Сарсенбаева Тазагул Шалабаевна
Сарсенбаева Тазагул Шалабаевна
Жұмыс орны: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
«Теңге бөбекжай бақшасы»
Мамандығы: Тәрбиеші.
« Наурыз көже» атты ертеңгілігі.
Мақсаты:Балаларға Наурыз мейрамы жайында толық мағлұмат бере отырып,қазағымыздың салт-дәстүрлерімен,ұлттық тағамдарымен, ұлттық ойындармен таныстыра отырып, соның ішінде қонақ күту салт-дәстүрінің мәдениетімен таныстыру.
Топтың іші мерекеге сай безендірілген,ортада қонақ күтуге арналған дастархан жайылған,дастарханда қазақтың ұлттық тағамдары қойылған.
Тәрбиеші:
Жаңғырып жаңғырып жаны түлеген далам,
Наурызда тілеуін тілеп тойлаған бабам
Ақтарып ақ дастартарханға салған бар дәмін
Амандық тілейміз баршаңызға дей отырып,
Армысыңдар құрметті ұстаздар!
Бүгін біз шуағын шашқан көктемде, Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін тойлауға жиналып отырмыз.
Ұлысттың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын. Жаңажыл тек жақсылық ала келсін. Ақ мол болсын, ел тоқ болсын.
Бүгінгі «Қонақ күту»салт-дәстүрі атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Тәрбиеші: Басы барлық ырыстың
Басы барлық ұлы істің
Құтты болсын Наурыз той
Ұлы күні ұлыстың, отырып ортаға
Балалар залға әуен ырғағымен ортаға кіреді.
Тәрбиеші: Бізге құлпырып көктем келді. Көктеммен бірге аналар мерекесін тойладық. Бүгін міне Наурыз мерекесін тойлағалы отырмыз. Наурыз – бұл жыл басы, көктем мейрамы, оны тойлап жатқанда айнала тегіс көгеріп, ағаштар бүршік жарып, жер бет құлпырып адам жүрегінде ғажайып сезім оянады,балалар бүгін бізде ерекше күн,бүгін бізге көптеген қонақтар келіпті,
Құс жеткен жеріне қонар,
Қонақ қалаған үйіне қонар. Бүгінгі біздің ертеңгілігіміз «Наурыз көже» салт – дәстүрі, демекші, келесі кезекті балаларымыздың таппақтарына береміз:
Әмина: Көктем келді нұр сәулесін шашырап
Тербеледі дала ұйқысынан оянып
Жер анамыз абыр сабыр күй кешті
Қыс атаның тоны қалды қақырап
Аңсар:Ойнаймыз шаттана,
Ішеміз күнде айран.
Балаға да қартқа да,
Ортақ қой бұл мейрам.
Айназым:Наурызды халқымыз
Жыл басы санайды,
Көнермей салтымыз
Көп елге тарайды.
Е.Ернар:Наурыз нұр көктем
Сәнді ай арайлы,
Күлімдеп күн көктем.
Нұр шашылып тарайды.
Айсәуле:Көктем келді бүгін
Күннің төкті нұрын,
Сайрап барлық құстар,
Ән салуға құштар.
Тәрбиеші: Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл болып саналады. «Наурыз» «Нау»-жаңа «руз» -күн деген ұғымды білдіреді.Наурыз бақыттың баяндысы,ұлылықтың ұйытқысы,жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған қәстерлейтін мереке,Бұл күні күн мен түн теңеледі,жаңа жыл басталады.Бұл күні әжелеріміз «Наурызкөже» пісіреді,оған сүрлеп ,сақтаған ет пен жеті түрлі тағам салады.Үйге көрісіп келген қонақтар «Наурызкөжеден»ауыз тиеді екен.
Осыншама жақсылық
Алып келген Наурызым
Төрлет бізге нұр беріп
Шуақ шашып ақ жүзің.
Дәстүрлі Наурыз тойын бар,-деп кезекті:
Ән: «Наурыз келді,алақай»
Тәрбиеші:Наурыз мейрамы жүректерге нұр сепкен,
Маңдайыңнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.келесі кезекті,
көктем туралы таппақтарға береміз:
Еділ:Құтты болсын Наурыз
Сарқылмасын сары уыз,
Кенелсін көкөніске
Гүлден бақша бауымыз.
Нұртас:Ашық болсын қос қабақ
Тас пен атқанды,аспен ат,
Бейтаныста,таныста
Бүгін төрде бас қонақ.
Руслан:Арпа,бидай,тары бар
Қатық,айран тағы бар,
Ішейтін,жейтінің
Ханна:Күн мен түн теңелді
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышты ел енді.
Наурыз келді салтымыз.
Бұл көжеде бәрі бар.
Аққу:Тербетеді тоғайды
Жыршы құстар жырымен
Беліне белбеу орайды
Кең даланың гүлімен
Тәрбиеші: Наурыз ұлыстың ұлы күні. Наурыз мұсылман қауымның ұлттық мейрамы. Бұл мейрам көктемде келеді, табиғат оянады, қоршаған ортаның бәрі жаңарады. Күн мен түн теңеледі. Бұл күні барлық халық өз үйін, ауласын жинайды. әдемі киімдерін киіп, бір – біріне қонаққа барады, шын көңілден сыйлықтар сыйлайды, бұл күні барлық реніштер ұмытылады.Балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты .
әже келеді: Сәлеметсіздер ме қонақтар! Менің кішкентай немерелерім. Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын! Бақыт табыс әкелсін.
Тәрбиеші:Сәләметсізбе? Әже қош келдіңіз!төрлетіңіз!Біздің балалардың өнерлерін тамашалаңыз.
Әже:Балалар мен сенднрмен бір ойын ойнағым келіп отыр.
Ойын: «Тақия». Бала, бала, бала ғойТақияны ала ғой.
Айтыс:Ханна Аңсар
Әже: Жарайсыңдар балалар ,өнерлерің өрге жүссін, менің сендерге үлкен сыйым бар,ол Наурыз көже,ал енді немерелерім мен сендермен қоштасамын, меніде сендер сияқты басқада балалабақшада балалар күтіп отыр қош сау болыңдар!
Тәрбиеші:Наурыз мерексінде «Наурыз көже» дайындалады. Дастархан жайылып, адамдар ұлттық киімдер киеді. Наурызда Алтыбақан құрылып, ән салады, әртүрлі ұлттық ойындар ойналады,би билейді,келесі кезекті қыздарымыздың орындауында
Би: « Қамажай»
Тәрбиеші:-Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.келесі кезекті балаларымыздың таппақтарына береміз:
Қанат:Ата бабам тойлаған
Наурызым армысың,
Қызығына тоймаған,
Дана халқым бармысың.
Дастан: Наурызда күлімдеп
Күн көзі жылынды,
Өзгеше бүгін леп
Қыс тауға тығылды.
Айда:Наурызға еріп құс келді
Әнге бөлеп даланы,
Өлкем терек түске енді
Киінгендей жаңаны.
Ибрахим:Тамылжыған табиғат
Ұйқысынан оянып,
Алтын нұрымен әрүй бақ,
Шыға келді боянып.
Тәрбиеші: Өлең өрлеп, жыр самғай,
Үйлесті әсем сәніміз.
Болады екен жыл сондай,
Қандай болса Наурыз!
Жан қалмасын жай тұрған,
Мәз болсын жас-кәріміз.
Күй шертілсін, ән айтып,
Би билейік бәріміз.
Би:»Қамажай»
Тәрбиеші: . Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,
Қастерледік, қадіріңді білдік те.
Құтты болсын, Ұлыс күн жұмылдырған,
Бәрімізді ынтымақ пен Бірлікке.
Келесі кезекті таппақтарға береміз:
Қарақат:Тербетеді тоғайды,
Жыршы құстар жырымен
Беліне белбеу орайды,
Кең даланың гүлімен.
Рамазан:Наурызда күлімдеп
Күн нұры төгілді,
Өзгеше беріп леп
Жылытар көңілді.
Нұрғиса:Наурыз келді алақай
Кел бейлейік балақай.
Бізде қарап тұрмайық,
Наурыз келді алақай.
Ақжүніс:Жаңа ағытқан қозыдай
Жамырасын өрісте
Ұлыс күні кәрі жас,
Құшақтасып көрісіп.
Ән: «Дастархан»
Тәрбиеші:Қонақтар осы 22-наурыз Ұлыстың ұлы күніні мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды, көріп тамашалап,тыңдағандарыңа рахмет!
