Жаңа сабақтар

Бигелді Камшат

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы «Арай»бөбекжай бақшасы тәрбиеші:Бигелді Камшат

Білім беру саласы; Әлеумет

Ұйымдастырылған оқу қызметі; Қоршаған орта

Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»

Жобалау әдісі – Мектеп жасына дейінгі баланың ұстап көрсем, білсем деген құштарлығын қанағаттандырып, алғашқы білімділік дағдыларын, өз ісіне деген жауапкершілігін арттырады.

Технология түрі; Жобалау (қысқа мерзімді)

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыта отырып ,болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп қызыңушылықтарын артыруға еңбекке деген құштарлықтарын оятуға арналаған.Ұйымдастырылған оқу қызметі Жобалау әдісі арқылы жүргізілді.

Тәрбиелік: Мамандық иелерін құрметтей білуге тәрбиелеу

Жоба міндеті: Балаларға мамандық туралы толықтай түсіндіре кету.

Дайындық:

Шаттық шеңбер:

Алтын сәуле арайлы

Бақшамызға тарайды

Қуанышпен шат күлкі

Қарсы алайық арайды

Қайырлы таң апайлар

Қайырлы күн балалар!

Балалар үш тілде амандасады.

Қәзір жылдың қай мезгілі?

Күз мезгілінде неше ай бар?

Жыл мезгілдерін кім атап береді?

Күз мезгілі туралы кім тақпақ біледі?

Негізгі; Балалар біз бүгін мамандық иелері туралы әңгімелейміз,

-Балабақшаға келгенде ең біріншісендерді кім қарсы алады?

-Апайды бір сөзбен қалай айтамыз?

-Тәрбиеші

-Енді балалар тәрбиеші туралы айтып беріңдерші?

Балалар; Тәрбиеші бізбен бірге ойнайды тақпақ ән үйретеді.серуенге шығарады.

Жарайсыңдар балалар сендер тәрбиеші туралы білесіңдер екен.

Ал бізге балабақшада тамақты кім дайындап береді.

-Аспазшы.

Мамандық туралы Тақпақтар;

Ақ халатты киемін

Тазалықты сүйемін.

Дертке дауа іздеймін

Шаршауды еш білмеймін. Айару

Аспан аспан арайлы

Саған жие қараймын

Сені көзбен шаламын

Мен ғарышкер боламын. Мансур

Жерім байтақ далам кең

Елге ұнаған жақсы ісі

Шекарашы болам мен

Болашақтың сақшысы. Нұрмаш

Қолда темір қалағым

Кірпіштен сарай қаладым

Алматыдай көрікті

Әсем қала саламын

Мен құрлысшы боламын. Рақымжан

Тәрбиеші; Ақын Абай атамыз айтқандай

Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сенде бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан деген .

Келешекте сендердің әр қайсың бір бір мамандық иелері болуларың керек.Болғыларың келеме?

Кім атап береді мамандық түрлерін? Дәрігер,Мұғалім, Ұшқыш, Тәрбиеші, Құрлысшы, Жүргізуші,Аспазшы, Тігінші.Биші,Әнші.

Луллия сақиналары мен ойын.

Каусар Бармағынан бал тамған

Аспаз болғым келеді.

Жандарбек Жыры жеткен ғаламға

Ақын болғым келеді.

Айару Талай жерге әйгілі

Әнші болғым келеді.

Үйреткен талайды

Санауды үйретіп

Білімге жол ашқан

Мен мұғалім боламын Аяна

Балалар біраз мамандықты білесіңдер екенсіңдер өте жақсы Енді осы қалаған мамандықтардың ішінен азпазшыны алып жақсы,пайдалы жағын,не зиянды жағын әңгімелейік.

Мысалы Аспазшы оның пайдалы жағы тамақ пісіреді қарнымызды тойдырады ал зиянды жағы кастрөл құлап кетсе не болады, пышақ қолымызға тиіп кетсе не болады?

Топқа бөлу:

1 Топ Аспазшылар

2 Топ Дәрігерлер

3 топ Тәрбиешілер.

Топтарға сұрақ қойылады

1- тапсырма Геометриялық пішіндерді атап бер? Және осы бейне өз мамандығың бойынша неге ұқсас?

Мысалы дөңгелек неге ұқсас? Тостағанға

Пішіндерден адам құрастырамыз.

2-тапсырма Мамандық иелерінің құралдарын айту.

3-тапсырма «Егерде ойыны» Әр топқа сұрақ қойылады.

Егерде дәрігер болмаса

Егерде мұғалім болмаса

Егерде аспаз болмаса.

4-тапсырма алдымыздағы берілген тапсырманы орындау.

Сергіту сәті; Жоғары қарап күн көрдім

Төмен қарап жер көрдім

Оңға солға бұрылып

Егеменді ел көрдім.

Лэпбуктегі тапсырмаларды орындау.

Тиым сөздер айту.

Қорытынды: Суреттерден көрме жасалынады, жылжымалы папкалар, суреттер, альбомдар. Ата анасымен бірлесіп жасаған жұмыстарын қорғау.

Сабақты сұрақ жауап арқылы қортындылайды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.