Жаңа сабақтар

Жиенбаева Самал.

Аяла» ортаңғы тобының 2019 – 2020 оқу жылына ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Білім оқу саласы: «Таным», «Коммуникация», «Әлеумет».

Бөлімдері: «Жаратылыстану», «Сөйлеуді дамыту», «Қоршаған орта», «Экология».

Тақырыбы: «Суды қорғау»

Мақсаты: Балалардың су туралы түсініктерін қалыптастыру,тәжірибе арқылы судың қасиеттерімен таныстыру.

Білімділік: Судың адам,жан- жануарлар, өсімдіктер үшін баға жетпес сый екенін айтып ұғындыру.

Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік: Табиғатқа деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа,суды ластамауға, үнемдей білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Үштілділік компонент: Су-вода-water,мұз-лед- ice,мөлдір-прозрачный- transparent.

Сөздік жұмыс: Иіссіз, түссіз, дәмсіз, мөлдір, мұз.

Көрнекіліктер: Слайд, су,стакан,қант,тұз,бояу,мұз.

Әдіс-тәсіл: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, жұмбақ жасыру.

Алдын-ала жүргізілген жұмыстар: Суға байланысты тақпақтар, нақыл сөздер жаттатқызу.

Технологиялар: «Монтессори технологиясы» элементтері, «Ойын технологиясы», «Тәй-

тәй технологиясы».

Әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті Балалар әрекеті
Мотивациялық — қозғаушы 1.Ұйымдастыру кезеңі:«Су қорғаушылар» эмблемасы мен плакаттары бар балалар қонақтармен амандасып, шаттық шеңберін айтып орындарына жайғасып отырады.

Тәрбиеші: — Табиғат дегеніміз не?

Табиғат қандай болады?

  • Тірі табиғатқа және өлі табиғатқа нелер жатады?

Жұмбақ жасыру:

Балалар, енді жақсылап ойланып мына бір жұмбақты шешейік.

Жалт – жұлт еткен,

Жылғадан өткен

Бұл не?

Тәбиеші: — Дұрыс айтасыңдар,балалар. Сусыз жер бетіндегі ешбір ағза тіршілік ете алмайды. Ол барлық жануарлар мен өсімдіктердің құрамына кіреді. Су егін егуге, өндіріске, күнделікті тұрмысқа барған сайын көбірек керек болуда. Оның үстіне өндіріс орындарынан тұрмыс мұқтажын өтеуден шыққан сарқынды су, егістіктерден тыңайтқыштармен, улы заттармен уланған су өзен, көл жер асты суларын ластайды. Осының бәрі су қоймаларының суын қорғау қажеттігін туғызады.

Табиғат-біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Табиғатты қорғайтын,

Біз әдепті баламыз.

-Табиғат дегеніміз – бізді қоршаған орта.

— Тірі табиғат және өлі табиғат.

— Тірі табиғатқа ағаштар, жәндіктер, жануарлар, гүлдер; ал, өлі табиғатқа қар, жаңбыр, су, тас, күн жатады.

( Су )

Мұқият тыңдап, өздеріне бағытталған сұрақтарға жауап береді.

Іздестіру — ұйымдастырушылық Тәрбиеші: — Ал, енді балалар барлығымыз мына суретке қарайықшы. Суретте қандай жыл мезгілі бейнеленген, адамдар не істеп жүр?

Тәрбиеші: — Мына суретке қараңдаршы. Судың жағалауы қандай. Нелер шашылып жатыр?

(Әуен қосылып «Құтқарыңдар,құтқарыңдар» — деген дауыс естіледі.)

Тәрбиеші. – балалар, көмек сұраған дауыстар естілген сияқты. (Барлығы бірге су маңына жақындайды)

Су патшасы: — Сәлеметсіңдер ме, балалар, қонақтар! Мен «Су қорғаушыларды» іздеп келдік.

Су патшайымы: — Бізді ластайтын және біздің мекендеушілерімізді улайтын адамдардың дұрыс емес мінез – құлықтарынан қаза табатын болды…Міне, біз қандай болдық!

Су патшайымы мен су патшасы бірге: — Бізге көмектесіңіздер!

Тәрбиеші: — Балалар, біз бұларға қалай көмектесе аламыз. — Ол үшін, көлдің маңында шашылып жатқан қоқыс қалдықтарын тазарту керек

Топпен жұмыс:

«Қоқыстарды тазарту»

(Барлығы бірігіп су маңын тазартады)

Тәрбиеші : — Құрметті қонақтар, біздің кішкентай «Су қорғаушыларымыз» суды қалай үнемдейді екен Ендеше біз сіздермен осы суды қорғау мәселесі туралы айтатын боламыз. Олай болса, бәріміз теледиарға назар аударайық.

(Теледидардан ата-аналармен , балалармен дайындалған видео көрсетіледі)

— балалар біз теледидардан нені көрдік?

Сергіту Сәті:

Жаңбыр жауар себелеп,
Тығылады көбелек.
Біз қолшатыр астында,
Би билейміз дөңгелеп.

Тәрбиеші: Енді сендермен судан тәжірибелер жасайық

Тәрбиеші: — Дұрыс айтасыңдар. Ал енді, өздерің көргендей суды қайдан алуға болады екен.

Тәрбиеші: — Иа, краннан аламыз, су бізге арнайы су (фильтрден) тазартқыш құбырлардан өтіп барып келеді. Және суды алғаннан кейін кранды мұқият жабу керекпіз, әйтпес судың бәрі далаға кетеді. Ал,осыған байланысты сендермен тәжірибе жасап көрейік.

Тәжірибе:

І – «Судың түсін анықтаймыз».

Тәрбиеші: — Балалар, менің қолымдағы стаканда сутпен су бар. Сендер қалай ойлайсындар судың түсі қандай? Және сүттің түсі қандай екен.?

-Дұрыс айтасындар.

Енді суымызды иіскеп көрейікші?

Судың иісі барма екен?

Енді , алдымыздағы түтікше арқылы судың дәмін тексеріп көрейік.

Судың дәмі бар мекен?

Міне, көрдіңдер ме, балалар.

Су – мөлдір , түссіз, иіссіз, дәмсіз болады екен.

Енді осы судың дәмін келтіруге ,қант қосып

араластырайық. Судың дәмі өзгерді ме?

2 – тәжірибе.Стакан ішіндегі суға алдымыздағы тастан алып салайық. Тас көрініп тұрма?

Енді, осыған бояу қосып араластырып, судың түсін өзгертейік.

Судың түсі өзгерді ме?

Су – біздің күнделікті тіршілігімізге қажет және біз сусыз өмір сүре алмаймыз, сондықтан, суға қамқорлық қажет. Ал біз крандағы суға беті-қолымызды жуып болған соң немесе краннан су алғаннан кейін міндетті түрде кранды жауып жүру керекпіз. Ал, бұл жайында біздің кішкентай «Су қоғаушыларымыз» — не дейді екен?

Тәрбиеші: — Су қорғаушылар сендер өте дұрыс айтасыңдар. Рахмет сендерге. Ал, балалалар біздің арамызда кранды жабуды ұмытып кететін балалар бар болуы мүмкін. Олай болса оларға арнайы «Су қорғаушыларымыз» әкелген мына плакаттағы суретті іліп қоятын боламыз.

(Су қорғаушылары өздері әкелген плакаттағы суреттерін тәрбиешіге береді)

Тәрбиеші: — Балалар сендер бүгін қайырымды іс – жасап, Өзен суын қоқыстан тазартып Су патшайымы мен Су патшалығы алғысын алдыңдар. Жарайсыңдар! Олай болса,қане, су туралы тақпақтарымыз бен нақыл сөздеріміздң қонақтарымызға айтып берейік.

Көрме ұйымдастыру:

Топ тәрбиешісі пластик бөтелкеден дайындалған әртүрлі қолөнер бұйымдарымен балаларды, қонақтарды таныстырады.

Су патшасы мен Су патшайымы: — Рахмет сендерге балалар! Сендер бізге көп жақсылық жасадыңдар. Сендерге ризамыз, сау болыңдар!

(Тәрбиеші мен балалар Су патшайымы мен су патшасы қоштасып, топқа оралып, орындықтарына жайғасады)

— Жаз мезгілі бейнеленген. Адамдар суға шомылып жүр.

— Судың жағалауында бос бөтелкелер мен қоқыс қалдықтары шашылып жатыр.

(Барлық балалар дауыс шыққан жаққа назар аударады)

Балалар таңдана қарайды.

«Су қорғаушылар»:

1 – Санжар: — Біз сусыз өмір сүре алмаймыз.Су – көлдер, өзендер, теңіздер, мұхиттар. Жердегі су өте көп, бірақ бұл олай емес. Жыл сайын тұщы су азаюда.

2 – Амина: — Су бәріне қажет. Адам тек, үш күн ғана сусыз өмір сүре алады. Су – тамақ дайындау үшін, ішу, жуыну, жуу үшін қажет. Жан – жануарлар мен өсімдіктерде сусыз өмір сүре алмайды. Сондықтан, суды қорғау біздің міндетіміз. Көмектесеміз.

(Балалар судан зиянды заттарды алып, қоқыстардан тазартады. Пластик бутылкаларды Жасыл шелекке, әртүрлі қоқыстарды (қағаз, тамақ қалдықтары т.б) көк , сары шелекке салады

Балалар назарын теледидарға аударады.

Балалар теледидардан не көргендерін айтады.

1-Санжар — Балалар біз суды қоқыстардан тазартып, біршама жұмыстар атқардық. Енді біз мұнымен тоқтап қалмаймыз.

2-Амина— Иә, алдағы уақыттарда су тазалығын бақылап, қадағалап отыратын боламыз.

Сергіту сәтін іс-қимылмен қайталап жасайды

Краннан ағызып алуға болады.

Балалар тәрбиешімен бірлесе отырып, іс-тәжірибе жасайды, берілген тапсырмаларды орындайды.

Су мөлдір ,түссіз.Сүттің түсі ақ

Стакандағы суды иіскеп көреді.Судың иісі жоқ екенін айтады.

Судың дәмі жоқ екенін айтады.

Иә. Судың дәмі тәтті болғанын айтады.

Тастаналып, стаканға салады.

Иә

Бояуды қосып араластырады.

Судың түсі өзгерді

Мұз күйінде, қар күйінде, бу күйінде кездеседі

Балалар тақпақтары:

Әдемі:

Білгін мұны балалар,

Сусыз құрғақ далалар.

Ескертеміз бар ұлға,

Ескертеміз бар қызға,

Суды босқа ағызба.

Жансая:

Су табиғат байлығы,

Өзен – көлге барғайсың.

Шомылған соң өзенге,

Шашпай қалдық, қағазды,

Бәрін жинап алғайсың.

Нұрасыл:

Сылдыр – сылдыр, сылдыр су,

Сылдыр суға бетіңді жу.

Жуынсаң сен әрдайым,

Аппақ бетің маңдайың.

Еркежан:

Су – тіршілік білсеңдер,

Судан ырыс күткен жер,

Суды лайлап түкірме!

Деп үйретер үлкендер.

Нақыл сөздер:

Санжар:

Су – тіршілік көзі.

Сусыз – өмір жоқ.

Айзере:

Су жұмсақ әрі нәзік болса да,

тауды қопарып жіберуге күші жетеді (Лао-Цзы)

Рефлекция – түзету жұмыс

тары

(коррекция)

Сонымен балалар бүгінгі оқу қызметінде не туралы айттық кім жақсы түсінгенін тексеріп көрейік ,

Қане шеңберге тұрамыз мен сендерге сұрақ қойып доп лақтырамын ал сендер жауабын айтып маған кері лақтырыңдар.

Бүгін оқу қызметінде не туралы айттық?

Су қандай табиғатқа жатады?

Қандай тәжірибелер жасадық?

Су не үшін қажет?

Сусыз өмір сүре аламыз ба?

Міне балалар өте жақсы сусыз өмір жоқ екен сондықтан «Су-тіршілік көзі»дейміз. Суды үнемдеп,ластамай таза ұстайық.

Бүгінгі оқу қызметі ұнады ма балалар?

Сендер оқу қызметіне өте тамаша қатыстыңдар менің сендерге арнаған сыйлығым бар рахмет сендерге сау болыңдар.

Белсенді балаларды мадақтау.

Балалар қуана келіседі

Су туралы

Су өлі табиғатқа жатады

Судың түсін,дәмін анықтадық

Суды ішеміз, жуынамыз, кір жуамыз,тамаққа пайдаланамыз, өсімдіктерді суарамыз.

Жоқ сусыз өмір сүре алмаймыз.

Иа ұнады.

Мадақтауға мәз болады.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: су және оның қасиеттері жайлы;

Үйрену керек: дұрыс сөйлеуді, толық жауап беруді;

Істей алады: Суға байланысты тәжірибелер.

Келісемін: Бекітемін:

№12 «Ажар» ясли-бақшасы №12«Ажар» ясли-бақшасы КМҚК әдіскері: КМҚК меңгерушісі:

______Аукенова А.А _____Ж.С.Сейсембаева

Экологиялық жоба бойынша ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

«Аяла» ортаңғы тобы

Білім беру саласы: «Таным», «Коммуникация», «Әлеумет».

Бөлімдері: «Жаратылыстану», «Сөйлеуді дамыту», «Қоршаған орта»,Экология».

Тақырыбы: «Суды қорғау».

Тәрбиеші: Жиенбаева С.С.

.

Семей қаласы- 2020

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.