Мамбетова Гулшат

Мамбетова Гулшат МДҰ « Аққайың » балабақшасының тәрбиешісі. Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Талдысай ауылы

«Алтын балық»

Ашық сабақ

ББС Шығармашылық

ҰОҚ Мүсіндеу

Тақырыбы: « Алтын балық»

ҰОҚ мақсаты: Табиғат бұрышындағы балықтың пішінін мүсіндейді және өзіне тән ерекшіліктерін ескере отырып мүсіндейді. Кескішпен түрлі безендірулер жасайды.

Дағды: Түрлі техникалық құралдарды өз бетінше қолдана алады, жұмыстарды жаңа бөліктермен толықтырады және әсемдей алады.

Күтілетін нәтиже: Қарапайым әдістермен бөліктерді біріктіріп мүсіндейді.

Әдіс-тәсіл: Амандасу, ширату, саралау, « Екі тілек, бір жұлдыз»

әдісі

Жоспар: ҰОҚне дайындық.Балалармен амандасу

Ширату:

«Достар бірге жүреміз, (орнында жүреді)
Бірге ойнаймыз, күлеміз. (жымияды)
Бірге балық аулаймыз. (ау салғандай қимыл көрсетеді)
Міне, біздер қандаймыз! ( бас бармақты көрсету)
Орман, көлге, шыңға біз (қимылмен көрсету)
Саяхатқа шығамыз. (орнында жүру)
Бөлінбейді іргеміз, (бір-бірінің қолдарын ұстайды)
Әрқашанда біргеміз!» (қолдарын жоғары көтереді)

Сыни ойлау. Ашық сұрақтар.

Топқа бөліну. (4 к моделі) үш түсте бейнеленген карточкалар арқылы топқа бөлемін.

«Алтын балық» ертегісі. (мультфильм көрсету)

«Балық аулау» ойыны.

Шарты: Балалар ауланған балықтар арқылы, тапсырма орындайды. Балықтарда ( суда, көлде, бөлмеде, жерде, орманда, өзенде) сөздер жасырылады. Балалар осы сөздер арқылы сұрақтарға жауап береді.

Мысалы: балық қайда тіршілік етеді? Неге?

Балық неге жерде өмір сүре алмайды?

(балалар жауаптары)

Ашық және жабық сұрақтар

Саралау, сөйлеу тәсілі, айтылымы жақсы бала, айтылымы әлсіз баланың сөйлеу деңгейін арттыруға жетелейді.

Сергіту сәті:

Тұп-тұнық мөлдір суда
Балық жүзіп жүр екен
Біресе керіледі, біресе жиырылады
Біресе құмға тығылады.

ҰОҚ-нің тақырыбы таныстырылады.

Балықты суретке қарап мүсіндеу керектігін түсіндіру.

1.Балықтың денесін жасау үшін ермексазды алақанға салып, айналдыра отырып домалақ пішінге келтіру.
2.Домалатылған пішінді екі алақанның арасына салып, жаншу арқылы жалпақтау.
3.Қанатын есу.
4.Құйрығын есу, жалпақтау арқылы жасайды
5.Заттарды бір-біріне біріктіру.(денесіне қанаттарын,құйрығын өз қалаулары бойынша әсемдеу.
Заттарды бір-біріне біріктіруде, саусақ ептілігімен пішінді бұзбай таза,ұқыпты орындауға қадағалау)

Жұмыс барысында тәрбиеші қабілеті төмен балаларды тікелей бақылап, қолдау көрсетеді.

Әр топ мүшелері тәрбиешінің көрсетуіне ілесе отырып, балықты жасап шығады. Топта жасаған балықтарын бір-біріне көрсетіп,дұрыс емес жерлерін түзетуге көмекүтеседі.

Рефлексия: Тәрбиеші балаларға өздерінің жұмысын бағалауды ұсыну.

«Екі жұлдыз, бір тілек әдісі»

Марапаттау.

Егер мен алтын балық ұстап алсам….Балалар жасаған балықтарын, іштей арман -тілек айтып, аквариумға салады.

.

Мамбетова Гулшат МДҰ « Аққайың » балабақшасының тәрбиешісі. Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Талдысай ауылы

« Ертегі ханшайымы бізде қонақта»

Ашық сабақ

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: « Ертегі ханшайымы бізде қонақта»

Мақсаты: Шалқан ертегісіндегі, ертегілерді сахналауға қатысады.

Дамытушылығы. Ертегі мазмұнын түсініп қайталап айтуға, сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиелігі: Әдеби шығармаларды тыңдауға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Еңбек қорлыққа баулу.

Қостілдік: шалқан – репка, ата – дедушка, әже – бабушка, немере – внучка, күшік – щенок, мысық – кошка, тышқан – мышка.

Топқа балалар Әйгерім Қалаубаеваның орындауындағы « Ертегілер» әуенімен кіреді.

Балалардың үлкендермен амандасу.

Шаттық шеңбер:

Бір шаңырақ астында,

Тату тәтті тұрамыз.

Бірге ішеміз асты да ,

Бірге сайран саламыз.

Тәрбиеші:

Балалар, қазыр біз ертегі әлеміне саяхатқа бармыз? ?( әуе шарымен ұшамыз)

  • Қане балалар ертегі әлеміне келдік, балалар біз өткен ертегілерімізді еске түсірейік. Музика ойнайды.Осы уакытта есік қағылады.
  • Бұл кім болды екен? ( ішке ертегі ханшайымы кіреді)

Тосын сый. Ханшайым келеді.

Сәлеметсіздерме балалар!

Сәлеметсізбе.

  • Мен ертегі еліндегі ханшайыммын сіздерге адасып келдім.
  • Балалар ханшайымға біз көмектесемізбе?
  • иа
  • Төрлет ханшайым .
  • Ханшайымнын қолында хатбар екен ,ішінде не бар екен балалар?

Хаттын ішінде тапсырма бар екен

Ханшайым: Балалар шалқан ертегісін білесіндерме мен сендерге бірнеше сурет көрсетем атап беріндерші және шалқан ертегісін тауып беріндерші. Балалар : – иә (балаларға суреттер көрсетіледі.)

Тәрбиеші: Жарайсындар балалар барлық сұраққа жауап берді.

Ханшайым:

Балалар мен бақшаға шалқан егейіндеп едім, маған көмектесесіндерме? Мен көмек сұрай келдім.

Балалар ханшайымға көмектесеміз бе?

Балалар: – иә көмектесеміз.

Ханшайым: атайдың үйінде кемпір бар, сосын кішкентай немересі бар, күшігі, мысығы және тағы тышқан барі бірге тұрады екен.( ханшайым қасына аталған кейіпкерлерді қасына шақырып алады да үйдің қасына отырғызады.)

Атай бірінші жерді қопсытады, содан кейін шалқан дәнін егеді.Атай мен басқа кейіпкерлер атайға көмектеседі.

Балалар атай еккен шалқанды күтіп баптасын, бәріміз орнымыздан тұрып атайға шалқанның тез өсуіне көмектесейік.

Сергіту сәті:

Күн шуағын төккенде,

Бақшамызға барамыз.

Дәндерді егеміз,

Артынан су құямыз.

Өс!,өс! Бақшамыз!

Өс!,өс! Бақшамыз!

Қуанамыз баршамыз!

Мәссаған! Атайдың шалқаны үлкен болып өсіп кетіпті, балалар қараңдаршы. Қанеки бәріміз орнымызға отырамыз.

Атай шалқанды тартып жұлғысы келеді, бірақ шалқан жұлынбайды.

Атай кемпірді шақырады. Екеуі шалқанды тартады – тартады бірақ шалқан жұлынбайды.

Кемпір немересін көмекке шақырады, үшеуі шалқанды тартады – тартады бірақ шалқан жұлынбайды.

Немересі күшігін көмекке шақырады, төртеуі шалқанды тартады – тартады бірақ шалқан жұлынбайды.

Күшігі көмекке мысықты шақырады, бесеуі шалқанды тартады – тартады бірақ шалқан жұлынбайды.

Мысық тышқанды көмекке шақырады, бәрі жұмыла шалқанды тартады шалқан лезде жұлынады.

Ханшайым: балалар, атайға көмектескендерің үшін рахмет! Мына шалқан жәй шалқан емес, сиқырлы шалқан. Бұл шалқанды кессең ішінен сіздерге сыйлық шығады. Ал балалар шалқан ертегісін орындап бергендерізге рахмет. Мен енді ертегі әлеміне оралайын жақсы сау болыңдар, балалар!

Сабақты қортындылау:

Балалар, атай бақшаға не екті? Көмекке кімді шақырды? Әже көмекке кімді шақырды? Немерасі нені көмекке шақырды? Күшік нені шақырды? Мысық нені көмекке шақырды? Тышқан келіп көмектескенде шалқан не істеді? Ертегі сіздерге ұнады ма? Балалар сендерге ертегі әлеміндегі саяхат ұнадыма?

Балалар: иә

Тәрбиеші:Ал енді ертегі әлемінен өз әлемізге қайтайық ?( әуе шарымен ұшамыз)

Қане, балалар атайдың сендерге еккен сиқырлы шалқанын кесіп көрейік, ішінен не шығады екен. Мәссаған, балалар ішінен сіздерге сыйлық шықты міне қарандаршы – деп балаларға тәрбиеші сыйлықты таратып береді.

Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет

Мамбетова Гулшат МДҰ « Аққайың » балабақшасының тәрбиешісі Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Талдысай ауылы

Білім беру саласы : Денсаулық.

Бөлімі : Дене шынықтыру.

Тақырып: « Орманға саяхат».

Мақсаты: Балалар тізбектеп жүруге, жыланша иреленіп жүруге, шашырап жүруге жатықтыру. Гимнастикалық отырғыштың үстімен қолды жанға созып жүруді, тұрақты тепе – тендікті сақтап жүруге үйрету , екі аяқ пен жеңіл секіруге жаттықтыру.

Әдіс тәсілдері : Түсіндіру көрсету .

Көрнекілік : Текшелер гимнастикалық таяқшалар.

Мотиватсиялық қозғаушы : Қатар түру, сап түзеу,сәлемдесу.

  1. Қолды жоғары көтеріп,аяқтың ұшы мен жүру (күнге жету).
  2. Өкшемен жүру (балапанды салу ).
  3. Аяқтың сырты мен жүру (аю құсап ).
  4. Екі аяқ пен секіру (қоян құсап ).
  5. Енді балалар орманға барамыз . Поездға отырайық пуп ,пуп,

чук,чук ….

Нұсқаушы : Міне балалар біз орманға да жетік.

  • Орманнан ненің дауысы естіледі?
  • Құстардың дауысы естіледі .
  • Тағы не көріп тұрсындар?
  • Ағаштар.

Шатық шеңбер :

Тамшы, тамшы,тамшылар,

Көгереді ағаш , тал шынар.

Тамшылардан өнетін,

Тамаша гулдер бар шығар.

Нұсқаушы : Балалар жан – жағымызға қарайықшы , орман ортасында үй түр екен.Бұл үйде кім тұрады екен ? Есікті қағып көрейік (тук , тук ).

Дәрігер шығады : Сәлеметсіздерме балалар ! сендер маған емделуге келдіңіздерме.

Балалар : Сәлеметсізбе дәрігер. Біз орманға саяхат жасауға келдік,бізбен бірге жүріңіз. Дәрігер апай сізге жалпы дамыту жаттығуларын көрсетейік.

1.Аяқ иық кендігінде , орамалды екі ұшынан ұстап , орамалды кеуде тұсына әкеліп басымызды оңға ,солға бұрамыз (3-4 рет).

  1. Орамалды пайдалана отырып , қолды жоғары көтеріп төмен түсіріп тұрамыз (3-4 рет) .
  2. Орамалды оң қолымызбен ұстап , сол қолымызға иіліп береміз. Орамалды сол қолымызбен ұстап ,оң қолымызға иіліп береміз осылайша (3-4 рет).

4.Қолдағы орамалды алға созып отыру.

  1. Еденде отырып , аяқты қосып ұстап , алға иіліп орамалды аяқ ұшына тигізу .
  • Демалу жатығулары .

  • Дәрігер : Жарайсындар шыныққан шымыр екенсіздер .Осы кезде тоқылдақ келеді.

    Тоқылдақ : Дәрігер , дәрігер мен сізге жедел хат әкелдім .Бұл жедел хат аң патшасы арыстаннан келді .Осы кезде хатты дәрігерге береді.Дәрігер хатты алып ашады .

    Дәрігер : Ормандағы аңдар ауырып жатыр тез келіңіз .Дәрігер балалардан көмек сұрайды .

    Балалар : Әрине дәрігер біз сізді аңдарға жеткізейік . Түрлі кедергілерден өту. Осылайша дәрігер аңдарға жетеді оларды емдейді .

    Қимылды ойын : « Аю»

    Залдың бір шетінде аюдың үйі орналасады . Екінші шетінде балалардың үйі орналасақан .Нұсқаушы : « Балалар келіндер орманға барайық ,жеміс ,жидек жинайық ». Балалар шашырап , көбелек қуып ,жидек тереді де , мына өлен шумағын айтады .

    Сергіту сәті:

    Ормандағы аюдың ,

    Құлпынайы көп екен.

    Теріп алып бір – бірден ,

    Себетке біз салайық .

    Аю ұйқтап жатқан жоқ ,

    Сақ болыңдар, аю тұрды қашыңдар.

    Аю балаларды қуады ,қолы тиген баланы өзімен алып кетеді.Осылайша ойын екі рет ойналады .

    Дәрігер : Жарайсындар балалар ойын ұнадыма ?

    Балалар : Иа дәрігер апай ойын қатты ұнады .

    Дәрігер : Енді мен сендермен қоштасайын деп тұрмын , мені басқада аңдарды емдеймін . Қош сау болыңдар , балалар.

    Балалар : Сауболыңыз дәрігер апай .

    Нұсқаушы : Ал , балалар енді бізде бір – бірлеп тізбектеліп жүріп поездға мінейік .

    Күтілетін нәтежесі : Балалар жыланша жүруді біледі .

    Игеру : Гимнастикалық отырғыштың үстімен қолды жанға созып жүруді , тепе – тендікті сақтап жүруді үйрету .

    Жасай білу : Қолды серпу , аяқтың ұшымен секіру .

    Мамбетова Гулшат МДҰ « Аққайың » балабақшасының тәрбиешісі

    Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Талдысай ауылы

    Білім беру саласы: Шығармашылық

    Бағдарлама тарауы: Аппликация

    Тақырыбы: «Әдемі саукеле»

    Мақсаты: Ұлттық киім туралы түсініктерін қалыптастыру, жапсыруға арналған тапсырмаларды дұрыс орындауға үйрету; үшбұрыштың ішіне өрнектерді дұрыс орналастыра білуге жаттықтыру, кеңістік пен түстерді ажырата білу, көз мөлшерін дамыту. Эстетикалық сезімдерге тәрбиелеу.

    Құрал-жабдық: Түрлі түсті қағаздар, желім, қайшы, үлгі суреттер, көрнекілік суреттер, баяу әуен.

    Шатық шеңбер:

    Біз қандаймыз қандаймыз,
    Шұғылалы таңдаймыз.
    Күлімдегенкүндейміз,
    Ренжуді білмейміз.

    • Балалар, қараңдаршы, мына сандыққа қараңдаршы, оның ішінде не бар екенін білу үшін оны ашып көрейік. Қараңдаршы оның ішінде көптеген ұлттық ою-өрнектер бар екен.

    -Балалар, оюдың қандай түрін білесіңдер?

    -Қандай бұйымдарды ою-өрнекпен әшекейлеуге болады?

    -Жақсы балалар, мына суреттерге назар аударыңдаршы, бұл біздің қазақ халқы екенімізді дәлелдейтін біз белгілерінің бірі –қазақ ұлттық ою-өрнектер. Оларды адамар өздерінің тұрмыста пайдаланатын, яғни ыдыс-аяқ, кілемше, көрпе-жастық, саймандарын, әшекейлерін және де үстеріндегі киімдерімен аяқ киімдерін безендіру үшін пайдаланған екен.

    –Мына үлгі сурет қараңдаршы.

    -Саукеле түр-түсі қандай?

    -Көлемі қандай?

    -Саукелені неден жасайды?

    -Жақсы балалар, оны көптеген жолдармен әшекейлеуге болады. –Мысалы, біздің білетін ұлттық ою-өрнектерімен әшекейлеуге болады.

    -Өздерің атап айтқан қошқармүйіз, құсқанаты оюлармен саукелені әшекейлейік.

    -Міне қошқармүйіз оюы, оның түсі қандай?

    -Балалар, қалай ойлайсыңдар не себепті бұл оюды қошқармүйіз деп атаған?

    -Ия, өйткені оның пішіні қошқардың мүйізіне ұқсайды екен.

    -Мен сендерге алдарына ақ қағаз, желім қылқалам, сүлгі және оюларды таратып қойдым.

    -Енді ақ қағазға алдымен қол орамалды жапсырып алайық, оның теріс жағына қылқаламмен желімді алып жағамыз, кейін оюды алып теріс жағына желім жағып, ақ қағаздағы саукеле жиегіне әдемілеп жапсырамыз.

    Сергіту сәті.

    Біз гүлдерше өсеміз,
    Жапырағы жайқалған.
    Сабақтары сапалы,
    Желге ырғалып шайқалған.

    -Балалар, жұмысқа кірісейік, жұмыс барысында таза әрі тиянақты жұмыс жасауға тырысамыз.

    Д/о: «Мен білемін үйренемін»

    • Балалар жасаған жұмыстанына талдау жасайық. Жинап алып, көрме ұйымдастырайық

    Болжамды нәтиже

    Білу керек: оюдың түрлері мен олардың аттарын біледі; оларды қандай жағдайда пайдалануды;

    Қалыптасқан әдет: қайшымен жұмыс жасау, желімдеу

    Істей біледі: Үлгіге қарап, қиындылардан орамалды әшекейлей алады.

    Мамбетова Гулшат МДҰ « Аққайың » балабақшасының тәрбиешісі

    Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Талдысай ауылы « Ғажайып қобдиша»

    Ашық сабақ

    ТАҚЫРЫБЫ: « Ғажайып қобдиша»

    ҰОҚ мақсаты: Балалар шардың түсін айта алады ( қызыл,көк,сары). Шардың көлемі, түрі, пішіні туралы біледі.

    Дағды: Түстерін пішінін айта алады.

    Күтілетін нәтиже: Суреттің мазмұны бойынша шағын əңгімелер құрастырады.

    Әдіс-тәсіл: Амандасу, сурет салу.

    Жоспар: ҰОҚне дайындық.

    Сәлеметсіңдер ма, балалар!

    Шаттық шеңберде тұрып амандасып алайық.

    Арайлап таң атты,

    Алтын сәуле таратты.

    Қайырлы таң,балалар,

    Қайырлы таң, апайлар!

    Қарандаршы менде сиқырлы қобдиша бар ,ішінде не бар деп ойлайсындар?Бұл сиқырлы қобдишаны ашу үшін қане алақанымызды қатты – қатты шапалақтайықшы.(әуен ойнайды сол уақытта қобдиш ашылады).

    Сыни ойлау. Ашық сұрақтар.

    • Ой балалар қарандаршы мына қобдишада әсем шарлар бар екен. Қане түстерін атайықшы.
    • Мынау көк шар.
    • Мынау қызыл шар.
    • Мынау сары шар.
    • Ал, мына көк шардың көлемі үлкен, ал мына қызыл шар кішкентай, ал сары шардың көлемі орташа екен.

    Балалар осы шарларды біз мереке күндері пайдаланамыз. Сергіту сәті

    Балаларға шарды үрлетіп, тыныс алу жаттығуларын жасату.

    Үш түрлі шар арқылы 3 топқа бөлеміз.

    Дидактикалық ойын: « Түсіне қарай топтастыр»

    Шарты: Балалар үш себетке шарды бөліп салу.

    Шардың көлемі қандай?

    Сопақша, дөнгелек, допқа ұқсайды.

    Суретке қарап әңгіме құрастыру керек.

    1-ші топ бір сөйлем айтса, 2-ші топ екі сөйлем айтады, 3-ші топ үш сөйлем айту керек.

    Топқа бөліну. (4 к моделі) үш түрлі шар арқылы топқа бөлемін.

    Ашық және жабық сұрақтар

    Саралау, сөйлеу тәсілі, айтылымы жақсы бала, айтылымы әлсіз баланың сөйлеу деңгейін арттыруға жетелейді.

    Сергіту сәті:

    Қолға алып шарды,

    Үйрлейміз біз былай.

    Уф- уф – уф

    Үйрлейміз деп қатты,

    Жарып алдым шарды.

    Құрлымдалған ойын; берілсен суретті құрастыру.

    Балаларға доп лақтыру арқылы сұрақ қою.

    Қортынды бөлім:

    • Балалар, шарлар қандай түсті екен?
    • Мына қызыл шар үлкенбе әлде кішкентайма?
    • Шар неге ұқсайды?

    Мына көк шардын көлемі қандай ?- деген сұрақтар қою. Еркін ойын: балалар шармен ойнайды

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

    Больше на

    Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

    Читать дальше