Жаңа сабақтар

Балабақша тәрбиеленушілерінің слайд.pptx

Балабақша атауы: БҚО Орал қаласы №27 «Жігер» бөбекжайы

Педагог-психолог: Курмангалиева С.А

Тақырыбы: «Көңілді әлем» тренинг

Топ атауы: «Зеректер» ортаңғы топқа арналған

Мақсаты: Ортаңғы топ бүлдіршіндерге арналған көңіл-күйін көтеру мақсатында құрастырылған тренинг.

Міндеттері : Білімдік: балаға өзінің көңіл –күйін анықтап бағалай отырып өзгелердің көңіл- күйіне назар аудара білуге үйрету; — «көңіл -күй» ұғымын бекіту;

Дамытушылық: — өзінің көңіл -күйін қалыпты ұстай білуге дағдыландыру;

Тәрбиелік:— өзіне және қоршаған ортаға позитивті қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу; — жағымды көңіл күй тудыру; — балалар ұжымын топтастыруға өзіндік үлес қосу.

Қажетті материалдар: 7 түрлі түстен тұратын карточкалар, ватман, түрлі-түсті қарындаштар, фломастер, магнитофон, домалақ жіп.

Кіріспе.Біз өздеріңмен көңіл -күйдің не екенін жақсы білеміз. Кей кезде қуансақ, кейде мұңайып қаламыз. Кейде ренжісек, кейде шаттанамыз, мұңданатын, қайғыратын да кездеріміз болады. Яғни біздің көңіл – күйіміз үнемі өзгеріс үстінде болады. Ал бүгін біз өздеріңмен тамаша көңіл- күй әлеміне аттанамыз. 1. Ойын «Алуан түсті көңіл -күй.» Бір, екі, үш, төрт, бес, Ойынымыз басталды.-Біз қазір өз көңіл- күйіміздің түсін табамыз. Мен сендерге кішкене бір құпияны ашайын, балалар. Біздің көңіл -күйіміздің өзіне тән түсі болады екен. Міне, менде түрлі түстен тұратын карточкалар бар.7 түстен тұратын көңіл- күй түймедағы. Әр жапырақ – әр түрлі көңіл күй: Қызыл -сергек, белсенді көңіл күй — секіргіміз, жүгіргіміз, қимылды ойындар ойнағымыз келіп тұрады. Сары – көңілді көңіл- күй:жан-жағымызға қуана қарап, шаттанғымыз келеді. Жасыл – көпшіл: барлық балалармен достасып, ойнағымыз келеді. Көк — сабырлы: тыныш ойнап, қызықты кітап тыңдап, терезеге қарап отырғымыз келеді. Сұр – іш пыстырарлық, немен айналысарыңды білмейсің. Қоңыр — ашулы көңіл күй: ренжіп, ашуланып тұрмын. Қара — мұңды: маған ештеңе де қызық емес, көңіл күйім бұзылып тұр. Біз қазір мына домалақ жіпті шеңбер бойынша домалатып,әрқайсымыздың көңіл күйімізді білеміз, барлығымыз өз көңіл — күйіміздің түсін айтып шығамыз.Мен бастаймын,сендер жалғастырасыңдар. — Рахмет, көпшілігіңнің көңіл -күйлеріңнің көтеріңкі болғанына мен қуаныштымын. Ал көңіл- күйлері орташаларға біз қазір өз көңіл — күйлерін көтеруге көмектесеміз. 2. Ойын «Көңілді ән» Менің қолымда домалақ жіп тұр. Қазір мен жіпті қолыма іліп алып өзіменің оң жағымда тұрған көршіме жіпті өлең айта отырып ұсынамын: «Аружан,сенің топта сенің болғаның қандай жақсы»…. Ары қарай жалғастырамыз. Міне, жіп қайта айналып өзіме келді, бәрімізді біріктірді.Біздің достығымыз нығая түсті, көңіл күйіміз бұрынғыдан да көтерілді.

3. Би терапиясы.Ән әуені, әсіресе көңіл ән әруақытта біздің көңіл- күйімізді көтереді. Қазір біз әннің жолдарын айтылған кезде жұптасып тұра қаламыз да алақан соғыстырамыз. Ал қайырмасы айтылған кезде ұйымдасқан түрде шеңбер бойымен жүреміз (би ырғағымен) ән:«Дос туралы ән»

4. Релаксация (Әуен ойналып тұрады) — Ыңғайланып отырыңдар. Денелеріңді бос ұстаңдар. Көзімізді жұмып,басмыздан сипаймыз да ішімізден «Мен өте жақсымын» деп айтамыз. Керемет, күн шұғыласын шашып шығып келеді. Біз тыныш қана тамаша көлдің жағасында отырмыз. Тыныс алуымыз жай ғана естіледі.Терең дем аламыз, шығарамыз.Күн шуақ шашып тұр. Біз өзімізді өте жақсы сезінудеміз. Күн шуағы денемізді қыздыруда. Таза ауа.Б үкіл денемізбен күн шуағын сезінудеміз. Біз керемет бақыттымыз,тамаша дем алудамыз. Жайлап көзімізді ашамыз. Бір-бірімізге қарап жағымды жымиямыз. Біз керемет демалдық. Күні бойы бізде осылай тамаша көңіл күй қалыптасады.

5. Жаттығу «Құрғақ субұрқақ.» — Қоштасар бізге келді кез, Қоштасқымыз келмейді-ақ. Еңсемізді түсірмей, Қабылдайық субұрқақ. –Субұрқақтың алуан түрлі тамшылары беттеріңе, қолдарыңа тигенің сезіндіңдер ме? Міне, барлық реніш, мұң, еңсені басқан іш пыстырар ауыр көңіл- күйдің барлығы артта қалды. Сендер бұл субұрқақтан қаншама сергектік, өмірге деген құштарлық, шаттық сезім алып шығасыңдар. Тамаша! Бүгінгі алған жағымды энергияларың бойларыңда ұзақ уақыт сақталатын болады. Ал, әзірше қош-сау болыңыз. Әр күндеріңізге саттілік тілеймін бүлдіршіндерім.!

Тақырыбы: «Балаларды ойын арқылы адамгершілікке тəрбиелеу.»

Балабақшадағы тəрбие – барлық тəрбиенің бастамасы. Мектепке дейінгі шақ бала бойында адамгершіліктің негізін қалайды. Сондықтан да бала бойына жас кезінең бастап ізгілік, мейірімділік, сымбаттылық, сезімдерін қалыптастыру ата- аналар мен тəрбиешінің міндеті. «Мектеп жасына дейнгі балалардың жан- жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше» Тəрбиеші бағдарламада көрсетілген сюжетті — рольдік, кимыл–қозғалысты, дидактикалық жəне басқа да ойын түрлерін пайдалана отырып, топтағы баланың ойын əрекетін ұйымдастыра білуі тиіс. Ойын – балаларды оқуға, енбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Адамгершілік тəрбиесі тəрбиенің басқа да салалармен байланысты. Адамның іс-əрекеті мен мінез — құлқынан əдемілік, сұлулық көрініс таппайынша, адамгершілік парасат тəрбиесі көздеген мұратына жете алмайды. Адамгершілік, адамгершілікке баулу дегеніміз не? Біздің ойымызша, ол-адамдардан үлкен бе , кіші ме, əрбір істеген ісін, сөйлеген сөзін, өзгелермен қарым – қатынасын ақылға салып, ар- ұят таразысынан өткізіп, білімімен ұштастырып ең əуелі, ең дұрыс жолын таңдап білуі қажет. Тəрбиеші балалардың орынды іс-əрекеттерің мақұлдай отырып, азды-көпті жіберген кемшіліктерін өздері түсініп, түзетуге бағыттай білуге тиіс. Əр бала өз ісі мен қылығына жауапкершілікпен қарап, ұялу, кешірім сұрау сияқты əдеттерді үйрену қажет. Балабақша жұмысының мазмұны күн тəртібінің барлық сəттерінде балалардың мінезін дұрыс бағытта тəрбиелеуге негізделеді. Егер бала мінезін дамыта отырып тəрбиелемесек, онда қыныр баланың қиқарлығы арта түседі де, төбелеске, дау-дамайға бейім болады. Ол үшін тəрбиеші үнемі өз тəжірибесін молайтып, шеберлігін, біліктілігін арттырып отыруы қажет. Бала ойын ойнағанда өмірде көрген білгенің өзіне ұнаған адамның іс-əрекетіне еліктеп отырып бейнелейді. Бала үшін өзіне ұнаған адамнан артық ештене жоқ, оған барлық жағынан ұқсағысы келеді. Ізеттілік, ізгілік, инабаттылық, əдептілік бір күнде қалыптаса қалатын қасиет емес. Бұл-балабақшадан бастау алып, өмір баспалдақтарында шыңдалап, біртіндеп қалыптасатын қасиет. Ойын-баланың жансерігі іспеттес. Бала ойнап өседі. Мысалы : рольдерге бөлгенде балаға тиген ұнамсыз роль типінің өзі-ақ көп нəрсені шешеді. Сондықтан тəрбиешінің міндеті- балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету, сонда ғана ойын өз мақсатына жетік, тəрбиелік мəні арта түседі. Айталық, тəрбиешінің ұжымдық ойынды тартымды ұйымдастырып, өткізуі балалардын бір- бірімен достық қатынастарының дұрыс қалыптасуының нышаны екені сөзсіз. Ойын кезінде жолдасының айтқанымен келісіп, оны құрмет тұту адамгершілікке бастайтын жол.

Тəрбиеші ойын арқылы əр баланың игі бастамасын қолдап, оның бойындағы жақсы қасиеттерді өрбіте, өзіндік мінез- құлқын қалыптастырады. Баланың əдепті, көргенді, қайырымды, болып өсуі қоршаған ортасына, үлкендерге байланысты екені мəлім. Балалардың мейірбандық қасиеті отбасындағы үлкен адамдар өнегесіне, балабақшадағы тəрбиеші апайының олармен күнделікті қарым-қатынасымен тəрбие жұмысын ұтымды жүргізгізуіне байланысты қалыптасады. Үлкендердің мейірімділігі баланы, сəби жүрегін қуаныш сезіміне бөлейді. Балалардың бір-бірімен достық қарым–қатынасының дұрыс қалыптасуында мақсаты жүргізлген жүйелі ойын процесінің тəрбиелік мəні мол. Балалардың достық сезімі ойын кезінде шындала түседі. Бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Сəби шағындағы алғашқы қуыршақпен ойнауы баланың камкорлық , ізгілік сезімін оятады да, əрі карай өрбіте түседі. Мұндай ізгілік сезім құрбылар арасындағы достык карым–қатынастың қалыптасуына жағдай туғызады. Қай бала болмасын, жеке-дара ойнағаннан гөрі, бірігіп ойнаудын əлдеқайда қызықты, мазмұнды болатының айқын сезіне бастайды. Соның нəтижесінде олардың ойынға деген қызығушылықтары артып, достықтары беки, нығая түседі.

Ересектер тобының балалары алған білімдеріне, өмірден жинақтаған азды-көпті тəжірибелеріне сүйене отырып, тəртіптерін, мінез– құлықтарын жағдайға қарай бейімдей алады. Тəрбиеші балалардың қарым – қатынасын күнделікті бақылау арқылы əр баланың мінез–құлықтарымен қалай қалыптаса бастағанның анықтайды. Бала бойындағы қалыптасқан жағымды- жағымсыз қылықтарды ескере отырып, жұмыс жүргізеді. Əсіресе, ойын арқылы əр баланы жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке баулиды. Тəрбиеші ойын ойнауға жағдай туғызумен қатар, балалардың ойынға деген белсенділігін үнемі арттырып отыруға тиісті. Топта өзара ынтымақтастық жағдайында балалардың ойында өз қалауымен бастауы не болмаса, ойынға өз еркімен қатысуы аса маңызды. Əр ойынның сюжетін өз мəнінде өрбіту үшін, оған атрибуттар, ойыншықтар қажет. Мысалы : қуыршақ түрлі мамандық иелерін бейнелеу үшін қолданылады. Оған дəрігер, мұғалім, аспазшы, почташы, ғарышкер, т. б. сондай-ақ жануарларды бейнелейтін ойыншықтар да қажет. Қуыршақтың жыл мезгілдеріне арналған киімдері əртүрлі мамандық иелері киемдерінің бір белгісі, айталық, почташының сөмкесі, дəрігердің халаты, қалпағы, аспазшының қалпағы мен алжапқышы, ұшқыш пен ғарышкердің киімдері бейнеленеді. Сюжетті – рольдік ойында ұйымдастырудың екі жолын қарастырып көрелік: 1.Тəрбиеші сюжетті – рөльдік ойындарды өзі ұсынып, балаларды рөльге бөліп, ойын шарттарын түсіндіреді. 2. Тəрбиеші сюжеті–рөльдік ойынға араласпайды. Ал енді ойынды ұымдастырудын осы жолы да ұтымды емес, балалардың ойынға деген қызығушылықтары тез басылып қалады. Неге? Бірінші жолы балалар тек орындаушылар ғана болса, ал екінші жолы ойынның сюжетін өрбіте алмайды. Ол үшін не істеу керек? Тəрбиешілер балалардың дүниетанымын қандай дəрежеде екенін білуге тиісті. Баланың ақыл-ой парасатын кеңейте түсу қажет. Балалар өздерінің ойында, негізінен айналасында көргенің бейнелейтіндігі жəне ол ойындар балалардың өмір сүрген кезеңінде дəл келетіні ақиқат. Ойын баланың алдынан есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. Ойын ұйымдастыруда балаларға жетекші бола отырып ойнай білуге, ережесін сақтауға, ойналуға бағыттау, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамыту жəне қозғау, белсенділігін арттыру болып саналады. Балабақшаларда балаларды тəрбиелеу мен оқытуға кешенді көзқарас қалыптастыруда түрлі дамытатын ойындар, міндеттер, ойын-сауык шараларына көп мəн беріледі.Тəжірибеде анғарғанымыздай, ойын балалар үшін қызықты əрі олардың көніл-күйін жаулап алады. Оқыту мен тəрбиеге бағытталып ұымдастырылатын ойындар балаларға таныс ортаға бейімдеу мақсатында жүргізіледі, баланың танымдық қызметін жандандыратын дидактикалық материалдардың болуымен еркешеленеді. Ендеше, жана технологиялар мен тəсілдерді қолдану негізінде жас ұрпақты тəрбиелеу – басты мұратымыз.Бала тəрбиесінің бағбаны атанған ұстаздар қауымының тынымсыз енбегі шығармашылық жетістіктерге толы болсын.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.