Жаңа сабақтар

Кошкинбаева Айжан Курманбековна

Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, С.Сейфуллин атындағы ЖОББ мектебінің физика пәні мұғалімі Кошкинбаева Айжан Курманбековна

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім 7. 3 Қатты дене, сұйық және

газ қысымы

Мектеп:С.Сейфуллин атындағы ЖОББМ
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Көшкінбаева А.Қ
Сынып: 7 а Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы №12 Практикалық жұмыс:Архимед заңына сапалық және сандық есептер шығару
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 7.3.1.4 сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күштің табиғатын түсіндіру;

7.3.1.5 есептерді шығару кезінде Архимед заңын пайдалану;

Сабақ мақсаттары
  • Архимед заңы ұғымын техникада, тұрмыста қолдану маңызын білу.
  • Архимед заңын қолданып, есептер мен практикалық тапсырмалар орындау;
Бағалау критерийлері Білу: Архимед күші қандай шамаларға тәуелді екенін және негізгі физикалық терминдерді, ұғымдарды ағылшын тілінде біледі.

Түсіну: Архимед заңының тұжырымдалуын және физикалық мағынасын түсінеді.

Қолдану: Архимед күші немесе ығыстырушы күш формуласын есептер шығаруда қолдана алады.

Анализ: Архимед күші формуласын қорытып, анализ жасай алады.

Синтез: эксперимент арқылы Архимед күшін анықтай алады, ауырлық күшімен салыстырып, жауаптарын дәлелдей алады.

Бағалау:

Тілдік мақсаттар Оқушылар: Архимед күші сұйықтық немесе газ тарапынан денелерді кері итеруші күш екендігін біледі. Архимед күшінің қандай шамаларға тәуелді екендігін біледі:

Арнайы пәндік лексика және терминология: ығыстырылып шығарылған сұйық көлемі, сұйық тығыздығы, Архимед күші.

Ағылшынша Қазақша Орысша

Archimedes power

Архимед күші Сила Архимеда
Beaker Өлшеуіш ыдыс Мензурка
Force Күш Сила
Volume Көлем Объем
Weight Салмақ Вес
higher биіктік высота
Mass Масса Масса
density тығыздық плотность
Force of gravity Ауырлық күші Сила тяжести
Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер:

Архимед күші- бұл сұйыққа немесе газға түсірілген денелерді … күш.

Архимед күші — … физикалық шамаларға тәуелді.

Құндылықтарды дарыту Осы сабақта балалардың бойына Архимед күшін және оны сипаттайтын негізгі физикалық шамалар туралы білімдерін одан әрі жетілдіру. Аталған терминдерді күнделікті өмірден мысалдар келтіре отырып түсіндіріп, жауапкершілікті, пәнге деген қызығушылықты арттыру.
Пәнаралық байланыстар Математика
АКТ қолдану дағдылары Деректерді жинау, өңдеу және ұсыну үшін АКТ қолдану.
Бастапқы білім Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

2 мин

«Аяқталмаған сөйлем әдісі»

5 минут

«Ойлан тап» ойыны

3минут

1-тапсырма

5минут

Оқушылармен сәлемдесу.

Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Дыбыстық жаттығу»

Оқушылар топқа бөлінген.

1-топ :Архимед

2-топ: Паскаль

3-топ: Торричелли

Үй тапсырмасын жазбаша тексеру.

1.Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым осы сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. Бұл кімнің қағидасы .

2. Мақтаны, қағазды, ағаш жаңқаларын т.б престеу үшін қолданылатын машиналар .

3. Қатты денелерге әрекет ететін қысымның формуласы ______

4. Сұйықтар мен газдардағы қысымның формуласы .

5.Жер бетіне және ондағы барлық денелерге түседі.

6.Архимед күшінің формуласы _________

7. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал _____ деп аталады.

8. қысым айырымын өлшеуге арналған аспап.

  1. Атмосфералық қысымның әрекетіне негізделген құрылғылардың біріне жатады.

10.Қалыпты атмосфералық қысым тең.

«Сен маған,мен саған» әдісімен оқушылар парақтарын алмасып дұрыс жауабын тақтадан қарап тексереді.Оқушылар бір –бірін «Бас бармақ» әдісімен бағалайды.

«Ойлан тап» ойыны арқылы білімдерін

ауызша тексеру.

«Ойлан тап» ойынының жауабы:

  1. Елеуішпен су әкелуге бола ма? (Болады. Қар мен мұз күйінде)
  2. Мұз қандай күйге жатады? (Қатты күйге)
  3. Егер кеседегі судың бәрін ішіп қойсақ не қалады? (Ауа)
  4. Ауа қандай күй? (Газ күйі)
  5. Қандай ыдысқа су құйылмайды? (Су толы ыдысқа)
  6. Ал су қандай күйге жатады? (Сұйық күйге)

7.Орнынан қозғалмай не өтіп бара жатыр?(уақыт)

Жауап берген оқушыларды смайликпен бағалаймын.

«Полиглот»

Әр топтан бір оқушы шығып ағылшын тілінде жазылған терминдерді терминдерді қазақ тілі мен орыс тілдеріне аудару, дұрыс жауабын тақтадан тексереді.

Смайликбен бағаланады.

Үй тапсырмасын презентациядан көрсетіп қорытынды жасаймын.

Презентация

Үлестірме қағаздар

Презентация

Әр топқа үлестірме материалдар

Сабақтың ортасы

2-тапсырма

5 минут

3-тапсырма

10 мин

2 минут

4-тапсырма

«Сырлы сауалдар»

әдісі

3 минут

Тәжірибелік тапсырмалар: Топтық жұмыс

Берілген құрал-жабдықтарды пайдаланып тәжірибе жасау.

Архимед тобына: Картоп, тұзды су және жай су берілген. Архимед күшінің сұйықтың тығыздығына байланысты екендігін дәлелде.

Паскаль тобына: Ыдыста су, пластилин берілген. Архимед күшінің дененің көлеміне байланысты екендігін дәлелде.

Торричелли тобына:Көлемдері бірдей, бірақ әртүрлі заттан жасалған денелер берілген. Бұл денелердің Архимед күші бірдей бола ма?

Әр топтың тәжірибе нәтижелерін көрсетіп жауап береді.

«Мадақтау» әдісімен бағалаймын.

Деңгейлік есептер шығару. (тақтамен жұмыс)

Архимед тобына І деңгей

Суға көлемі 100см3 болатын дене батырылған.Осы денеге әсер ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар. Судың тығыздығы – 1000кг/м3. (Жауабы: FA=1H)

Паскаль тобына ІІ деңгей

Көлемі 2дм3 дене толық суға батырылған.Осы денеге әсер ететін кері итеруші күш 18Н болса,дененің тығыздығы қандай?(Жауабы: ρ=900кг/м3)

Торричелли тобына ІІІ деңгей

Керосинге массасы 500г темір кесегі батырылған.Ығыстырушы күшті анықтаңдар. Темірдің тығыздығы-7900кг/м3, ал керосиннің тығыздығы-800кг/м3.

Мақсаты: Архимед күшін есептейтін формуланы есептер шығаруда қолдану.

Бағалау: Критерий бойынша.

Есеп шарттын түсініп, берілгенін дұрыс жазу.
ХБЖ айналдыру.
Архимед заңын қолдана отырып, формулаларды түрлендіріп, қорытқы формула шығару. Талдау жасау.
Дұрыс есептеу жүргізу.
Жауабын нақты жазу.

Сергіту сәті.

«Ертегілер» әнін тыңдайды.

Интертақтадан видео ролик көрсетіледі.

Сапалық есептерге әр топқа 2 сұрақтан беріледі.

Архимед тобының сұрақтары:

1) Ертедегі гректерде Архимед өте күшті адам болған деген аңыз бар. Ол судың ішінде тұрып,сол қолымен 1000кг жүкті көтерген екен, бірақ беліне дейін ғана. Бұлай болуы мүмкін бе?(Жауабы: Мүмкін, егер жүктің көлемі үлкендеу болса)

2) Ит суға батып бара жатқан адамды оңай тартады,бірақ жағада оны орнынан қозғалта алмайды. Неге?(Жауабы: Өйткені суда кері итеруші күш әсер етеді)

Паскаль тобының сұрақтары:

1)Неге өзен суына қарағанда, теңіз суында жүзген жеңілірек?(Жауабы: теңіз суы тұзды,тұзы неғұрлым көп болған сайын тығызырақ келеді)

2)Сүңгуір үйрек су бетінде қамыстың сабағынан ұя жасайды. Ұя су бетінде жел қалай соқса, солай қарай жүзеді. Құстың ұясын су бетінде қандай күш ұстап тұрады. Ұяның пішіні мен көлемі туралы не айтуға болады?(Жауабы: судың бетінде ұяға Архиед күші әсер етеді. Ұя пішіні ұяның салмағымен оған әсер ететін ығыстырушы күштен бірнеше есе аз болуы керек)

Торричелли тобының сұрақтары:

1)Сүңгуір үйрек суда жақсы сүңгиді. Судың тарапынан әсер ететін ығыстырушы күшті ол қалай азайтады?(Жауабы: Сүңгуір үйрек өзінің көлемін азайтуға трысады, яғни қанаттарын денесіне қысып алады)

2)Арқаңмен жүзгенде суда өзіңді жеңіл ұстайсың.Неге?(Жауабы: Арқамен жүзген жеңіл,өйткені арқаның көп бөлігі суға батады да, кері итеруші күшті көбейтеді)

Сапалық есептің жауаптарын тақтадан көрсетіп,оқушылардан Архимед заңын техникада, тұрмыста қалай қолданатынымыз жайлы сұрап қорытындылаймын.

Жауаптарына қарай топтар смайлик беру арқылы бағаланады.

Сабақты бекітуге «Кім тапқыр» әдісімен жүргіземін.

Тәжірибе жасауға керекті заттар

Әр топқа үлестірме материалдар

Презентация

Сабақтың соңы

Рефлексия

5минут

«Жауап дәлелдемесі» рефлексиясы

1.Мен сабақта жұмыс жасадым…………себебі……………

2.Сабақтағы өзімнің жұмысыма…………..

3.Сабақтың өтуі маған……….

4.Сабақ үстінде маған……..

5.Сабақ материалы маған………..

6.Менің көңіл күйім…………..

Үйге тапсырма: §29оқу. 4.6-жаттығу. № 11,12 есептер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлапотырсыз? Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз? Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы
Жалпыбаға

Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралыда, оқутуралыдаойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.