Тұрғымбаева Қалдыкүл Әбдірашқызы

Жамбыл облысы, Талас ауданы, «Алғабас» орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Тұрғымбаева Қалдыкүл Әбдірашқызы

Сабақтың тақырыбы: Толағай отбасылық жарыс.

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы:

Толағай отбасылық жарыс

Мектеп «Алғабас» орта мектебі
Күні:20.11.2019ж Мұғалімнің аты- жөні: Тұрғымбаева Қалдыкүл Әбдірашқызы
Сыныбы: 3-4-6 Қатысқаны: Қатыспағаны: жоқ
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады:Оқушыларды спорттық ойындарға бейімдеу,денсаулықтарын жақсарту,қызығушылықтарын арттыру.
Көпшілігі орындай алады:Оқушылардың адамгершілік,күш,ерік-жігер қасиеттерін ж/е психологиялық процестер мен адамдық қасиеттерді дамыту.
Кейбір оқушылар орындай алады:Оқушыларға дене шынықтыру жаттығулармен өз бетінше шұғылдануға,этикалық ж/е эстетикалық тәрбие беру.
Бағалау критериі Оқушыларға салауатты өмір салтын ұстауға бейімдеу

Оқушыларға денсаулық адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние екендігін түсіндіру

Тілдік мақсат Пәнге қатысты сөздік пен терминдер:Ворота,қақпа,доп,мяч,boll,жүгіру бегать ,шар,секіртпе,плакаттар
Талқылауға арналған сұрақтар
Қимыл-қозғалыс ойындарының түрлерін атап көрсет?
Алдыңғы оқу Өткен сабақты қайталау
Жоспарланған уақыт: 40 Жопарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы:10
  1. Ұйымдастыру кезеңі,зейін шоғырландыру
  2. Бой сергіту жаттығулары:
  3. Сыныпты бір қатар сапқа тұрғызып,сап түзеп,сәлемдесу.Сабаққа қатысушылар санын түгендеп,жаңа сабақ және мақсатымен таныстыру.Саптық жаттығуларды орнымызда тұрып,бірнеше рет қайталап орындату.
  4. Техника қауіпсіздігін ескерту,киім үлгісіне көңіл бөлу.
  5. Жүру жаттығулары:
  6. ● аяқтың ұшында,қолды жоғары көтеріп жүру.
  7. өкшеде,қолды белге қойып жүру.
  8. аяқтың ішкі,сыртқы қырымен қол белде.

● аяқты жартылай тізеде бүгіп,қолды алға қарай созып жүру.

Орнында тұрып орындалатын гимнастикалық жаттығулар.

Жалпы дамыту жаттығулары.

  1. Сабаққа дайын немесе дайын еместігін бағдаршам әдісі арқылы көрсету.
Спорт зал

ысқырық

доп

уақыт өлшегіш,

жалаушалар

Сабақтың ортасы: 25 Жаңа сабақ

Мұғалім түсіндірмесі

Оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тапсырмаларды саралап алдым.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай «Салауатты өмір салтын ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр»Денсаулық-баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Денсаулық адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет..Бүгінгі өткізгелі отырған «Толағай отбасылық» сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Ал құрметті халайық,Жарысты енді көріңдер.Әділ қазы алқасы,Әділ баға беріңдер. Жарысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен танысып алайық.1. Директор ісі жөніндегі орынбасары Жақай Ғалия

2.Бірлестік жетекшісі: Құлабекова Балжан 3.Бейнелеу пәнінің мұғалімі:Қожагелдиева Гулзира

Қош келдіңіз қонақтарым төрлеңіз,Әзірледік сізге орынды төрден біз.Ұландардың ең құрметті қонағы,Жанкүйерде төреші де өзіңіз.Спорттық сайысымыз 3-4-5 баллдық жүйемен бағаланады.

Таза ауа, спорт болсын дәріміз,

Еңбек етіп келгенінше әліміз.

«Алға» — деген бір – ақ мақсат ұстанып,

Сайысқа аттанайық бәріміз!-дей отырып ортаға отбасыларды қарсы алыңыздар «Денсаулық»тобы Отарбаевтар отбасы Ұраны: Денсаулық-зор байлық

«Бірлік»тобы Өтегеновтар отбасы Ұраны: Бірлік болмай,тірлік болмас

«Шымыр»тобы Әштай отбасы Ұраны:

Шымыр біздің денеміз,

Жақсыларға ереміз.

Толағайды топ жарып,

Біз жеңіске жетеміз.

Сайыс 6 кезеңнен тұрады:

1. Таныстыру

2. «Мәреге кім бұрын»

3. «Кім жылдам»

4. «Қаппен секіру»

5. «Допты шеңберге лақтыру» эстафетасы

6. «Капитандар сайысы»

Шарттары: 1. Таныстыру кезеңі. (топтың атын таныстыру керек) (5 ұпаймен бағаланады)

2.«Мәреге кім бұрын?»Ойынның шарты: Мұғалімнің белгісі бойынша секіртпемен секіріп шығып, белгіні айналып секіріп келу керек. Секіріп келген ойыншы секіртпені келесі ойыншыға ұсынып саптың артына тұра береді. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол жеңіске жетеді. ( Скакалкамен секіру).

3. «Кім жылдам»Төрешінің белгісі бойынша белгіленген жерге допты кедергілерден өту арқылы ұрып барып,қайтарында жүгіріп келеді. Допты келесі ойыншыға береді. Ойын осылай жалғасып,бірінші келген команда жеңімпаз болады.

4.«Қаппен секіру»Төрешінің белгісі арқылы қапты киіп алып,белгіленген жерге секіріп барып,кейін қайтады.Қапты шешіп келесі ойыншыға береді.Бірінші аяқтаған топ жеңімпаз болады.

5. «Допты шеңберге лақтыру» эстафетасы

Ойынның шарты: Әр отбасындағы сайыскерлердің епті мерген екендіктерін анықтау. Отбасылардың алдында 2 метр қашықтықта биіктігі 1, 5 метрдей темір құрсау тұрады. Міне, осы құрсауға допты дәл лақтырса, сол көп ұпай жинайды

6.«Капитандар сайысы». 3 команданың капитандары ортада үріліп жатқан шарларды уақытпен жарып тастауы керек,қай команда шарды көбірек жарса(жарған шарларын жинау керек 10 ұпаймен есептеледі),сол команда жеңіске жетеді.

Қорытынды сөз.Марапаттау рәсімі.Сөз кезегін оқушыларымызды жан жақты тәрбиемен сусындатып салауатты өмір салтын баулуда қолдан қамқорлықты аямай өзінің мол тәжірибиесімен, іскерлігімен ұжымымызды шыңдап келе жатқан әділқазы мүшелеріне сөз береміз. Әділ қазылар алқасы қорытынды баға шығарғанша, балаларымыздың дайындаған «қара жорға» биін тамашалайық!

Құрметті ата-аналар, оқушылар, жүлделеріңіз құтты болсың!

Бүгінгі «Толағай отбасылық сайыс» атты спорттық жарысымыз аяқталды. Келіп қатысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет.

доп

Секіртпе

Шарлар

кедергілер

Сабақтың соңы: 5 минут Оқушыларды сапқа тұрғызу, қайта денені қалпына келтіру жаттығуларын жасау. Жаймен жүріп, қолды биікке көтеріп төмен түсіріп дем алып, дем шығару.

«Басбармақ», «жұлдызша», «Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылардан кері байланыс аламын.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше