Жаңа сабақтар

Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің оқ ушысы «ЧЕРНОРИЗЕЦ ХРАБР» Халықаралық болгар тур нирінің Гран при жеңімпазы атанды

Қаңтар айының 3-8 аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласында орналасқан «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында Черноризец Храбр» халықаралық болгар турнирінің екі кезеңі өтті. Халықаралық білім бәйгесінің ұйымдастырушылары «Интеллектуал – 2050» Халықаралық қоры мен «Математика және информатика» Болгар ғылым академиясы болып табылады. Шын мықтылар бақ сынасқан додада жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, шаршы топты жарып шыққан Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің 6 «С» класс оқушысы Аруана Қуаныш Гран-При жеңімпазы атанды – деп хабарлайды «Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектеп» «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы филиалының баспасөз хатшысы Сандуғаш Кожина.

Аруана Қуаныш Халықаралық болгар олимпиадасының екінші кезеңінде ұсынылған барлық тапсырмаларды орындап, ең жоғары 50 ұпайдың 46-сын жинады. Республикамыздың төрт өңірінен жиналған 44 қатысушының арасынан оқ бойы озық шыққан оқушымыз, алтын медальға қол жеткізді:

– Олимпиада барысында барлық қатысушыларға 5 есептен берілді. Әр есеп 10 ұпаймен бағаланды. Уақытты тиімді пайдаланып, тапсырмаларды толықтай орындауға тырыстым. Маған бұл турнир қатты ұнады. Себебі, мен тек білімімді шыңдап қана қойған жоқпын, сонымен қатар, басқа қалалардан жаңа достар таптым, — дейді Аруана.

Сапар аясында оқушыларға жетекшілік етіп, қолдау білдірген Халықаралық мектептің математика пәні мұғалімі Ләззат Ғабит, балалардың нәтижелерін жақсы көрсеткішке балады:

– «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында ұйымдастырылған олимпиаданың екінші кезеңі қызықты әрі тартысты өтті. Нұр-Сұлтан, Шымкент, Балқаш және Түркістан қалаларынан жиналған оқушылар достасып, демалуға да уақыт бөлді. Гиннестің рекордтар кітабына енген Муамер Гюльмен кездесіп, мотивацияға толы әсерлі әңгімелерін тыңдады. Таза ауадағы жаңа таныстықтың балалар үшін пайдасы зор болды.

Екінші кезеңнің нәтижелері бойынша Гран-При жүлдесіне ие болған жеңімпаз маусым-шілде айларында Болгарияда өтетін шеберлік сабағына тегін жолдама алады.

Біз де өз тарапымыздан оқушымыз Аруананы жеңісімен құттықтаймыз! Білім бәйгесінде алар асуын көп болсын дегіміз келеді. Болгарияда өтетін халықаралық шеберлік сабағында ел астанасының, Халықаралық мектептің намысын абыроймен қорғайды деп сенім білдіреміз.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.