Абишева Айсулу Сагадиевна

Ақмола облысы Целиноград ауданы Қызылжар орта мектебі ММ

Бастауыш сынып мұғалімі Абишева Айсулу Сагадиевна

Тәрбие сағаты Қызылжар орта мектебі ММ

Целиноград ауданы

Ақмола облысы

3-сынып

Бастауыш сынып мұғалімі А.С.Абишева
Тақырыбы Абай Құнанбайұлы «.Ескендр» поэмасы.
Мақсаты: Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына байланысты «.Ескендр» поэмасын оқыту.

“Ескендір”поэмасының тақырыбы мен идеясын түсіндіру; мәнерлеп айту дағдысын, адамгершілікке, рухани имандылыққа тәрбиелеу, поэманың тереңіне бойлату.

-Оқушылардың білімін, ой-өрістерін тереңдетіп, жаңа сөздер, жаттығу жұмыстары және ойын түрлері арқылы тілдерін машықтандыру

Нәтиже: Абай Құнанбайұлы туралы ой-өрістері кеңейеді. «Ескендір»прэмасымен танысады.Шығармашылық қаблеті дамиды
Сілтеме Презентация«Ұлы даланың-Ұлы Абайы» Видио-фильм «Александр Македонский».Алдын ала1-2 шумақтан жаттап келу.
Топқа бөлу Әр топта Мазайканың (А4 парағы сөз жазылған 5-ке бөлнеді)бір бөлігі партада жатады, жапсырып шыққан топ атауын тақтаға іледі, оқушы өзінің қалған жартысын табу керек. 28 оқушы

1-топ Абай-ақын

2-топ 45 қара сөзі бар

3-топ Саяси қайраткер

4-топ Ағартушы

5-топ Композитор

6-топ Аудармашы

7-топ Семей өңірі

Қызығушылығын ояту Кіріспе сөз: Абай Құнанбаев Ұлы қазақ дей отыра биылғы жылы туғанына175 толуына орай еліміз дүркіретіп той жасауда,бүгін біз Абайдың «Ескендір» деген поэмасына тоқталамыз.

Презентация. «Ұлы даланың-Ұлы Абайы» презентация арқылы қысқаша шолу.(Шығармалары.,Туған туысқандары.аудармалары)

Мағынаны тану 1.Александр Македонский фильмін көру(олкім болған,түрмысы,киімі,әскери жорықтары)

2. «Өрмек» -әдісі арқылы ,шеңберде тұрып,өрмек тоқып,поэманы оқиды.Өрмек ортасында қағаз бен қауырсын тұрады.Оқып болғаннан кейін өрмекті жоғары көтеріп, ортадағы қағаз бен қауырсынды жоғары көтеріп,Абай Құранбайұлының шығармаларынан рухани азық алатынымызды дәріптейміз деп ,поэманы оқуды аяқтау. Өрмек жіпті жинау.

3.Мұғалімнің қорытынды сөзі.

Абай дастанында әділдік, данышпандық, жауыздықтар сөз болады. Бірақ мұндағы әділ де, данышпан да, философ та Ескендір емес, Аристотель. Дастанда екі образ бар. Бірі –Ескендір, екіншісі –Аристотель.Абай Аристотель есімін құрметпен айтады, «ақылы мол», «жеке-дара», «хакім адам» деп бағалайды. Ал Ескендір болса, дәріптелмей, сыналады. «Мақтан сүйгіш, қанішер, тойымсыз, қаһарлы,кекшіл, есер, өзімшіл, тоқтау көрмей өскен жан».

Рефлексия -Поэмадан не түсіндік? Оқушылардың пікірінен кейін, садақтың оғына жазылған сөздерді оқып ,қынға салып отырады.

-Пендешіліктен арылуға, арлы болуға, күлкіге қалмауға

ашкөзділіктен сақтануға, иманды болуға, қанағат етуге, ойланып іс жасауға үйрендік.

Осымен танымдылық тәрбие сағаты аяқталды.

.

.

:

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше