Қызылорда облысы, Сырдария аграрлы техникалық колледжінің кадр бөлімінің инспекторы Ахметова Гүлнұр Нариманқызы
Кадр бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңнамалары мен басқа да құқықтық актілерін, персоналдарды есепке алу мен қозғалысы туралы құжаттамаларды жүргізу жөніндегі әдістемелік материалдарды, Колледж Жарғысын басшылыққа алады. Кадр бөлімінің негізгі міндеттері –колледжге қажетті мамандар мен біліктілігі бар қызметкерлермен толықтыру және оларды іріктеп, орналастыру, колледж кадрлар есебін жүргізу, кадрлық резерв жасау.
Колледждің оқытушылар, қызметшілер, қажетті маман иелері құрамын колледждің мақсаты, стратегиясы мен профиліне сәйкес кадрлармен толықтырады, қызметіндегі ішкі және сыртқы өзгерістері жөнінде, кадрлардың сандық және сапалық құрамын, олардың қозғалысы жөнінде деректер жүргізеді. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау мен ауыстыру, жұмыстан шығару жөніндегі құжаттарын рәсімдеуді ҚР Еңбек кодексі мен директордың бұйрығына сәйкес ұйымдастырылып, еңбек кітапшаларын толтырып және сақтап, кадр жөніндегі белгіленген құжаттарды жүргізеді. Табельдік есептер жүргізеді, бөлімшелерде еңбек тәртібі жағдайын бақылап, ішкі тәртіп сақтауын қадағалайды.