміз бірге көңілді ойын ойнайықшы.

«Қар жинау» ойыны.

Ойын шарты: Қар ерімей тұрып, шелекке тез-тез жинау.

Тәрбиеші:Жарайсыңдар, бәрекелді балалар!

-Балалар енді ақалаға достарын табуға көмектесейікші. Барлығыңның алдарыңда аққаланың суреті жатыр, бұл суреттер жеке-жеке құралмаған күйінде тұр. Балалар, осы аққала суретін ақ параққа рет-ретімен жапсырамыз.Әуелі үлкенінен бастап кішісіне, содан соң кішкентай бөлігін жапсырып аламыз.Көздерін,мұрны мен аузын, қалпағын кигіземіз.Қолдары мен аяқтарын да ұмытпаймыз. Аққаламыз дайын болса бір бой сергітіп алайық!

Сергіту сәті; Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық!

Бір отырып,бір тұрып,

Бір демалып алайық.

Оңға,оңға түзу тұр,

Солға,солға түзу тұр.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым,

Жоғары,төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Аққала: Міне, керемет енді менің де достарым көп болды. Ал енді мен еріп кетпей тұрғанда кетейін. Менің сіздерге беретін сыйлықтарым бар. Сыйлықтарын таратып, балалармен қоштасады.

Рефлекциялық түзетушілік балаларды соңынан оқу іс-әрекетке белсенділік танытқаны үшін мақтап, мадақтау. Жасаған жұмыстарын тақтаға іліп, талқылау. Балалар қуанышты сезімде болды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.