Юсупова Сулыухан Қуанышбаевна

Аты жөні Юсупова Сулыухан Қуанышбаевна

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы “Арай” бөбекжай бақшасы

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу-іс қызметі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Төлдер»

Мақсаты:

Білімділік: үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту, тереңдету;

Дамытушылық: адамзатқа тигізетін пайдасы туралы олардан алынатын өнімдер жайлы мағлұмат беру;

Тәрбиелік: үй жануарларын қорғауға, оларға қамқорлық жасауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Балалардың ойлау, қиялдау, сөйлеу қабілеттерін арттыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: тақта, төрт түлік төлдердің суреті, смайликтер.

Билингвалды компонент: түйе – верблюд, жылқы – лошадь, сиыр – корова, қой – баран, ешкі – коза.

I Кіріспе бөлімі. Сәлемдесу

Біз ерекше баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Достарымды көргенде,

Қуана қары аламыз:

Сәлем, сәлем, сәлем.

II Негізгі бөлім

Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу-іс қызметін бастамас бұрын төрт топқа бөлініп алайық. Олар: ботақан, қошақан, балапан, құлыншақ. Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқан балаларды, жеңімпаз топтарды смайликтермен марапаттаймын.

  1. Бүгінгі тақырыбымыз – Төлдер. Барлық жануарларды біз екі топқа бөлеміз. Олар: үй жануарлары және жабайы жануарлар. Үй жануарларының баласын төлдер дейміз. Қане, балалар, үй жануарларын атайық:

Түйе – оның төлі бота;

Жылқы – оның төлі құлын;

Сиыр – оның төлі бұзау;

Қой – оның төлі қозы;

Ешкі – оның төлі лақ.

Оларды неліктен үй жануарлары деп атаймыз? Өйткені олар біздің үйімізіде, қорамызда өмір сүретін болғандықтан. Үй жануарларының қандай пайдасы бар? Біз төрт түлік малынан, яғни түйеден – жүн, қымыран;

Сиырдан – сүт, құрт, май, ірімшік, айран;

Жылқыдан – қымыз аламыз;

Қойдан – жүнін алып, етін пайдаланамыз.

Оларды күтіп баптау үшін не істейміз? Оларға уақытылы жем-шөбін беріп, қорасын тазалап отыру керек.

  1. «Қай жануардың дауысы?» ойыны. Балалар, бұл дыбыстардың қай жануардың дауысы екенін табайық. Дұрыс тапсаңдар, бір смайликке ие боласыңдар.
  2. «Ойлан тап» ойыны. Жасырылған жұмбақтардың шешімін табу. Жұмбақтың шешімін дұрыс тапсаңдар, бір смайликке ие боласыңдар.

Кезекті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (түйе)

Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (қой)

Секең-секең жүреді,

Қойларды ол сүзеді. (лақ)

Қанша құйып алсаңда,

Сарқылмайды сүт қаймақ. (сиыр)

Жарайсыңдар! Ал енді бойымызды сергітіп алайық.

  1. Сергіту сәті

Бір, екі, үш,

Бойға жинап күш.

Оңға бір иіліп,

Солға бір иіліп,

Бір отырып, бір тұрып,

Жинаймыз біз күш.

  1. Үлестірмелі материалмен жұмыс. «Суретті құрастыр» ойыны. Балалар, үстел үстіндегі суретті пазлдарды құрастырып, қандай сурет шығатынын көрейік. Кім суретті дұрыс құрастырса, бір смайликке ие болады.

III Қорытынды

  • Жануарлар неше топқа бөлінеді?
  • Олардың төлдерін ата.

  • Күтілетін нәтиже:

    орындайды: төрт түлікке байланысты берілген тапсырмаларды;

    түсінеді: үй жануарларының адам өміріндегі маңызын;

    қолданады: жалпы үй жануарлары туралы мәліметтерді оқу-іс әрекеттерінде.

    Дидактикалық ойын: «Төлін тап»

    Мақсаты: төрт түлік малды тануға, олардың төлдерін танып, аттарын дұрыс атай білуге үйрету. Балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.

    Ойынның шарты: үй жануарларының төлдері ауыстырылып қойылады. Балалар әр жануардың төлін енелеріне сызық арқылы қосып шығады. Анықтай алмаған бала тәрбиешінің қойған шартын орындайды (тақтаға ілінген жануарларды санайды немесе дауысын салады).

    Қажетті құралдар: төрт түлік мал мен төлдерінің суреттері.

    Ойынның барысы: тәрбиеші балаларды топқа бөліп, үстел үстіне төрт түлік мал мен төлдерінің суреттерін қояды. Берілген суретке қарап балалар төлдерін енелеріне сызық арқылы қосып шығады.

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

    Больше на

    Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

    Читать дальше