Жаңа сабақтар

Тышканбаева Жадыра Ануарбековна

КМҚК «Еркетай» бөбекжай-бақшасының

2 санатты музыка жетекшісі

Тышканбаева Жадыра Ануарбековна

Қарағанды облысы Қарқаралы қаласы

«Бұлт неге мұңайып тұр?»

Білім беру: Шығармашылық

Саласы: музыка

Мақсаты: Қыс мезгіліне тоқталып,суреттер бойынша әңгіме құрастыру, жыл мезгілдерінің аттарын атап, сипаттап және бұлттың мұңайып, күліп тұрғанын ажыратып, ән айтуға қызығушылықтарын арттыру.

Барысы: Балаларды музыка залына күнделікті марш әуенімен, олардың сапта келулерін қарсы алып, күнделікті қимыл-әрекеттер жүргізу.(жеңіл жүру, екі қолды екі жаққа созып бақай ұшымен жүру, өкшемен жүру, шеңбер бойында ішке қарай бұрылып, қол белде секіру арқылы жүру және сыртқа қарап осы ырғақпен жүру арқылы көрсету.

Сәлемдесу:

Арайланған күнім ол

Арайланған күнім сен

Әрқашанда бәріміз

Жүрейікші аман боп

Музыка жетекшісі: Балалар, бүгін біз іс-әрекетімізді бастамас бұрын мына ілулі тұрған суретке назар аударайық (бұлт мұңайып тұрған сурет)

-Бұлт неге мұңайып тұрсың?,

-Бізге күннің көзін жауып қойдың не себептен?

-Ондай болса біз саған көңілді ән орындап берсек, бізге күннін көзін ашасыңба?.

-Балалар, ондай болса біз бұлттың көңілін көтеру үшін, күннің көзін ашу үшін бір көңілді ән орындап берейік.

Әнді орындамас бұрын күнделікті дауысымызды жаттықтырып алайық, олай болса Ля минормен –ля,ля,ля -2рет

Көңілді баламыз

Тра-та-та -2рет

Топылдап жүреміз

Ән «Біздер көңілдіміз»

Сөзі мен әні: өзімдікі Тышканбаева Ж.А.

  1. Балабақша бағында

Көңілдіміз бәріміз

Апайменен дос болып 2рет

Айтқанын тыңдаймыз.

  1. Біреу,екеу,үшеу дейміз

Оңға,солға қараймыз

Көңілдене ән салып

Жүреміз ылғида 2рет

Музыка жетекшісі: балалар қараңдаршы, бұлтта көңілденіп күле бастап шуағын шашып,күннің көзін ашып өзі бірде тығылып,бірде күлімсіреп бізге қарап тұр.

  • Ал біз бұлтпен осы орайды пайдалана отырып бәріміз бір ойын ойнап жіберейік.

Балалар шеңберге тұрып бұлтқа қарап былай дейікші:

Бұлтым,бұлтым мұңайма

Жарық берші-беу,беу

Көңілденші қанекей

Қанекей, біз сенен тығылайықшы- деп балалар жан-жаққа тығылып қалады. Бұлт мұңайып тұр(мұңды әуен ойналып тұр)

Көңілді әуен ойналғанда балалар қуана шығып көңілдерін көтереді. Мұңды әуен ойналғанда балалар тығылады. Бұлтта балалармен бірде мұңды әнмен, бірде көңілді әнмен ойнағандай жарыса қалған жоқ. Бұлт күннің жарығын беріп, өзі әрі қарай тығылып қалды. Осылай ойын жалғаса береді.

Қорытынды:

  • Балалар, бүгінгі іс-әрекетіміздің уақыты аяқталып қалды. Бәріміз жыл мезгілін біледі екенбіз, бұлттың мұңайғанын,қуанғанын біледі екенсіңдер, бұлтпен бірге қимыл-қозғалыстар жасап көрсете білдіңдер.Әнді жақсы айттыңдар, сендерге үлкен рахмет, аспанымыз әрқашан ашық, жарық болуына тілек білдіремін.
  • КМҚК «Еркетай» бөбекжай-бақшасының

    2 санатты музыка жетекшісі

    Тышканбаева Жадыра Ануарбековна

    Қарағанды облысы Қарқаралы қаласы

    Мектепке дейінгі балаларды әсемдікке баулу

    «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем әнмен тәтті күй» — деп Абай атамыз айтқандай, әуен арқылы адамның жан дүниесін әсемдікке тәрбиелейміз, жақсы қасиеттерін дамытамыз.

    В.А.Сухомлинскийдің: «Музыкалық тәрбие-бұл музыкантты тәрбиелеу емес, ең алдымен адамды тәрбиелеу»- деп тегін айтылмаған.

    Музыкасыз, ойынсыз, ертегісіз, сергітусіз баланың толық мәніндегі ақыл-ойымен қиялын тәрбиелеу мүмкін емес. Біздер саз жетекшілер, сазды –эстетикалық тәрбие беруді мектеп жасына дейінгі балалардың ерекшеліктеріне байланысты. Заман ағымына байланысты түрлі жаңалықтарды тәжірибемізге еңгізе отырып, ән айту мен қатар, мерекелік ертеңгілік сәттерді жиі ұйымдастыру арқылы, ондай бағдарламалардың бала көңілінен шығып отыратының байқаймыз. Оқу іс-әрекетінін үлгі жоспарларымен таныстыру, қайталау, ән , би үйретумен жүзеге асады. Баланың музыканы тыңдау, қабылдау, есте сақтау, ажырату, әнді жеке айту,қосылып айту, әннін сөзін анық дұрыс айту, әнімен сөзі арасындағы бірлестігін, әнмен дене қимылының үйлесімділігін бере білу, әнге деген сүйіспеншілігін, әсерлену, қызығушылығын қалыптастыру дамыту-музыка жетекшінін шеберлігіне, іскерлігіне, білімділігіне байланысты.

    Саздық қозғалыс оқу іс-әрекетінде білімді, тәжірибелі педагог, балаларды әнге биге үйретеді, сол арқылы балаларымыз шығармашылық көріністерін қалыптастырады. Ән айта білу үлкен мәдениет. Біз балаларға ән айтудың өзіндік сырын, техникасын, тыныс алу кезеңдерін дауысты жоғары көтеру сәттерін, сазды-дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырамыз.

    Саз жетекшілері түрлі сазгерлердің өмірімен және шығармаларымен үнемі танысып отырады.

    Мысалы: «Мен Отанды сүйемін», «Әнші балапан», «Балабақша жұлдыздары», «Айтыс», «Қыз сыны», «Жігіт сұлтаны» т.б өткізілетін іс-әрекеттердің нәтижесі- мерекелік ертеңгіліктерден көрініс алады. Барлық балалар бұл мерекелік шараларға белсене қатысып, мейірімділікке кейіпкерлердің әрекетін дербес бағалау шеберлігіне үйренеді. Жеке диагностикалық сабақтар әр баланың саздық даму деңгейін, ал сазға икемділік диагностикасы-жеке баланың және бүкіл топтың саздық шығармашылығын анықтайды. Баланың диагностикалық негізін жас мөлшеріне байланысты сараптайды.

    Мектепке дейінгі ұйымдағы саз жетекшісінің негізгі мақсатының бірі бұл баланың сазға деген қызығушылығын ояту. Бұл қызығу құбылысының табиғаты өте күрделі. Қызығуды ояту іс-әрекетке жағымды эмоциялық талпыныс тудыру, сазды тану, саздық ойлау, сазды есте сақтау қабілеттерін дамыту. Саздық қабілет шығармашылық кезінде қалыптасып дамиды. Мектепке дейінгі ұйымдағы саздық шығармашылықтың әр түрі саз жетекшісінің басшылығымен жүзеге асады.

    Кәсіпқой талантты саз жетекшісінің ең қиын оқу іс-әрекеттерінің өзі жеңіл әрі қызықты өтуі тиіс. Дәстүрлі жұмыстармен қатар, оқу іс-әрекеттерді және түрлі іс-әрекеттерді дәстүрден тыс етіп ұйымдастыруға болады. Мәселен саз оқу іс-әрекеттерінің өзін түрлі басқа оқу іс-әрекеттерімен, іс-әрекеттерін байланыстыра отырып өткізу және балалардың бойында саздық кейіпкерлендіру шығармашылығын арттыру көптеген жұмыстануды талап етеді. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін бағдарламаға сай еңбектенуде, қазақтың халық өнерін және заман бағытындағы өнер негіздерін ұстана отырып, шығармашылықты дамытуды дәстүрге айналдыру қажет.

    КМҚК «Еркетай» бөбекжай-бақшасының

    2 санатты музыка жетекшісі

    Тышканбаева Жадыра Ануарбековна

    Қарағанды облысы Қарқаралы қаласы

    Мектепке дейінгі балалардың музыкалық-қабілеттерін дамыту.

    Бүгінгі таңда мектепке дейінгі кезеңде балалардың музыкалық қабілеттерін жан-жақты дамыту және тәрбиелеу мәселесі ерекше,себебі балалардың музыкалық ерекшеліктері жаратылысынан шығармашылық іздемпаздық сипаттарға ие,ондайда дұрыс бағытта дамыту жағдайлары әрқилы,сондықтан балалардың ақыл-ой қабілеттерін дамыту,олардвң жас дара ерекшеліктерін байқап тәрбиелеуге болады.Баланы музыкалық тәрбиесін қарапайым музыкалық түсініктерді қалыптастыруын бастау қажет.Балаларды музыкалық даму процесі музыкалық қызметтерді ұйымдастыру барысында жүзеге асырылады.1-2 жастағы бала үлкен ересек адамның әнін тыңдап,дауыс ырғағына қарап уілдейді,былдырлайды. 2-жастағы бала қарсы сыйпаттағы әндерге шаттанып қуанады, алақандарын шапалақтап,аяқтарын топылдатады. 3-4 жас біздің көмегімізбен орындай алады,әрекет жасауға,билеуге,ойнауға ұмтылып тұрады.Ал 5-жас бала көп білгісі келеді.Мысалы сұрақ қояды,неге,қашан,неге олай сияқты.Әр әуен пьесса,көңілді әуен,сабырлы,мұңды, мұңсыз сипаттарын сезе отырып,қол ұстасып,ән айту,қимыл би арқылы орындай алады.Музыкалық тәрбие берудің басты мақсаты музыка өнері арқылы балалардың өмірге деген көзқарастарын, Отанының еліне,жеріне деген сүйіспеншіліктерін,өз халқының өнерін салт дәстүрін жоғары бағалай білетін парасатты азамат тәрбиелеу біздің міндет. Сондықтан ата-ана біздер, тәрбиешілер ерте сәбилермен мектепке дейінгі жастағы балалардың музыкалық дамуынынң көрсеткішін білуіміз маңызды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.