Жаңа сабақтар

Жамантикова Айнагуль Маратовна

Ортаңғы топта ұймдастырылған оқу қызметі.

Білім саласы: коммуникация.

Бөлімі: қазақ тілі.

Тақырыбы: Сөздердің ғажайып әлемі. Мақсаты: Балалардың сөздік қорын сөздік – тілдік ойындар арқылы кеңейту.

Міндеттері: Сөздерді ұйқастыра жалғауларын үйлестіре білуге жалғастыру. Тілде сын есімдерді қолдануға қызықтыру. Ілік септігіндегі зат есімдерді тілде дұрыс қолдануды жетілдіру. Сөздерді нақты айта, саусақтардың қимылын сөздермен сәйкестіре білуге қалыптастыруды жалғастыру.

Қолдың ұсақ моторикасын, қиялды дамыту.

Көрнекіліктер: періште, теңіз шуы аудиожазба, Э.Грига «Утро» композициясынан үзінді, «Облака, белогрибывые лошадки», «Улыбка», әндері, классикалық музыкалар жинағы, «Күннің көзі» қатырма қағаздан жасалған, «Күннің көзі» жіппен жоғары көтерілетін, аспан, бұлттар, теңіздер бейнеленген панно; қатырма қағаздан қиылған әр түрлі пішіндегі «бұлттар», себет, теңіз тастары, қылқаламдар, гуашь, су құйғыштар. Сөздік жұмысы: бұлт, аспан, шағала.

кезеңдері Педагогтың іс — әрекеті Балалардың іс -әрекеті
Мотивитация-лық- оятушылық Музыка сүйемелдеуімен Періште (педагог) келеді.

-Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен Сөздер еліндегі періштемін! Менің елімде болған біршама өзгереді. Қалай өзгеретінін білгілерің келе ме? Онда мен сендерді өз еліме қонаққа шақырамын. Шақыруды қабылдайсыңдар ма? Біз қиялдың көмегімен саяхат жасаймыз.Көздеріңді жұмыңдар. (Э.Грига «Утро» композициясының үзіндісі жүргізіледі). Міне, келіпте қалдық.Көздеріңді ашыңдар. Бірақ, бұл не? (аспан, бұлттар, теңіздер бейнеленген паннода жіптегі «күннің көзі» көтеріледі.

Көгілдір алқаптың арасында

Асықпай от сол жүреді.

Жер –Ананы аралайды.

Терезеге көңілді жарқылдайды

Әрине, бұл күннің көзі.

Амандасады.

Періштенің қонаққа шақыруын қабылдайды.

Әсерлене қарайды.

Ұйымдас

тырушылық — ізденушілік

-Қараңдаршы, қандай ғажап күннің көзі! Оның жарығынан әлем ғажайыпқа енеді.Күннің көзіне алақандарынды созыңдар, оларды жылытыңдар.өз беттеріңе қойыңдар.

-Кәнеки, күннің көзімен ойнайық.

Күннің көзі, күннің көзі

Өзеннің жағасында серуендейді.

Күннің көзі, күннің көзі,

Сақиналарыңды лақтыр.

Алтынға айналғанын аламыз.

Домалатып, айналдырып,

Өзіне қайтарып беремін.

  • Жарайсыңдар! Аспанға қарайық.

Ол туралы не айтуға болады?

Тамаша! Ал, енді, бұлтқа қарап дем алыңдар.( «Облака, белогрибывые лошадки»). Бұлттар аспанда тез қозғалады. Біреуі пырақты атқа ұқсайды. Келесісі жүйткіген машинаға ұқсайды. -Ал, үшіншісі неге ұқсайтынын білмеймін? -Сендер қалай ойлайсыңдар, мынау бұлт неге ұқсайды? Бұл бұлт балыққа ұқсайды. Ал мынау бұлт ше? Бұл бұлт гүлге ұқсайды. Қолдарынңа кішкентай бұлттарды алыңдар және оларға мұқият қараңдар. Өз бұлттарыңның сұлбасын саусақтарыңмен жүргізіңдер. Қиялдаңдаршы, олар неге ұқсайды. Дауыстап айтайық. Міне былай: «Менің бұлтым …. ұқсайды.

  • Қандай тамаша сөздер ойлап таптыңдар! Олардан әлем қайырым-ды болады, яғни тамаша болды. Ал сендер сөздер әр жерден табуға болатынын білесіңдер ме?

Мен сөзді әр жерден табамын. Аспанда да, суда да, Жерде де, төбеде де. Мұрында да, қолда да. Мұндайды естіп пе едіңдер! Қамықпа! Сөздермен ойнайық!-Аспаннан сөздер табыңдаршы. Ал енді, жерден іздеңдер. Қандай қызықты сөздерді тауып алдыңдар! (Теңіз шуының дыбысы естіледі). -Балалар, тыңдаңдаршы, ненің шуы?Иә, бұл – теңіз.Ол өте әдемі. Ал, су бетінде қандай құстар ұшып жүр?Олар толқындардан нені көреді? Бұл шағалалар балық аулап жүр. Олар туралы жаңылтпаш айтайық.

Шағала, шағала, шағала, Теңіз жүзін арала, арала, арала, арала.

Осы жаңылтпашты саспай бәріміз бірге айтайық. Ал енді бір – бірден айтайық. Жақсы айтқандары үшін, тастар береді. Тастармен ойнайық. Оларды алақандарыңда домалатыңдар.Сәл кейін біздің тастар, сыйқырланып қалады, ал енді оларды үстел үстіне қойып, қызықты тақпақты тыңдаңдар, тек қана қоймай өз сөздеріңді қосыңдар. Егер бұл кішкентай балық болса – онда ………… күлкі бар. Егер бұл кіп –кішкентай балық болса – онда …….. күлкі бар. Егер бұл балық үлкен болса –онда …. күлкі бар. Міне, қандай көңілді балықтар теңізде бар. Періште қолына себет алады. Алдымнан самал жел еседі. Менде жүк машинасы бар. Онда ғажап сөздер бар. Мен бір сөзді білемін, одан айналадағы әлем ғажайыпқа айналады. Бұл сөз –«күлкі»! Міне, сендер де күлдіңдер. Ал сендер таңғажайып сөздерді білесіңдер ме? Олай болса, мына жүк машинасына қосыңдар. Осы әдемі сөздер әрқашан бізбен бірге болсын.Оларды босатып жіберейік. Бұл сөздер бүкіл әлемге, біздің балабақшаға тарасын. Ал, енді ойын ойнайық.Қолдарыңа тастарыңды алып , кілемшеге келіңдер. Егер саған ұнаса, онда осылай істе (сол жақ құлағына қолын көтеріп, қолындағы таспен алақанын шапалақтау). Егер саған ұнаса, онда осылай істе ( оң жаққа да осылай жаса) Егер саған ұнаса, онда осылай істе Екі рет аяқпен топылдату). Егер саған ұнаса, онда осылай істе (қолды кеудеге қоя, алға – артқа иілуі). Егер саған ұнаса, онда осылай істе (жүрелеп отырып, тасты еденге екі рет тарсылдату). Егер саған ұнаса, онда осылай істе Еденге тасты қоя, одан алға артқа секіру) Егер саған ұнаса, онда осылай істе (Жоғары –төмен қолдарын сермеу). Енді тастарымызды сыйқырлауға кезек келді. Қолдарыңа қылқалам-дарды алып, өз тастарыңа бір жақсы нәрсе салыңдар.Оларды өз достарыңа немесе туыстарыңа сыйлаңдар, сонда оларың жүздерінде күлкі белгісін көресіңдер. Қандай әртүрлі, тамаша суреттер шыққан.Жарайсыңдар, балалар!

Әр бала өз беттеріне жылылықты сезеді.

Өз қолдарының саусақтарын қозғайды.

Жұдырықтарды тез ашып жұмады, т.с. с. қимылдар көрсетеді.

Сұраққа жауап береді.

Әр бала педагог берген тапсырманы ойланып, орындауға тырысады ( менің бұлтым ….. ұқсайды).

Сөздер ойлап табу.

Аспанда – жұлдыздар, күннің көзі, ай, бұлттар, құстар, т.с.с.

Зейін қойып тыңдайды.

Суреттен қарап жауап береді.

Жаңылтпашты жаттап алу.

Жаңылтпаштағы әр сөзді анық айтады.

Сөздерді әр бала ойланып айтады.

«Күлкі» сөзін бәрі бірдей қайталайды.

Періште балалармен « себеттегін айналаға шашады.

Мәтінді қимылдармен сәйкес көрсетеді.

Әр бала тастарына ( күннің көзін, көңілді аңдардың, гүлдердің т.с.с.) қылқаламмен суреттерін салады.

Рефлексивті- түзетушілік Біздің саяхатымыз аяқталды. Қоштасатын кез келді.Көздеріңді жұмыңдар.(музыка ойналады). Міне, біз үйге келдік. Көздеріңді ашыңдар. -Сендерге сөздер еліндегі саяхатымыз ұнады ма?

  • Қалай ойлайсыңдар, сендер өзгердіңдер ме?

Таңғажайып ел барын Достарым, сендер, енді білесіңдер. Теңізден самал жел еседі. Көк аспан астында- Бәріде тамаша, жақын. Мен сендермен қоштасар алдында, бәріңе өздеріңді және айналадағыларды тек жақсы сөздермен қуанта берілеріңді тілеймін. Періште қоштасады.

Сұрақтарға ойлана жауап беруі.

Алғыс білдіріп, қоштасу.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Жаңылтпашты жатқа біледі; ілік септігінде зат есімді сөздерді айта білу;

Игереді: Сөздер туралы түсінік.; өз ойын қылқаламмен сурет салу арқылы көрсету.

Меңгереді: Сөз бен сөз қимылын үйлестіреді, ойын –тапсырмаларды дұрыс орындай алады

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.