Жаңа сабақтар

«Директорлар өз жалақыларын 2 есе арттыру мүмкіндігіне ие»

«Педагог мәртебесі туралы» Заң 21 баптан тұрады және жарты миллионнан астам педагогтың мүдделерін қамтамасыз етеді. Заң нормалары мектепке дейінгі, орта, кәсіптік және техникалық білім беру, қосымша білім беру, мамандандырылған, арнайы білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің педагогтарына қатысты.

Солтүстік Қазақстан және орталық Қазақстанда директорлар мен олардың орынбасарларының тапшылығы мәселесі туындап отыр. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым Министрі Асхат Аймағамбетов журналистерге берген сұхбатында айтты. «Директорлар үшін жай ғана мұғалім болып істеген ыңғайлы. Директорлардың жауапкершілігі жоғары және қағазбастылық көп, балалармен жұмыс істеу деңгейі де өзгеше. Бар мәселе – ынталандыруда, яғни директорлардың айлығы мұғалімдердің айлығынан төмен. Осы орайда жалақыны 2 есеге арттыру директорлар мен олардың орынбасарларына да қатысты болмақ. Ендігі кезекте директорлар өз шеберліктеріне байланысты санаттарға бөлініп, өз жалақыларын 2 есеге, яғни 100 пайызға арттыру мүмкіндігіне ие. Директорларды да қолдайтын боламыз»,- деді ведомство басшысы А. Аймағамбетов.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.