Жаңа сабақтар

Душатова Феруза Азатовна

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы
№ 9 «Бәйтерек» балабақшасы МКҚК
тәрбиешісі Душатова Феруза Азатовна

Табиғатты аялайық

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Балаларға табиғат туралы және оның құбылыстары, ерекшеліктері, жыл мезгілдерінің ауысуы туралы түсінік беру.Топпен жұмыс жасай білуге,өзіндік жұмыс істеуге,ізденуге үйрету.
2. Дамытушылық: Табиғатқа деген қызығушылығын арттыру, сөздік қорларын ,тіл байлығын ,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Экологиялық тәрбие беру, адамдардың жануарларға көрсететін көмегін айта отырып, балаларды қайырымдылыққа баулу.

Көрнекілігі: Табиғат құбылыстарына арналған суреттер слайды, жыл мезгілдерінің суреттері, майшам.

Әдіс- тәсілдері: Құм терапиясын қолдану, ойын, сұрақ-жауап, мадақтау;

Шаттық шеңбері:
Күн сәулесі төгілгені әдемі,
Сылдыр қаққан мөлдір суда әдемі.
Биік-биік шыңдарым да әдемі.

Айдын көлде аққу қандай әдемі
Даланы әнге бөлеген құстарым қандай әдемі,

Ақ көрпеге оранған қысым қандай әдемі,

Масатыдай құлпырған көктем қандай әдемі,

Сары алтынға малынған күзім қандай әдемі,

Осылайша табиғатқа бір қарап
Табиғатпен сырласуда әдемі.
Жер – Ананы аяласаң жан – тәніңмен,
Боласыңдар сендер де, дүниедегі ең әдемі!
Сүйейік, табиғатты аялайық!
Біз де онан жақсылықты аямайық!
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.

-Сәлеметсіздер ме, балалар! Осылайша әдемі көңіл-күймен бүгінгі оқу қызметімізді бастайық. Бүгін біз сіздермен «Табиғатты аялайық» тақырыбында әңгімелесетін боламыз.

-Күн, күн сен неге күлімдейсің? -Көктем келді!

-Жаңбыр, жаңбыр сен неге сіркірейсің? -Көктем келді!

-Бұлақ, бұлақ сен неге сылдырлайсың? -Көктем келді!

-Гүлдер, гүлдер сіздер неге жайнайсыңдар? -Көктем келді!

-Құстар, құстар сіздер неге сайраңсыңдар? -Көктем келді!

-Әріне көктем келді!

Балалар, бүгінгі күніміз қызықты болмақ.

Біздің бүгінгі тақырыбымыз: «Табиғатты аялайық» деп аталады. Дидактикалық ойын: «Дұрыс орналастыр»

Балалар,сендер табиғат құбылыстарын шатастырып жібермедіңдер ме? Бір жылда неше мезгіл бар? ( балалар төрт топқа бөлінеді)

Қане тексеріп қарайын.

(жыл мезгілдерін өлең жолдарымен сипаттайды)

-Балалар, қараңдаршы, күн бейнесі барлық мезгілде кездеседі.

-Күн туралы не білеміз?

-Балалар, Күнді неге тіршілік көзі дейміз?

Балалардың жауабы. (Жарық және жылу береді).

-Күн Жерге жарық пен жылуды бірдей бере ме?

-Балалардың жауабы. Жоқ

-Неге? Дәлелде.

Тәжірибе: Шамшырақты жақ, глобусты өз білігінен айналдыра отырып,өзін шамның айналасынан айналдыр.

-Не байқадың?

-Балалардың жауабы.

Демек,тұжырым жасайық. Жер Күнді айналғандықтан күннің жылуы жер бетіне әркелкі тарайды екен. Соның әсерінен бір жерде салқын, яғни қыс, бір жерде ыссы, яғни жаз,бір жерде жылы көктем, бір жерде қоңыр салқын күз мезгілдерін қалыптастырады екен.

-Олай болса, Жер өз білігінен айналып қоймай, Күнді айналып шығады екен. Жер Күнді айналып жүргендіктен, Жердің әртүрлі бөліктері, жарық пен жылуды көп немесе аз алады,бұл жыл мезгілдерін қалыптастырады.

-Енді балалар,сендерге толық түсінікті болу үшін электронды оқулықтан Жердің күнді қалай айналатындығы және жыл мезгілдерінің ауысуы туралы ақпаратты тыңдайық.

Қәне, Құм еліне саяхатқа баруға дайынсыздар ма?! (Балалардың жауабы)

Олай болса, Құм еліне саяхатқа аттанайық.

Құм еліне «кіру» салт – жоралғысы:

(Музыка ойнайды. Бірінің артынан бірі жүреді)

Тауып алып Мейірім мен махаббат,
Жеңу үщін қатыгездік, зұлымды,
Бәрін білу, біле білсең, ол тым аз
Болу керек пысық әрі белсенді,
Ержүрек, күшті, мейірімді,
Сонымен бірге,
Болу керек зейінді!

Тәрбиеші: Көздеріңді ашыңдар. Қараңдаршы, біз құм еліне келдік.
Ал енді ғажайып құм елінің ережесін қайталап айтып көрейік.
Бұл жерде ұрысып керісуге болмайды!
Құмды рұқсатсыз алып шашуға болмайды!
Достарымен ақылдасып,
Пікір айтып, жасасуға бірақ болады.
Тәрбиеші: Қәне, балалар құмзарға жақындайық. Алдымен құммен амандасып алайық. Енді құмнің бізбен амандасқысы келеді, іштей құммен қалай амандасқысы келеді, солай амандассын.

(Екі қолымызды қумның бетіне қоямыз).

Балалар, сіздердің алдарыңдағы құмзарда әр түрлі құм бар, ылғал құм, манки, ас содасы және сурет салуға арналған құм таңдап алынды.Ал, балалар іске сәт. Табиғаттың кереметін өз қиялыңызда қалай елестетесіңдер, солай салуға болады.

Тыныштық сәті:
— Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
Әңгімелеу. «Табиғат — Ана».
Табиғат – Ананың Жер, Су, Ағаш деген үш ұлы болыпты. Олар өте ақылды, мейірімді екен. Табиғат — Ана бір күні ұлдарын шақырып алып:
— Адамдарға көп қызмет еткен ұлыма үлкен сый тартамын, — деп уәде береді.
Сонда ұлдары анасының айтқанына қуанып келісіп, адамдарға жақсылық жасауға жолға шығыпты. Үшеуі үш жаққа кетіп, адамдарға көп игілікті істер жасапты. Күндердің күнінде үшеуі еліне қайтып оралғанда, аналарының бұрынғыдан да бетер көріктене түскеніне риза болған ұлдары:
— Апатай, Сіз қандай керемет күйге түскенсіз, мұның сыры неде?- дегенде Табиғат — Ана:
— Аяулы ұлдарым менің, бұның сыры сендердің адамзатқа жасаған қайырымдылықтарыңда,- деп жауап береді. Содан бері Жер, Су, Ағаш аналарының сұлулығын сақтап қалу үшін, адамдарға адал қызмет етумен келеді екен.

Қорытындылау:
Балаларға сұрақтар қою.

  1. Табиғат әдемілігін сақтау үшін ең бірінші не керек екен?
  2. Жер, су, ағаш бір — бірімен байланыста ма?
  3. Су болмаса жердің көркі бола ма?
  • Күн мейірін шашса, жаңбыр жерге нәр береді.

-Ал құстар біздің досымыз.

-Олар бізге тамаша ән салып, көңілімізді көтереді, табиғатқа көрік береді. Жеміс ағаштары, көкөністер Жер — Анадан өсіп өнеді.

Құстардың дауысына құлақ сал!

-Табиғаттың сұлулығын сезіне біл!

-Табиғатты қорғай біл!

-Барлығымыз айнала қоршаған табиғатқа қамқор болып, оны күтіп, баптап, сүйіспеншілікпен қарауымыз керектігін білдік.

-Біз бүгін адамның өзінің туған жеріне, табиғатына сүйіспеншілік, қамқорлық көрсету керектігін түсіндік.
Дәйек сөз:
Тәрбиеші балаларға Ө. Тұрманжановтың
«Сүйейік, табиғатты аялайық,
Біз де одан жақсылықты аямайық» деген өлең жолдарымен бүгінгі оқу қызметімізді аяқтаймыз.

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы

№ 9 «Бәйтерек» балабақшасы МКҚК

тәрбиешісі Душатова Феруза Азатовна

«Өссе тілім, менде бірге өсемін» мерекелік ертеңгілік сайыс.

Мақсаты: Мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Өлеңдер — мақалдар, билер, ойындар арқылы өтілетін шараның мәнін жеткілікті меңгерту. Сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан — ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі қазақ тілін ұрпақтың бойына сіңіре білуге және туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қ. Р мемлекеттік рәміздері, мультимедиялық тақта, слайд шоу, шарлар, жалаушалар, музыкалық аппаратура, музыкалық аспаптар, тіл тақырыбына байланысты қанатты сөздер.
Әдісі: Сайыс түрінде.
Жүру барысы:
Салтанатты әуен ойналады.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ма, құрметті көрермендер! «Өссе тілім, менде бірге өсемін» атты тіл мерекесіне арналған сайысымызға қош келдіңіздер!
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халқына жолдаған жолдауында «Қазақстан Республикасының болашағы қазақ тілінде» деген болатын. Мемлекеттік тілді үйрену, білу, дамыту – баршамыздың міндетіміз және әркімге де парыз саналады.
Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезінуі қажет. Осындай мақсатпен біздің балабақша да «Таңшолпан» МАД тобының қатысуымен «Өссе тілім, менде бірге өсемін» атты сайысы ұйымдастырылып отыр. Қазір алдарыңызға осы сайысқа қатынасатын «Жас ұлан» тобы, және «Жас дарын» тобын қошеметпен қарсы алайық.(әуенмен сайыскерлер өз орындарына келіп отырады)
Жүргізуші: Алаулаған алабынан нұр тамып.
Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып,
Көк байрағың желбірейді төрінде
Әнұраның тұр көгінде шырқалып.(Қ. Р. Әнұраны орындалады)
Жүргізуші: Ана тілім — ерлігім
Ана тілім — елдігім
Ана тілім — болмаса,
Бүтінделмес кемдігім – деп Қадір Мырза Әли жырлағандай тіл мерекесіне байланысты өткізгелі отырған сайысымыздың бөлімдерімен таныстырып өтейін. Сайыс 6 — кезеңнен тұрады. Әр кезең бойынша сайыскерлердің жауап берулеріне байланысты 1 — 5 ұпайлармен бағаланады.
Сайысымызды әділ бағалайтын әділқазы алқаларымен таныстыру.
1 — кезең «Таныстыру»
2 — кезең «Бәйге» (сұрақ жауап)
3 — кезең «Кім зерек»
4 — кезең «Мақал — мәтелдер» (қазақ, орыс тілінде)
5 — кезең «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

6 — бөлім: «Тапқыр болсаң тауып көр»
Жүргізуші:
Таныстыру кезеңін біз бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін,
Өнеріне ду қол соғып қостайық.
1 — кезең: Сайыскерлер өздерін таныстырады.

«Жас ұлан» тобы ұраны: «Ана тілім ардағым»

«Жас дарын» ұраны: «Тіл — ақылдың өлшемі»

Жүргізуші: Әділқазы алқаларынан әр топтың ұпай сандарын беріп отыруларыңыз сұралады.
Жүргізуші: Қазақтың түрлі — түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауабын табама екен сайыскерлер
Сол себептен қоятын сұрақта бар.
2 — кезең «Бәйге» бұл бөлімде сайыскерлердің топбасшысы қойылған сұрақтарға нақты әрі тез жауап берулері тиіс. Әрбір дұрыс жауап — 1 ұпай.
Қойылатын сұрақтары:
1. Сенің атың кім?
2. Сенің ұлтың кім?
3. Қай қалада тұрасың?
4. Жасың нешеде?
5. Балабақшамыз қалай аталады?

6.Тәрбиеші апайыңның аты — жөні кім?
7. Өскенде кім болғың келеді?
8. Қандай Республикада тұрасың?
9. Қ. Р. елбасы кім?
10. Елордамыз қалай аталады?

Жүргізуші: Қуан халқым, күшіне енді «Тіл заңы»
«Сүйінші» деп ақын ұлың жырлады.
Ел елдігі бағаланар тілімен,
Сол арқылы құлпырады гүл бағы.
Сайысымыздың келесі 3 — ші бөлімі «Кім зерек» деп аталады.
Сайыскерлеріміз қазақтың ұлы ақындарының өлең жолдарынан үзінді жаттап келген. Ол кімнің өлеңі және атын айту керек?
Сымбат: Абай. «Ғылым таппай мақтанба»
Тілеуің өмірің алдыңда
Оған қайғы жесеңіз,
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек бекер мал шашпақ —
Бес дұшпаның білсеңіз.
Бекзат: Мұқағали. Мақатаев «Үш бақытым»
Ең бірінші бақытым — халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар жерде мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Нұрдәулет: Ал екінші бақытым –Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей – кезде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Хадиша: Бақытым бар үшінші –Отан деген,

Құдай деген кім десе , Отан дер ем!

…Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

Аружан: Қ. Мырзалиев. «Ана тілің арың бұл»
«Ана тілің – арың бұл»
Ұятың боп тұр бақта.
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте.

Адила: Иностранный язык — это здорово!

Где угодно, его применяй,

Позабыл, как порусский, «До скорого!»

Заверни по английский «Good bye!»
Айқын: Махамбет. «Мен, мен едім мен едім»
Мен, мен едім мен едім,
Мен нарында жүргенде
Екі тарлан бөрі едім.
Қай қазақтан кем едім.
Жанерке: Ы. Алтынсарин. «Кел, балалар, оқылық»
Оқысаңдар, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегеннің алдынан
Іздемей — ақ табылар.
Омар: Қ. Мырзалиев. « Қазақ осы»
Қазақ осы — айтатұғын елге сыр,
О, ағайын халық емес ол кесір.
Қазақ осы — аңғал — саңғал жауапсыз,
Қазақ осы – дала дейтін, күн дейтін,
Қазақ осы – өнер алды тіл дейтін.
Қазақ осы – қарасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба жатырқауды білмейтін.
Жүргізуші: 4 — бөлім: «Сөз — мәйегі — мақал» деп аталады. (қазақ, орыс тілінде).
1. Жолдасы көптің — олжасы көп (Друзей много — шире дорога) Дархан
2. Отансыз адам — ормансыз бұлбұл (Человек без Родины, что соловей без леса) Мереке
3. Отан оттан да ыстық (Родина горячее огня) Жәния
4. Өнер алды қызыл тіл (Основа слова как выпущенная пуля) Назерке
5. Ел іші — алтын бесік (Родная земля — золотая колыбель) Інжу
6. Айна — айна емес — халық айна (Зеркало правда народ) Жансезім
7. Күш білімде (Сила в знание) Нұрасыл
8. Айтылған сөз атылған оқпен тең (Сказанное слово как выпущенная пуля) Махаббат
Жүргізуші: Ана тілім — күшім менің қуатым,
Жырым сендік жүрегімнен туатын.
Тауысар ма ырысыңды, қорыңды.
Тізерлесіп қатар жазса мың ақын — деп сайысымыздың 5 – бөліміне де келіп жеттік. Бұл бөлім: «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деп аталады. Мақалды жалғастыру

  1. Жүз теңгең болғанша — жүз досың болсын.
  2. Оқу білім бұлағы.
  3. Оқу — инемен құдық қазғандай.
  4. Таяқ еттен өтеді — сөз сүйектен өтеді.
  5. Өнер алды қызыл тіл.
  6. Еңбек түбі береке.
  7. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
  8. Дос жылатып айтады — дұшпан күлдіртіп айтады.

Сайысымыздың соңғы бөлімі. 6 — бөлім: «Тапқыр болсаң тауып көр» деп аталады. Интерактивті тақтадан ұяшық сандықшаларда жұмбақтар жасырынған, олардың түсіне қарап таңдауыңызға болады. Балалар жұмбақ шешеді.

Ән: Сымбатпен, Хадишаның орындауында «Жаңбыр» әні
Жүргізуші: Міне сайысымызда өз мәресіне таяп қалды. Терең ойды аядай қалыпқа сыйғызып, «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» жинақтап, сайысымызды қорытындылап жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз кезегін береміз.(Әділқазы алқалары жеңімпазды анықтайды, сайысқа қатысқан топтарды марапаттайды)
Жүргізуші: Міне осылайша «Өссе тілім, менде бірге өсемін» атты сайысымызда өз мәресіне келіп жетті. Тіл — әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тіл бар жерде ұлт та, ел де, жер де болмақ. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне көз жеткіздік. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп — көп рахмет!

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы

№ 9 «Бәйтерек» балабақшасы МКҚК

тәрбиешісі Душатова Феруза Азатовна

Тақырыбы: «Күн дидарлы Қазақстан!»
Мақсаты: Балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасы, желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсетулер арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.
Еліміздің Тәуелсіздігіне орай өткізілетін мерекелік ертеңгілікке балалар залға вальс билеп кіреді. Мұнан соң барлығы Әнұранды орындайды.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме,балалар, қонақтар, әріптестер! Бүгінгі 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған балабақшамыздағы мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.
Рәміздерім – елдігімнің белгісі,
Білу керек бала –дағы ең кіші.
Рәміздерім- ӘНҰРАН, КӨК ТУ, ЕЛТАҢБА,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Жүргізуші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан.
Жүргізуші: Қазақстан қандай мемлекет?
Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.
Жүргізуші: Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні. Еліміздің президенті кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Жүргізуші: Еліміздің елордасы қай қала?
Балалар: Астана.
Жүргізуші: Астана қандай қала?
Балалар: Астана-бас қала, әдемі, үлкен қала.
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Отан туралы тақпақтарымызды айтайық.
Сымбат: Отан- жерім, Отан- суым,
Отан қуат, нәр береді.
Отан- ұран, Отан- туым,
Отан мәңгі гүлденеді!
Бекарыс: Қуат алған өзінен,
Туған елдің ұлымын.
Бақытты етіп өсірген,
Отанымның гүлімін.
Назерке: Шырқап көкке аспан – ән,
Болашаққа бас қадам.
Қазақ рухын биіктет,
Ей, бас қалам- АСТАНА !
Бекзат: Қадамың бар баспаған,
Асуың бар аспаған.
Халқым жетсін мұратқа,
Ей, бас қала- АСТАНА!
Жүргізуші: Біз бүгін тәуелсіздік алған күнімізді мерекелеудеміз. Біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан өз мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және өзінің мемлекеттік туы бар. Балалар, мемлекеттік туымыздың түсі қандай екен?
Балалар: Туымыздың түсі – көк.
Жүргізуші: Иә, өте жақсы.
–Ал, енді балалар, Рәміздерге байланысты тақпақтарымызды айтайық (балалардың тақпақтары тыңдалады).
Дархан: Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат, әдемі!
Тұнығындай көңілдің,
Ортада- аспан әлемі.
Нур дәулет: Құт, береке – шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген.
Жәния: Анаң- күнің, жүрегің,
Әкең – өмір тірегің.
Сен- бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!

Мереке: Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек,
Елдің ашық қабағы.
Айқын : Тәуелсіздік жолында,
Талай – талай тер тамған.
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім – Елтаңбам.

Хадиша: Аспанымдай мөлдірмін,
Жайлауымдай жазықпын.
Өзенімдей өршілмін,
Гүлдерімдей нәзікпін.
Қонысбек: Ақ ниеті- алтын күн
Асқақ арман – қыраны.
Жалауы бұл- халқымның,
Мәртебесі, мақтаны.
Ән: «Ел қорғауға әзірміз».

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы

№ 9 «Бәйтерек» балабақшасы МКҚК

тәрбиешісі Душатова Феруза Азатовна

Әр бала бір жұлдыз

Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған біліктерінің, ой-өрістерінің жемісін, өнерлерін ортаға сала отырып, балаларды үлкен өмірге қадам басуға даярлау. Адамгершілікке,достыққа, бауырмалдыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Мерекеге сай әсем безендірілген залға екі бала кіріп, қоңырау соғады.
Жүргізуші: Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата — ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын

Жүргізуші: Қымбатты қонақтар, ата-аналар, балабақша қызметкерлері! Бүгін бізде үлкен мереке. Яғни, бұл мереке-қуанышы мен қызығы мол балалардың «Балабақшамен қоштасу» мерекесі. Олай болса, «Таңшолпан» мектеп алды даярлық тобының дайыдаған «Әр бала бір жұлдыз» атты мерекелік кешімізге қош келіпсіздер!!!

Музыкамен балалар билеп кіреді.

Бала-біздің болашағымыз. Ал әр бала ол-болашақ жарық жұлдыз. Өздеріңіз куәсі болғандай бүлдіршіндеріміз сыңғырлаған дауысымен ән айтып, мың бұрала билеп Халықаралық, Республикалық өнер – білім сайыстарында жүлделі орындарға ие болып көз құанышымызға айналды. Бүгін біздің балабақшамыздан ұшқалы отырған бүлдіршіндер де болашақта еліміздің мақтанышына айналатын жарқын жұлдыздар болатынына сенеміз. Олай болса, болашақ жұлдыздарымызды қарсы алыңыздар.

(Балалар орындарына келіп тұрады) .

( Жүргізуші әр баланы таныстырады)
Ай секілді өздері

Сыңғыр-сыңғыр сөздері

Назерке мен Дархан

Әдемі ғой көздері

Ақылына көркі сай

Біліміне өзі сай

Әнші, биші өнерлі

Балабақшамыздың алғыры-

Адила мен Бекзат

Асқан білімді болатын

Жақсы мақтау алатын

Балабақшамыздың білімпазы-

Омар мен Махаббат

Әдемі ән айтатын

Көңілді боп үйге қайтатын

Бойына жиған өнерді

өнерпазымыз- Сымбат пен Шаттық

Мінезі бар сабырлы

Бәріне де жағымды

Мереке мен Нұрасыл

Тәрбиеге бағынды.

Білімді болса баламыз

Құанып бізде қаламыз

Ондай бала тобымызда

Аружан мен Нұрасылды қарсы аламыз.

Балабақшадан қалмайды

Жалқаулыққа бармайды.

Жәния мен Қонысбек бүгін ортада

Әнмен жырды арнайды.

Әкесі мен анасының жұлдызы

Жарқыраған құндызы

Балбақшамыздың ай-жұлдызы

Танзиля мен Айқын

Сабырлы әрі сымбатты

Шешер әркез жұмбақты

Үміт пен Бекарыс

Білімі де жан –жақты.

Әкесіне бола білген тірекші

Анасына болады ол тілекші.

Жансезім мен Оразалы

Апайларға болады ол көмекші.

Суретті жақсы салады

Сабағында меңгерген.

Ата анасы Жанерке мен Нұрдәулетке

Әдемі есім теңгерген.

Бетке айтар білгенін

Сыңғырлап кейде күледі.

Інжу мен Хадиша

Адал, таза жүрегі.

Үздік оқыр сабағын

Бәрімізге жағатын.

Олжас кейде ренжісе

Түйіп алар қабағын.

(Мектепке баратын балалар кіріп өз орындарына келіп тұрады)

Ән: Оқуда озат боламын! Теңізшілер киінуге кетеді
Үміт: Мектепке ертең барамыз,
Оқимыз, білім аламыз.
Қашық болмас арамыз,
Сіздерге келіп тұрамыз.
Махаббат: Балабақшам қош енді,
Әркез аман бол деймін.
Әкем менен шешемді,
Ертіп енді келмеймін.

Мереке: Сезімді туған баламыз,
Оянды ақыл санамыз.
Адамдықтың бастауын,
Өзіңнен алып барамын.

Т. Нұрасыл: Балабақшам сүйікті,
Ән салдыртты, билетті,
Шынықтырып денеңді
Шымыр болуға үйретті.

Жәния: Қызық күндер өткіздік,
Балабақша бағында,
Көп оқыдық, көп білдік,
Ел мен Отан жайында.

Бекарыс: Оқимыз, білім аламыз
Болашақ жолын ашамыз
Бақшамызды қимай
Қоштасу әнін саламыз

Балалар орындарына отырады.
Жүргізуші: Міне балалар, сендер көптен күткен қимастығы мен қуанышы
бірдей балабақшамен қоштасу мерекесі басталып та кетті. Балалар, бүгін сендердің ойыншыктарын да көңілсіз. Сендерді қимайды. Бірақ сендер олармен қоштасып, мектеп табалдырығын аттап, оқушы атанасындар. Сендерді осы күндеріңмен құттықтауды сәбилер тобының балалары келіп тұр екен. Бәріміз ду қол шапалақтап оларды қарсы алайық.
Залға көңілді музыка әуенімен кіші тобының балалары кіреді.

1 бала: Сендермен бірге өстік біз,
Көп жақсы нәрсе үйрендік.
Шығарып сап мектепке
Құттықтауға біз келдік

2 бала: Амал қанша бұл анық,
Қоштасатын кез келді,
Ойыншықтар мұңайып
Іздейді-ау енді сендерді.

3 бала: Өздеріңді апайлар,
Сағынады біліңдер
Бізбен бірге ойнауға,
Келіп-кетіп жүріңдер
Даярлық топтың баласы кішкентай балалардың жанына келіп:
Інжу: Бірге ойнап, бір жүрген
Күндеріңді қимаймыз
Естелік болсын біздерден
Ойыншықтар сыйлаймыз
-деп, сыйлықтарын береді. Сәбилер ризашылықтарын білдіріп, залдан шығып кетеді.

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, таяуда ғана алдымыздағы бүлдіршіндер осы өмірге тәй-тәй басып, былдырлап келіп еді. Жақында ғана біздің балабақшаның есігін ашқан еді. Бірақ уақыт зымырап өтіп, бүлдіршіндеріміз өсіп мектеп табалдырығын аттағалы отыр, ойланайықшы, болашақта сендерді не күтеп тұр?
(балалар кілемнің ортасына жайғасып отырады)

Сымбат: Мектеп деген өте көп
Арнайы, музыкалық, спорттық,
Алыста да, жақын да,
Бұған қалай таңғалмасқа?
Қай мектепке барсам екен?
Қайсысын таңдасам екен?

Танзиля: Мен интеллектум мектебіне барамын.

Айқын: Мен Назарбаев мектебіне барамын.

Дархан: «Ағайын» білім орталығына барамын.
Аружан: Менде көп ойландым, мектеп -Университет тәрізді
Оған тек қана ақылды балаларды алады!

Нұрдәулет: Бізге нені үйретеді?
Онсызда біз көп нәрсе білеміз
Кітапты да оқы аламыз!

Дархан: «Нені үйреткені» қалай?
Онда «Кім болуды» үйретеді!

Олжас: Ал мен бұрыннан білемін
Күндіз бақшада ұйықтамай, армандаймын
Атақты футболист болам деп?

Шаттық: Ал мен – атақты әртіс боламын!

Айқын: Ал мен – «крутой» финансист!

Бекзат: Мен ұшақты жүргізем
Ұшақта бас ұшқыш боламын!

Омар: Ал мен капитан боламын
Теңіздерді шарлаймын

Ж. Нұрасыл: Мен кім боларымды
әлі шешкен жоқпын
Жүргізуші: Балалар, егер алдына өздеріңнің мақсаттарын қойсандар, барлық армандарын, тілектерін орындалады. Сол кезде бір ғажайып болады, сендер ғажайыпқа сенесіңдер ме? Менімше біздің бір арманымыз орындалуға жақын сияқты…
(Әуен естіледі, залға Алтын балық кіреді)

Б: Қанша бала, қанша халық! Сәлеметсіңдер ме, құрметті қауым!
Мен мейірімді Алтын балықпын!

Жүргізуші: Балалар, қандай ғажап, Алтын балықтың бізге өзі келді! бізде бүгін үлкен мереке.
Б: Мереке дейсіңдер ме? Мерекені мен өте жақсы көремін.
Ал балалар мен сендерге қандай көмек бере аламын?
Жүргізуші: Алтын балық, біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің армандарын орындай аласың ба? Олар «Қай мектепке барамын?», «Өскенде кім боламын?» деп армандап кетті?

Б: Саяхатқа аттануға дайынсыңдарма? «Білім еліне саяхат»қа жолға шығайық.

Би: «Теңізшілер»

Жүргізуші: Міне, балалар біз көңілді бидің ырғағымен «Білім еліне» де келіп жеттік.

Алтын балық қоштасып кетеді.

Жүргізуші: Кел, балалар оқылық

Ықыласпен тоқылық.

Оқысаңдар, балалар

Шамнан шырақ жағылар,

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар…

Көрініс: Капитан, мен қазына тауып алдым Оны өзімізбен бірге алып жүрейік.

Қарақшылар: Шамнан шырақ жағылмайды, Білім елін мәңгілікке қараңғылық басады. Ал ендеше іздемей-ақ табылдық алдарыңнан! Ха ха ха! Бұл біздің қазына, әкел мұнда!! Ха ха ха!

Білім ханшайымы шығады: Сәлеметсіздерме, балалар! Білім еліне қош келдіңіздер! Сіздер, ол қарақшыларға мән бермеңдер! Бұл қарақшылар менен осы сандықты бір неше жыл бұрын тартып алып кеткен болатын. Бұл сандықтың кілті менде! Ішінде не барын біле алдыңдарма?

Қарақшылар: Жоқ аша алмадық?

Білім ханшайымы: Дұрыс, бұл — жәй сандық емес, бул сикырлы сандық, егер сендердің тілектерін болса, онда олар мүлдем орындалады.

Білім туралы не білесіздер? Сіздер айтыңдаршы балалар?

Балалар: Оқу- білім бұлағы,білім –өмір шырағы.

Оқу інемен құдық қазғандай.

Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.

Білім ханшайымы: Дұрыс айтасындар,

Сандықты килтпен ашады.

Балалар: Бұлар кубиктер…

  • Осы кубиктер яғны текшелер арқылы біз санап үйрендік.(12345678910)
  • Ойыншық қылып ойнап, улкен үй салдық, гараж салдық, машина құрастырдық

  • Біз түстерді үйрендік.(қызыл, сары, көк, жасыл)

  • Сол түстер арқылы біз дыбыстардың екіге бөлінетінін білдік. Дауыссыз дыбысты көк түспен, дауысты дыбысты қызыл түспен белгіленетінін білдік.

  • Дыбыстар әріппен таңбаланып жазылады, әріптерді көреміз, оқимыз, жазамыз. Әріптерден сөздер құралады.

  • Сөз дыбыстардан құралады,дыбыстарды айтамыз,естиміз

  • Дыбыстар әріппен таңбаланып жазылады, әріптерді көреміз, оқимыз, жазамыз.

Би: Кубикпен би

БІЗ МЕКТЕПКЕ БАРАМЫЗ
Ж:Қызық екен, қандай тілектерді сендер жаздындар?… Қарақшылардың да , біздің балалар сияқты мектепке барғысы келеді екен?

Білім ханшайымы: Міне,сіздердің көз алдарыңда жаман әдетті жойып, жақсылық жолына сілтеп жбердім. Мына өсіп кележатқан бүлдіршіндеріміз білімді, сауатты болып өссін. Болашақ әріне білімді жастардың қолында!

Жүргізуші: Білім ханшайымы, біздің балалар мына қағазға өз арман- тілектерін жазған болатын

Білім ханшайымы: Енді сендердің жазған тілектерінді мен мына сиқырлы сандыққа салайын, оны жақсылап жауып, 10-15 жыл өткен соң ашасындар, мен ойлаймын сендердің жазған армандарын мүлдем орындалады. Ал мына сандықты біз осы балабақшанын басшысына ________ ханымға сақтауға тапсырып етейік.
Ал, менім кететін уақытым болып қалыпты.
Сендерге тек қана жақсылық тілеймін, мектепте озат болындар, ұстаздарды құрметтеп, алғашкы тәрбие берген апайларды ұмытпандар! Сау болыңыздар! (кетеді)

Адила: Если будем мы скучать,

Сразу будем мы играть.

В детском садике у нас

Игр много и все класс

Танзиля: Мы играем целый день

И нам совсем это не лень!

В детском садике прекрасно

Отдыхают дети классно!

ОЙЫН: Балалармен

Ән: « Ақ құсы»

Ойын: Ата — аналармен
Жүргізуші: Таза сәби жүректен ұстаздарға арналған Алғысын қабыл алыңыз!

Бекзат: Балабақшамыздың тірегі
Қарсы алады келгенде
Жылы жүзбен күледі.
Директор: Марям Үсенқызына
Мың алғыс айтып қоштасарда,
Қимайды сізді ұл-қызың.

Назерке: Әдіскер бар, балабақшада

Әрбір сөзі мәнерлі

Талапты, әрі байсалды

Әдіскер: Айнұр Шангрейқызына

Айтамыз біз мың алғыс!

Хадиша: Тәрбие берген ұямыз
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып психологпен
Біріншіге барамыз
Меруерт Насыровнаға
Мың алғыс айтамыз.

Адила: Тақпақтар мен күйлерді

Креативный әндерді
Өткізуді кештерді
Дайындайтын біздерді,
Ән – саз жетекшісі: Айгерим Мәуленқызына

Айтамыз біз мың алғыс!

Жансезім:Үш тілді бізге меңгерткен
Ағылшын, орыс тілін үйреткен,
Ақ сенімді ақтаймыз.
Айсұлу Абызовнаға
Жұлдыз Базарбайқызына,

Бас иеміз әрқашан.

Дархан: Жаттығулар жасатып
Шынықтырар біздерді
Денемізді тік ұстап
Сұлу болып өстік біз.

Дене шынықтыру маманы
Балсұлу Алшынбайқызына

Айтамыз біздер мың алғыс.

Нұрдәулет: Акварельмен, гуашпен,

Эбру техникасымен

Суға сурет салдырған

Айболған Бөгеновна

Жүректе мәңгі қалар есімің.

Айқын: Дәмді тағам дайындау

Еңбек қой бұл қаншама!

Қолы алтын аспазшылар

Гүлнара, Салима, Нағыма

Ешқашан да шаршама!

Барлығы: Гүл сыйладық, жыр сыйладық
Қүрметтейміз сіздерді.
Әсем әуен ән сыйлаймыз
Үмытпаңдар біздерді!

Ән: До свиданья, до свиданья детскый сад!

Жургізуші: Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды
Бізден ұшып, қанат қағып есейдіңдер
Өздеріңмен қоштасатын күн туды
Бізден ұшып талмай қанат қағындар
Жүректерден арман отын жағындар
Жақсы оқып алтын ұя мектепте
Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар
Бәріңді де сәбиім деп сүйетін
Өздеріңді сағынып біз жүрейік
Құтты болсын қадамдарың аттаған
Біз сендерге сәтті сапар тілейік!

Директорға балаларды құттықтау ұшін сөз беріліп, дипломдар табыс етіледі.
Ата – аналар алғысын білдірген соң балалар далаға шығып, қолдарындағы шарларын ұшырады.

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы

№ 9 «Бәйтерек» балабақшасы МКҚК

тәрбиешісі Душатова Феруза Азатовна

Жүректің жылуын сыйлайыншы анама!

1-ұл. Ұлдар айтындаршы мерекеге барлығы дайынба ?

2-ұл. (залға қарап) Барлығы жиналған сияқты қонақтарымыз да келіпті.

3-ұл. Иә, бүгін аналар, әжелер, қыздар мерекесі ғой.

Ендеше мерекені бастайық.

4-ұл. Тоқтандар, қыздар жоқ ғой.

5-ұл. Ә, олар топта өздерін әдемілеп жатқан, қазір келіп қалар.

6-ұл. Ұлдар, тыныш, міне қыздарымыз да келіп қалыпты.

7-ұл. Ендеше қыздарымызды қарсы алайық.

Музыка залы әсем безендірілген

Жүргізуші: Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі –Аналар
Ана деп бас иеді күллі халық.

Қайырлы күн!Қымбатты аналар,ақ жаулықты әжелер,аяулы әріптестер! Барлығыңызды көктемнің алғашқы мейрамы 8-наурыз Аналар мерекесімен құттықтаймыз! Әрқашан дендеріңіз сау,көңілдеріңіз жайдарлы бола берсін дейміз!

Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ән:«Анашым — анажаным»

Музыка әуенімен залға гүлдер шашып Бәйшешек кіреді.
Бәйшешек: Армысыздар балақайлар,
Әзиз әже, назды апайлар
Мол шуақты ала келдім
Қуаныңдар балақайлар
Мен құлпырған бәйшешекпін
Келіп жеттім көктемменен
Шаттаныңдар мейірімді аналар
Бұл мереке тек сіздерге аналар.
Жүргізуші: Рахмет, Бәйшешек біздің балалар сізге сыйлық ретінде дайындаған тақпақ-әндері мен билері де бар.
Зере: Қандай қызық көктемде
Күн шуағын төккенде
Гүл тереміз алуан,
Шығып алып көк белге
Жәния: Көктем күні керемет
Жаңбыр жауар себелеп
Күн ашылса болғаны,
Көлдеңдейді көбелек.
Інжу: Бар табиғат нәр алып,
Шыға келер жаңарып
Қызғалдақ боп құлпырап
Көктем – біздің балалық.
Би: «Таңғажайып әлемде көбелектермен гүлдер »
Аружан: Сегізінші наурыз келді,
Шаттық сезім, ой келді.
Қуанышты күні енді,
Құттықтаймыз сіздерді.
Жанымызды жайнатқан,
Сіздер ғой аналар
Зор денсаулық, мол бақыт
Тілейміз біз аналар.

Ж Нұрасыл: Қандай бала болмайық,
Анамызға балдаймыз,
Көтерейікші көңілін

Ән салайық бәріміз.

Оразалы: Анам менің асыл жан,
Құшағы нұр шашылған.
Күн секілді күледі
Сипап ылғи басымнан.
Ойын: «Кім бірінші қызға гүл сыйлайды»

Шарты: Ортада үстел үстінде құмыраға салынған гүлдер тұрады. Ойынға 5-6 ұл бала қыздарды вальс биіне шақырады. Әуен ойналып, вальс билейді. Әуен тоқтаған кезде, ұлдар жүгіріп барып құмырадағы гүлді алып бірінші қызға сыйлау керек. Кім бірінші қызға гүл сыйласа, сол бала жеңіске жетеді.

Жанерке: Анашым, құтты болсын мейрам күнің

Ешқашан үзілмесін думанды үнің

Құшақ-құшақ гүл сыйлайын, гүлдей жайна

Шаттанып қуанатын күнің бүгін

Жансезім: Әжемді мейрамымен құттықтаймын,
Айтатын ән,беретін гүлім дайын.
Әжетай сені жақсы көремін деп,
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.
Ән: «Дочки и синочки»
(Балалар орындарына отырады)
Жүрг: Құрметті де ардақты әжелермізді ерекше атап құттықтаймыз. Қариясы бар үйіміздің қазынасы бар деп, халқымыз текке айтпаған ғой, ардақты әжелерімізді ортаға шақырып олардың ойын тыңдайық.

Ортаға әже киім киген төрт ұл шығады. Айқын, Омар, Олжас, Дархан.

Әзіл ән: «Әжелер әні»

Бәрі: Келіннен қорқып саспайық,

Келіңдер өсек бастайық.

Немеренің әртүрлі

Қылығын айтып тастайық.

қ/сы: Ойбай, белім-ай,

Қайда кетті келін-ай.

1-бала: Немерем менің блатной,

Күндіз тыным таппайды.

«Видео көру керек керек»-деп,

Кешкі ұйқыға жатпайды.

қ/сы: Ойбай, сұмдық-ай.

Ұят екен масқара ай.

2-бала: Немерем менің кір-кір боп,

Үйдің бетін көрмейді.

«Киндер» сатып әпер деп,

Еш тыныштық бермейді.

қ/сы: Ойбай, сұмдық-ай

Ұят екен масқара-ай.

3-бала: Немерем менің теңгеге,

Үйір болып алыпты.

Мың теңгені сағызға,

Аямай бере салыпты.

қ/сы: Ойбай, сұмдық-ай

Ұят екен масқара-ай.

4-бала: Немерем менің ән салса,

Махаббат деп айтады.

Қызың бар ма деп едім,

«Жоқ»,-деп басын шайқады.

қ/сы: Ойбай, сұмдық-ай

Ұят екен масқара-ай.

Бәрі: Келіндер келіп қапты ғой,

Бізде үйге кетейік.

Немере шіркін тәтті ғой.

Барына шүкір етейік.

қ/сы: Ойбай, белім-ай,

Қайда кетті келін-ай.

Махаббат: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.

Сымбат: Ана деген – асыл жандар болаттай,
Ана десең –мөлдір жандар бұлақтай
О, адамдар, қадірлей біл Ананы,
Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.

Назерке: Ана десем сезім билер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірін
Орнап еді бар әлемге тыныштық.

Хадиша: Ана десем – шешек атып жанары
Өмірімнің бастау алар жаңа әні
Ана деген тіршілікте пана боп
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

Диалог: 1ұл: ( галстугін дұрыстап)Бекзат маған қарашы мен әдемімін бе?
2ұл: И….и…Омар саған не болған?
1ұл : Не болушы еді, қазір біздің қыздар өнер көрсетпекші
2ұл: Ия өмір зымырап бара жатыр,
ал біздің қыздар күннен күнге құлпырып бара жатыр
1ұл:Ия… (күрсініп)
2ұл: И… Омар күрсінбе, ол қыздармен әлі мектепте де кездесеміз
Ән: «16 қыз» (әзіл сықақ ән ұлдардың орындауында)

Бекзат, Дархан, Нурасыл, Қонысбек, Шаттық
Бәйшешек: Менің де балаларға әкелген сыйым бар, қабыл алыңыздар!
Сыйын үлестіріп болған соң қоштасып шығып кетеді)
Жүргізуші: Осымен құрметті аналар, әжелер
Біздің балаларымыздың дайындаған
Мерекелік шарамыз аяқталды!
Келесі кездескенше сау-сәлеметте болайық.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.