Жаңа сабақтар

Омарова Роза

Музыка әуенімен балалар музыка залына кіреді.

Тәрбиеші:Жылыстаған жылдармен жылжып есен-сау жүре берейік! Көңілге қуаныш, жүрекке шаттық сыйлаған Жаңа Жыл құтты болсын. Бауырымыз бүтін болсын, жақындарымыз аман жүрсін! 2018 жыл ырыс пен ынтымақтың, береке мен байлықтың, бейбітшілік пен бақыттың жылы болғай! Аялы арманымыз орындалып, жүректер жылудан айрылмасын!

Құтықтау сөз кезегі «Айнагуль» балабақшасының меңгерушісі Алия Темирболатовнаға беріледі.

Тәрбиеші: Балақайлар ,алақайлар

Жаңа жылға қош келдіңдер

Бұл мереке жер жүзінде

тойланады баршамен.

Бізде сыртта қалмайық

Жаңа жылды тойлайық.

Даяна:

Даланың да,қаланың да
Думандатып отбасын
Тағы міне Жаңа жыл
Қақты әр үйдің қақпасын
Кел Жаңа жыл,жаңа жыл!
Далама,қалама,жеріме
Жаналықтармен жағымды
Шыға ғой әлем төріне!

Камила:

Әкелесің жыл ырыс-құт,

Әлемде болсын тыныштық.

Ән салайық жаңаша,

Жаңа жылда тамаша.

Төрегелді:

Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадамың оң болсын

Төрлет,Төрлет,Жаңа жыл

Бізге Құтты жыл болсын.

Айсу:

Жаңа жылды қарсы алып

Жарқын,жарқын ән салып.

Жалғасады жырға жыр,

Ән шырқайық баршамыз.

Тәрбиеші: Бастасақ бастайық ия дұрыс.

Балаларымыздың орындауында ән шырқайық жаңа жыл әнімен қарсы алыңыздар!

(Балалар орындарына отырады.)

Осы кезде Мики маус музыка әуенімен билеп, залға кіреді.

Мики маус: Сәлем, балақайлар! Армысыңдар қонақтар, аяулы балалар! Мен кішкентай тышқан Мики мауспын.

Сендердің аттарың кім болады!

(Әр баламен танысып шығады.)

Танысқаныма өте қуаныштымын! Сендер сондай көпсіңдер және есімдерің сондай әдемі. Сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?

Балалар: Иә.

Мики маус: Ертегі әлеміне барғыларың келе ме? Ендеше сиқырлы сөз айту керек. Кәне, мұқият тыңдап, есте сақтаңдар. Тим-тим, рим-рим, тили-мили,тилимин.

(Осы кезде музыкамен елес кіреді.)

Елес: Ха-ха-ха мен қорқынышты елеспін! Мен ертегілер еліне қоныс аудардым.Балалар тек мені ғана ұнатады, болды, қайдағы жайдағы Мики маус пен Ақшақарды емес. Менімен дос болатын болады. У-У-У.

Тәрбиеші: Мики маус енді не істейміз? Менде қапаланып тұрмын. Мерекемізде енді ертегілер еліне бара алмайтын шығарсыңдар.

Мики маус: Қапаланбаңыз біз елесті жеңеміз! Бірақ, елесті жеңу сиқырға сенетін жандарға. Кәне, сиқырды қайта қайталап көрейік!

(Осы кезде музыкамен қара шапан шығады.)

Қара шапан: Мен қара шапан түннің иесімін. Сәлеметсіңдер ме, балалар! Елес қайда? Мен оны осында деп естідім. Мен елеспен шайқасқым келіп тұр.

Тәрбиеші: Шайқасыңыз! Балалар, қара шапанға көмектесеміз бе?

Балалар:Ия.

Қара шапан: Мен әрқашан өзім жеңіске жетемін. Маған ешқандай көмектерің қажет емес!

Тәрбиеші:Қара шапанға біздің ешқандай көмегіміз керек емес екен. Ендеше Қара шапан елесті жеңіп келгенше біз сендермен би билеп, ән салайық!

Қыздарымыздың биін Қарсы алыңыздар!

Қара шапан: Балалар сендердің көмектеріңсіз қиын болды маған сендердің көмектерің керек, маған көмектесесіңдер ме?

Балалар:Иә, көмектесеміз.

Тәрбиеші: Көмектеспес бұрын денемізді жатықтырып алайық. Ал енді балабақша төрінде аққаланы құрастыру екі командаға бөлініп, жылдамдықты көрсетейік.

Ойын: Аққаланы құрастыру.

Балаларды мадақтау.

Қара шапан: Енді елесті жеңіп көрейік.

(Мики маус пен Қара шапан залдан шығып кетеді.)

Тәрбиеші: Тек елесті жеңетін Аяз ата ғана деп ойлаймын. Өйткені, қолында сиқырлы таяғы бар.

Балалар: Аяз ата, Аяз ата!

(Аяз атаны шақырады.

Осы кезде музыкамен ақшақар кіреді.)

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме балалар!

Тәрбиеші:Сәлеметсің бе, Ақшақар!

Ақшақар: Масқара, масқара! Аяз ата екеуіміз келе жатып, дала қап-қараңғы болып кетті. Жолымызды ақшақарлар жарық етулерін доғарды. Аяз ата болса ұйықтап қалды.

(Осы кезде Аяз атаның ұйықтаған дауысы шығады.)

Балалар естідіңдер ме, аяз ата ұйықтап жатыр.

Тәрбиеші: Ақшақар сен мұңайма! Біз саған арналған әнімізді орындап береміз. Ақшақар қыз әні.

(Балалар әнді орындайды.)

Тәрбиеші: Ақшақар балалар жаңа жылға тақпақтар дайындап еді. Балалар сендер тақпақтарыңды қатты айтыңдар. Сол кезде мүмкін Аяз атада оянар.

Диляра:

Жаңа жыл Жаңа жыл

Жаңа жылға жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр.

Альнур:

Тамаша сый аламыз

Келді Аяз атамыз.

Шаттанып,қуанып,

Шырқап ән айтамыз.

Ғалымжан:

Жаңа жылда,балалар,

Тек қуаныш көріңдер.

Аяз ата-ақшақар,

Сыйлықтарды беріңдер.

Найль:

Аяз ата келіп тұр,

Бізге сәлем беріп тұр.

Сақалының ұзны-ай,

Саудыраған мұзын-ай.

Жанель:

Әкем таңдап әкелді

Ең үлпілдек шыршаны,

Жұпар иісі аңқыды,

Бәрімізді мәз қылды!

(Музыкамен Аяз ата кіреді.)

Аяз Ата: Сәлеметсіңдер ме, балалар.

Тәрбиеші: Аяз ата, анау елес келіп, балалардың бәрін қорқытып кетті.

Аяз ата:Ал ол елестен құтылу жолын мен білемін. Мына ортадағы әдемі шыршамызды жағу керек.Елес жарықтан қорқады. Балалар бәріміз мынадай сыйқырлы сөз айтуымыз керек. Шырша,шырша, шыршамыз, жасыл шырайлы шыршамыз. Шырша шамы жарқылда.

Балалар: Шырша,шырша, шыршамыз, жасыл шырайлы шыршамыз. Шырша шамы жарқылда.

(Шырша шамы жарқырайды.)

(Алыстан А-А жоқ мүмкін емес деген дауыс шығады.)

Тәрбиеші:Бұл елестің дауысы сияқты. Міне, бәрі жақсы аяқталды.Ол шыршаның жарығын көріп, орманға қашып кеткен сияқты.

(Шырша орманда туыпты әні орындалады.)

Тәрбиеші:Ал енді жаңа жылдық мерекемізді әрі қарай жалғастырайық. Аяз ата сіз төрден орын алып, балаларымыздың өнерін тамашалаңыз.

Кәусәр:

Оралдың өлкеме,

Жаңа жыл армысың.

Оранды ақ көрпеге,

Асқар тау,қарлы шың.

Айзере:

Жаңа жыл келгенде

Қуанып қарсы аламыз.

Аяз ата келгенде

Билейміз ән саламыз.

Айару:

Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып.

Дастан:

Аппақ, аппақ қар аппақ

Ақшақар да, дала аппақ

Аяз ата ол да аппаө,

Жаңа жылда бәрі аппақ.

(Қыздар биі; Ақшақарлар биі.)

Алина:

Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағылған
Келді сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған.

Әлинұр:

Жаңа жылым жол болсын

Басқан қадам оң болсын
Төрлет,төрлет жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын!

Раяна:

Келді тағы Жаңа жыл
Қуантумен біздерді
Құтты болсын қуаныш
Құттықтаймыз сіздерді

Айсултан:

Сақалы аппақ күмістей,

Тістері аппақ күріштей

Қызыл ала шапаны,

Сағындым аяз атаны!

(Қыздардың биі)

Ойын: Шыршаны безендіру.

Осымен кеш аяқталады .

Тәрбиеші:Ал достарым келіңдер, шырша жырын айтамыз.

Аяз ата осындай керемет балаларға сыйлығыңыз жоқ па?

Аяз ата: Әрине бар.Сыйқырлы таяғым менің балаларға деген тәтілерімді алып келші.

Балалар: 1-2-3 сыйлық ортаға түс.

(Жай жылтырақшалар)

Балалар: 1-2-3 сыйлықтар ортаға тұс.

(Қарашапан сыйлықтарды алып кіреді)

(Аяз ата сыйлықтарды үлестіреді)

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.