Дуйсенбаева Марина Аслановна

Дуйсенбаева Марина Аслановна

Маңғыстау обл. Жаңаөзен қаласы

«Арай бөбекжай – бақшасы»

Тәрбиеші

Білім беру саласы: Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу іс-қызметі: Қауіпсіздік мінез- құлық негіздері.

Тақырырыбы: «Сезім мүшелері»

Мақсаты: Білімділік: Сезім мүшелерінің жұмысы мен оларға күтім жасау жолдары және салауатты өмір салтын сақтауға ұмтылдыру.

Дамытушылық: Түрлі заттардың қасиеттерін зерттеуге деген қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелік: қызығушылықтарын арттыру,тыныс алу мүшелеріне бүкіл ағзасына күтім жасауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: сезім мүшелері, үшкір.

Билингвальды компонент: сезім мүшелері –органы чувств,көз –глаза,мұрын–нос,құлақ –уши

Көрнекіліктер: сезім мүшелерінің суреттері, атрибуттар.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, мадақтау. I.Кіріспе бөлімі:

Балалар залға музыка әуенімен кіреді.

Қайырлы таң көздерім, сендер ояныңдар !

(Сұқ саусақтарымен көздерін сипайды, саусақтарымен «дүрбі» жасап қарайды).

Қайырлы таң құлақтарым, сендер ояныңдар !

(Алақандарымен құлақтарын сипап, алақандарын құлақтарына қояды).

Қайырлы таң қолдарым, сендер ояныңдар!

(Кезек – кезек қолдарын сипалап, шапалақтайды).

Қайырлы таң аяғым, сендер ояныңдар! (Тізелерін укалап,аяқтарымен тарсылдатады).

Қайырлы таң, алтын Күн! Мен ояндым! (Қолдарын жоғарға көтеріп, Күнге қарайды).

II. Негізгі бөлім:

Балалар өткен тақырыпты қайталап жіберейік. Тіс – тазалығы.

1) Тісті екі рет жуу керек. Таңертең де, кешке де. Тамақтан соң ауызды шаю керек.

2) Тіс дәрігеріне жылына екі рет қаралу керек.
3) Тәттіні көп жемеу керек.

4) Жаңғақты тіспен шақпау керек.
5) Әр адамның жеке щеткасы болу керек.

Телефон шырылдап, тәрбиеші сөйлеседі.

Тәрбиеші: -Балалар таныс суретші ағай денсаулығына байланысты ауырып қалыпты. Ағай бізден көмек сұрап жатыр, аяқталмаған суретті аяқтап беруін өтінді. Көмектесеміз ба балалар?

Ал ендеше балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын:

Жұмбақ:

Көреді бәрін өзгенің,

Көре алмайды өздерін. (Көз) Көз көру үшін керек.

Көз: Қоршаған ортаны көру қабілеті – адамның өте құнды сезімдерінің бірі. Көздің көмегімен адам айналасын көреді, түс пен пішінді ажыратады. Көздің көруін көз дәрігері –окулист тексереді.

Көзге арналған жаттығу: 3-5 сек көзді қатты жұмады ашады(6-7 рет қайталаймыз); Көзімізді 15 сек тез – тез жыпылықтату; Ал енді көзді жұмып қолымыз бен сыйпаймыз; Көзімізді оңға солға айналдырамыз;

Балалар енді манағы суретші ағайдың беріп жіберген суретіне, көздің суретін жапсырайық.

Жұмбақ:

Сөз ұққыш,

Қос тұтқыш. (Құлақ)

Құлақ:Есту мүшесі оның көмегімен адамдар дыбысты ажыратады, құстың әнін, желдің уілін, күннің күркүреуін естиді.Адамның құлағы – күрделі мүше. Құлақты емдеу үшін құлақ дәрігері – лор дәрігеріне жүгінеді .

Балалар қазір біз ойын ойнаймыз. Ойынның аты: дыбыс ойыны .

Шарты: мен қазір сендерге неше түрлі дыбыстарды шығарамын, ал сендер маған ол ненің дыбысы шыққаны туралы айтып бересіндер. Қанекей балалар ойнаймыз ба?

Балалар айтады судың дыбысы шықты, қағазды жыртқан дыбыс шықты ,тарсырдатқан дыбыс шықты.

Балалар енді манағы суретші ағайдың беріп жіберген суретіне, құлақтың суретін жапсырайық.

Жұмбақ:

Денесі жұмсақ, сүйір, көп сөйлеуге үйір. (Тіл)

Тілдің көмегімен біз тамақтын дәмін ажыратамыз, ыстық суық, тәтті,ащы. Дәм сезу мүшесі, ол адамдарға ауыз қуысындағы тағамды сезуге тағамдардың ұнайтын, ұнамайтынын, ыстық немесе суық екенін анықтауға көмектеседі. Тіл дыбыс шығаруға, сөйлеуге, күлуге, ән айтуға көмектеседі.

Балалар қазір біз «Дәмін ажырат» ойын ойнаймыз.

Шарты: 3 стақанға 3 түрлі су құямын- тұзды, қантты, лимон қыщқылын қосамын. Сол стақанды балалар алдына қойып, бұл стақанда қандай су тұрғанын балалардан сұрау. Балалар айтуға қиынсынады.

Қай стақанда қандай су тұрғанын білу үшін, сол стақандағы судың дәмін ішіп, көруіміз керек. Балалар өздері тілдің дәм сезу мүшесі екені деп қортындыға келеді.

Балалар енді манағы суретші ағайдың беріп жіберген суретіне, тілдің суретін жапсырайық.

Жұмбақ:

Алқапта бар биік тау,

Алды тік жар қиық тау.

Қос үңгірі желдетіп,

Ауа жұтар селдетіп. (Мұрын)

Мұрын: Адам мұрнымен тыныс алады, сонымен қатар иістерді анықтайды.

Орнымыздан тұрамыз, денемізді тік ұстаймыз,оң аяқты сол аяқтың үстіне қойып, иога жаттығуы арқылы тыныс алу жаттығуын орындайық. Терең дем алып, дем шығару, босансу.

Сұқ саусақпен мұрын қанатын сипау, сосын, жоғары – төмен сипалау.

Мұрынмен ойын:

Тарелкеге кесілген жуа, сарымсақ, алма, лимон, мандаринді кесіп қояды, 3 баланы шығарып көздерін жұмады, мұрнына иіскетемін. Ненің иісі екенін аңықтауымыз керек.

Балалар енді манағы суретші ағайдың беріп жіберген суретіне, мұрынның суретін жапсырайық.

Балалар суретімізді аяқтадықпа? Дұрыс аяқтадық. Онда балалар суретші ағайға телефон шалып,

Қуанышты хабарды жеткізейік. Суретін аяқтадық деп.

Қорытынды:

«Гүл күлтесі» Сонымен балалар адамда 4 сезім мүшелері бар, оларға:

  1. көру мүшесі – көз,
  2. есту мүшесі – құлақ,
  3. дәм сезу мүшесі – тіл,
  4. иіс сезу мүшесі – мұрын.

-Балалар бүгін қандай сабақ өттік?

-Көз бізге керекпе екен?

-Құлақ пен қандай дыбыс естиміз?

-Тілдің көмегі қандай?

Балалар сабаққа жақсы қатысады, мадақтау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше