Қош келдің жаңа –жыл
Мақсаты: Балаларды жаңа – жыл мерекесімен таныстыра отырып, оның ерекшеліктерін отап өту,
Мерекеге сой көңіл – күйлерін туғызу . Жұмбақ шешу,ән айту, би билеу арқылы балалардың сөйлеу қабілеттерін, тіл шығармашылығын дамыту. Жақсылыққа, достыққа бір – біріне бауырмалдық көрсете білуге тәрбелеу.
Ертеңгілікке қатысушылар: биелеу , Аяз ата, Ақшақар, ескі жыл – доңыз, жаңа – жыл тышқан, қоян, ою.
Ортаға музыка әуенімен, әсем безендірілген шырша жанына жүргізуші келеді.
Жүргізуші: Сені аңсап жүрдік біз
Көптен күткен жаңа – жыл
Қарсы алуға келдік біз
Жасыл шырша жанында
Ойнап күліп қайтамыз
Жасыл шырша жанында
Өлеңді де айтамыз.
- Ендеше бізді № 3 – ші « Ботақан» тобының ертеңгілігіне қош келдіңіз! Жаңа жылымыз әр бір отбасына жақсылығымен келсін.Балалар қараңдаршы шыршамыз қандай әсем, ойыншықтары қандай әдемі.
Жүргізуші: — Ендеше бүгінгі мерекемізге арналған әнімізге кезек берейік.
Ән: « Шырша жыры»
Жүргізуші: — Балалар бір дыбыс естілетін сияқты – қараңдаршы балалар кім келе жатыр екен. – Аяз ата ма?
- Ия. Балалар бұл доңыз екен – бұл біздің ескі жылымызға.
- Бұл неге көңілсіз екен?
Жүргізуші: Доңыз сіз неге көңілсізсіз?
Жүргізуші: Сіз көңіліңізді түсірмеңіз.Төрлетіңіз – біздің балдардың өнерін тамашалаңыз. Біз жаңа жыл мерекесін тойлағалы жатырмыз.
- Балалар Доңыз орманда Аяз ата мен Ақшақардан адасып қалған екен.
- Ендеше Доңыз өз өнерімізді көрсетіп көңілін көтериікші.
- Ендеше тақпақтарға кезек берейік.
- Балалар тағы киімдер келе жатыр екен бұл нелердің дыбысы болды екен?
- Аю мен қояндар келеді.
- Балалармен қонақтармен амандасады.
- Біз жай келмедік біз сізге жақсы хабар ала келдік.
- Аю мен қояндар – Доңыз сен не жалғыз жүрсін.
- Доңыз – мен орманда Аяз ата мен Ақшақармен бірге келе жатыр едім адасып қалдым:
Жүргізуші:
- Балалар ендеше мен сендерге жұмбақ жасайын – сендер таба олар ма екенсіңдер?
Жұмбақ
Ақ сақалды шал – жылына
Бір – ақ рет келеді – ұлы мен
Қызына сыйлықтар алып келеді (АЯЗ АТА)
- Балалар ендеше Аяз атамызды әуенмен шақырайықшы:
— Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата - Аяз ата мен Ақшақар келіп амандасып жылы лебіздерін білдіреді.
Жүргізуші
Армысыз Аяз ата ақсақалым
Бармысың сұлу көркем Ақшақарым
Асыға күттік біз сізді
Тосуда өзіңізді борша қауым!
- Аяз ата, Ақшақар хош келдіңіз төрелетіңіз біздің бүлдіршіндердің өнерлерін тамашалаңыздар.
Жүргізуші: Әнге кезек берейік
Ән: « Аппақ – аппақ»
Тақпақтарға кезек келген сияқты.
- Балалар шиқылдаған дыбыс естілетін сияқты. – Қане кім әндетіп келе жатыр екен.
- Жаңа жылымыз Тышқан екен – хош келдіңіз төрлетіңіз.
- Доңызбен тышқан құшақтасып бір – бірімен. Доңыз аманатын тапсырады.
Жүргізуші: -Уа халайық той бүгін
Бақыт, шаттық мол бүгін
Қарсы алып – Тышқан жылын
Шығарып салып Доңызды – рахмет, лебізімізді білдірелік.
Ескі жылымыз есіркеп – Жаңа жылымыз жарылғасын деп тілейік.
Жүргізуші: — Балалар біздің шыршамыз көңілсіз сияқты не – жетіспейді – екен?
- Аяз ата — ендеше мен сиқырлы таяғым мен сиқырлы сөзімді айтып шамдарын жағайын.
Жүргізуші: Қане қонақтар біздің бүлдіршіндер тек тақпақ ән емес сонымен қатар биде биші алады кезекті биге берлікші.
«Аюлар мен қояндар» биі
Аю – Жаңа жылдың тойында жан салайық ойынға кезегімізді тақпақтарға берейік.
Жүргізуші: Қане қонақтар балалар ойынға кезек келген сияқты.
Ойын: « Кім тез шар жарады»
Шарты: Шардың үстіне отырып тез жару.
Ақшақар менде сұлу қыздарымен билегім келіп тұр.
Би: « Конфетка»
Аяз ата: — мен балаларымен ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын: « Мұзым тиген әр жүрек тас болып қатсын ер терек»
Шарты: Қолындағы сиқырлы таяғы тиген бала мұз болып қату керек.
Жүргізуші: Биге кезек берейік
Би: « Топтық би»
Әнімізге кезек берейік. « Тамаша»
Жүргізуші: Ән тыңдап, би биледік бүгін, тойда.
Қалады бүгінгі той ойымызда
Демалып жаңа жылға қадам бастық
Жаңа жыл құтты болсын баршамызға
Осымен жаңа жылға арналған ертеңгіліміз аяқталды.
Балабақшамыздың башысына кезек берейік.
Жүргізуші: Құрметті әріптестер, бүлдіршіндер, бүгінгі мерекеге шақырылған қонақтар! Хош келдіңіздер! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз құтты болсын!
Наурызбенен ұласып, көктем жеткен
Үлкен – кіші көңілін көкке өрлеткен!
Жан – жануар, табиғатты түрлентіп
Ескі жылмен, реніш өкпе кеткен!
Жаңа жыл, тек жақсылық ала келсін,
Төрт түлігім төлдесін, ақ мол болсын,
Ел тоқ болсын!
Наурыз ауылында той халайық
Шалқытып мерекеде ән салайық.
Жүргізуші: Қонақ келсе үйіне,
Жалғыз қойын соятын.
Барын алға қоятын,
Біздің халық ер халық.
Халқымыздың тарихи – әлеуметтік, тұрмыстық жағдайындағы ерекше қымбат дәстүрі – қонақжайлылық. Ендеше, бүгін бізге қонаққа ата – әжеміз келеді.
Әже: Ата жолды қуайық,
Салт – дәстүрді сыйлайық.
Наурыз келсе, құт келгені халайық,
Шашу шашып, ел болып қарсы алайық.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! Наурыз мерекесі құтты болсын. Қазақ даласына күлімдеген көктем мен жаңа жыл наурыз келді.
Жүргізуші: Ата – әже үйге кіріңдер, қош келдіңіздер! Төрге шығыңыздар!
Жүргізуші: Келесі кезекті тақпақтарға береміз.
Арай:
Ата – бабам тойлаған,
Наурызым армысың!
Қызыққа еш тоймаған,
Дархан дала, қарлы шың.
Рақымжан:
Күттіріп келген, жыл басы,
Бізбен бірге тойлашы.
Дастарханыма көп – көп,
Береке ырыс сыйлашы.
Көктем келді, Наурыз келді,
Жер көгерді, ел көгерді.
Дастарханын жайып дархан,
Жақсылық пен бақыт шашқан.
Жүргізуші: Аманбысың, армысың, халқым менің!
Ақтарған кең даламның алтын кенін,
Мереке басы болсын берекенің,
Ардақты Наурыз тойы, салтын елім!
Ал енді « Наурыз» атты ұлттық киім үлгілер жиынтығын көріңіздер.
« Наурыз» ұлттық киім жиынтығының көрсетілімі.
Жүргізуші: Әнімде саған биімде,
Құт қонақ үйімде
Қуаныш силап еліме
Күлімде наурыз күлімде! – деп, келген қонақтардың құрметіне қыздарымыздың орындауындағы биді қабылалыңыздар.
Би: « Қамажай»
Жүргізуші: Тағыда кезекті тақпақтарға береміз.
Жүргізуші: Тербетіліп балауса бесігінде,
Жазылып тұр қақ маңдай есігінде.
Киелі Отан « Нұршуақ» — балалары,
«Қырқынан шығару» рәсімін ырым еткен.
Әже: Наурыз мерекесімен құттықтап, Ұлыстың ұлы күні немересін қырқынан шығаруды ырым етеді. Қырқынан шығару рәсімімен таныстырады.
Жүргізуші: Тағыда кезекті тақпақтарға береміз.
Жүргізуші: Шалқытып мерекеге ән салайық,
Иесіне ән бидің тамсанайық.
Аңыз бен өнерлерін ала келген,
Ұлдардың өнерлерін тамашалайық.
Би: «Жігіттер»
Жүргізуші: Сонымен қатар мерекелерде ұлттық ойындар ойналып, мықтылар күш сынасқан. «Арқан тарту», « Көкпар», « Қыз қуу», «Теңге алу», « Асық ату» ойындарын үлкендер де, бүлдіршіндер де ойнаған.
Ұлттық ойын: « Арқан тарту»
Жүргізуші: Кезекті тақпақтарға береміз.
Жүргізуші: Сәулесі бар Наурызда таңғы үміттің,
Басын қосқан сан адам, сан ғұрыптың.
Ұлыстың ұлы күні паш етейік,
Белгісін достықпенен мәңгіліктің.
Хор: « Дастархан»
Жүргізуші: Енді арамыздағы үлкен кісі ата сізден бата сұраймыз.
Ата: Бата бер десеңіз бізге,
Бата бердік сізге.
Дастарханыңа береке берсін,
Бастарыңа мереке берсін.
Астарыңа адалдық берсін,
Дендеріңе саулық берсін. Әумин!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз осымен аяқталды.
Білім беру саласы: Әлеумет
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған орта
Тақырыбы: Достығымыз жарасқан.
Мақсаты:
Білімділік: 1-мамыр халықтар достығы мерекесі туралы түсіндіру.
Дамытушылық: Қазақстанда тұратын ұлттар мен ұлыстар туралы айту ауызекі сөйлеу тілдерін, ақыл – ойын, байқағыштығын дамыту.
Тәрбиелілік: Өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілікке, татулыққа тәрбиелеу.
Колданылған көрнекілік құралдар: әр түрлі ұлтта киінген суреттер.
Әдіс- тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ – жауап.
Оқу қызметінің кезеңдері | Тәрбиешінің іс — әрекеті | Балалардың іс — әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушы | Шаттық шеңбері
Ортақ мекен жер шары, Төбемізде бір аспан. Барлық ұлттың баласы, Достығымыз жарасқан! Туыспызбіз бәріміз, Бір Отанды сүйеміз. Бақытты елде туған соң, Бақытты өмір сүреміз. |
Балалар шеңбер болып тұрады.
Өлең жолдарын тәрбиешімен бірге қайталайды. |
Іздену — ұйымдастырушы | 1-мамыр Халықтар бірлігі күні екендігінайтып түсіндіреді. Балалардан қазақ халқының ұлттық киімдері, тағамдары, ойындары туралы сұрай отырып, басқа да ұлт өкілдерінің өздеріне тән салт – дәстүрлері мен ұлттық тағамдары, киімдері мен ойындары болатындығы туралы ақпарат беру.
Басқа ұлт өкілдері дегенді қалай түсінесіңдер? -Сендер қандай ұлттың өкілдерңн білесіңдер? -Сендердің достарыңның арасында басқа ұлттың балалары бар ма? « Дос» сөзін қалай түсінесіңдер? Балаларға үстел үстіндегі әр ұлт өкілдері болып киінген қуыршақтарды таныстырады. Біздің елімізде қазақ, орыс, кәріс, татар, ұйғыр тағы сол сияқты ұлттар тату – тәтті тыныштықта өмір сүріп жатыр. Балаларды екі орталыққа бөледі. Бірінші орталықтағы балаларға қолдарын бояуға батырып, қағаз бетіне бастыру0 бастырылған алақандарының суретін жалғастырып, басқа бір бейнені салу ұсынылады. Екінші орталықтағы балаларға қиылған суреттердің ішінен керекті суреттерді іріктеп алып «Достық пойызы» тақырыбын да коллаж құрастыруды тапсырады. Сергіту сәті Біз кішкентай баламыз, Өніп – өсіп толамыз. Күнге қарай талпынып, Көкке қолды созамыз. Д/о: « Қай ұлт екенін ата» Балаларға алдын ала әр ұлт өкілдері бейнеленген суреттер үлестіріліп береді. Балалар суретте бейнеленген әр ұлт өкілдеріне қарап айтады: « Қазақ» қазақ халқы, « орыс», халқы т.с.с. Дұрыс атаған балаға достық белгісі ретінде « жұлдызша» беріледі. |
Балалар мұқият тыңдайды.
Бірінші орталықтағы балалар қолдарын бояуға батырып, қағаз бетіне бастырады. Екінші орталықтағы балалар қиылған суреттердің ішінен әр ұлттың ұлттық киімін киген балалардың суреттерін, жер шарын « Достық пойызы» тақырыбында коллаж құрастырады. |
Рефлексті коррекциялаушы | -Балалар бүгін бізде қандай оқу қызметі болды?
-Не туралы әңгімелестік? -Қазақстанда қандай ұлттар бар? Бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма? Жарайсыңдар, сендер бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар» |
Қоршаған орта
Ұлт бірлігі туралы әңгімелестік. Орыс, қазақ, татар, өзбек, ұйғыр т.б Иә |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Ұлттарды ажырата біледі.
Игереді: Ұлт өкілдері дегенді түсінеді.
Меңгереді: Суретке қарап әңгімелеуді біледі.
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Қарапайым математика
Тақырыбы : Мантессори әлемі
Мақсаты :
Білімділік : Мантессори тәрбиелеу үрдісіне « еркіндік жағдайларын» жасауды түсіндіру. Балаларға ойларын жинақтап, сөйлей білуге үйрету. Ұзақ уақыт алаңдамай бір нәрсеге назарын аударып, жұмыс істеуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Балаға айналаны қоршаған ортаны тануға көмектесу,қызығушылығын ояту. Баланың көру, есту т.б сезім мүшелерін дамыту.
Тәрбиелілік: Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: түрлі – түсті пішіндер, құрастырғыш материал
Әдіс тәсілдер : Көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап, әңгімелеу
Сөздік жұмыс: сол жақ, оң жақ.
Оқу қызметті
кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық
қозғаушы |
Балалар, қараңдаршы бізге бүгін көптеген қонақтар келіпті. Ендеше, қонақтармен амандасып алайық.
Амандасу: Қайырлы таң, ұстазым! Қайырлы таң, достарым! Шеңберге тұрайық, Жылулық сыйлайық! Доброе утро, учитель! Доброе утро, друзья! Посмотрите друг на друга Пожелайте добра! Good morning, good morning, Good morning to you, Good morning, good morning, We are glad to see you! Балалар, бір сәт өзімізді көңілсіз сезініп көрейікші…. -Ал осы кезде біздің бет әлпетіміз қандай күйде болады екен? Тәрбиеші: Ендеше, балалар бір – біріміздің көңіл – күйлерімізді көтеруге мына сиқырлы қоңырау көмектеседі. Осы қоңырауды жалғастыру арқылы сіздер бір – бірлеріңізге жақсы, жылы тілектеріңізді айтасыздар. Ендеше мен бастайын, сіздер жалғастырасыздар. Бұл ойын « қоңырау» ойыны деп аталады. -Ал, балалар достарыңнан жақсы тілектер есту ұнады ма? -Енді, көңіл – күйлеріңіз көтерілді ме? |
Балалар қонақтармен амандасады.
Балалар « қоңырау» ойыны арқылы бір – біріне мейірімдісің, ақылдысың, әдемісің, тапқырсың т.б сөздер айтады. -Көңілдіміз, қуаныштымыз ( хормен) жауап береді. |
Іздену-
ұйымдастырушы |
Енді біз сіздермен бірге айналамыздағы әлем саяхатына шығамыз. Бұл әлем біз көре алатын, ұстап сезетін, және де басқа адамдарға да әңгімелеп бере алатын әлем.
Жарайсыңдар балалар, олай болса біз бүгін екіге бөліну арқылы мантессори аймағында өзімізге ұнаған жұмыстармен айналысамыз. 1.Математикалық аймақ: 1. Сандарды ретімен орналастыру. 2. 1 – 5 санату, тура және кері санату. 3. Матрешканы санатып,биіктігін, ұзын, қысқа, үлкен – кіші қасиеттерін ажырату. 4. түрлі – түсті пішіндерден зымыран құрастыру. 2. Тіл дамыту аймағы: 1. Жемістер бөліктерін тауып, ретімен орналастыру, әңгімелеу. 2. Аяқ киімнің оң, солын ажыратып, бауын байлау. 3. « Жалғасын тап» ойыны. Сурет бойынша жалғасын табу. 4. Көліктердің суреті бойынша орналастыру. « Орнын тап» ойыны. Сергіту сәті |
Балалар тапсырмаларды орындайды.
Тәрбиеші жаңа оқу қызметін түсіндіре Балалар сергіту сәтін қимыл – қозғалыспен жасайды. Балалар мақал – мәтелдерді айтады. |
Рефлексті-коррекциялаушы | Қорытынды:
-Балалар бүгін бізде қандай оқу іс әрекет болды? -Тақырыбымыз қалай аталады? -Бүгін бізде қандай мереке? -Тәуелсіздікке қанша жыл толды? -Осы тәуелсіздік бізге қалай келді? -Біздің қаламыз қалай аталады? -Біз ненің суретін жапсырдық? Жарайсыңдар балалар бүгінгі оқу іс әрекеті сендерге үнадыма ? Өзіңдікі-Елің де, Өзіңдікі-Жерің де Өзіңді-өзің еткен бақ Тәуелсіздік төрінде. Балалар сендерде сабаққа өте жақсы қатыстыңдар.Осымен сабағымыз айяқталды.Қош сау болыңдар. |
Балалар берілген сұрақтарға нақты, дұрыс жауап берді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Тәуелсіздік туралы тақпақтар айта білуі керек.
Болуы керек:Тақырыпқа сай көрнекіліктер болуы керек..
Баланың қолынан келуі: Әнұранды жатқа білуі керек.