Утегалиева Ақнур Бактыгалиевна

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы

Мичурин жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешені

Ересек «Ақбота» тобының тәрбиешісі: Утегалиева Ақнур Бактыгалиевна

Тәрбиеленушілері: Бақай Абдурахман,Максимұлы Мансур

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімдері: ҚМТҚ

Тақырыбы: 1,2,3,4 цифрлары туралы өткенді пысықтау. Солға, оңға.

Мақсаты: 4 саны мен цифры туралы өткенді пысықтау; 1,2,3,4 цифрларын заттың санымен сәйкестендіруді жалғастыру;үшбұрыш, тіктөртбұрыш сияқты геометриялық фигуралар туралы өткенді пысықтау; айналадағы заттардың геометриялық фигуралар пішіндес заттарды таба білуге үйрету; өзіне қатысты тұрғыда заттың орналасуын (солға, оңға) анықтау сөзбен баяндау.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, ойын

Қажетті көрнекі құралдар: цифрлар карточкасы, заттық суреттер ойынға қажетті суреттер.

Қостілділік компонент(билингвальный): бір-один-one, екі- двое-two, үш- три-three

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі «Цифрды тап» дидактикалық жаттығу.

Педагог үстелге 1-ден 10-ға дейінгі сандарды орналастырады. Содан соң балаларды кезек-кезек тақтаға шақырады және бір цифрды қолына алып, ол туралы тақпақ айтып беруін өтінеді.

Балалар цифрды табады және цифрды оқиды.

Бұл-1цифры

Бұл-цифры..

бұл- деген цифр…

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі 1-тапсырма.

Педагог балалардан шаршыларда қандай сан жазылғанын сұрайды. Сол жақтағы шаршының ішіндегі цифр нешені білдірсе, сонша тақия мен етік салуға тапсырма береді.

4цифры туралы өлең айтып берулерін сұрайды 2-тапсырма.

Педагог балаларға сұрақ қояды және тапсырма береді:

-Шырша қандай геометриялық фигуралардан құралған?

-Шыршаны құрап тұрған геометриялық фигураларды бояңдар.

«Санамақ» сергіту минуты.

Бір, екі, үш, төрт

Жиналамыз бәріміз

Бір, екі, үш, төрт

Секіреміз бәріміз.

Бір, екі, үш, төрт

Отырамыз бәріміз.

3-тапсырма.

Сурет бойынша барлық балаларды санауды тапсырады. Жасырынып тұрған балаларға да назарларын аудару керек. Содан соң сонша дөңгелекті бояйды.

4-тапсырма.

Жолақтың ішінде қандай фигуралар бар екенін айтады. Жолақтың ішіндегі фигураларды орналасуына қарай салыстырады. Енді бірдей жолақты бір-бірімен сызық арқылы қосады.

Балалар сұрақтарға жауап береді және тапсырманы орын

дайды.

4 цифры балалар өлең оқиды:

Білек күші тасыған,

Төрт күрескер ағаң

Қолын қойып беліне,

Шарламайды ешқашан.

Балалар тапсырманы орындайды және сұрақтарға жауап береді:

Үшүбұрыш және бір тіктөртбұрыш.

Балалар жаттығуларды орындайды. Екі аяқпен алға қарай секіреді,

Бір орында тұрып секіреді. Отырады.

Қолдарын жан-жаққа созады.

Балалар барлығы төрт бала бар екенін айтып, 4 дөңгелекті бояйды.

Екі бірдей жолақты қосып, оның бірдей екендігін дәлелдейді.

Іс-әрекеттің бағалау кезеңі Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру-Балалар сендер қандай цифрлар туралы тақпақ айтып едіңдер?

-шыршаны қандай геометриялық фигуралардан құрастырдыңдар?

Белсенді қатысқан балаларды мадақтау.

Балалар өздерінің жұмыстарын педгогтің үлгісімен салыстырады.

1,2,3,4 цифрлары туралы. Үшбұрыштар мен тіктөртбұрыш.

Нені біледі: 4 саны мен цифры туралы;

Қандай түсініктерді игерді: 1,2,3,4 цифрларын заттың санымен салыстыруды; айналадағы заттардың арасынан геометриялық фигураларды табуды;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктерді: заттың орналасқан орнын анықтауды(солға, оңға); үшбұрыш, тіктөртбұрыш сияқты геометриялық фигураларды тани білуді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше