Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы «Бәйтерек» бөбекжай-бақшасының тәрбиеші Аманиязова Майра Жайшылыққызы
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
«Балапан» бірінші кіші тобы
Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу қызыметі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Менің отбасым»
Мақсаты: Балаларға отбасы және отбасы мүшелері туралы түсінік беру. Сөйлем құрап айтуға дыбыстарды анық, таза жеткізе білуге дағдыландыру. Отбасында үлкендерді сыйлап,кішілерге қамқор болу сияқты әдептілік қағидаларын сақтай білуге тәрбиелеу.
Әдіс тәсілі:көрсету,түсіндіріу,сұрақ-жауап әңгімелесу.
Көрнекіліктер:Отбасы мүшелерінің суреттері, үлестірмелі суреттер.
Іс-әрекет кезеңдері. | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық кезең | Шаттық шеңберін құру. | Балалар шаттық шеңберінде оның мазмұныны сәйкес қимыл-қозғалыс жасайды. |
Ұйымдастырушылық
кезең |
1.Әңгіме жүргізу.
-Балалар біздің шаттық шеңберіміз неге ұқсайды? -Ия, біздің шаттық шеңберіміз киіз үйге ұқсайды. Әр адам үлкен болсын,кіші болсын өз үйін жақсы көреді, себебі ол үйде оның отбасы тұрады. Отбасы дегеніміз — ол бір үйде тұратын адамдар. Отбасы мүшелері әке, ана және балалары. Отбасы болуы -үлкен бақыт . Барлығымыз бірге қайталайық. Отбасы- ол бақыт Отбасы- ол ата-ана Отбасы-туыстарымыз Отбасы-ол шаңырақ Ал,енді балалар суретке қарайықшы онда сендер не көріп тұрсындар? Оларды бір сөзбен қалай атауға болады? Отбасы дегеніміз не? -Мына отбасында ата, әже бар екен балалар тағы кімдер бар екен ? Балалар отбасына арналған тақпақтар кім айтады? Сергіту сәті : «Бес саусақ» Ойын: «Отбасы мүшелерін орналастыру» Отбасы мүшелері сыйлау керек, үлкеннен бұрын сөйлемейміз, жол береміз. Үлкенге ізет кішіге қамқорлық көрсетеміз. |
Балалар жауап беруге тырысады.
Балалар бірге қайталайды. Отбасы деп жауап береді Саусақ жаттығуын тәрбиешімен бірге жасайды. Ойынға деген қызығушылықтары артады. |
Рефлексиялық
түзетушілік |
Балалар біз бүгін кімдермен таныстық?
Отбасы мүшелеріне кімдер жатады? |
Отбасымен
Ата, әже, әке, ана, апа, аға т.б. |
Күтілетін нәтиже:
Балаларға отбасы және отбасы мүшелері туралы түсінік бере білді.
Сөйлем құрап айтуға дыбыстарды анық таза жеткізе білуді игерді.
Отбасында үлкендерді сыйлап, кішілерге қамқор болу сияқты әдептілік қағидаларын меңгерді.