Тәрбие көзі – салт-дәстүр

Атырау қаласы, Тіл мүкістігі бар балаларға арналған

№ 3 облыстық арнайы мектеп-интернатының бастауыш сынып мұғалімі Иманалиева Марта Абылайқызы

Сынып сағаты:

Тақырыбы: « Тәрбие көзі – салт-дәстүр »

Мақсаты:

Білімділік: салт-дәстүрді дәріптеп, оқушылардың өз халқына, ұлтына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін оята эстетикалық тәрбие беру;

Дамытушылық: салт-дәстүрді ұмытпай жалғастыруды дамыту;

Түзетушілік: сөз сөйлеу мәнерін, ойлау қабілетін, қол-саусақ қимылдарын жетілдіру, жылдамдық пен алғырлығын қалыптастыру,қызығушылығын арттыру;

Тәрбиелік: қазақ салт-дәстүрін сүюге, білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдісі: Сұрақ-жауап, көрініс, түсінік беру.

Көрнекілігі: бесік, сандық, асық,киіз үй, ұлағатты сөздер,кітап көрмесі, мультимедиялық презентация.

Жүру барысы:

Ұйымдастыру.

  • Амандасу
  • Оқушылардың назарын шараға аудару.

Шаттық шеңбері

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып,

Құтты қонақ келіпті

Төріме міне еніпті!

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой!

Ал, қанекей бәріміз,

«Сәлем» дейік үлкенге

Сәлеметсіздер ме апайлар!

Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде

Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге

Оқушыларды «Тойбастар» әдісі арқылы топқа бөлу. Қоржыннан қызыл немесе көк түсті конфеттерді таңдайды.Сол таңдаған түстері бойынша «Мұрагер», «Құлагер» болып екі топқа бөлінеді, топ басшылары таныстырылады.

«Мұрагер» тобы:

Біздің топ – «Мұрагер» тобы. Ұранымыз. «Салт-дәстүрді қастерлеп сақтаймыз»

Топ басшысы – Толғанай.

Бауырласқан тәніміз,

Бұзылмасын антымыз.

Кең даланың ежелгі

Қазақ дейтін халқымыз.

Өзге ұлттай бізде де

Бар дәстүр мен салтымыз.

«Құлагер» тобы:

Біздің топ – «Құлагер» тобы. Бізідің ұранымыз: «Ата-баба өнерін, салт-дәстүрін әрі қарай жалғастырамыз, ұмытпаймыз».

Топ басшысы – Жұлдыз.

Біздер бұрын көрмеген

Салт-дәстүрім өлмеген.

Үйренеміз дәріптеп,

Заманымыз өрлеген.

Мұғалім сөзі:

Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, тілі болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз де ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады.Халқымыздың салт-дәстүрін, тарихын біліп, оны қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.

Видеоролик тамашалау: «Қазақ халқының салт-дәстүрлері»

«Миға шабуыл»

Салт-дәстүр туралы сұрақтар жазылған асықтарды сандықшаның ішінен бір-бірден кезекпен алып жауап береді.

1.«Бастаңғы» дегеніміз не?

2.«Көрімдік» қандай жағдайларда сұралады?

3.«Қонақжайлық» деген сөзді қалай түсінесің?

4.Тойдың түрлерін ата.

5.«Сүйінші» дегеніміз не?

6.«Шілдехана» қандай рәсім?

7.«Тұсаукесер» қандай рәсім?

8.Көрісу қай айда болады?

9.«Сүндет той» дегеніміз не?

10.«Ерулік» деген не?

«Білім сайысына түсеміз»

Танымдық сұрақтар:

«Мұрагер» тобына қойылған сұрақ

1.Жерден ауыр не,судан терең не?

Көктен биік не, оттан ыстық не?

Жерден ауыр ақыл, білім,

Судан терең оқу, ғылым.

Көктен биік тәкәппардың көңілі,

Оттан ыстық адамның өмірі.

2.Балдан тәтті не?

Қылыштан өткір не?

Балдан тәтті бала.

Қылыштан өткір тіл.

3.Кім неден үмітті ?

Ауру «Жазыламын» деп үмітті.

Жарлы «Байимын» деп үмітті.

Қашқын «Құтыламын» деп үмітті.

Ұлсыз «Ұлды боламын» деп үмітті.

4.Кім нені көргіш ?

Жақсы ниетті адамдар тек жақсылық көреді.

Ақымақтар тек жамандық көреді.

Әділ адам жақсыны да, жаманды да көреді.

«Құлагер» тобына қойылған сұрақ:

1.Есі бар адамға не керек?

Қайырымдылық, мейірімділік керек

Қоғамшылдық, білім керек.

2.Жеті ата деген кім?

Әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат.

Дүниеде тоймайтын не?

3.Көз көруге, құлақ естуге тоймайды,

Жер жауынға, жол тұйыққа тоймайды.

Дария суға тоймайды, аспан бұлтқа.

Сері серуенге тоймайды.

4.Халықтың қасиетін кетіретін не?

Жасы үлкен мен қарттарды сыйламаушылық

Асты ысырап ету берекені кетіріп, ашығуға апарып соғады.

«Ата дәстүр» үй жұмысы

«Мұрагер» тобы киіз үй туралы айту.

«Құлагер» тобы бесік туралы айту.

«Жарасып тұр дәстүрім» көрінісін тамашалау.

Әлімжан: Сүйінші, сүйінші! Ауылдан әжем келді.

Айару:Сүйінші сұрау шын қуанғандықтың белгісі, қатты қуанып тұр екенсің,мә,сыйлығыңды ала қой.

Жұлдыз: Толғанай, артыңа жасырып тұрғаның не нәрсе?

Толғанай:Байғазы берсең көрсетем.

Жұлдыз:Байғазы балалардың жаңа киімі үшін берілетін сыйы. Байғазы сұрағанның артықшылығы жоқ. Мә, ала ғой, саған моншағымды берейін, көрсетші.

Толғанай:(Басына бас киімін киіп) Міне, әжем тігіп берген бас киім. Ал, атам маған жаңа қошақан сыйлады. Қозымды көргілерің келсе, көрімдігін даярлаңдар.

Ерасыл: Байғазы жансыз дүниеге, ал еөрімдік жандыға беріледі.

Әлімжан. Әлия, білесің бе? Менің ағам Түркияға қыдырып кетті.

Әлия:Онда сенің әжең тоқымқағар жасайды екен ғой.

Әлімжан: Ол не?

Серікболсын:Жас жігіт алғаш жолға шыққанды жасалатын бас қосу. Мал сойылып, ойын-сауық, өлең-жыр айтылады.

Әлімжан:Егер ағам маған сыйлық әкелсе, ең жақсысын саған беремін. Өйткені, сен менің нағыз досымсың ғой.

Жанерке:Алыс сапарға шыққан адамдар туыстарына, балаларға, ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны «Базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі.

Ерасыл:Толғанай, бағанадын үндемей тұрған мына досың кім?

Толғанай:Бұл – Нұртілек.Жақында көшіп келген көршіміз.

Басқа жақтан көшіп келген көршілерге тұрғындар ерулік береді деген әжем. Ендеше, Нұртілекті бәріміз қонаққа шақырады екенбіз ғой.Жүріңдер біздің үйге Нұртілекпен бірге.

«Кубизм» әдісі.(кубикте жазылған сұрақтарға жауап беру)

1.Қонаққа берілетін тегін ас (қонақасы)

2.Сапардан келген адамның сыйлығы (базарлық)

3.Мереке-тойлардан келген адамның жақындарына әкелген асы (сарқыт)

4.Тұрмысқа шыққан қыздың бұйымы (жасау)

5.Үлкен кісі немесе қонақтың бұйымы (бата)

6.Бағалы затқа ие болған адамға дос-жаранның берер сыйлығы(байғазы)

Бағалау.

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.

– Қазақ халқының ұлттық дәстүрі – ұлттық рухтың тайқазаны. Әдет-ғұрып, салт-дәстүрді жеке адам емес, бүкіл қоғам бірлесіп жасайды. Халық ұлт болып өмір сүруі үшін оның әдет-ғұрып, салт-сана түріндегі ұлттық дәстүрлері болуы қажет. Жер бетінде қазақ деген ұлт болып кеңінен танылуымыз үшін, ұлттық сана сезімімізді оятып, ұмыт болуға таяған салт-дәстүрлерімізді қайта жаңғыртуды міндетін деп біліп, қолға алуымыз керек.

Бабалар салып кеткен дана жолмен, ата салтымызбен өмір сүру – ұлттығымыздың басты міндеті.

«Құлагер» тобы

1.Есі бар адамға не керек?

2.Жеті ата деген кім?

3.Дүниеде тоймайтын не?

4.Халықтың қасиетін кетіретін не?

«Мұрагер» тобы

1.Жерден ауыр не,судан терең не?

Көктен биік не, оттан ыстық не?

2.Балдан тәтті не?

Қылыштан өткір не?

3.Кім неден үмітті ?

4.Кім нені көргіш ?

Қонаққа берілетін тегін ас

Сапардан келген адамның сыйлығы

Мереке-тойлардан келген адамның жақындарына әкелген асы

Тұрмысқа шыққан қыздың бұйымы

Үлкен кісі немесе қонақтың бұйымы

Бағалы затқа ие болған адамға дос-жаранның берер сыйлығы

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше