Ибраева Нургуль Жәнгірханқызы
Атырау облысы Атырау қаласы КМҚК №28 «Алмагүл» бөбекжай – бақшасының тәрбиеші Ибраева Нургуль Жәнгірханқызы
Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»
Білім беру саласы : Қатынас.
Ұ.о.і.ә. : Көркем әдебиет.
Тақырыбы : «Ертегілер еліне саяхат»
Мақсаты : – ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту;
-ойлау,қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету;
-ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке,мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
-қиялдау,мәнерлеп сөйлеуге баулу,шығармашылық қабілетін дамыту.
Қостілділік компонент : ертегі – сказка,бауырсақ – колобок.
| Оқу іс әрекетінің кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| Шаттық шеңбері :
Ән салуға барамыз, Досымызды табамыз Сәлемет пе!Міне,мен! Доспын енді сенімен. |
Шеңбер бойымен жүреді,тоқтайды,
Қолдарын екі жаққа сермейді. |
|
| -Балалар, бүгін көңіл күйлерін қалай?
-Балалар,біз бүгін ертегілер еліне саяхат жасаймыз.Ал сендер білесіңдерме,ертегілер елінде кімдер тұрады? -Қандай жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді білесіңдер? -Ал,ертегілер бізді неге үйретеді? Тосыннан үнтаспадан Ертегілер елінен Бауырсақтың сөзі естіледі. -«Сәлеметсіңдер ме,балалар!Мен ертегілер елінен бауырсақпын,сендер мені көрмейсіңдер,мен сендерді үнемі көріп бақылап жүрмін.Сендер ертегі тыңдағанды жақсы көреді екенсіңдер.Олай болса мен сендерді ертегілер елінде күтемін.Ертегілер еліне тек білгіштер,тапқырлар,өз ісіне ұқыпты,мейірімді балаларды күтемін.Өйткені жолда көптеген тапсырмалар кездеседі». -Балалар,ертегілер еліне баруға дайынбыз ба? -Ал,біз ертегілер еліне қалай жетеміз? -Иә,пойызбен жетеміз екен.Ал кәнекей, барлығымыз сиқырлы пойызға отырып,ертегілер еліне барайық.( барлығы пойызға отырып,чух-чух деп жүреді) -Ал балалар ,бірінші аялдамаға да келіп жеттік.Бұл аялдаманың аты «Шалқан » екен.Балалар,бұл аялдамада бізге тапсырмалар беріліпті.Балалар,мен сұрақты оқып берейін,ал сендер сұраққа жауап бересіңдер,жарайма? 1-слайд. «Шалқан» аялдамасы деген жазу мен шалқанның суреті. 2-слайд.Шалқан ертегісінде қандай кейіпкерлер бар? 3-слайд. «Шалқан»ертегісін айтып беру.Ертегінің суреті шығады. 4-слайд.Шалқанның суреті тұрады,аудиодыбыспен «Жарайсыңдар,балалар Шалқан ертегісі аялдамасының тапсырмаларын жақсы орындадыңдар.Жолдарың болсын,балалар!» ( балалар пойыздың дауысын салып қайтадан жолға шығады) 2-ші аялдама. -Балалар,мінекей «Қызыл телпек» ертегісі аялдамасына да келдік.Бұл аялдамада да бізге тапсырмалар берген екен. 1-слайд.Артық суретті тап. 2-слайд. «Қызыл телпек »ертегісін сурет бойынша баяндап бер. -Жарайсыңдар,балалар,екінші аялдаманың да тапсырмаларын мұқият орындадыңдар. Балалар қайтадан жолға шығады. -Мінекей,балалар «Ертегілер еліне» де жеттік.Ертегілер елі қандай әдемі!(Жүгіріп бауырсақ шығады) -Сәлеметсіңдер ме,балалар! -Мені танып тұрсыңдар ма,мен кіммін? -Мен кімнен қаштым? Тәрбиеші:-Ал сені түлкі жеп қоймады ма? Бауырсақ: -Жоқ мен оны алдадым,түлкінің де тұмсығына отырмай,одан да қаштым.Ал,балалар, сендер қандай ертегілерді білесіңдер? -Жарайсыңдар,сендер жолдағы аялдамалардың тапсырмаларын мұқият орындадыңдар.Енді менің де бір тапсырмам бар.Мына кубикти лақтырамыз,қай ертегінің суреті жоғары қарап түседі ,сендер сол ертегіні маған фартук ертегісі арқылы сахналап бересіңдер.Жарайды ма,балалар? -Рахмет балалар!Сендер ертегіні өте жақсы сахналайды екенсіңдер.Қандай ақылды,білімді балаларсыңдар?! Тәрбиеші:-Бауырсақ саған да көп рахмет.Ал балалар,бізің балабақшаға баратын уақытымыз да болды. Бауырсақ:-Жарайды балалар,сау болыңдар ,тағы да келіңдер. |
-Жақсы.
-Білеміз,онда ертегі кейіпкерлері тұрады. -Жағымды кейіпкерлер – ата,әже,аю, қызыл телпек.Жағымсыз – түлкі,қасқыр. – Дос болуды,көмектесуге үйретеді. Балалар бауырсақтың сөзін тыңдайды. -Дайынбыз. -Пойызбен. Балалар бірінің иығынан бірі ұстап ,пойыздың дауысын салып жүреді. -Жарайды. -Ата,әже,немере қызы,күшік,мысық, Тышқан. Балалар бастарына атрибут киіп «Шалқан» ертегісін айтып береді. Балалар қуанады. Балалар артық суретті табады. Сурет бойынша баяндап береді. Балалар таң қалады. -Сәлеметсіз бе! -Бауырсақсыз. -Атаждан,әжеден,қоян- Нан,қасқырдан,аюдан, Түлкіден. -«Қызыл телпек», «Бауырсақ», «Шалқан», «Үш аю» -Жарайды. Балалар ертегіні фартук ертегісі арқылы сахналап береді. -Сау болыңыз! |
|
| (Балабақшаға келеді)
Сабақты қорытындылау. -Ертегі еліне саяхат жасау сендерге ұнады ма?.. Ертегі біздің қиялымызға қанат бітіреді екен, ертегі сендерді жамандықтан аулақ жүруге, жақсылық жасауға, адалдыққа үйретеді екен, олар керек кезде бір – біріне көмекке келеді; біріккеннің арқасында; достығының арқасында барлығында жеңіп шығады екен. Жарайсыңдар балалар! Сендер жарадыңдар, барлық тапсырманы да орындадыңдар. |
Балалар сұрақтарға жауап береді.
-Ұнады. Балалар көңілді. |
Күтілетін нәтиже:
-Ертегі кейіпкерлері туралы білді.
-Ертегі адамгершілікке баулитынын меңгерді.
-Ертегіні рөлдерге бөліп сахналай алды.
