Жаңа сабақтар

Масантаева Гүлхан Пернебекқызы

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Екпінді ауылы

№ 166 жалпы орта мектебінің Нұр шағын орталығының әдіскері

Масантаева Гүлхан Пернебекқызы

Тақырыбы: «Бала тәрбиесі баршамызға ортақ» /Ата-аналарға арналған тренинг/

Мақсаты: Балабақшамен ата-аналар ынтымақтастығын күшейту, балаға саналы тәрбие мен білім беру.

Тренинг бағдарламасы:

  1. «Шаттық шеңбері»
  2. «Таныс болайық»
  3. «Сіздің көңіл-күйіңіз қандай» ойыны
  4. «Бала тәрбиесі баршамызға ортақ» баяндама
  5. «Ата – ана мейірімі» ойыны
  6. «Тілек » жаттығуы.
  • Сәлеметсіздер ме, Құрметті ата-аналар мен ұстаздар! Бүгін біз сіздермен бала тәрбиесі жөнінде ой бөлісу мақсатында жиналып отырмыз. «Бала тәрбиесі баршамызға ортақ»а тты дөңгелек үстелімізге қош келіпсіздер!

1. «Шаттық шеңбері»

Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.

Міне сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты балаларымыздың екінші үйінің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.

2. «Таныс болайық»

Бір шаңырақ иесі ретінде бір-бірімізбен жақынырақ танысайық. өз есіміңізді және балаңыздың есімін қосып айту. Мысалы: мен Индира ұлымның аты Бекжан ….Олай болса барлығымыз орнымызға жайғасайық.

3. «Сіздің көңіл-күйіңіз қандай» ойыны

Қажетті заттар: түрлі –түсті қағаздан жасалған фигуралар.

Әр ата-ана өзіне ұнаған түрлі түсті фигураның біреуін таңдайды.

Интерпритация:

Қызыл — қуанышты көңіл-күй
Алқызыл — ұнамды көңіл-күй
Сары — жағымды көңіл-күй
Жасыл — көтеріңкі көңіл-күй
Қоңыр — жабырқаулы көңіл-күй
Күлгін — алаңдаушы көңіл-күй
Қара — жабырқаулы көңіл-күй
Ақ – жақсы көңіл-күй.

4. «Бала тәрбиесі баршамызға ортақ» баяндама

5. «Ата ана мейірімі». ойыны
Ата-аналар ақ параққа гүлдің суретін салып, гүлдестерге баласына деген сүйіспеншілігін жазып, өз ой-пікірлерін айтады.

6. «Тілек» жаттығуы.

Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
— Құрметті ата-аналар. «Тілек» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Алдарыңыздағы салған гүлдеріңізді бір–біріңізге ұсына отырып, бір–бірімізге жақсы тілектерімізді айтып шығайық. Бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.

Құрметті ата-аналар бүгінгі дөңгелек үстелдің мақсаты- «Елдің ертеңі –бүгіннен басталады» – деген қанатты сөзде қаншама мән – мағына жатыр. Жас ұрпақ тәрбиесіне «Бала жас, ол ешнәрсені білмейді, өсе келе бәрін түсінеді» деп қарау үлкен қателік. Халқымыз «баланы жастан» деп бекерге айтпаған. Баланың бойына өз халқының тарихын, ата-тегін, салт-дәстүрін сіңіріп тәрбиелеу өмір талабы. Бала негізгі тәрбиені, өнегені ең алдымен отбасында ата-анасынан алдады. «Балаға білім беру үшін, ең алдымен оны тәрбиелеген жөн, тәрбиесіз берілген білім, ол ертең бір апатқа әкеп соғады»
«Балаларымызды балабақшаға бердік, ендігі тәрбиені де, білімдіде сонда алады» деп ойлауға әсте болмайды.

Тест сұрақтары

1. Сіз үшін маңызды не нәрсе?

А) Отбасы
Б) бала тәрбиесі
В) мансапқорлық (карьера)

2. Көздеген мақсатқа жету үшін бірінші алға не қоясыз?

А) мансапқорлық (карьера)
Б) карьера мен үшін бірінші орында емес, маған отбасы қажет
В) Өмір бойы жинаған оқып- білгенімді қандай жағдайда болмасын ауыстыра алмаймын.

3. Балабақша және өзіңізге не үшін қажет.

А) баланы тастайтын жер жоқ
Б) баланы тәрбиелеуге уақыт жоқ
В) заман талабы бойынша әр бала балабақшаға барып, қатарынан қалмау керек.

4. Сіз қызмет бабында жоғары дәрежелі мамансыз бала тәрбиелеуге уақыт тапшы. Жағдай қалай болмақ?

А) Балабақша тәрбиелейді
Б) уақыт көрсетеді
В) бала өздігінен тәрбиеленеді.

5. Бос уақытында балаға қандай тәрбие бересіз?

А) Балаға уақыт бөлуге шаршаймын
Б) өсе-келе бала тәрбиесі өздігінен қалыптасады.
В) баланың өз бетінше ойнауына кеңес беремін.

Келесі ән кезегі барша аналар қауымына арналады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.