Даутова Лазат Рашилаовна

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Жұмыскер ауылы

Абай атындағы ЖОББМ «Балауса» шағын орталығының тәрбиешісі

Даутова Лазат Рашилаовна

Білім беру саласы:Таным

Білім:ҚМҰҚ

Мақсаты:1,2,3,4,5 цифрлар туралы өткенді пысықтау.Сандарды ретімен орналастыруды бекіту. 5 көлемінде сандық есептеуге үйрету.Санды екі тілде тура және кері санау.Балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру,іс -әрекет дағдыларын меңгерту,ауызша қосып-алу және геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтау.Жыл мезгілдері туралы білімін нығайту.Балаларды тапқырлыққа,ізденімпаздыққа,шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдер:сұрақ – жауап,тапсырма,ойын,көрнекіліктер.

Қажетті көрнекі – құралдар:геомериялық пішіндер,тура,кері санауға арналған сандар,шығармашылық ойынға арналған пішіндер.

Шаттық шеңбері:

Дөңгелене тұрамыз,

Достық үйін құрамыз.

Математикамен дос болып,

Біз көңілді боламыз.

Тосын сәт:Аюдың келуі.Ол балалармен амандасады.

Аю:Апай,аң патшасы арыстан орман мектебін ашпақшы екен.Кімде-кім менің тапсырмаларымды орындай алса,мектепке қабылдаймын.Бірақ мен мына тапсырмаларды орындай алмай көмек сұрай келдім

-Балалар аюға көмектесеміз бе?(иә)

-Олай болса аюдың тапсырмаларын қарап көрейік.

1 тапсырма.1-ден 5-ке дейінгі сандарды ретімен орналастыру.

2 тапсырма.Екі тілде тура және кері санау.

3 тапсырма.логикалық есептеу.

Ермахан сенің қолыңда үш алма,біреуін Айзереге бердің.Сенде неше алма қалды?(2)

Менің ұолымда бес қарындаш екеуін Мансұрға бердім,менде неше қарындаш қалды?(3)

Сергіту сәті:

-Балалар, енді аюға саусақ жаттығуын үйретейік.

Бес саусақ жаттығу.

Бас бармарғым – атам үйдің данасы,

Балаң үйрек – әжем ошақ анасы,

Ортан терек – әкем отау панасы,

Шылдыр шүмек – анам шаңырақ ажары,

Кішкене бөбек- мен отбасының базары.

Ойын:цифрларды заттардың санымен сәйкестендіру.

Жұмбақтар:

Шуақ шашқан күнге ұқсаймын көбірек,

Менің атым (дөңгелек)

Барлық үйдің шатыры ұқсайды тек өзіме(үшбұрыш)

Теледидар таныс екен баршаға,ал пішінім ұқсайды ғой (шаршыға)

Үлестірмелі материалдармен жұмыс:

-Балалар, біздер пішіндерді ажырата білеміз.Енді алдымыздағы пішіндерден үй,машина құрастырамыз.

-Балалар, аю бізден көп нәрсені үйренген сияқты.Аң патшасы арыстан енді аюды мектепке қабылдайды.

Аю:Рахмет,балалар.Сендерден көп нәрсе үйрендім.Енді мен сендермен қоштасамын.Сау болыңыздар.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек:1-ден 5-ке дейін тура және кері санау,пішіндерді біледі.

Нені білді:Сандарды тура және кері санай білді.

Бағалау

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше