«Әке жолы – ізгі жол» пікір сайыс
Тараз қаласы, ОБМСДБМИ-ның аға тәрбиешісі Абдикаримова Мұғалима Керімбайқызы
Тақырыбы: «Әке жолы – ізгі жол» пікір сайыс
Сабақтың мақсаты: Отбасындағы әке мен ер азаматтың ролінің мәнін ұғындыру, әрбір тұлғаны тәрбиелеу туралы ой – пікірлермен бөлісу. Оқушыларға отбасының ұйтқысы, негізгі тірегі әке екенін, әкеге деген сүйіспешілікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Бала мен әке арасындағы тығыз әрі ыстық байланысты ұғындыру.
| уақыты | Сабақ кезеңдері | Жұмыс түрі | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| 3 мин | Ұйымдасты-
ру кезеңі Кіріспе бөлім |
Психологиялық дайындық
(топқа бөлу) |
Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Кіріспе сөз:
«Ана – сая болар бағың болса, |
Сәлемдеседі.
Суретпен жұмыс |
| 15 мин | Негізгі бөлім | Көрініс көрсету.
Пікір алмасу Ұлағатты ұлттық ұғымдар |
1.(Көріністен қандай ой түйгендері сұралады?)
Әке мен бала әңгімесі деп аталатын көріністі тамашалаңыздар.Баласы: – Ата, онда маған сұрақ қойыңызшы.әкесі: – Балам, үйдің алтын қазығы кім? Баласы: әке, үйдің алтын қазығы – бала.әкесі: – Жоқ, балам, үйдің алтын қазығы – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі, әке тәрбиесі – ұлға үлгі. Ана – ақылшың, әке – қамқоршың, аға – қорғанышың, інің – сүйенішің, қарындасың – қанатың екенін ұмытпа.Әкесі – Балам, жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?Баласы: – әке, жоқты бар, ашты тоқ ететін – мейірімді әке.әкесі: – Жоқ, балам, әке қанша мейірімді болса да ананың жаны бөлек. Ашты тоқ, жоқты бар ететін ол – ана. Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды.Әкесі:- Ал, балам, өмір сүру үшін не қажет? Баласы: -Әке, өмір сүру үшін алтын, ақша, мал қажет.Әкесі: – Жоқ, балам, өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су – тіршіліктің нәрін береді, от – өмірге жалын береді, тұз – астың дәмін келтіреді, қыз – өмірдің сәнін келтіреді, ақыл – өмірдің мәнін келтіреді. 2.Балаларға сұрақ: 4. Әкенің ізгі қасиеттері 5. Әкенің пікірі сен үшін? 3 кезең Презентацияны тамашалаңыздар 5 жасында: Әкем бәрін біледі 3 саны Үш жүз. Үш жұрт.Үш асыл.Үш даусыз Үш жүз-Ұлы,Орта,Кіші 4 саны Төрт тұлға. Төрт құбыла. 5 саны Бес асыл. Бес қару. 6 саны Алты алаш.Алты игілік. Алты асқар.Алты амал. 7 саны Жеті ата. Жеті қазына. 3,4,5,7 саны Үш би.Төрт түлік. Бес кесепат. Жеті ғалам. |
Тапсырмаларымен танысады.
Пікір алмасады. Көрініс Плакаттар Презентация |
| 7 мин | Қорытынды: | Қорытынды: Шешесін ұқпайтын Әкеден ықпайтын Ұл болмайды. Шешеге тартпайтын, Әкеге жүк артпайтын Қыз болмайды-деп тегін айтпаған. Әке өзінің баласын қандай күйде көргісі келетінін күні бұрын ойластырады. Әрине, ешбір әке өз баласына жамандық тілемейді. Ең асылын, ең жақсысын баласына беріп, «мен көрген қиындықты балам көрмесінші» деп тілейді. Мұны сезіп, сол ойды ақылына қондырып, санасындағы терең түйсікпен біліп жатқан бала болса, ондайдан айналып кетесің ғой. Бірақ өмірде олай бола да бермейді. Әке мен шешенің айтқанын тыңдамай, «өзімбілемге» салып қателікке бой алдырғандар аз ба? Сөйтіп жүріп жарық күнде адасқандар аз ба? Мұның бәрі отбасындағы рухани дағдарысқа әкеледі. Оның ар жағында отбасының құлдырауы жатыр. Әке әр қашанда қара шаңырақтың иесі болып қалуы керек. |
