«Менің тұңғыш -Президентім»
Мақсаты:Балаларға еліміздің Президентін рәміздермізді таныстыру. Өз Отанын, туған жерін сүюге,қорғауға,сақтауға,құрметтеуге тәрбиелеу. Мәнерлеп тақпақ айтуға үйрету.
Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап.
Көрнекілігі:Елбасының және ел Рәміздерінің суреттері.
Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударып,шаттық шеңберге шақырады.
— Балалар,бізге көптеген қонақ апайлар келіпті орнымыздан тұрып апайлармен амандасып алайық.
Жарық болсын күніміз
Жарқын болсын үніміз
Елін сүйіп ер жетер
Біз болашақ гүліміз
Бүгінгі ашық оқуқызметімізді әнұранмен бастайық балалар. Әнұран орындалады.
-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілі.
-Күз мезгілінен кейін қай мезгіл келетінін білесіңдерме?
-Қыс мезгілі келеді екен. Қыс мезгілінің ең алғашқы күні бізде үлкен мереке болады.Ол мереке біздің Елбасымыздің құрметіне арналады.
-Балалар, біздің мемлекетіміздің аты қандай?
(Қазақстан Республикасы) -Біздің Елбасымыз кім?
-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
1-желтоқсан күнін Президент күні деп атайды.
Әр елдің өз басшысы болады.Біздің тұңғыш Елбасымыз — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1991 жылдың 1-желтоқсанында бүкіл халықтық сайлауда сайланған Қазақстанның тұңғыш Президенті Елбасы қызметін атқарады.
Ал, Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 2019жылдың 20 наурызында Қазақстан Республикасының Президенті ретінде ант қабылдады. Қазақстан Республикасының картасын көрсету. Мынау біздің байтақ жеріміз Қазақстанның табиғаты алуан түрлі, жері кең байтақ. Қай жерде қала, әдемі ормандар, биік таулар, теңіз көл, қазына байлықтары бар екендігін картадан білеміз. Елбасымыз Нұрсұлтан қаласында тұрады екен. Мынау- Нұрсұлтан қаласы. Елбасымыздың жұмыс жасайтын орны – Ақорда. Елбасымыздың жұмысы біздің елімізді басқарады. Нұрсұлтан қаласында Бәйтерек бар, ол біздің елдің символы. Балалар,Елбасымызға арнап тақпағымызды айтайық:
Райымбек: Елбасымыз жолдайды
Халқы оны қолдайды.
Ешқашанда орынсыз,
Шешімдері болмайды.
Новай А: Қазақ елі –Қазақстан
Болашаққа үн қосқан.
Жақсы күнге жетелеп
Ел басым менің- Нұрсұлтан.
Нұрқасым: Елбасы елді қорғайды
Халық қамын ойлайды,
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.
Ал,балалар Отан туралы тақпақ, мақал-мәтелдер білеміз бе балалар?
Қ.Гаухар: Қуат алған өзіңнен,
Туған елдің ұлымын.
Бақытты етіп өсірген,
Отанымның гүлімін.
Мейрамбек: Тәуелсіз азат елім
Туып өскен-байтақ жерім.
Мәңгі жайнап тұра бер,
Отаным – Қазақстаным менің.
Мақал – мәтелдер:1. «Отан -отбасынан басталады».
2. «Отансыз – адам
Ормансыз-бұлбұл»
3. «Отан оттанда ыстық»
4. « Отан -қуат,отбасы-шуақ».
— Балалар,әр елдің өз рәміздері, өз ана тілдері болады. Еліміздің рәміздеріне Мемлекеттік –Әнұранымыз,Елтаңбамыз және Көк туымыз. Балалар, бұл біздің мемлекеттік – Әнұранымыз. Ал мынау – Елтаңба.Елтаңбаның ортасында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ еліміздің біртұтастығын бейнелейді. Екі жағында қанатты тұлпар мәңгілік өмір, самғау биігі. Шекесінде 5-жұлдыз мемлекеттің жарқын болашағы. «Қазақстан» атты жазу біздің қазақ екенімізді білдіреді.
-Ал туымыздың түсі – көк. Көк түс- адалдық пен тазалықтың, бейбітшіліктің белгісі. Тудың ортасында күн мен қалықтаған қыран құсымыз, оң жағында оюдың суреті бар. Күннің болуы – күндей жарқын болсын, дала бүркіті дархандық пен қырағылықты бейнелеген. Оюдың бейнеленуі – қазақ екенімізді білдіреді. Түстерінің сары болуы – молшылықтың белгісі екен.
-Балалар рәміздер туралы кім тақпақ біледі?
Жәнібек: Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек,
Елдің ашық қабағы.
Жәсия: Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат әдемі.
Тұнығындай көңілді,
Ортада аспан әлемі.
Керей: Құт береке –шаңырақ,
Орын алған – ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген.
Айдай: Тәуелсіздік жолында,
Талай-талай тер тамған.
Билігім өз қолымды,
Еркінідігім- елтаңбам.
Сергіту сәті:
Дидактикалық ойын:
Қорытындылау: Бүгінгі ашық оқу қызметімізді ойынмен қорытындылайық. Ойын «Кім шапшаң?»
Шарты:Берілген сұрақтарға шапшаң жауап береді.
-Елбасымыз кім?
-Елбасымыздың жұмыс жасайтын орны қалай аталады?
-Қандай рәміздерді білесіңдер?
-Туымыздың түсі қандай?
-Қазақстан туында не бейнеленген?
-Қазақстанның бас қаласы қай қала?
Әрқашан еліміз тыныш,Елбасшымыз аман,көк туымыз мәңгі желбірей берсін. Келген қонақтарымызға сау болыңыздар дейміз балалар. Мадақтау.
«Толағай» отбасылық сайысы
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар мен балалар және ұстаздар! «Толағай» отбасылық сайысымызға хош келдіңіздер! Көңілді жарысымызға тобымыздың бүлдіршіндері мен ата-аналары қатысады.
Шынықсаң шымыр боларсың
Сауығып айдай толарсың
Спортты серік ете біл
Жақсы азамат боларсың.
Жеңімпаз болу оңайма,
Арман болған талайға
Болмасаңда ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда- деп сайысқа қатысуға ортаға отбасыларды шақырамыз:
1.Шайхадениевтер отбасын шақырамыз
2.Серіковтар отбасын шақырамыз
3.Қуановтар отбасын шақырамыз
Жүргізуші: «Толағай» отбасылық сайысы- еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауық бағдарлама.Олай болса сайысымызды бастайық.
Ал,құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер
Сайысымыздың әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болайық.
1.Дене пәнінің мұғалімі Капуова Г.
2.Балабақша медбикесі Каракулова А.
3.Сурет пәнінің мұғалімі Мұхаммеджанова Л.
Сайысымыздың әр бөлімімен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Сайысымыз 7-кезеңнен тұрады:
1. «Таныстыру» кезеңі
2. «Мұртты кеңгіру» сайысы
3. «Пингвин» сайысы
4. «Сафари» сайысы
5. «Тез әрі тәтті» сайысы
6. «Өз балаңды тап» сайысы
7. «Кім епті» сайысы.
Жүргізуші: 1. «Таныстыру» кезеңі- Әр топ өздерін таныстырып ұрандарын айтады.
1-топ. «Жасұлан» тобы. Топтың ұраны: «Біз балауса жас ұлан, Үлгі аламыз жақсыдан»
2-топ. «Қыран» тобы. Топтың ұраны: «Қыран құстай самғаймыз, Жарыстан біз қалмаймыз»
3-топ. «Барыс» тобы. Топтың ұраны: «Бәріміз біріміз үшін, Біріміз бәріміз үшін»
2. «Мұртты кеңгіру» сайысы- Ойыншылар қарындашты мұрнына қысып, жартылай отырып жүріп екінші жаққа келіп берілген есепті шығарады, келесі ойыншы эстафетаны жалғастырады.
3. «Пингвин» сайысы- Кедергілер арасымен допты аяққа қысып алып, жерге түсірмей пингвиндер жүрісімен жүріп келеді де келесі ойыншының алақанынан ұрып эстафетаны жалғастырады.
4. «Сафари» сайысы-Кедергілер арасынан қаппен секіріп барып келу. Келесі ойыншыға қапты береді. Келесі ойыншы қайталайды.
5. «Тез әрі тәтті» сайысы- Кедергілердің арасынан өтіп үстелде тұрған алманы анасымен баласы бірге дәмін татып тез әрі жылдам тауысады. Қайта орнына барады.
6. «Өз балаңды тап». Анасының көзі байлаулы болады, бірнеше баланың арасынан өз баласын табу.
7. «Кім епті» сайысы- кедергілерден жүріп өтіп, бір үлкен қасық суды алып төкпей әкелу.
Жүргізуші: Толағай әнін орындауын қабыл алыңыздар! «Толағай»
Сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.
Уа,халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сауда.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамызда демекші- Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп-көп рахмет!
Тақырыбы: «Ғарыш әлеміне саяхат»
Мақсаты: Ғарыш әлемі туралы білім беру, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, ойлау қабілеттерін, сөздік қорын байыту, тілдерін дамыту.Ғажайып саяхат арқылы балалар қиялдарын шыңдау. Берілген сұраққа толық, нақты жауап беруге тәрбиелеу.
Барысы:
Жылулық шеңбері:
Аспанға қарап ай көрдім,
Төмен қарап жер көрдім.
Оңға,солға бұрылып
Егеменді ел көрдім!
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?
-Көктем айларын білесіңдер ме?
-Осы ай қалай деп аталады?
-Жарайсыңдар, балалар! Балалар бүгінгі тақырыбымызға байланысты сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр?
Ұшады қанатсыз
Зырлайды аяқсыз (Зымыран)
Жерде болса тұрағым,
Марсқа ұшып тұрамын (Ғарышкер)
-Бұл сәуір айында үлкен мереке бар. Ол- Ғарышкер күні. Біз бүгін ғарышкер ағалармен, аспан әлемімен танысамыз. Ал ғарышкерлер дегеніміз- олар ғарышқа, аспан әлеміне ұшатын адамдар. Аспан әлемінде көптеген ғалым бар. Ал біздер жер бетінде өмір сүреміз. Жер – шар тәрізді,дөңгелек шағын ғаламшар. Жердің жалғыз серігі бар, ол – Ай. Күнді 8 ірі ғаламшар – Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун айналып жүреді. Ең бірінші дүние жүзі бойынша ғарышқа орыс азаматы Юрий Гагарин ұшты. Ал біз мақтанышпен айта алатын Қазақстандық батырлар да бар. Олар қасиетті қазақ жері «Байқоңырдан» ғарышқа аттанған екен. Олар Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов деген ағаларымыз екен.
Зымырандар ұшатын орынды ғарыш айлағы деп атаймыз. Ал ғарыш кемесі – адамның ғарышта ұшуына арналған ғарыштық аппарат. Ғарышта адам демалатын ауа жоқ, көлеңке жақта қатты суық, күн түсіп тұрған жағы өте ыстық болады. Сондықтан осылардың сақтану үшін ғарышкерлер арнайы киім киеді. Оның аты «скафандр» екен. Ендеше балалар экранға назар аударайық. Ғарышкерлерді тамашалайық. Слайд.
Жәнібек: Жәнібек атты баламын
Таудай менің талабым
Үлкен болып өскенде
Мен ғарышкер боламын
Махаббат: Аспан-аспан арайым
Саған жиі қараймын.
Сені көзбен шоламын
Мен ғарышкер боламын.
-Балалар сендер аспан әлеміне барғыларың келеме? Ғарышқа не арқылы ұшамыз? Ендеше мына зымыранға отырайық. Қане ұшуға дайындаламыз. Кеттік! (Музыка ойналады) Балалар аспан әлеміне де келдік. Мынау аспан әлемі. Аспанда нелер болады? Ендеше аспан әлеміне керек заттарды орналастырайық. Ол үшін бізге не керек балалар?Күн, ай жұлдыз бұлт ғаламшарлар керек екен біз оларды құрастыру үшін тапсырмаларын жақсы етіп орындауымыз керек. Тапсырма:
1. Жұмбақ: Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады (Күн)
2. Жұлдыздың неше бұрышы бар? 3.Жаңылтпаш: Ғарышкер ұшты ғарышқа
Ғарышқа ұшты ғарышкер
Айтшы ғарыш алыспа?
4. Кемпірқосақта неше түс бар?
Сергіту сәті: Қане қанат жазайық
Зымыран боп, ұшайық
Ай бетінде болайық
Қайта қанат жазайық.
5.Ойын: «Зымыран,ұшақ»
Зымыран-Қолымызды жоғары көтеру
Ұшақ-қолымызды созамыз.
6. Тақпақ: Көкке ұшамын
Ұшқыш болар баламын
Соңына еремін
Ер ғарышкер ағаның.
7. 1ден 10ға дейін санай аласыңдарма? Тура және кері санау
8. Жұмбақ: Күндіз бәрі қашады
Түнде аспанды басады (Жұлдыз) 9.Неше жыл мезгілі бар атап бер?
10.Ғарышқа бару үшін бізге не керек? (Зымыран) Зымыран құрастыра аласыңдар ма?
- Олай болса, біздер барлығымыз зымыранды құрастырайық. Зымыранды құрастыру үшін қандай пішіндерді пайдаланамыз?
Балалар, геометриялық пішіндерді пайдалана отырып, тақтаға зымыран құрастырайық.
-Ұшбұрыш – төбесі, кеудесі — тік төртбұрыш, 2 қанаты көпбұрыш ал терезесі дөңгелектен тұрады.
— Міне, балалар зымыранымыз да дайын болды.
Жарайсыңдар, балалар, қайтатын уақытта жақындады. Енді Жер планетасына балабақшамызға барайық.
Қорытынды:
Балалар сендерге бүгінгі оқу-қызметіміз ұнадыма?
Балалар бүгін қандай мереке?
Аспанға ұшатын адамдарды кімдер дейміз?
Ғарышқа ұшқан орыс азаматы кім?
Ал қазақ жерінен ұшқан ағаларымыз кім?
Оқу қызметіне қатысқан балаларды мадақтау.
«Қош келдің Жаңа жыл»
Мақсаты: Балаларға жаңа жыл туралы түсінік беру. Аяз Ата сыйлық беретінін айтып, балаларды қуанышқа бөлеу. Шыршаның әсемдігіне назар аударып, ойыншықтардың әдемілігіне қызықтыру.Әндер, билер арқылы балаларды өнерге талпындыру. Өлеңдерді мәнермен айтып, ертеңгілікте достық сезімдерін ояту, ән, тақпақ арқылы сөздік қорын дамыту.
Ертеңгілік барысы: Зал іші әдемі безендірілген. Ортада әдемі шырша. Әсем әуенмен әдемі киінген балалар.
Балалар жаңа жыл әнін орындайды.
Тәрбиеші:
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле Жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын
-Армысыздар құрметті ата-аналар,қонақтар! Баршаңызды бүгінгі
«Жаңа жыл!» мерекесімен, шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл тек қана бақыт, денсаулық қуаныш әкелсін. Бүгінгі «Аққу» тобының ертеңгілігіне қош келдіңіздер.Балаларымызды қарсы алыңыздар. Балаларымыздың әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Жаңа жыл»
(Қораптың ішінен музыкамен Лол мен Мальвина шығады .)
Лол : -Біз қайдамыз? Неткен әдемі шырша?
Мальвина: -Не деген әдемі балалар! Біз ертегілер елінде жүр едік қой. Бұл жерге қалай тап болдық? Бұл не жиын?
Лол: -Жаңа жыл мерекесі болса,Аяз атамен Ақшақар болмайтын ба еді?
Малвина: -Лол,Аяз атамызбен Ақшақарымыз әлі жолда болар,олай болса балаларымызбен бірге бір би билейік.
«Қуыршақтар биі»
-(Толқынның дыбысы шығады) Қарақшы музыкасымен
Қарақшы: Алтын,алтын! Мынаның бәрі алтын біреу көрмей тұрғанда осының бәрін алып кетейін:
-Ендеше алтын қайда? Қалталарыңызда болар,қарап көрейін.
Балалар:Жоқ!жоқ!
Лол: — Бізде емес,бізде ешқандай алтын жоқ.
Доңыз: -Бұл не шу?
Лол: —Қарақшылар мұнда Жаңа жыл мерекесі тойланып жатыр.Бірақ Аяз атамен Ақшақар әлі жоқ.Ертегілер елінде де жоқ! Балаларға біздің көмегіміз керек сияқты.Мерекені әрі қарай жалғастыруымыз керек.
Қарақшы: —Аяз атамен Ақшақар ертегілер елінде де ,теңізде де жоқ!Олай болса қазір мен су астындағы досымнан сұрап көрейін .
-Дайынсыңдарма, балалар!
Балалар:Иә капитан !
Қарақшы:Мен естімей тұрмын?
Балалар:Иә,дәл солай капитан.
(Спанч боб әні айтылады,Спанч боб кіреді)
Спанч боб: -Сәлем достар!О қарақшы досым мені неге шақырдың ?
Қарақшы: -Спанч боб, сенің бізге көмегің керек.Балалар жаңа жыл мерекесін тойлап жатыр,ал сағат болса 12-ге таяп қалды бізде Аяз атамен Ақшақар жоқ,қайда екенін білмейміз.Су асты әлемінде көрмедіңбе?
Спанч боб: —Мен әдеттегідей су асты әлемінде жүрдім. Бірақ ешқандай жүрген Аяз атаны да,Ақшақарды да, тұрған шананы да көрмедім. Досым енді не істейміз,қайдан табамыз?
Доңыз : -Спанч боб,жаңа жылды Аяз атасыз қалай қарсы аламыз? Әдемі шыршамыздың шамын кім жағады?
Қарақшы: —Олай болса екеуміз бірге Аяз атамен Ақшақарды іздеп келейік.Сендер мерекені жалғастыра беріңдер.
Спанч боб ойыны: «Шыршаны безендіру».
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, ойынға өте белсенді қатыстыңдар. Сендерге ойын ұнадыма? Олай болса тақпаққа кезек берейік.
Тақпақтар:
Жәнібек:
Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген.
Қандай әсем шыршамыз,
Ән шырқайық баршамыз!
Әскербай Кәусар:
Тамаша. Тамаша!
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Мальвина: —Өте өнерлі балалар екенсіңдер. Балалар сонау алыстан адамдардың бейнесі көрінеді.Қарақшы мен доңыз Аяз атамен Ақшақарды тапқан секілді ғой!
Қарақшы: -Лол, Мальвина, Спанч боб, достар!Мен Аяз атамен Ақшақарды тауып өз сөзімде тұрдым. Олай болса Аяз атамен Ақшақарды бірге шақырайық.
Доңызбен қарақшы Аяз атамен Ақшақарды алып кіреді.Аяздың дыбысы шығады.Аяз атамен Ақшақар кіреді.
Балалар: -Аяз ата!Ақшақар! Аяз ата! Ақшақар!
Аяз ата: -Амансыңдарма балалар!Біз немерем Ақшақармен сендерді іздеп қатты шаршадық.Солай ғой,қызым?Ал ,сендер де өте қызықтыда әдемі кеш болып жатыр екен.Қандай көрікті балалар!
Ақшақар: —Біздердіңде сендерге тез жетуімізге мыстан кемпір кедергі болды.Біздің жүретін жолымызға үлкен ағашты қойып кеткен соны алып тастау қиынға соқты.Кенеттен қарақшылар тап болып,жолдағы ағашты алып тастауға көмектесті.Қарақшы,доңыз сендерге көп рахмет.
Тәрбиеші: Аяз Ата Ақшақар қош келдіңіздер. Сіздерді өте көп күттік, балаларымыз сіздерді қатты сағынды,алыс жолдан шаршап келген боларсыз отырып жайғасыңыз. Балаларымыздың өнерлерін тамашалаңыздар.
Лол: —Біздің мерекемізге Аяз атамен Ақшақарды алып келген қарақшы мен доңыз досымызға алғыс ретінде өз өнерімізді көрсетейік.Олай болса,барлығымыз бірге бір би билейік.
Флешмоб персонаждар.
Тәрбиеші:Балалар сіздерге персонаждардың биі ұнадыма?
Қарақшы : —Біздің мерекеміз жоғарғы деңгейде өтті деп ойлаймын.Сендерге ұнады ма,балалар?
Аяз атамен Ақшақарды да таптық,балаларда өз өнерлерін көрсетті. Ендеше, бізде өз елімізге қайта оралайық.
Мальвина: —Иә,дұрыс айтасың, қарақшы. Қаласаңдар,біздің елімізге қонақтап келіңдер!
Тәрбиеші: Балаларымыздың ән шашуын қабыл алыңыздар.
Ән: «Шыршаға бардық»
Тәрбиеші: Балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік.
Тақпақтар:
Мейрамбек:
Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағылған
Міне,сұлу шыршамыз
Көптен күтіп,сағынған
Кел,балалар,келіңдер
Тамашаны көріңдер.
Ақниет:
Аппақ,аппақ жапалақтап
Қар жауады тынбастан.
Қалың орман,қар жамылған
Маужырайды түнгі аспан.
Кең пейілді, мол пейілді
Сағынышпен табысқан.
Қасымжан:
Аяз ата ойды қырды,
Аралап жүр түгел шолып
Қарсы алғалы Жаңа жылды
Олда көптің бірі болып
Қайда қызық болса думан
Аяз ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен.
Балалармен бірге болды.
Махаббат:
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле Жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын
Керей:
Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем берді жұртына.
Жасмин:
Аппақ тонға оралып
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар,ақылды балалар екенсіңдер. Сендердің өнерлерін көп екен. Ендеше ұлдарымыздың биін қарсы алыңыздар.
Би: Ұлдар биі «Ежик»
(Доңыз сағат тілін 12-ге апарады.)
Доңыз: -Достар ,достар!Міне,жаңа жылға кезек беретін де уақыт келді сендерге көп рахмет! Қарақшы сенің көмегіңсіз Аяз атамен Ақшақарды таба алмас едік.Мерекені жаңа жыл тышқан жылымен жақсы өткізіңіздер.
Аяз ата: -Ескі жыл Доңыз жылы саған да алғысымыз мол.Доңыз жылы жұртымыз аман,еліміз тыныш болды. Жылымыз берекелі,қазыналы,мерейлі,табысты да жемісті болды. Енді келе жатырған жыл Тышқан жылынан да сондай үміт күтеміз.Қош бол Доңыз жылы! (Доңыз қоштасады)
Мальвина: -Аяз ата ,Ақшақар сіздерді көп күттік қой.Шыршамыз неге көңілсіз тұр?Қанекей балалар Аяз атамен бірге бәріміз шыршамыздың шамын жағайық!
Аяз ата: -Қуант бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат 1,2,3.
Шырша жанады.
Тәрбиеші: Шыршамыз қандай әсем әдемі болды, олай болса шыршамызға арналған әнімізді орындайық.
Ән: «Шырша жыры»
Тәрбиеші:Қалып едік сағынып
Күтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп, дей келе мың бұралған сұлу қыздарымыздың тамаша биін қарсы алыңыздар.
Би: Қыздар биі « Маша»
Мальвина: —Олай болса ,Жаңа жыл-Тышқан жылын бәріміз бірге шақырайық
«Жаңа жыл,жаңа жыл»
(Тышқан кіреді музыкасымен) .
Тышқан:
-Баршаңызға сәлем бердім,
Жаңа жыл,мына менде келдім.
Балаларға базарлық,
Мол жақсылық әкелдім!
Мен әкелген жыл сіздерге денсаулық,бақыт,үлкен табыс әкелсін!
Тәрбиеші: Қош келдің Тышқан жылы бізге жақсылығынды ала келген боларсың. Ендеше балаларымыздың өнерлерін тамашалаңыздар.
Би: Ұлдар биі «Аққала»
Тақпақтар:
Райымбек: Аппақ тоңға оранып Базарлықты мол алып, Келді алыс сапардан Аяз ата оралып. |
Әскебай Гауһар: Жаңа жылды қарсы алып, Жасаймыз той жылда біз. Жарқын, жарқын ән салып, Жалғасады жырға жыр. Әлемде болсын тыныштық Ән салайық жаңаша Жаңа жылым тамаша! |
Қыдырбай Гауһар: Тамаша сый алып,
Келді Аяз атамыз Шаттанып, қуанып Шырқап ән айтамыз. Тістері аппақ күріштей, Қызыл ала шапаны Сағындым аяз атаны! |
Новай Айару: Келіңдер, келіңдер, Тақпақ айтып беріңдер. Жомарт Аяз атадан, Сыйлық алып көріңдер! Неткен әсем көрікті. Жаңа жылдық думанға, Аяз ата келіпті. Тышқан: Балалар мен сендермен қызықты ойын ойнағым келіп тұр, Ойын: «Кім мерген?» |
Тәрбиеші: Қыздарымыздың биін тамашалаңыздар.
Би: Қыздар биі «Микки маус»
Тышқан: —Біздің мерекеміз өте керемет өтіп жатыр.Бірақ,Аяз атамен Ақшақар басқа да балаларды құттықтаулары керек .Сондықтан оларды шығарып салайық.
Аяз ата: —Жарайсыңдар,балалар!Мені бүгін бір қуантып,алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер.Барлықтарыңда ақылды,білімді де өнерлі екенсіңдер!Киген киімдерің қандай әдемі,қызым солай емеспе?Біздің сыйлықтарымызға риза болыңдар!Ал,енді біз жолға шығайық.Басқа да балалардың өнерін тамашалайық.Ал,балаларым,сендер өсе беріңдер,өркендей беріңдер!Қош болыңдар!
Бір жаңа жылдық өлеңмен шығарып саламыз.
Лол: —Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!Келесі кездескенше сау болыңыздар!
Тәрбиеші: Жаңа жыл құтты болсын. Жаңа жыл жақсылығымен келсін. Жылдан жылға аман есен жете берейік дей келе, бүгінгі «Аққу» тобының ертеңгілігі осымен аяқталды.
«1- Қыркүйек – Білім күні»
Мақсаты:
1. Бүлдіршіндерге Білім күні жайында түсінік беру.
2. Өз елдеріне,жерлеріне,балабақшасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
3. Мерекелік көңіл – күй сыйлау.
Тәрбиеші: Қош келдіңіздер, Құрметті балалар, барша қонақтар! Бүгін 1- Қыркүйек – білім күні. Мерекелеріңіз құтты болсын! Балалар қараңдаршы бізге көптеген қонақтар келіпті қонақтармен амандасып шаттық шеңбер құрайық. Сәлеметсіздерме
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды даламыз
Біз қонақжай баламыз – жарайсыңдар балалар.
Биіктерге бастайтын асқаралы
Әр жүректің сүйікті асқақ әні
Мерекеде бәріміз бір дауыспен
Шырқайық баршамыз әнұранды.
«Әнұран» орындалады.
Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі оқу қызметіміз 1-ші қыркүйек білім күніне, арналады. 1-ші қыркүйек күні барлық балабақшаларда, мектептерде оқу жылы басталады. 1-қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Бұл күн сендер үшін, яғни оқушылар үшін және біздер ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады.Ұстаз –қасиетті сөз. Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – ұстаз.
Әрбір мектептерде, балабақшаларда тұңғыш қоңырау соғылады.
Осы тұңғыш қоңыраудан бастап күнделікті оқу басталады. Балалар, жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер балабақшаға күнде келіп, оқу оқып, тәрбие алу керексіңдер.
Балалар, біз «Ақкөгершін» тобында оқу оқығанда біздің Қазақстан Республикасының рәміздері жайында білім алғанбыз, ендеше есімізге түсірейікші, біз Қазақстан Республикасының қандай рәміздерін білеміз.
(балалардың жауабын тыңдау)
Тәрбиеші: Дұрыс, әнұран, елтаңба, ту.
Балалар, айтыңдаршы, біз қай Республикада тұрамыз?
Балалар: Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Тәрбиеші: Дұрыс. Қазақстан Республикасының президенті кім?
Балалар: Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.
Тәрбиеші: Өте жақсы. Біздің Қазақстан Республикасының елордасы қай қалада?
Балалар: Қазақстан Республикасының елордасы Нұрсұлтан қаласы.
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Айтыңдаршы, біз қай ауылда туып, өмір сүріп жатырмыз?
Балалар:Біз Мұнайшы ауылында туылып, өмір сүріп жатырмыз.
Тәрбиеші: Балалар, айтыңдаршы, біздің балабақшамыздың аты қалай?
Балалар: «Еркемай» балабақшасы.
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Жарайсыңдар!
Шырылдаған тыным алмай,
Қоңыраудың үні қандай?!
Мақсатына жете ме адам
Оқу оқып,білім алмай?!
Бар білімнің нұр бастауы-
Балабақшадан басталады.
Білім бастауы — балабақшада. Ендеше бүгінгі мерекеде тағы бір әнімізді балабақшаға арнайық!
Ән «Балабақша»
Тәрбиеші: Енді біздің балаларымыздың білім күніне арналған тақпақтарын тыңдап көріңіздер.
1.Сабыржан: Жазғы демалыс бітіпті.
Бірінші қыркүйек жетіпті
Сабақ қызық болған соң
Барлық бала келіпті.
2.Гаухар: Балабақша үйіміз
Сені жақсы көреміз
Үлкен болып өскенде
Еске алып жүреміз.
3.Жәнібек: Қуаныш бүгін, мереке
Шуағын шашып тұр әлем
Мектепке келген алғашқы
Достарыма бір сәлем!
- Новай А:Сәлем саған балабақшам
Алғыстарым көп менің
Оқу,білім тәрбие
Ой санама еккенім
5.Мейрамбек: Өмір бойы балабақшамды жыр етем,
Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.
Шәкірттерің өрістесін, өрлесін
Құтты болсын білім күні- мерекең!
6.Найзабек А: Мен бақшаға барамын
Ойнаймын ән саламын
Тәрбиеші апайлар
Досы барлық баланың
7.Дінмұхаммед:Бормен жазар тақтаға
Білімді бала боламын
Жүретіндей мақтана
Тәртіпті бала боламын.
8.Қасымжан:1-ші қыркүйек күнімен
Аңқыған жұпар гүлімен
Келіп ем, қарсы алар мектебім
Сүйкімді қоңырау үнімен
9.Керей: Балабақшам айтар әнім
Сан рет қайталадым
Өзіңнен алғанымды
Өзіңе қайтарамын.
10.Ақниет: Мектепке енді барамыз
Біз оқушы боламыз
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік аламыз.
Сергіту сәті.
Ойын: «Өз орныңды тап!»
-Балалар,қазір мен сендерге сандар беремін. Бұл сандар ойынға қажет.Ойын сендердің зейінді, тапқыр екендіктеріңді талап етеді. Қазір музыка қосылады, бәріміз ойын алаңына шығып билеп, ойнаймыз. Музыка тоқтағанда әркім өз қолындағы санның орнын тауып тұра қалуы керек. Мадақтау.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар өте жақсы. Ұстаз – ақыл – ойы мен күш қуатын балаларға арнап, жан аямай еңбек етеді. Сондықтан ұстазды қадірлейік, ренжітпейік деген қорытынды жасап, әрқашан бүгінгідей жақсы көңіл –күймен,барлығын үйренеміз деген мақсатпен балабақшаларыңа келулеріңе тілектеспін. Бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатысқандарыңыз үшін рахмет. Бүгінгі 1-қыркүйек – Білім күніне арналған оқу қызметіміз осымен аяқталды.