Жаңа сабақтар

Рахимжанова Арай Толегеновна

ШҚО Катонқарағай аудан

» Чернова орта мектебі» КММ

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Рахимжанова Арай Толегеновна

Күннің шуағы жылы, ананың құшағы жылы

(Оқушылар мен ата-аналарға арналған өзін-өзі тану сабағы)

Сабақ әр жастағы оқушылармен өткізіледі. Әр топта – 4 баладан.

Мақсаты: Адам өміріндегі ана ролін көрсету.

Міндеттері:

  • Ана махаббатының табиғатын ашу;
  • Өмірге ұқыптылықпен, қадірлей қарау;
  • Отбасындағы жақындарын құрметтей білу.

«Ана — жарық дүниедегі жалғыз жаратушы…»

Эрнст Легуве

«Ана – сәбилердің тіліндегі жаратушының есімі»

Ғаламат ертегі

«Мама – әр отбасындағы … алғашқы сөз»

«Мама» к/ф-нен

Сабақ барысы

1.Кіріспе

Баяу әуен ойнайды. Мұғалім «Ғаламат ертегіні» баяндайды.

Өмірге келуге дайын бір сәби Жаратушыдан сұрайды:

-Маған ертең дүние есігін ашатынымды айтты, бірақ мен кіп-кішкентай, қорғансызбын ғой, ол жақта қалай өмір сүремін?

Жаратушы былай дейді:

-Көптеген періштелер ішінен сен үшін біреуін таңдадым. Ол сені күтіп алып, қамқорлық жасайды.

Сәби сұрағын қойып болмайды:

  • Жаратушым, маған жауап берші. Бұл жерде, Көк жүзінде бақытты болу үшін маған ештеңе істемей әндетіп, күлсем болғаны. Ал Жер бетінде қалай өмір сүремін?

Жаратушы айтты:

  • Сенің періштең күн сайын қуанып, саған ән айтып береді. Сен оның махаббатын сезінген кезде бақытқа бөленесің.

Сәби тағы сұрады.

  • Олардың тілін білмей адамдарды қалай түсінемін?

Жаратушы жауап берді:

  • Періштең саған дүниедегі ең ғажап сөздерді айтып, ол сөздерді айтуды үйретеді.
  • Ал сенімен әңгімелескім келсе не істеуім керек?-деп сұрады сәби.

  • Сенің періштең қолдарыңды қусырып, мінәжат етуді үйретеді.

  • Жер бетінде жаман адамдар да бар деп естідім. Мені кім қорғайды?

  • Сенің періштең өзіне қауіп төніп тұрса да сені қорғайды.

  • Бірақ Сені көре алмайтындықтан мен үнемі қайғырып жүрем ғой.

  • Сенің періштең Мен жайлы ылғи да айтатын болады. Мен сенің жаныңда болсам да, ол Маған келетін жолды көрсетеді.

Бұл кезде Көкте өте тыныш, әрі бейбіт болып тұрған еді. Балақан асығыс түрде былай деп сұрады:

  • Жаратқан ием, Сенің жаныңнан кетсем бола ма? Сен маған періштемнің атын айтпас па екенсің?

Жаратушы былай деді:

  • Есімін айту міндет емес. Сен оны жай ғана Мама деп атайсың.

Ана – бұл сәбилер аузымен айтылатын Жаратушы есімі.

« Ана туралы жыр» әні тыңдалады.

Әлемнің жарығын сыйладың сен маған,

Даланың әр гүлін жинадың сен маған.

Сен бердің құстардың қанатын самғаған,

Балалық құштарым өзіңе арналған…

Мұғалім: — Бүгінгі сабақта кім туралы айтамыз деп ойлайсыңдар?

(Балалардың жауабы)

Мұғалім сабақ тақырыбын хабарлап, оны тақтаға жазады да, эпиграфтарды дауыстап оқиды.

2.Шаттық шеңбері

Мұғалім:

  • «Ана» — ең әсем де, әуезді сөз. Ол сөзді үнемі күлімсірей, көтеріңкі көңілмен, қуана айиқан жөн. Келіңдер, «ана» сөзін бақыт пен нәзіктікке бөлей айтатын көңіл-күй тудырайық.

«Өзгеге қуаныш сыйла» ойыны Оқушылар дөңгелене тұрады. Мұғалім мен оқушылар тізбек бойынша қуанышты бір-біріне береді. Мұны олар жылдам, әрі абайлай жасайды. Бір-біріне күлімсірейді, аялайды (мысалы, бір-бірінің басынан сипайды); қолдарын қысады; жүрек жылуын береді; жылы сөз айтады.

Жаттығу жасау кезінде әрбір қатысушы алдымен сол жағындағыға, сосын оң жағындағыға арнайды.

3. «Мама, мамажан, маматайым…!» сөздері бар жаттығуы

Мұғалім: — Мама – өз өмірімізде күн сайын қайта-қайта айтатын ең керемет, айрықша есім. Мама – бұл бізге жарық пен жылу беретін, өмірімізге бейбітшілік пен қуаныш сыйлайтын Күніміз. Біз өз аналарымызды қалай атаймыз? Бізге ең қымбат сөзді қайтіп айтамыз?

( Балалардың жауаптары)

Мұғалім: — Карточкаларда берілген сөздерді оқыңдар. Өз дерің пайдаланатын сөздеріңді таңдаңдар.

Ана, апа, мама, мам, ма, мамка, маматай, мамажан, маман, шеше, шешетай, шешежан, тәте, нәне, әже, өгей шеше.

Әр бала немесе топ осы сөздер жазылған карточкаларды алып, таңдау жасайды да, өз таңдауын түсіндіреді. Бұл жұмыс кезінде тізімдегі сөздерді бөліп көрсету үшін қарындаш немесе фломастер қолдануға болады.

Мұғалім:

  • Неліктен өз аналарыңды дәл осылай атайсыңдар?
  • Сендердің ойларыңша ананы қалай атауға болмайды?
  • «Өгей шеше» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Мұғалім бұл сөздерді үлкен карточкаларға жазып дайындайды, оларды тақтаға іледі. Балалар таңдаған сөздер ғана арнайы көрнекіленіп қойылады.

4. Шығармашылық жұмыс.

1-топ – 5-сынып оқушылары.

«Фотография». Сурет.

  • Тақырыпты пайдаланып өз аналарыңның суретін салыңдар. Суреттегі мамаларыңның атын жазыңдар.

2-топ — 6-сынып оқушылары.

«Нәзік тарих». Әңгіме.

  • Тірек сөздерді пайдаланып өз аналарың туралы әңгіме құрап жазыңдар. Тірек сөздер: көктемгі тамшы, жылы жаңбыр, түрленген кемпірқосақ, сағым,күн сәулесі, көктем гүлі, қоңырау сыңғыры, незік інжугүл, таң шапағы.

3-топ — 7-сынып оқушылары.

Мәдіхат Төрежановтың «Ана» әңгімесін сахналау.

  • Әңгімені оқып ол бойынша көрінісдайындаңдар. Аналарға қалай қарым-қатынас жасау қажет.

Күндізгі төрттер шамасы еді. Аспан түнеріп, нөсер жаңбыр жолдарды суға толтырды.

Қоңырау соғылып, мектеп ауласынан балалардың шулаған дауыстары естілді.

Мектеп үйі жанында қарт әжей тұр еді. Ол тайғақ көшені кесіп өте алмай, суық жел өтінде талай уақыт тоңып тұрған. Арлы-берлі өтіп жатқан жүргіншілердің ешқайсысы да оған көмектесу туралы ойламады да – бәрі де жаңбырдан қашып, пана табуға асығып барады.

Мұхтар мектептің белгілі спортшысы, футбол командасының капитаны еді. Егде әйелді көрген ол достарынан бөлініп келіп :

  • Жаңбырдың астында неғып тұрсыз? Көмек қажет пе?
  • Иә, иә, ұлым, көшенің арғы бетіне өтуге көмектесе гөр. Мұнда көп машинадан,тайғақ жолдан қорқып үйіме жете алмай тұрмын..

Мұхтар қарияны қолынан демеп, ақырындап көшенің арғы бетіне өткізіп салды.

Көзіне қуаныш жасы үйірілген әжей :

  • Бақытты бол, балам! Өркенің өссін!

Бұл сөздерден кейін Мұхтарға қанат біткендей болып, кеудесін қуаныш кернеді. Жолдастарының жанына келгенде олар танымайтын кемпір үшін уақытты босқа кетірудің қажеті қанша деп кінәлады.

  • Ол кісі біреудің анасы болғаны үшін көмектестім, — деп салмақты түрде жауап берді Мұхтар.
  • Ал сен біреудің анасына көмектесіп нең бар! – деп балалар қарсылық білдірді.

Мұхтар балаларға былай деді:

  • Мен бұл қарт әйелге көмектескен себебім, бір күні менің де анама көмек қажет болуы мүмкін, сол кезде жанында болмауым мүмкін. Сонда оған мүлдем танымайтын адам дәл жаңағы маған ұқсап көмек көрсетеді ғой.

Мұхтар бұл жауабы арқылы дос балаларына анасын қалай жақсы көретінін, ол жанында болмағанда да қайтіп қамқорлық танытатынын көрсетті.

  • Мұхтар бейтаныс әйелге не үшін көмектесті деп ойлайсыңдар?
  • Өз махаббатыңды көрсете білудің маңызы неде?

4-топ – 8-сынып оқушылары.

«Ана – бұл не?…» Коллаж жасау.

  • Газет пен журналдар қиындыларын, фломастерлер мен түсті қарындаштар пайдаланып коллаж жасай отыра «Ана» сөзінің мәнін түсіндіру қажет. Сендер бұған қандай мағына бересіңдер?

5. Топтардың тапсырмаларын қорғауы. Жұмыстар көрмесі.

5-топ – ата-аналар (ересектер).

«Мен – ана». Блиц-сауалнама.

  • Ана болу жеңіл ме? Неліктен ана болдыңыздар? Балаларыңыз сіздерге қалай қарым-қатынас жасаса деп ойлайсыздар? Өз балаларыңыз үшін не істеуге даярсыздар?

6. Қорытындылау.

Мұғалім: Ана махаббаты шексіз, әрі таусылмайды. Ана жүрегі еш уақытта өз баласын жақсы көруден шаршамайды. Оның көп қылықтарын кешіреді. Жәрдемдеседіі және жетелейді. Сенеді және таңырқайды.

Мұғалім: Бір ертегіде патша өз қыздарына өзіне деген махаббаттарын қандай да бір затқа теңеп айтуын сұрайды. Бірінші қыз өз махаббатын гауһартасқа теңейді, екінші қыз ең тәтті самсаға, ад үшінші қыз болса, кез келген тағамның дәмін кіргізетін тұз екені рас болса, сол сияқты өмірдің де анаң мен әкеңе деген махаббатсыз мәні жоқ деп шешеді.

Ендеше, біз ананың, қызының немесе ұлының махаббаты жайлы оны образ түрінде елестетіп айтайық. Сіздердің анаға деген махаббатыңыз неменеге ұқсайды? Анасының өз баласына деген махаббаты қандай образды бере алады? (Балалардың жауабы)

7. «Жүректен жүрекке» шеңбері

Мұғалім: — Қымбатты аналар, балаларыңызға арналған жылы сөздеріңізді жазып, оларға сыйлаңдар.

Ата-аналар сөздерін ашықхаттарға жазып, өз балаларына сыйлайды.

Мұғалім: — Құрметті балалар, барлық аналарға әдемі, әрі жылы сөздерімізді сыйлайық. Бұл сөздер олардың жүректерінің түбінде мәңгілікке сақталсын.

«Әрқашан күн сөнбесін» әні орындалады. Балалар өз мамаларына деген тілектерін парақшаларға жазып, тақтаға ілінген плакатқа жапсырады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.