Сүйіспеншілік –өмір негіздері

Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Қызылту бастауыш мектебінің өзін-өзі тану мұғалімі Мурзамагамбетова Анара Алимовна

«Адамның жақсысы-адамға сүйіспеншілікпен қарағанда»-деп Абай атамыз айтқандай ,барлық мектептерде өзін-өзі тану апталығы жүріп жатыр. Осы апталықта Қызылту бастауыш мектебінің оқушылары да ат салысып,бойындағы барлық жақсы қасиеттерін ,білімдерімен бөлісіп апталықты қызықты өткізуде. Аты затына сай балаларды сүйіспеншілікке, жан-жануарға деген қамқорлыққа, бауырмалдыққа,ақкөңілділікке тәрбиелейміз. Бұл апталықта «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы»-Абай атамыздың 175-жылдығына орай,балаларға Абай атамыздың еңбегімен, қара сөздерімен, тақпақтарымен таныстырдық. Сонымен қатар «Күн әлемі,көк әлемі», «Отбасындағы сүйіспеншілік», «Сүйіспеншілік неге жетелейді», «Жүрекке жол тапқан-мейрімді ана», сүйіспеншілік тақырыбында мақал-мәтелдер айтып, кітапша жасадық. Апталықта ән айтып, би билеп балалардың бойындағы жақсы қасиеттерін оятып, білімдерін шыңдауға көп ықпалын тигізді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше