Байсакалова Назым Темирбулатовна

БҚО, Бәйтерек ауданы, Мичурин жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешені. Ересек «Ақбота» тобының тәрбиешісі

Байсакалова Назым Темирбулатовна

Тәрбиеленушілері: Нұрғалиқызы Нұрайна, Пак Руслан.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным.

Бөлімі: Экология

Тақырыбы: Жеміс бағына саяхат!

Мақсаты:

  1. Жемістер туралы білімдерін естеріне түсіріп, жемістер бақта өсетіндіктерін ұғындыру.
  2. Күз сыйы және бақ деген сөздерге сөздік жұмысын жүргізу арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

  3. Табиғатқа деген мейірімділікті тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: көкөністердің үлгілері, себет, «жеміс бағының» суреті, үлестірмелі материалдар.

Үштілділік компонент: бақ-сад, урожай-өнім, жемістер-фрукты, алхоры-слива.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық –қозғаушылық Шаттық шеңбері:

  • Қайырлы таң, қайырлы күн!

Саулық тілеп бәріне,

Сәт келді амандасатын.

Таңғажайып сәт.

  • Балалар, біз бүгін саяхатқа шығамыз, ал қайда баратынымызды мына себет арқылы анықтаймыз. Педагог жемістер салған себеттті көрсетеді (алма, алмұрт, алхоры, апельсин, лимон).
Шаттық шеңберіне тұрады, амандасады:

  • Қайырлы таң!
  • Қайырлы күн!

Қуанады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік Білімді өзектендіру.

Себеттегі жемістерді бір-бірден алып шығады.

  • Мынау не? (Алма, алмұрт, алхоры, лимон, апельсин).
  • Ал бұлардың бәрін біз бір сөзбен қалай атаймыз?
  • Жемістер қайда өседі?
  • Өте жақсы! Біз сендермен жемістер бағына саяхатқа барамыз. Күз келді, сондықтан да пісіп тұрған жемістерді жинап алатын кез келді.

Билингвальды компонент: бақ-сад, урожай-өнім, жемістер-фрукты, алхоры-слива.

Күзгі өнімге (урожай) күзде піскен барлық жемістер мен көкөністер, дәнді дақылдар жатады.

Бақ (сад) – жеміс ағаштары өсетін жер.

Жемістер туралы жұмбақтар жасыру.

Допқа ұқсайды өзі,

Қызғылт сары түсі. (Апельсин)

Терісі қалың, дәмі қышқыл,

Түсі сары, еті дәрі. (Лимон)

Жемістерді атайды.

  • Алма т.б.

Бір-бірінің жауаптарын толықтырады.

  • Жемістер-фрукты.
  • Ағашта өседі.

Жұмбақтарды шешеді.

Қайталайды.

  • Өнім – урожай.
  • Бақ-сад.
  • Жемістердің аттарын қайталайды.

Жұмбақтардың жауаптарын айтады.

Көктемде ақ гүлге оранады,

Күзде қолға доп болып оралады. (Алма)

Ілініп тұрған шарлар,

Күн көзімен көгерер. (Алхоры)

Жұмбақтардың шешулері болған жемістердің суретттерін көрсетеді.

Сергіту сәті:

Аяқтың ұшымен тұрамыз,

Алманы жұлып аламыз.

Үйге қарай жүгіріп

Аналарға сыйлаймыз.

Алмаға тән белгілерді анықтау.

  • Міне, мен сендерге алма жұлып әкелдім. Пішіні қандай?
  • Сипағанда қолға қалай сезіледі?

Алманы бөліп балаларға таратып береді.

Үлестірмелі материалмен жұмыс. Тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіреді.

Жеке жұмыс жүргізеді.

Алхоры – слива.

Аяқ ұшына тұрады. Жүгіреді.

  • Алма дөңгелек доп сияқты.
  • Алманың сырты тегіс, өзі қатты.
  • Дәмі – тәтті.

Тапсырманы орындайды

Рефлексия-лық-түзетушілік Қорытындылау.

Жемістерге байланысты сұрақтар қояды, балалардың жауаптарын толықтырады, қорытындылайды.

Педагогпен бірге сабақты қорытындылайды.

Күтілетін нәтиже:

орындайды: жанды және жансыз табиғаттағы маусымдық өзгерістерді бақылауға арналған тапсырмаларды.

түсінеді: күз мезгілі және оның ерекшелігі туралы ұғымды.

қолданады: әр жыл мезгілінің ерекшелігін біліп, оларды анықтай алу дағдыларын.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше