ШҚО Семей қаласы «№15 ЖОББИ» КММ
математика пәнінің мұғалімі Шиндалинова Нұржамал Куанышқызы
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
5.3 В Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану |
Мектеп: |
Күні: | Мұғалімніңаты-жөні: |
Сынып: 5 | Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны: |
Сабақтыңтақырыбы | Ондық бөлшектерді дөңгелектеу |
Осысабақтақол
жеткізілетіноқу мақсаттары(оқу бағдарламасынасілтеме) |
5.1.2.32
ондық бөлшектерді берілген разрядқа дейін дөңгелектеу; |
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: ондық бөлшектерді берілген разрядқа дейін дөңгелектеуді орындауды түсініп, айта алады;
Оқушылардың басым бөлігі: ондық бөлшектерді берілген разрядқа дейін дөңгелектеуді артығымен, кемімен жуықтауды ажыратады; Кейбір оқушылар: ондық бөлшектерді дөңгелектеуге берілген мәтіндік есептерді шығарып, талқылайды. |
Бағалаукритерийі | ондық бөлшектерді берілген разрядқа дейін дөңгелектейді |
Тілдік мақсаттар | ондық бөлшектерді берілген разрядқа дейін дөңгелектеудің ережесін айта алады;
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: разрядтар, ондық бөлшек, ондық үлес, бүтін бөлік, бөлшек бөлік, дөңгелектеу, артығымен, кемімен, жуықтау. Диалогқа, жазылымға сәйкес тіркестер: Егер … болса, онда оның сол жағындағы цифрды өзгертпеу керек. Егер алынып тасталынатын бірінші цифр 5,6,7,8 немесе 9 цифры болса, онда …. керек. Ондық бөлшекті бүтінге дейін дөңгелектеу үшін … керек. Ондық бөлшекті ондық үлеске дейін дөңгелектеу үшін … керек. |
Құндылықтарғабаулу | «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығы негізінде оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. |
Пәнаралық байланыс | Жаратылыстану |
Алдыңғыбілім | Натурал сандарды дөңгелектеу, ондық бөлшектердің оқылуы мен жазылуы. |
САБАҚ БАРЫСЫ
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||
Сабақтың басы
( 3 минут) (5минут) |
Психологиялық ахуал: «Шеңбердегі тілек»
Үй тапсырмасы: «Элективті тест» әдісі арқылы үй жұмысы тексеріледі 1. 52,1356 санын ондық үлеске дейін дөңгелекте А) 52,1356; В)52; С) 52,13; Д) 52,1; Е) 52,136 2. 52,1356 жүздік үлестерге дейін дөңгелекте А) 52,1356; В)52,14; С) 52,13; Д) 52,1; Е) 52,136 3. 52,1356 мыңдық үлестерге дейін дөңгелекте А) 52,1356; В)52,14; С) 52,13; Д) 52,1; Е) 52,136 |
Интерактивті тақта
Бес түсті стикерлер |
||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
(30 минут) |
Практикалық бөлім Егер үй тапсырмасына толық жауап болмаса, «Мылқау пікірталас» әдісі, толық жауап болса «Үш қадамды сұхбат» әдісі қолданылады.
Оқулықпен жұмыс: Тапсырма №1(№983). Белсенді әдіс: «Мылқау пікірталас» Жуық теңдіктерді оқып, қандай разрядқа дейін дөңгелектенгенін түсіндіріңдер:
Белсенді әдіс: Үш қадамды сұхбат» Тапсырма №2
Дескриптор:
Кейбір оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін: Тапсырма №3 (№999) Жай бөлшектерді мыңдық үлестерге дейін дөңгелектенген ондық бөлшек түрінде жазып, кестені толтырыңдар.
Дескриптор:
«Бүгін үйренгенім»әдісі арқылы қалыптастырушы бағалау жасаймын.Конверт ұсынылады, ішінде сабақ тақырыбына сай сөйлемдер , сөз тіркестері, терминдер болады.Тілдік мақсат- академиялық тіл. Денсаулықты сақтау технологиясы бойынша Сергіту сәті: «Күн сәулесі түседі … » әдісі Шығармашылық тапсырма Сыр дихандары 2015 жылы күріштің әр гектарынан 5,05 т өнім жинады, ал 2016 жылы одан 1,5 есе артық өнім жинады. Екі жылда барлығы қанша өнім жиналды? Жауабын бүтінге дейін дөңгелектеңдер. Дескриптор:
Қалыптастырушы бағалау «Білім теңізіне қайықты жіберіңіз» |
5-сынып Математика
Т.А. Алдамұратова, Е.С. Байшоланов, Қ.С. Байшоланова 85 б 5-сынып Математика Т.А. Алдамұратова, Е.С. Байшоланов, Қ.С. Байшоланова 87 б Стикер |
||||||||||||||||
Сабақтың соңы
(2 мин) (5 мин) |
Үйге тапсырма: §7.10 Ондық бөлшектерді дөңгелектеу. 85 бет, №989
Тақырыпты басшылыққа алып, математикалық сауаттылықты дамыту үшін өмірдегі қолданыс орнын анықтау. Кері байланыс: «5-5-1» әдісі |
5-сынып Математика
Т.А. Алдамұратова, Е.С. Байшоланов Қ.С. Байшоланова 85 бет, №989 |
||||||||||||||||
Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау-Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | ||||||||||||||||
Сабақтың басынан соңына дейін бойында қалыптастырушы бағалау жүргізіп отырамын. Деңгейлік тапсырмалар пайдаланып, көмекке мұқтаж оқушыларға қолдау көрсетіп, саралау жүргіземін. | Үй тапсырмасын тексеру білу үшін «Элективті тест» әдісін қолданамын.
«Мылқау пікірталас» , «Үш қадамды сұхбат» әдістері арқылы оқушылардың біліктілігін дамытамын. Тапсырмаларды орындау барысында «Бүгін үйренгенім», «Білім теңізіне қайықты жіберіңіз» әдістері арқылы қалыптастырушы бағалау жасаймын. |
Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақта сергіту «Күн сәулесі түседі … » әдісі | ||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия | Сабақ мақсаттары қолжетімді болады деп есептеймін. Барлық оқушылар оқу мақсатына қажеттілік деңгейін қанағаттандыратындай сабақты жүргіземін деп ойлаймын. Белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін тиімді қолдана отырып, оқушыларға берілетін тапсырмаларды қажет деңгейде саралап жүргізуге тырысамын. |
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
|