Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы
«Асубұлақ орта мектебі» КММ
Физика және математика пәнінің мұғалімі
Сарсембаева Алия Болаткановна
Пәні:физика
Сабақтың аты | § 10 Физикалық шама және оларды өлшеу |
Сілтеме | Жоспар |
Жалпы мақсаты |
|
Күтілетін нәтиже |
|
Негізгі идеялар | Физикалық шамалар деп физикалық нысандардың немесе құбылыстардың қасиеттерінің сандық сипаттамаларын айтады.
Физикалық шаманың мәні дегеніміз – оның сандық мәнімен қосаөлшем бірлігі. Физикалық шаманы өлшеу дегеніміз – оны өлшем бірлік ретінде алынған біртекті басқа бір шамамен салыстыру. Құралдың бетіне түсірілген бөліктер мен сандар аспап шкаласы деп аталады. |
Тапсырмалар | Топтық жұмыс «Жигсо» |
Тапсырмалар | Жұптық жұмыс |
Тапсырмалар | Топтық жұмыс |
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру (2 минут)
-
- Сәлемдесу
- Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
- Түгелдеу
1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандары арқылы 3 топқа бөлінеді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)
- Табиғатты зерттеу әдістерін ата?
- Физикалық теория әдәсінің маңызы неде?
ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)
- Физикалық құбылыстарды не нәрселер арқылы белгілеуге болады?
- Физикалық шама дегенді қалай түсінесіңдер?
- Физикалық шаманы өлшеу дегеніміз не?
ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
Бақылаушының бағалау парағы
№ | Бағалау өлшемдері | Көш
басшы |
Хатшы | Баяндамашы | Уақыт сақшысы |
1 | Тақырыптың ашылуына үлес қосу | ||||
2 | Міндетін атқару | ||||
3 | Топтық жұмысқа атсалысуы |
Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ пікірлерін тыңдау.
Ү. Жұптық жұмыс (5 минут)
Берілген суретті түсіндіру
1)
2)
Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру
V. сергіту сәті (3 минут) (видео)
VІ. Топтық жұмыс «жалғасын тап» (10 минут)
- Физикалық шамалар:…………………………………………………
- Физикалық шалардың өлшемдері ………………………………………………………
Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.
ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)
Кейінгі тапсырмалар | № табиғат құбылыстарына байланысты эссе жазу |
Кейінгі оқу | §10 физикалық шама және оны өлшеу |