Жаңа сабақтар

Жексембекова Сандуғаш Назимбековна

Алматы облысы, Сарқан ауданы, Қарауылтөбе орта мектебі МДШО КММ.

Бастауыш сынып мұғалімі Жексембекова Сандуғаш Назимбековна

Мектеп: Қарауылтөбе орта мектебі
Сабақ тақырыбы: Атакәсіп
Күні : 06.12.2019 Мұғалімнің есімі: С.Н. Жексембекова
Сынып : 4 Қатысқандар саны Қатыспағандар саны
Сабаққа негізделген оқу мақсаты 4.2.6.1 кейіпкердің, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінезқұлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: жаңа мамандықтар туралы ақпараттармен таныстырады. Оқу мақсатына сәйкес оқушылардың оқу әрекеттерінде оқу сапасын (дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, көз жүгіртіп, болжап оқу) жетілдіру ескерілген.

Көптеген оқушылар: оқушылардың оқырмандық мәдениетін қалыптастыра отырып, сөз әдебі нормаларын орынды қолдану дағдыларын меңгерту жұмыстары жүзеге асырылады.

Кейбір оқушылар: Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруға, дұрыс оқу сауаттылығын қалыптастыруға, сөйлеу мәдениетін, сауатты жазу, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ұлттық құндылықтарды сақтауға мән беріледі.

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

  • жаңа мамандықтар туралы ақпараттармен таныстырады. Оқу мақсатына сәйкес оқушылардың оқу әрекеттерінде оқу сапасын (дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, көз жүгіртіп, болжап оқу) жетілдіру ескерілген.
  • оқушылардың оқырмандық мәдениетін қалыптастыра отырып, сөз әдебі нормаларын орынды қолдану дағдыларын меңгерту жұмыстары жүзеге асырылады.
Тілдік мақсаттар Тілдік дағдылар.Терминология. Сөз тіркестері:

Мамандық

Кәсіп

Еңбекқорлық

Атакәсіп

Өнер

Талант

Құндылықтарды дарыту Отандық және әлемдік балалар әдебиетінің (латыш) озық үлгілерімен таныстыру арқылы оқушыларға мамандық иелері туралы, олардың еңбектерін сыйлау, құрметпен қарау, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауға үйрету.
Пәнаралық байланыстар Қазақ тілі, көркем еңбек, жаратылыстану.
АКТ қолдану дағдылары Электронды тапсырмалар.
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім Өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып пікір білдірудағдалары қалыптасқан..Оқушылар ақпаратты дереккөздерін табу және оны пайдалану дағдыларын өз тәжірибелерінде көрсете алады.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар Ресурстар
Басталуы (Ұ) «Сиқырлы қапшық»

Қапшыққа салынған саны бірдей қызыл,сары,жасыл шариктер таңдап алуды ұсынамын. Осы түстер бойынша оқушыларды 3 топқа бөлемін:

1-топ: «Мергендер» (қызыл түсті)

2-топ: « Ептілер » (сары түсті)

3-топ: « Жүйріктер» (жасыл түсті)

Шаттық шеңбері

Дене мүшелерімен амандасу (көзбен, қол алысып, құлақпен, аяқпен амандасу)

Мұғалім: — Екі көз не үшін керек?

Оқушы: — Жақсыларды көру үшін.

Мұғалім: — Екі құлақ не үшін керек?

Оқушы: — Ақыл – кеңес тыңдау үшін.

Мұғалім: — Екі қол не үшін керек?

Оқушы: — Елге көмек беру үшін.

Мұғалім: — Екі аяқ не үшін қажет?

Оқушы: — Шетте жүрсең,

Туған жерге жету үшін

Мүғалім: — Ал басың не үшін керек?

Окушы: — Бәрін-бәрін ойлау үшін.

Дұрыс балалар, олай болса мен сендердің құлақтарың, көздерің, қолдарың мен аяқтарыңа саулық тілеймін.

Жұмыс ережесін келісу

Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

(Ұ) «Допты қағып ал» тәсілі бойынша сыныпқа сұрақтар қоямын.

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау

Анықта

Топтық жұмыс

Оқып, бұл кәсіптер қандай мамандыққа айналғанын анықтаңдар.

Адам қажеттіліктен еңбек етеді, отбасын, өзін асырайды. Соқамен жер жыртады, егін егеді. Малды көлік ретінде, өнімдерін киім, тағам үшін өңдеп тұтынады. Қайық, кеме жасайды, балық аулайды. Ағаштан баспана салып, тастан, кірпіштен сәнді сарайлар тұрғызады. Осы кәсіптер мамандыққа негіз болады.

Жауабы:

Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.

Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары

Ортасы Түсініп оқы

Күріш туралы сыр

Сөзікпен жұмыс

Атакәсіп – үйреншікті шаруа, бұрыннан білетін іс

Ырысты өлке – астықтан мол өнім беретін өлке

Агроном – ауылшаруашылық маманы

Ыбырай Жақаев

Ыбырай Жақаев (1891–1981) –әйгілі күріш өсіруші. Қызылорда облысының Шиелі ауданында дүниеге келген. Күріштің әр гектарынан 171 центнер өнім алып, рекорд жасаған. Екі мәрте «Еңбек Ері» атағын алған. Орден, медальдармен марапатталған.

Ыбырай Жақаев (1891–1981)

Дескрипторы:

Өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып пікір білдіреді.

Берілген тапсырмаларды орындайды.

Сұрақтарға жауап беріп, өз пікірін дәлелдейді.

Тапсырма

ны орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Аяқталуы Жаңа білім мен тәжірибені қолдану.

Ой толғаныс кезеңі.

Ойлануға берілген тапсырма

Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен көңіл күйі не себепті өзгергенін түсіндір.

Жауабы:

«Әке, мен де күрішші боламын!» – деген Мақсұт қай мамандықтың иесі болды?

Жауабы:

Мәтіндегі жер-су атауларын картадан іздеңдер.

Жауабы:

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

«Білім сандығы» кері байланыс.

Тапсырма

ны орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары арқылы білдіре алады.

Қосымша ақпарат
Саралау — Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?
Бағалау — Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.