Мурзамагамбетова Анара Алимовна

Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Қызылту бастауыш мектебінің өзін-өзі тану мұғалімі Мурзамагамбетова Анара Алимовна

Өзiн-өзi тану ашық сабағының жоспары

Мектеп:Қызылту бастауыш мектебі

Мерзiмі: 11,02,2020ж

Тақырып: « Жомарттық пен кеңпейілділік»

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: отбасындағы сүйіспеншілік, бауырмалдық, жанашырлық

Мұғалiм:.Мурзамагамбетова А.А

Сынып: 3 с

Оқушылар саны:

Сабақ мақсаты: Оқушылар бойындағы сыйластық, бауырмалдық, татулық қасиеттерін түсіндіре отыра, сүйіспеншілік құндылығын ашу.

Міндеттері:

  1. Оқушыларды отбасындағы сүйіспеншілік қасиетінің маңызды екенін түсіндіру;
  2. Ағайындылар арасында бауырмалдық қарым-қатынастарын сақтай білу;
  3. Оқушыларды жанашырлыққа тәрбиелеу.
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.(Орманға саяхат)

Денелеріңізді түзу ұстаңыз. Көздеріңізді жабыңыздар. Терең тыныс алып елестетіңіздер.

Қазір біз бірге орманға саяхата барамыз. Елестетіп көріңіздер, сіздер орындарыңыздан тұрып, сыныптан шығып, далаға шықтыңыздар. Далаға шыққанда сіздер таза ауаны сезіндіңіздер, осы ауамен терең тыныс алып, беттеріңе күн шуағының жылуы сезіледі. Орманға қарай бағыттаңыздар. Орманға кіріп, жан жақтарыңызға бір қараңыздар. Айнала толған әсем, түрлі түсті гүлдер. Таза ауамен тағы да терең тыныс алыңыздар. Қараңыцздар сіздер гүлді көрдіңіздер. Осы гүлге жақындап гүлдің хош иісін иіскеңіздер. Орманда құстардың әні, ағаштардың иісі, жәндіктердің тынысы сезіледі. Ағаштарға қараңыздаршы, олар биік және үлкейіп бара жатыр. Сіз өзіңізге бір ағашты таңдап, сол ағаштың қасына жақындаңыз. Ағашты ақырын құшақтап тұрыңыз. Ағаш сізге өз энергиясын береді. Ақырындап ағашты жіберіп, ағаштың астына отырыңыз. Жан – жақыңызға қараңыз. Орман ішіндегі тіршілікті көріп тұрсыз ба? Осы қалыпта біраз отырыңыз. Бұл сіздің ағашыныз. Бұл ағашқа сіз қалаған уақытыңызда келе аласыз. Орманның таза ауасымен тағы да терең тыныс алып, артқа қайтуға дайындалыңыз. Келген жолдарыңызбен орманнан қайта шығыңыз. Ақырындап мектепке кіріп, өз кабинетімізге кірейік. Өз орынымызға отырайық. Осы сезіді жүректеріңізде сақтаңыздар.

Сабақ барысын талдау:
  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Ақкөңілділік ,мейірімді болудың маңызы неде?

Жомартық қандай кезде байқауға болады?

Балалар енді сендер ақкөңілділік сөзіне кластер құрамыз

  1. Дәйексөз.

«Адамның қадірлісі-жомарт кісі» Жүсіп Баласағұни

Дәйексөзді оқимын, мағынасын ашамыз .Оқушылар есте сақтап қалу үшін бір неше рет қайталаймыз.Дәптерлеріне жазып алады

  1. Әңгiмелеу Мұғалімнің сыйы

Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Нағыз жомарттылық. (Аңыз әңгіме)
Өте бай және жомарт болған хазіреті Абдуллаһ бин Жафар-и Таиар бір құрма бағының жанынан өтіп бара жатқан еді. Бір қара нәсілді құл, бақшада жұмыс істеп жатқанда, оған үш мезгілдік тамақ әкеледі. Сол сәтте бір күшік құлдың қасына жүгіріп барады. Тамағының бір бөлігін оған бергенінде, күшік бірден жеп қояды. Екіншісін де, кейінірек үшінші бөлігін де береді. Бұны байқап тұрған хазіреті Абдуллаһ бұл құлдың қасына жақындап сұрайды:
–Әй досым, не үшін өзің аш бола тұрып, үш мезгіл тамағыңның бәрін күшікке бердің?
–Мырзам, бұл күшік алыс жерден келген. Өте аш және несібесін іздеп жүр.
–Жарайды, ал өзің не жейсің?
–Аш жүріп, сабыр сақтаймын.

Хазіреті Абдуллаһ көрген естігендеріне әсерленіп: «Халық мені жомарт деп біледі. Ал мына қара нәсілді құлдың жомарттылығы менікінен де артық.» — дейді. Құрма бағын және осы құлды қожайынынан сатып алады. Құлды азат етеді де, еркіндік береді. Құрма бағын да ішіндегілерімен бірге өзіне сыйға тартады.
Сол кезде хазіреті Абдуллаһқа біреу айтқан екен:
–Сен қазір одан да жомарт болдың.
–Өкінішке орай олай емес. Өйткені, ол қолындағы иеленген мүлкінің бәрін берді. Ал мен, иеленгенімнің аз ғана бөлігін бердім. — деген екен.

Сұрақтар:

1. Хазірет Абдуллаһ неліктен құлдың жомартығын өзінің жомарттылығынан жоғары санады?.

2. Кеңпейілділік деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

3. Қандай адамды кең пейілді деп айтамыз?Неліктен?

4. Айналадағы адамдарға риясыз көмек көрсету деген не?

5. Өздеріңнің қамқорлық танытқан кездерің болды ма?

6. Әңгімеден қандай ой қорытуға болады?

Кітаптағы Ыбырай Алтынсариннің «Жомарт»әңгімесін оқып ,сұрақтарға жауап береміз.

– Атымтай жомарттықты қалай түсіндірді?

– Жомарт адамдардан қандай үлгі алуға болады??

– «Сеніңше жомарттықты тағы қалай көрсетуге болады?

-Кеңпейілділікте, бауырмалдылықта өмір сүру үшін адамға қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар?

  1. Шығармашылық жұмыс

“Жақсы көретін бауырларына сыйлық жасау” ашық хат, жүрекшелер немесе гүлді бейнелеуге болады.

  1. Тапсырма .Түйінді сөздерді көшііп жазу
  2. Тапсырма мақалды аяқтау
  1. видео
7.Үй тапсырмасы.

21-сабақ101 бет Жомарт оқу

8. Соңғы тыныштық сәтi. Баяу музыка ырғағымен көздерімізді жұмып,бүгінгі сабақта қандай құндылықтар көргеніміз жайлы жүрегімізге түиіндейік. Сабаққа рахмет. Көздеріңді ашуға болады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше