Мухамбеталиева Жупар Нургалиевна

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы

Мичурин жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешені

Ересек «Балапан» тобының тәрбиешісі: Мухамбеталиева Жупар Нургалиевна

Тәрбиеленушілері: Утегалиева Айгерим, Шүкірғали Айнұр.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: «Балмұздақ»

Мақсаты: Балмұздақ суретін сала білуді үйрету. Балмұздақ салуда өз еркімен бояу түстерін таңдай білу. Жоғарыдан төмен қарай қылқаламмен сызықтар жүргізе отырып толық, тегіс бояуға үйрету. Ұқыпты жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. Балмұздаққа деген сүйіспеншілк сезімдерге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар:Балмұздақ суреті, ыдыстағы балмұздақ суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар:Бояулар, қылқалам, қағаз, су, сүлгі, магнитофон, баяу әуенді күйтабақ, сурет, дәпте

Түрі: дәстүрден тыс сурет салу

Билингвальді компонент:Балмұздақ-морожный-aiscrtm

Оқу іс-әрекеті

кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Себепті қызығушылық ояту кезеңі Шаттық шеңбері:

Күннің көзі ашылсын,

Көкке шуақ шашылсын

Құтты қонақ келіпті

Төрімізге еніпті

Ал қанекей бәріміз

Сәлем дейік үлкенге

Сәлеметттсіздер ме,апайлар!

Өлең жолдарын қимылмен іс-әрекетпен көрсетеді.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктемде неше ай бар?

Балалар мұқият тыңдайықшы

Ғажайып сәт:

Мен сендерге жұмбақ жасырамын,сендер шешуін тауып көріңдерші.

Аппақ қардай,

Дәмі балдай. Бұл не балалар?

Балалар өзі дәмді әрі қардай ол не болды?

Қардың түсі қандай?

Балмұздақтың түсі қандай?

Балмұздақа жемістерде қосуға болады.

Балалар қараңдаршы мына сурете не салынған

Балмұздақтың ыдысы тәтті қытырлақтан

жасалады. Балмұздаққа қаймақ,сүт,қант, сары май дәмдеуіш жеміс-жидектер

қосады .

(Слайд)

Балалар балмұздақ қалай жасалатынын экранан тамашалайық.

Өз беттерінше сұрақтарға жауап береді.

-Балмұздақ

-Ақ

Балалар экранға назар аударады.

Ұйымдастырушылық ізденіс кезең -Балалар балмұздақ қалай жасалатынын көрдіңіздер.Құрамына қандай дәрумендер бар екенін. Адамның ағзасына пайдалы ақуыз бен кальций бар.

Балмұздақты дәстүрден тыс әдіспен салу.

Бүгін біз сурет оқу қызметінде балмұздақты суретін саламыз.

Балмұздақтың жасалу жолдарын түсіндіріп, көрсету.

Балалар менің қолымда ненің суреті?

Аюдың суреті,аю не жеп кележатыр?

Балмұздақтың түсі қандай?

Не қосылған сонда?

Ал ендеше аю туралы сергіту сәтін білеміз бе?

Сергіту сәті:

Қорбаңдаған аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық ,

Қалтамызға салайық.

Дәстүрден тыс балмұздақтың сурет саламыз.

Балалар берілген қағаз бетіне көпіршік арқылды балмұздақ суретін салады.

Балалар балмұздақтың сурет салады.

-алқызыл

-таңқурай

Өлең сөздеріне қосылып айтып қимыл қозғалыстарын жасайды.

Іс-әрекеттің бағалау кезеңі Балалар біз бүгін не көрдік?

Не жасап үйрендік?

Балмұздақ түсі қандай? Негізгі түсі ақ болады

Балмұздақа түрлі дәмеуіштерқосып,түстерін өзгереді .Балмұздақ ағылшын тілдінде қалай аталады?

Орысша қалай?

Жарайсыңдар балалар сендер оқу іс-әрекетіне жақсы,ұйымшыл қатысқандарың үшін,сендерге мен балмұздақ әкелдім.

Осымен оқу іс-әрекеті аяқталды. Қонақтарға рахмет айтып қоштасамыз.

Балалар толық жауап береді.

Жеке-жеке жауап алынады.

-thank you

-морожный

-Рахмет,спосибо,thank you

Күтілетін нәтиже:

Біледі: өз еркімен бояу түстерін таңдай біледі.

Игереді: Араластыру тәсілін игерді

Меңгереді: түрлі әдіспен сурет салуға дағдыланады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше