ШҚО Семей қаласы «№ 48 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
бастауыш сынып мұғалімі Тулеубаева Гайни Нурбековна
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Математика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Геометрия элементтері Сынып: 1 Мұғалімнің аты – жөні: Тулеубаева Гайни Нурбековна Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||
Сабақ тақырыбы | Геометриялық пішіндер | |
Оқу мақсаты | 1.3.1.2 жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тік төртбұрыш) және кеңістік фигураларды(куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру | |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: фигуралардың атауларын біледі, жазық және кеңістік фигураларды ажыратады
Көптеген оқушылар: кеңістік фигуралары пішіндегі заттармен сәйкестендіре отырып, ұқсас заттарды атайды Кейбір оқушылар: фигуралардың пішіндері мен ерекшеліктерін анықтайды |
|
Бағалау критерийлері | . Жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тік төртбұрыш) және кеңістік фигураларды(куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) денелерін ажыратады
. Геометриялық фигуралар мен қоршаған ортадағы заттардың пішініне ұқсастығын сәйкестендіреді |
|
Тілдік мақсаттар | . Оқушылар орындай алады: фигураларды сызады, жасайды, түсіндіреді, салыстырады
. Жазық геометриялық пішіндер, екі өлшемді форма, үшбұрыш, дөңгелек, төртбұрыш, тік төртбұрыш. Кеңістік пішіндер, үш өлшемді форма, шар, цилиндр, конус, пирамида, куб . Сынып бөлмесінен көре алатын жазық пішіндерді атайды |
|
Құндылықтарды дарыту | Шығармашылық пен сын тұрғысынан ойлау. Топтық жұмыс кезінде оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. | |
Пәнаралық байланыстар | Көркем еңбек : ермексаздан кеңістік фигураларын жасайды | |
АКТ қолдану дағдылары | бейнежазба | |
Бастапқы білім | Оқушылар алдыңғы сабақта алған білімдеріне сүйенеді. Геометриялық фигураларды ажыратады және атайды. | |
Сабақ барысы | ||
Сабақтың жоспарланған кезендері | Сабақтағы жоспарланған іс- әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы
3мин 6мин 5мин 8мин |
Ұйымдастыру кезеңі
-Сәлеметсіздер ме! -Балалар, мен сіздерді шаттық шеңберге шақырамын. Бір-бірімізге жылы лебізімізді білдірейік. (Т) «Мозайка» тәсілі. Оқушылар түрлі –түсті қиылған фигураларды алып, топқа бөлінеді. Топта алған фигураларды құрастырады. Құрастырып болған топ бір шапалақ соғады. (О) І топ-үшбұрыш; ІІ топ-шаршы; ІІІ топ-төртбұрыш; ІV топ-дөңгелек Құрастырған фигураларды атайды. (М) Осылардың барлығын бір сөзбен қалай айтуға болады. (О) Фигуралар — Ендеше бүгін фигуралар туралы айтамыз. — Осыдан басқа тағы қандай фигураларды білесіңдер? (куб,шар, цилиндр,т.б) 1-тапсырма Оқушылар алдарында тұрған қағазға өздеріне ұнаған кез келген фигураны салады. (М) 1,2,3 көздерін жұмады, сипау арқылы қолмен ұстайды. (О) Қолмен ұстай алмаймыз. (М) Неге? (О) Бұлар жазық фигуралар. Қағаз бетіне салынған фигура ауада тұр. (М) 1,2,3 көздерін жұмады. Әр оқушының алдына кеңістік фигураларды үлестіремін. Сипау арқылы қолдарына ұстаған фигураны атайды. Жазық фигура мен кеңістік фигураларды салыстырады. (О) Кеңістік фигураларды қолмен ұстаймыз. (М) -Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: Жазық және кеңістік фигураларды тану 2-тапсырма. «Белсенді әс-әрекет» әдісі (М) Осы фигураларды тұйықталған жіп немесе резинка арқылы үшбұрыш, шаршы, төртбұрыш, дөңгелек жасайды. (О) Қорытындылайды –жазық фигураларды жасауға болады —кеңістік фигураларды жасау мүмкін еместігін анықтайды. (М) Ауызша кері байланыс: «Жарайсың!», «Жақсы!», «Әлі де ойлан!» Сергіту сәті: Интербелсенді тақтадан «Фигураларды қолмен жасау» бейне жазбасын көрсету. «Пішіндер әні» 3-тапсырма. Ойын: «Сиқырлы қапшық» жасырылған пішінді сыртынан қолмен ұстап, сипау арқылы, фигураны атайды және ұқсас затты табады. (О) куб-пішіндес зат қорап; дөңгелек-пішіндес зат доп, шар; цилиндр-пішіндес труба т.б Шарты: – пішінді сыртынан сипау арқылы фигураны табасыңдар –фигураға ұқсас басқа заттарды атайсыңдар (М) «Үш шапалақ» тәсілі арқылы бағаланады: «3» шапалақ-өте жақсы «2» шапалақ-жақсы «1» шапалақ-орташа |
(
А4қағаз, маркер тұйықталған жіп немесе резинка Torghai-TV |
Сабақтың ортасы
5мин 10мин |
4-тапсырма.
Кеңістік фигурасы мен оған сәйкес атауды сызықпен сәйкестендіріп қос. (О) Дәптермен жұмыс №1 51б. 49-жұмыс парағы Бағалау критерийі: .кеңістік фигуралары пішіндегі заттарды анықтайды .кеңістік фигураларына ұқсас заттарды табады Дескриптор: -цилиндр фигураны атауымен және пішіндес затпен сәйкестендіреді — текше фигураны атауымен және пішіндес затпен сәйкестендіреді — конус фигураны атауымен және пішіндес затпен сәйкестендіреді — шар фигураны атауымен және пішіндес затпен сәйкестендіреді — пирамида фигураны атауымен және пішіндес затпен сәйкестендіреді (ҚБ) Смайликтер (3түрлі) Үлкен с.-дұрыс орындайды Орташа с.-1,2 дұрыс орындалмаған Кішкентай с.-дұрыс орындалмаған 5-тапсырма Ермексаздан кеңістік фигураларын жасайды. Осы жасалған фигуралардың пішіндері мен ерекшеліктерін анықтайды. Оқушыларға өзара тексеру жұмыстарын жұппен жүргізуді ұсынып, жасаған фигураны атап, кеңістік фигураларының бірі домалайды, ал кейбіреулер домаламайды? (М) Неліктен? -Оқушылар жасаған заттарын домалату арқылы қорытынды жасайды. (М) Бұл тапсырма кейбір оқушыларға арналған «Әріптес» тәсілі арқылы (Жауап беретін әріптестер орындығының арқасына стикер жапсырып қоямын) (О) (шар барлық бағытта, цилиндр-алға, артқа домалайды, конус бүйір беттері тегіс, тек айналады т.б) (М) -Неліктен текше, пирамида домаламайды? (О) (текшенің қырлары бар, пирамиданың қырлары кедергі келтіреді т.б) |
|
Сабақтың соңы
3мин |
-Оқушылардың жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергендерін білу үшін төмендегі сұрақтарды қоямын.
-Қандай кеңістік фигураларын білесіңдер? -Қандай кеңістік фигуралары домалайды? Неліктен? Бағалау: Ауызша кері байланыс. «Өте жақсы!», «Жақсы!», «Ойлан!» «Жетістік баспалдағы» тәсілі арқылы бағалаймын. -Балалар сабақты баспалдақ арқылы, стикер жапсыруларыңа болады. Жоғарғы бөлігі- түсіндім, Ортасы-әлі сұрағым бар, Төменгі жағы-түсінбедім |
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап
отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Көбірек қолдауды қажет ететін оқушыларға «Сиқырлы қапшық» ойынын ойнату кезінде ашық сұрақтар қою арқылы қолдау көрсетемін. «Әріптес» тәсілін пайдаланып қабілеті жоғары оқушылар кеңістіктегі фигуралардың пішіндері мен ерекшеліктерін анықтау үшін ермексаздан кеңістік фигураларын домалату арқылы анықтайды | Топтық, жұптық, практикалық жұмыс, зерттеу әдісі кезінде ауызша кері байланыс, бағалау жүргізілді. Дәптермен жұмыс кезінде смайликтер арқылы бағалау болды. «Үш шапалақ» тәсілі арқылы бағаланады: «3» шапалақ-өте жақсы, «2» шапалақ-жақсы, «1» шапалақ-орташа
ҚБ: Смайликтер (3түрлі) Үлкен с.-дұрыс орындайды Орташа с.-1,2 дұрыс орындалмаған Кішкентай с.-дұрыс орындалмаған Ауызша кері байланыс: «Жарайсың!», «Жақсы!», «Әлі де ойлан!» «Үш шапалақ» тәсілі арқылы бағаланады: «Жетістік баспалдағы» арқылы бағалаймын Жоғарғы бөлігі- түсіндім, Ортасы-әлі сұрағым бар, Төменгі жағы-түсінбедім |
Ермексазбен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік ережесімен таныстыра-
мын |
Сабақ бойынша рефлексия | ||
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі ( оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз ) ? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады ( оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз ) ? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |