АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
«АБАЙ ЖӘНЕ ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН»
Республикалық шығармашылық, ғылыми практикалық форум
9 қаңтар 2020 жылы жарияланған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың
«Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын қолдау мақсатында «BILIMNUR» баспа редакциясы шығармашылық материалдардың топтама
жинағын баспада әзірлеп, Республика көлемінде таратылымға шығарады.
Шығармашылық бағыты: ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Заманалар ауысып, дүние дидары өзгерсе де, халқымыздың Абайға көңілі айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қазақ елін, қазағын биіктерге, асқар асуларға шақыра береді» деп көрсеткендей, Абайды әр қайталап оқыған сайын, жаңалық ашылатынын талай адам таңғалып мойындаймыз.
Мақсаты: Қазіргі таңда дүниежүзілік білім жүйесі деңгейіне сәйкес келетін, сапалы білім беруге жағдай жасайтын, үйлесімді дамытуға бағытталған білім беру көзделіп отыр.
Білім мекемелерінде үш тілді оқыту жүйесі, бірыңғай мектеп формасы, 12 жылдық білім беру стандарттары тақырыптарын БАҚ беттерінде ұстаз, ата-ана арасында түсіндіріп, пікірлесу қазіргі заман талабы қажет ететін маңыздылығы бар. «Ашықтық қағидаты» шеңберінде білім беру саласының барлық қызметкерлері үнемі құзыреттіліктері мен білімдерін жетілдіріп отырулары заманауи қажеттілік.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қоғамдық сананы қайта түлетудің маңыздылығы туралы айтты. Ұлттық сананы сақтау және оны заман талабына бейімдеу мемлекеттік маңызы бар мәселеге айналды.
Өйткені сананы жаңғырту арқылы ХХІ ғасырда еліміздің тың серпінмен дамуына жол ашамыз. Ұлы ақынның шығармалары бүгін де өзектілігін жоғалтқан жоқ.
Абайдың ой-тұжырымдары баршамызға қашанда рухани азық бола алады. Сондықтан ұлтымызды жаңғырту ісінде оның еңбектерін басшылыққа алып, ұтымды пайдалану жайын тағы бір мәрте ой елегінен өткізген жөн.
Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қазақ елін, қазағын биіктерге, асқар асуларға шақыра береді», – деген өнегелі сөзі ақын мұрасының мәңгілік өсиет ретінде бағаланатынын айқын аңғартады.
Абайдың шығармаларына зер салсақ, оның үнемі елдің алға жылжуына, өсіп-өркендеуіне шын ниетімен тілеулес болғанын, осы идеяны барынша дәріптегенін байқаймыз.
Ал, ілгерілеудің негізі білім мен ғылымда екенін анық білеміз. Абай қазақтың дамылсыз оқып-үйренгенін бар жан-тәнімен қалады. «Ғылым таппай мақтанба» деп, білімді игермейінше, биіктердің бағына қоймайтынын айтты. Ол «Біз ғылымды сатып мал іздемек емеспіз», – деп тұжырымдап, керісінше, ел дәулетті болуы үшін ғылымды игеру керектігіне назар аударды. Ұлы Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге» деген өнегелі өсиетін де осы тұрғыдан ұғынуымыз қажет.
Бұл тұжырымдар қазір де аса өзекті. Тіпті бұрынғыдан да зор маңызға ие болып отыр. Себебі, ХХІ ғасырдағы ғылымның мақсаты биікке ұмтылу, алысқа құлаш сермеу екенін көріп отырмыз. Абай арманы – халық арманы. Халық арманы мен аманатын орындау жолында аянбағанымыз абзал. Абайдың өсиет-өнегесі ХХІ ғасырдағы жаңа Қазақстанды осындай биіктерге жетелейді.
(9 қаңтар 2020 күні жарияланған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласынан)
«АБАЙ ЖӘНЕ ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН»
Республикалық шығармашылық, ғылыми практикалық форум
Ұйымдастырушы: «BILIMNUR» баспасы, Республикалық 45minut.kz газеті мен Республикалық «Білім жолы Нұрлы жол» журналы редакциясының құрылтайшысы Қаламгер ТЕН ЖШС.
Ақпараттық қолдау: «Матрица» қоғамдық, ақпараттық порталы
Республикалық ұстаздар форумы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында өткізілетін іс-шара болып өтеді. Форум ерекшелігі, ұстаздар бастамасымен әлеуметтік желі арқылы ұйымдастырылып, барлық ұйымдастырылу жұмыстары ұстаздардың қолдауымен жүзеге асырылады. Форум жұмысында белсенділік танытқан ұстаздар және редакция тарапынан марапатталған ұстаздар арнайы төсбелгілермен марапатталға ұсынылады.
Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметкерлерге және ұстаздарға әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, халықпен тиімді жұмыс жүргізуді тапсырды.
«Ашықтық қағидаты» шеңберінде білім беру саласының барлық қызметкерлері үнемі құзыреттіліктері мен білімдерін жетілдіріп отырулары керек деп есептейміз.
БАҒДАРЛАМА:
- Қатысушыларды тіркеу. Тіркелу http://www.45minut.biz сайтында онлайн форманы толтыру арқылы жүзеге асады. Мерзімі: 05.02.2020 — 29.02.2020 жыл.
- Ақпараттық Whatsap топқа қосылу. Топта тақырыпқа сай пікірлесу, ұйымдастыру жұмыстары және топтама жинақтың PDF нұсқасы жарияланып отырады.
- Қорытынды. Республикалық шығармашылық, ғылыми практикалық форум бағдарламасы, қорытындысы жарияланады. Қатысушыларға форум құжаттары жіберіледі. Топтама жинақ Казпочта арқылы таралым жасалады.
Нәтижесі:
- «Форум қатысушысы» сертификаты.
- Белсенді қатысушыларға Алғыс хат
- Үздік қатысушыларға Диплом
- Белсенді және Үздік қатысушыларға арнайы төсбелгі марапаты
- Форум топтама жинағы
Республикалық шығармашылық, ғылыми практикалық форумға қатысу ақысыз негізде жүргізіледі. Топтама жинаққа материал жарияланым жарнасы — 5 000 (Бес мың) теңге.
Байланыс ақпараты: Нагиев Ізгілік Редактор Тел: +7 7777 055 0590 Whatsapp
Маңызды хабарландыру: Форум жұмысына қатысу, ұйымдастыру, материал қабылдау жұмыстары «Редакция Тілшілері» және «Ақпарат тарату тобы» мүшелері тарапынан жүзеге асырылады.
«Редакция Тілшілері» және «Ақпарат тарату тобы» тізімі www.45minut.biz сайтында жарияланған.
