Жаңа сабақтар

Нұрымбекова Раиса Абдуақасқызы

Жамбыл облысы Шу қаласы «Балдәурен» бөбекжай-бақшасының әдіскері
Нұрымбекова Раиса Абдуақасқызы

Тақырыбы «Менің сүйікті ауылым»

Білім беру саласы: «Коммуникация», «Әлеумет», «Шығармашылық»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту, Қоршаған ортамен танысу, Жапсыру

Мақсаты: Мектепке дейінгі балаларға өзінің туған жеріне, ауылына деген сүйіспеншілігін туғызу, Балалардың туған өлкесі туралы білімдерін кеңейту.Шу қаласы елтаңбасымен балаларды таныстыру.Балалардың тілін дамыту,сөздік қорын молайту.Өзінің ауылына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: ”Суреттерді құрастырып жина”деген ойынға керекті балалардың санына қарай конверттер, автобус.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

-Бүгін бізге қонақтар келді,қане бәріміз амандасайық

Шаттық шеңбері

Қол ұстасып тұрайық,

Шаттық шеңбер құрайық.

Мен Отанды сүйемін

Сен де Отанды сүйесің

Мен анамды сүйемін

Сен де анаңды сүйесің

Мен әкемді сүйемін

Сен де әкеңді сүйесің.

Көтеріп бір көңілді,

Шаттықпенен күлейік

Дос, бауыр боп бәріміз

Тату-тәтті жүрейік!

Балалар, Отан деген не?

  • Отан –ол біздің туған жеріміз,біздің өскен ауылымыз.

-Жарайсыңдар балалар,өте дұрыс.

-Отан — ол сенің үйің,отбасың,достарың,туыстарың тұрған жер. Ал біздің кішкентай Отанымыз –ол біздің ауылымыз.

-Біздің ауылымыздың аты қандай?

  • Төле би ауылы.

Біздің ауыл қандай?”-доппен ойын

-Қазір біз өте қызықты ойын ойнаймыз.Әр қайсысың, біздің ауыл қандай? деген сұраққа жауап берулерің керек.

-Біздің ауыл қандай?

  • таза,сұлу,әдемі,қызықты,қонақжай,көпұлтты,керемет,ғажапты, тамаша.

-Қай ауданыңда тұрамыз? Ауданымыз қалай аталады?

  • Шу ауданында.

-Балалар, мынау суретте не көріп тұрсыңдар?

  • Шу ауданының елтаңбасы.

-Дұрыс, айтасыңдар!

Мынау біздің ауданның символы ол — елтаңба. Шу ауданының елтаңбасында бидайдың суреті бар,ол молшылықты біздің жеріміздің байлығын білдіреді.Бидайды комбайындармен орып,оны элеваторға апарады, сол жерде бидай сақталады. Бізде бір элеватор бар,Бірлік ауылында орналасқан. Сонымен біздің Шу аудан тоғыз жолдың торабы, жан жаққа поездар жүріп жатады. Ал жоғарыдағы шаңырақ біздің аудандағы көпұлтты халықтың бірлігі мен татулығын білдіреді.

“Суреттерді жинап құрастыр”ойыны

-балалар суреттерді жинап ғимараттарды құрастырады

-Әр топқа тапсырмасымен 1 конверт беріледі

-Ал енді балалар, мен сендерді біздің сүйікті ауылымызға саяхат жасауға шақырамын.

-Балалар,адамдар саяхатқа барғанда,оларға бәрін айтып, көрсетіп жүретін адамды қалай атайды ?

  • Саяхат жүргізушісі.

-Бүгін бізбен бірге саяхат жүргізуші болады.

  • Саяхат жүргізуші: сәлеметсіңдерме балалар!
  • Сендер бүгін қайда саяхатқа барасыңдар?

  • Саяхатқа немен біз барамыз?

-Біз автобуспен барамыз,көңілді өлең айтып.

-Бірақ автобусқа отырар алдыңда,қөліктің ішінде өзін –өзі қалай ұстау керек екенін есімізге алайық.

Автобустың ішінде қалай өзінді ұстау керек айтыңдаршы?

(тәрбиеші жүргізушіні таңдап, қолына рульді ұстатады, балалар автобуспен жолға шығады)

Міне,балалар келдік.

1 аялдама” Аудан орталығы” (слайд арқылы)

Балалар орталық ауданы не үшін керек?

-Орталық ауданыда көп мерекелер өтеді,ал қыс келгенде үлкен шыршаны қояды

-Бұл жерде не көрсетеді,не болады?

  • Әртүрлі мерекелік іс-шаралар, концерттер болады.

-Бұл орталық ауданына сендер ата-аналарымен, отбастарыңмен әртүрлі мерекені тойлауға келесіңдер, жазда серуендейсіңдер, ойнайсыңдар,отшашуды көресіңдер.

2 аялдама Спорт кешені (слайд арқылы)

Балалар, мына жерді таныдыңдар ма?

  • Иә,таныдық
  • Бұл қандай ғимарат?

  • Бұл спорт кешені

  • -Дұрыс, бұл спорт кешені. Бұл жерде адамдар әртүрлі жаттығулар жасайды,доппен ойнайды.

    Ауданымыздың келешек ұрпақтарына салауатты өмір салтын сақтайтын спорттық кешен. Қазіргі таңда спорт түрлерінен сендер сияқты бүлдіршіндер көптеген жарыстарға қатысып жүлделі орындар алған. Жақсылық Үшкемпіров, Бақтияр Артаев сияқты әлемдік спорт шеберлері балалармен кездесу өткізіп тұрады.

    -Қазір бізде бойымызды сергітіп жаттығу жасап алайық.

    Сергіту сәті

    Жаттығулар жасаймыз,

    Жақсы сергіп қаламыз.

    Біздер тату баламыз,

    Отанды біз қорғаймыз.

    3 аялдама”Емхана” (слайд арқылы)

    Міне біздің келесі аялдамамыз ”Емхана”

    -Бұл ғимарат не үшін қажет?

    • Адамдарға алғашқы көмек көрсететін мекеме.

    -Мынау тұрған көлік,қандай көлік?

    -Ол жедел жәрдем көлігі

    -Ол не үшін керек?

    -Ауырған адамдарға алғашқы көмек көрсетіп, тез ауруханаға жеткізу үшін.

    -Қане,бізде,кішкене уақытқа, дәрігер бола тұрайық. Өзімізге массаж жасайық.

    “Нүктелі массаж”

    Тамақ ауырмау үшін,біз оны сипаймыз

    Жөтелмеу үшін,мұрынды уқалаймыз

    Маңдайды уқалаймыз

    Құлақты уқалаймыз

    Білеміз біз бәріміз

    Біз аурудан қорықпаймыз

    • Балалар сөздерін қайталап,қимылдар жасайды

    4 аялдама «Балдаурен” бөбекжай бақшасы (слайд арқылы)

    Балалар, міне біз өзіміздің сүйікті балабақшамызға да келіп жеттік

    -Сендер балабақшаны жақсы көресіңдер ме?

    -Иә, әрине жақсы көреміз

    -Балабақшада не істейсіңдер?

    -Ойнаймыз,мүсіндейміз,сурет саламыз

    -Балалар, міне біздің саяхатымыз аяқталды

    -Сендерге саяхатымыз ұнады ма?

    -Иә,әрине ұнады

    -Ал біздің балабақшамыздың айналасы әдемі болу үшін не істеуге болады?

    -Ағаштар, гүлдер отырғызуға болады

    -Ендеше мен сендерді біздің балабақшамызды безендіруге шақырамын (ұжымдық

    жұмыс)

    -Балалар ағаштарды мен гүлдерді жапсыруды көрсетеді

    -Бүгін біз қайда болдық?

    -Саяхатта болдық

    -Саяхатқа немен бардық?

    -Автобуспен

    -Бізбен саяхатқа кім барды?

    -Саяхат жургізушісі

    -Жарайсыңдар,енді біздің қонақтарымызға сау болыңыздар деп, қоштасайық

    Күтілетін нәтиже:

    Біледі: Өз ауылдарының ғимараттарының аттарын

    Игереді:әр ғимарат не үшін қажет екенін

    Меңгереді: сипаттама беру дағдысын,ағаштар және гүлдер мен суретті безендіру әдісін.

    Жамбыл облысы

    Шу қаласы

    «Балдәурен» бөбекжай-бақшасының әдіскері

    Нұрымбекова Раиса Абдуақасқызы

    Тақырыбы «Күн, су, ауа – біздің жақсы достарымыз»

    Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық»
    Бөлімі: Жаратылыстану, Сурет салу.
    Мақсаты: Күн,ауа,су туралы білімдерін арттыру. Күн, су, ауа табиғат сыйы және оның маңызы туралы білімдерін кеңейту, шығармашылықтарын сурет салу арқылы дамыту. Табиғат ортаның біртұтастығын түсіндіре отырып сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

    Билингвальды компонент: Күн – солнце, ауа-воздух, су-вода.
    Сөздік жұмыс: Күн,су,ауа
    Көрнекі материалдар түрлі-түсті әйнектер немесе көзілдіріктер,шар, доп,су,желдеткіш.

    Оқу қызметінің барысы:

    Жылулық шеңбері:

    Күн мен ауа, су мен жер,

    Досымыз жақсы білсеңдер.

    Сенімді достар білсеңдер,

    Күн мен ауа, су мен жер

    Балалар күн,су және ауа – біздің жақсы достарымыз. Күн-жер бетіндегі тіршілік көзі. Күн болмаса, адам да, жануар да, өсімдік те тіршілік ете алмас еді. Өсімдіктер өліп, түрлі дәрумендерге толы жеміс беріп тұрғаны-күннің жылуы мен қуатының арқасы. Күн – өте үлкен жарық көзі. Адам күн астында көп жүрсе, терісі күйеді.

    Ал балалар мен сендерге күнге тәжірибе көрсеткім келіп тұр.

    1 – тәжірибе: Күнге

    Балалар күнге тік қарауға болама? Жоқ, балалар күннің көзіне тік қарауға болмайды. Күнге тек қана түрлі-түсті әйнектермен немесе көзілдірікпен қарауға болады.

    Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, сендер оның жауабын табыңдар.

    Көзге ілінбейді

    Жұтсаң білінбейді.

    Өте дұрыс жауабы ауа.

    • Ауа не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
    • Дұрыс.
    • Ауа-ең алдымен тыныс алу үшін қажет. Тыныс алған кезде өкпеге ауа барады. Ауаның көлемі болмайды және көрінбейді. Ауа, бұл – жел. Желдің бармайтын жері жоқ. Жазда ыстық жел, ал қыста суық жел соғады. Балалар ендігі тәжірибе біз ауаға жасаймыз.

    1 – тәжірибе: Ауа

    Алайда, шар немес допқа жел толтырсақ ауа белгілі бір көлемге толады. Шарды үрлеп ыдыстағы суға саламыз.

    2 – тәжірибе: Жел

    Балалар мезгілге байланысты кейде суық жел, кейде ыстық жел соғады. Желге байланысты мына тәжірибеге назар аударайықшы. Мына тұрған желдеткішке қарайықшы екі бірдей ауа соғады, бірде суық, бірде ыстық. Мына желді қолымыз арқылы сезінейік. Бұны желдің бір қасиеті деп білейік.

    Тілді жаттықтыру.

    У-у-у-у су

    Ел –ел- ел – жел

    Ау-ау-ау-ауа

    Үн-үн-үн-күн

    Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.

    Кескен болам кесілмейді,

    Кесілсе де бөлінбейді.

    Жарайсыңдар балалар, дұрыс!

    Су

    Балалар Су адамға не үшін қажет? Су жануарларға не үшін қажет?
    Су өсімдікке не үшін қажет?
    Су қандай?
    Судың иісі бар ма?
    Судың дәмі бар ма?
    Судың түсі бар ма? Балалар судың адам өміріндегі маңызына баға жетпейді. Сусыз тамақ піспейді, тазалық та болмайды. Сусыз тіршілік жоқ.
    Сергіту сәті:

    Күн шығады оң жақтан,

    Жел соғады сол жақтан,

    Таза ауамен дем алып,

    Отырайық жайғасып.

    Балаларға «Күн, су, жел, жер» тақырыбында сурет салу ұсынылады.

    Тәрбиеші: Балалар бүгінгі тақырыпқа сай өздерің ойланып көз алдарыңа елестетіп сурет салайықшы күнді саламыз, суды саламыз, желді және жерді саламыз. Суретті салғанда қандай түстерді қолданамыз?

    Тәрбиеші жұмыс барысында жекеленген балаларға көмектеседі.

    Күтілетін нәтиже:

    Біледі: Күн,су,ауа туралы мағлұмат алды.

    Игереді: Табиғат құбылыстарының маңыздылығын ажырата алады.

    Меңгереді: Тақырыпқа сай елестету арқылы өз шығармашылық жұмыстарын қағаз бетіне бейнелейді.

    Жамбыл облысы

    Шу қаласы

    «Балдәурен» бөбекжай-бақшасының әдіскері

    Нұрымбекова Раиса Абдуақасқызы

    Тақырыбы «Су асты әлемі»

    Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: Мүсіндеу Мақсаты: Су асты өмірі туралы балалардың білімдерін жүйелеп тереңдету; Мүсіндеу және қию іскерліктерін жетілдіру; ірі бөлшектерді өзіне тән ұсақ бөлшектермен толықтыра отырып жапсыру; шығармашылық қабілеттерін, қол бұлшық еттерін дамыту. Су асты өмірінің ерекшеліктерін білуге, бейнелеуге қызығушылықтарын оята отырып тәрбиелеу. Билингвальды компанент: теңіз-море, балық-рыба

    Шаттық шеңбер

    1 — 2 — 3 –көзімізді жұмамыз,

    Теңіз әлемін көріп біз.

    Ғажайыпқа батамыз.

    Енді көзімізді ашамыз.

    Балалар қараңдаршы тақтадан не көріп тұрмыз? (Интерактивті тақтада су асты өмірінің видео көрсетіледі)

    Су аты өмірі неткен керемет, зер салып қарайықшы балалар, нені көріп тұрсыңдар?

    Балалар біз бүгін су асты әлемімен және оның тұрғындарымен танысатын боламыз.

    -Су асты -Мөлдір тұнық …. Жап-жасыл шөптер, балықтардың да түсі өзінше ерекше , су астында балық түрлері көп. Медуза – ол домалақ болып келеді, шар сияқты. Жалпақ келген, олар көбінесе улы, адам сақтану керек. Кей кезде адам денесіне тисе күйдіруі мүмкін. Теңіз жұлдызы — жыртқыш, бір орында тұратын сияқты, бірақ ол теңіз түбінде әрқашан ақырын жылжып жүреді. Атбасты балық — орташа балық. Оның басы атқа ұқсайды. Оның денесінде өсіп тұрған талшықтары жауларынан қорғайды. Сегізаяқ — оның денесі алмұртқа ұқсайды. Ол түсін тез өзгерте алады. Жыртқыш, ұсақ теңіз балықтарымен қоректенеді, оның атына сай сегіз аяғы бар, теңіздің ең түбінде өмір сүреді. Тасбақа — сауытына қарап бірден тануға болады. Олардың бәрі өсімдіктермен қоректенеді. Тасбақа құмды қазып жұмыртқа салады да оны көміп тастайды. Кит — теңіздегі ең ірі сүтқоректі. Қане балалар су асты тұрғындарын екі тілде айтайық. «Су асты әлемі» тақырыбындағы мына суретке көңіл бөлейік те, осы суретке қарап бізде ұжымдық жұмыс жасайық . Су асты балдырларын жасыл қағаздан қиып жасасақ, балықтарды ермексаздан жасап қағаз бетіне орналастырамыз. Мен мына үлкен ақ плокатты ортаға қоямын әркім өз жасаған жұмыстарын жапсырып орналастырады.

    Сергіту жаттығуы:

    Балық болып жүземіз,

    Шынығамыз суда біз!

    Шынықсақ біз бәріміз,

    Шымыр болып өсеміз!

    Дидактикалық ойын: (интерактивті тақтада)

    «Суреттерді ретіне қарай топтастыр»

    Ойынның шарты: Суда тіршілік ететін жануарлар мен жерде тіршілік ететін жануарлар суреттері берілген.Осы суреттерді ретіне қарай топтастыру қажет.Ол үшін теңіздің суреті бейнеленген суретке суда тіршілік ететін жануарлар суретін,ал жердің суреті бейнеленген суретке жерде тіршілік ететін жануарлар суретін топтастыру.

    Қорытынды

    Бүгін су асты әлемі туралы не білдік? Судың астында қандай жәндіктер тіршілік етеді?

    -Жасаған жұмысымыз қалай аталады? Неліктен ұжымдық жұмыс деп атаймыз?

    Күтілетін нәтиже:

    Біледі: Су асты әлемі туралы біледі?

    Игереді:Су асты жәндіктерінің түрлерін игереді

    Меңгереді: Ұжымдық жұмыс жасауды меңгереді.

    Жамбыл облысы

    Шу қаласы

    «Балдәурен» бөбекжай-бақшасының әдіскері Нұрымбекова Раиса Абдуақасқызы

    Тақырыбы «Балықтар мекені»

    Білім беру саласы: «Әлеумет»,«Шығармашылық»

    Бөлімі: Экология негіздері, Аппликация Мақсаты: Балаларға балықтардың түрлерін таныстыра отырып, тақырып бойынша білімдерін қалыптастыру. Тірі табиғатқа деген қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттырып, оның әсемдігін сезіне білуге, оларға қамқор болуға баулу. Балықтардың дене мүшелері, тіршілігі және іс-әрекетімен таныстыру. Түрлі қию тәсілдерін қолданып, бірнеше бөліктен балықтың дене мүшелерін құрастырып жапсыру, іскерліктерін дамыту. Көрнекілік: Балық түрлері, магнитті қармақ, резина балон, аквариумдағы тірі балықтар, көк түсті фон, қайшы, жылтырлы түрлі-түсті желім, компьютер слайдтары. Сөздік жұмыс: Желбезек, жүзбе қанаттары, қабыршақ, алтын балық.

    Оқу қызметінің барысы:

    Шаттық шеңбері:
    Қуан, шаттан балақай
    Жарқырайды аспанда
    Күн алақай!
    Атқан таңға, шыққан күнге
    Сәлем беріп,
    Тілейік бақыт, баршаңызға осындай.
    Қайырлы таң апайлар!
    Біз- ерекше боламыз,
    Біз еңбекқор боламыз!
    — Жарайсыңдар, балалар, орындарыңа отыра қойыңдар.

    Ойын «Кім епті»

    — Балалар, қазір біз «Кім епті?» деген ойын ойнасақ, қалай қарайсыңдар?

    (Ойын шарты түсіндіріледі)
    — Балалар, менің қолымдағы не деп ойлайсыңдар?
    — Қармақпен не істеуге болады?
    — Жарайсыңдар! Балалар, бұл- жәй қармақ емес, сиқырлы қармақ. Осы қармақпен балық аулап көреміз бе?

    — Жарайсыңдар, балалар сендер балықтардың аттарын білдіңдер.

    — Балалар, балықтар қайда тіршілік етеді?
    — Балалар, балықтардың дене бітімі қандай пішінге ұқсас екен?
    — Балықтың басында не болады.

    — Ал денесінде нелері бар екен?

    — Ал денесіне жалғасқан мынау не екен?

    Балалар, сиқырлы қармақпен аулаған балықтар сендерге ұнады ма?

    — Ендеше бүгінгі жапсыруда, ақ қағаздан балықты қиып жабыстырайықшы.

    Жұмысты орындау барысы

    Ол үшін: бейнесі бойынша үлкен — кіші төртбұрыштан балықтың денесін, жүзбе қанаттарын, үшбұрыштан құйрығын қиып аламыз да, түрлі — түсті жылтырлы сияқарындаштармен желбезегін, қабыр- шақтарын әсемдеп жапсырамыз , сонда бізде түрлі — түсті жылтыр балықтар пайда болады. (көрсетіп түсіндіру -Қиналған балаларға көмек беру.

    Сергіту сәті: Суда балық жүзіп жүр. Бір-біріне еріп жүр Қармағымның жоғына Бәрі бірдей сеніп жүр.

    Сұрақ – жауап арқылы оөу қызметін бекіту.

    — Балалар біз бүгін ненің суретін қиып жапсырдық ?

    Балықтың қандай түрлері бар екен? Балалардың жұмыстарын жинап алып шағын көрме жасау, сараптама жасау, үздіктерін таңдап мадақтау.

    Күтілетін нәтиже: Біледі: Тірі табиғаттың әсемдігін сезініп, оған қамқор бола білуді. Игереді: Көру, есту, түсіну арқылы жаңа білімді меңгеруі. Меңгереді: Тәрбиешінің тапсырмасын жауапкершілікпен орындап, өздігімен ұқыпты іс әрекет жасай алуы.

    Жамбыл облысы

    Шу қаласы

    «Балдәурен» бөбекжай-бақшасының әдіскері

    Нұрымбекова Раиса Абдуақасқызы

    Қазақтың ұлттық ойыны «ХАНТАЛАПАЙ»

    Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындары арқылы балалардың жас ерекшелігіне байланысты логикалық ой жүйесін дамыту, жылдам шешім қабылдауға баулу, ұлттық құндылықтар мен мәдениетті бойына дарыту, салт — дәстүрлерді насихаттау.
    Міндеттері:
    — Балалардың дағдыларын, танымдық белсенділігін арттыру;
    — Топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту;
    — Балаларды белгілі ережеге бағынуға, мақсатына жетуге, табандылыққа тәрбиелеу;
    — Ұлттық мәдениет пен дәстүрлердің ерекшелігін айқындау;
    — Отанына, еліне, туған өлкесіне деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру
    — салауатты өмір салтына баулу.
    Әдіс — тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ — жауап
    Алдын — ала жүргізілетін жұмыс: Ұлттық ойындармен таныстыру
    Ойынға қажетті заттар: — Ұлттық нақышта безендірілген ойын бөлмесі;
    — оюлы текемет, сырмақ, алаша,
    — қой малының асықтары,
    — ұлттық оюмен өрнектелген қоржын.

    Ойын ұйымдастыруға бөлінетін уақыт — 3 минут:
    — ойын ережесімен таныстыру;
    — балаларды шеңбер тәрізді отырғызу;
    — балалардың көңіл — күйін ойынға бейімдеу;
    — ойын басталғанын жариялау.
    Ойынды жүргізуге бөлінетін уақыт — 25 минут.
    Ойынға қатысушы балалар:
    (7 бала қатысты)

    Шаттық шеңбері:
    Сәлеметсіздер ме! Балалар!
    Балалар: (амандасады)

    Үлкенге де сіз!
    Кішіге де сіз!
    Бар адамға құрметпен, бас иеміз біз!
    — Бүгін қандай күн?
    Балалар; Сәрсенбі,
    Тәрбиеші: Керемет, жарайсыңдар балалар! Бүгін сәрсенбінің сәтті күні. Олай болса оқу қызметін Гимнмен бастаймыз.
    Тәрбиеші: Балалар бүгін ерекше сәтті күн, ауа — райы да, тамаша екен.
    Тәрбиеші: Балалар, ойын ойнағанды жақсы көресіңдер ме?

    Балалар: Иә.

    Тәрбиеші:

    Балалар, сендер қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

    Балалар:
    1) Көкпар ойыны
    2) Соқыртеке ойыны
    3) Ақ сандық, көк сандық ойыны
    4) Арқан тарту ойыны
    5) Қазақ күресі ойыны
    6) Білектесу ойыны
    7) Жасырынбақ ойыны
    8) Ақ сүйек ойыны
    9) Орамал тастау ойыны
    10) Хан талапай ойыны.

    Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Бұл ұлттық ойындар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Олай болса біз «Ханталапай» ойынын ойнайық. Балалар «Ханталапай» ойынын ойнау үшін бізге не керек?

    Балалар: Асықтар керек.

    Тәрбиеші: Балалар мына жерде асықтар жатыр еді, таба алмай жатырмын. Сендер көрген жоқсыңдар ма?

    Балалар: Жоқ көрген жоқпыз.

    Тәрбиеші: Енді не істейміз? Егер асық жоқ болса біз «Ханталапай» ойынын ойнай алмаймыз ғой.

    Сырттан иттің үрген дауысы естіледі.

    Тәрбиеші: Балалар, бізге қонақ келе жатқан сияқты.

    Тазша бала: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендердің неге көңіл-күйлерің жоқ?

    Балалар: Сәлеметсіз бе!

    Тәрбиеші: Сәлеметсің бе Тазша бала! Сенің келгенің қандай жақсы болды. Біз «Ханталапай» ойынын ойнай алмай отырмыз. Себебі ойнайтын асықтарды жоғалтып алдық.

    Тазша бала: Ой, оған бола көңіл-күйлеріңді түсірмеңдер. Менің дорбам толған асықтар. Менде сендермен «Ханталапай» ойынын ойнауға келдім.

    Тәрбиеші: Қандай жақсы болды. Бәрекелді. Балалар мен сендерге ойынның шартын түсіндіріп өтейін.

    Бәйгеге түсіп жарыспай,
    Жүйріктің бағы жанар ма?
    Білім мен өнер жарысып
    Тәрбие, тәлім табар ма?
    Бұл бәйге – ойдың бәйгесі.
    Кім жүйрік ойға – сол алда – дегендей, ең озық ойлы баланы анықтаймыз.

    Ойын шарты: «Талапай — ау, талапай, табылды ойын алақай» — деп, қоржындағы асықтарды отырған балалардың алдына шашады. Балалар жарыса «Ханталапай» деп дауыстап, асықтарды таласып, бөліп алады. Жинаған асықтардың ішінен әр бала ойынға бес асықтан тігеді. Хан асығы қолына түскен бала алғашқы болып ойынды бастайды. Сонымен бірге балалар бүк асықпен бүк асықты, шік асық пен шік асықты ату арқылы мергендік танытып, асық жинайды. Асықтарды бір — біріне тигізе алмаған жағдайда ойын жүргізушінің сұрақтарына жауап береді.

    Сұрақтар:

    1. Төрт – түлікті ата?
      2) Сүт тағамдарын ата?
      3) Жылқының сүтін не деп атайды?
      4) Қазір жылдың қай мезгілі?
      5) Көктем мезгіліндегі мерекелерді атаңыз?
      6) Қазақтың ою — өрнектерін ата?
      7) Асықтардың түскендегі атауы?

    Тапсырмаға дұрыс жауап берсе келесі асықты атады. Екінші рет тизіге алмаған жағдайда өз кезегін асығы көп келесі балаға береді. Егер бала тапсырмаға жауап бере алмаса басқа балалардың жауап беруіне болады. Бұл жағдайда асықты ату кезегі дұрыс жауап берген балаға беріледі. Осылайша ойын жалғасады. Ойын соңында әр бала ұпай асықтарын санайды.

    Тәрбиеші балаларға ойын шартын түсіндіріп, ойын алаңына шақырады
    Балалар асықтарын тізіп ойын ойнайды.

    Тәрбиеші: «Қазақты танимын десең дәстүріне қара «- демекші, бүгінгі «Ханталапай» ойынымызда өз мәресіне жетіп қалды. Балалар ойынға қызығушылықпен қатысты. Ептілігімен, шапшаңдығымен, білімімен, қырағылығымен көзге түскен балаларды — «Мерген бала», «Зерек бала», «Алғыр бала» деген номинациялары бойынша марапаттайды.
    Марапатталған балалар:
    Мерген бала:
    Зерек бала:

    Алғыр бала:
    Күтілетін нәтиже
    Біледі: Ұлттық ойын түрлерін біледі.
    Игереді: Ұлттық «Ханталапай» ойынының ережесін.
    Меңгереді: Шапшаңдықты, ептілікті, қырағылықты меңгереді.

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.