Маканбекова Мархаба Жумашевна
Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек орта мектебі
0 сынып сынып мұғалімі: Маканбекова Мархаба Жумашевна
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Үй жануарлары.
Өтпелі тақырып: Менің отбасым.
Мақсаты:
Білімділік:Үй жануарларын жабайы жануарлардан ажырата білуін бекіту.
Дамытушылық:Үй жануарларының ерекшеліктерін адамға пайдасын,үй жануарларына не жататынын атап айтуға баулу.
Тәрбиелік:Жануарларға қамқорлық жасауға үйрету
Қолданылған көрнекі құралдар: Үй жануарларының суреттері
Қолданылған технологиясы: М.Монтессори,Флещары
| Оқу қызметінің кезеңдері | Педагогтің іс-әрекеті | Баланың
іс-әрекеті |
| Мотивациялық-қозғаушылық | Шаттық шеңбер
Анам- мөлдір бұлағым, Әкем- асқар тауым Інім -жасыл құрағым Сіңлім -жарық шуағым Жұмбақ: Өріске ерте өреді, Біздерге сүт береді. Кішкене ғана бойы бар, Айландырып киген тоны бар. Кезікті бір жануар Үстінде екі тауы бар. Басында екі таяғы бар, Төрт аяғы,сақалы бар. |
Сиыр
Қой Түйе Ешкі |
| Ұйымдастырушылық-ізденістік | Балалар бұларды үй жануарлары деп айтамыз.
-Балалар қандай үй жануарларын білесіңдер? Үй жануарларының адамға пайдасы өте көп екен.Балалардың көңілін суретке аударады.Сиыр бізге сүт,май,құрт,айран береді.Жылқының сүтінен қымыз аламыз.Түйенің сүтінен шұбат аламыз.Ал қойдың,ешкінің,түйенің жүнінен киім-кешек,көрпе жасайды.Суреттен үй жануарларын көрсетіп,түстерін сұрайды.Үй жануарларын қайдан көргендерін сұрайды.Адамдар үй жануарларын бағып-күтіп қарайды.Үй жануарлары қорада тұрады,олар шөп,жем,сумен қоректенеді. -Сиыр «мө-мө»деп мөңірейді -Қой «мә-мә» деп маңырайды -Ат «ихо-ихо»деп кісінейді. Балаларға дауыстарын айтқызып қайталатады. Дидактикалық ойын: «Не қалай дыбыстайды?» Хатқалтадан үй жануарлары бейнеленген суреттерді алып,сол суреттегі жануарларды атап,олардың даусын келтіру. Сиыр «мө-мө»деп мөңірейді -Қой «мә-мә» деп маңырайды -Ат «ихо-ихо»деп кісінейді Сергіту сәті Би: «Ақ бұлақ» |
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Балалар суретке көңіл бөледі. Балалар сұрақтарға жауап беруге тырысады. Балалар бірге қайталайды. Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды. |
| Рефлексиялық-түзетушілік | Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс- әрекетін қорытындылайды.Белсенділік т танытқан балаларды мақтап,мадақтау. | Балалар қуанышты сезімде болады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: үй жануарларының пайдасын
Игереді: жан -жануарлардың қалай дыбыстайтынын
