Жаңа сабақтар

Ж.Асилбекова

Білім саласы «Таным», «Шығармашылық»

Оқу әрекеті: Қарапайым математика, сурет, құрастыру

Тақырыбы: Пішіндер

Мақсаты: Геометриялық фигуралардың атауымен таныстыру және бекіту, осы фигураларды басқа пішіндердің арасынан табуға үйрету.Балалардың ойлау қабілетін дамыту. Математикалық білімге деген қызығушылығын арттыру, ұғымталдыққа тәрбиелеу.

Билингвалды компонент: Пішін-фигура-sҺapes

Көрнекілік: интерактивті тақта, суреттер, кесінді пішіндер, тақташалар

Шаттық шеңбері: Сәлемдесем әрдайым үйде және көшеде

Тіпті сәлем деймін мен, тауыққа көрші үйдегі

Сәлеметпе, шуақты күн көкте!

Сәлеметпе, самал жел желпіген!

Сәлеметпе, кішкентай түбіртек!

Сәлем, таң жаңа атқан!

Сәлем, күн арайлы!

Сәлемге ерінуге ,бізге әсте болмайды.

-Балалар, қазір қарапайым математика оқу әрекеті.

-Бұл оқу әрекетінде нені үйренеміз?

Өткен тақырыптарды еске түсірейікші.

-Заттар қасиетіне қарай қалай болады?

-Кеңістікті қалай бағдарлаймыз?

Жаңа тақырып таныстырып, слайд көрсету.

Пішін сөзін үш тілде айтқызу

Үшбұрыш

Сәлеметсіңдерме балалар,мен сендердің дауыстарыңды естіп келдім.

-Мен қандай пішінмін?

-Түсім қандай?

«Ақиқатын айт» ойыны

Түн жарымда күн шығады.

Мектебіміз 3 қабатты.

Аптада 6 күн бар.

Қысқа қарағанда жазда күн ыстық болады.

Балалар, тағы мен сурет салғанды жақсы көремін, сурет сала аласыңдар ма?

Тақташамен жұмыс

Пінішдердің суретін салады.

-Балалар, үшбұрышта неше бұрыш , неше кесінді болады?

Сергіту сәті

Шеңбер

Балалар, мен сендерді көріп қуанып кеттім.Сендермен бірге ойын ойнайыншы.

«Сиқырлы саусақтар» ойыны

Шарты: 1. Таңғалу (екі қолдың басбармағын көтеру)

2.Өзіңді көрсету (бір саусақпен көрсету)

  1. Сәлемдесу (қолды жоғары көтеру)
  2. Қорқыту (сұқ саусағын көрсету)

5.Тоқта (басбармақты төмен түсіру)

6.Аймалау (алақанды бір-біріне сипалау)

  1. Жеңіс. (екі қолды жоғары көтеру)

Балалар, шеңберде бұрыш болады ма, түсі қандай?

Шаршы

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Маған есеп шығаруға сендердің көмектерің керек

Логикалық есеп

1.Аруна мен Сара апалы-сіңлілі.Арунаның үш ағасы бар. Сараның да үш ағасы бар.Отбасында неше бала бар?

2.Шешуін тап.

Үшбұрыш емес,қызыл емес,шаршы емес.Бұл не?

Балалар, шаршының қабырғалары қандай болады?

Пішіндерді бояйық.

Тіктөртбұрыш

Сәлеметсіңдер ме, балалар,жолда пішіндер шашылып жатыр екен , соны жинауға көмектесіңдерші.

Үй, көбелек,машина балапан,күн,гүл, ағаш құрайды.

Тақырыбы: «Елін сүйген- Елбасы»

Ұйымдастырылған оқу іс — әрекеті: Тіл дамыту, Жапсыру.
Білім беру саласы: «Қатынас» «Шығармашылық»
Мақсаты: Балаларға еліміздің Президентін, рәміздерімізді таныстыру. Өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Мәнерлеп тақпақ айтуға үйрету.
Көрнекіліктер: үлестірмелі материал, суреттер.
Методикалық әдісі: Түсіндіру, көрсету, ойын, сұрақ — жауап, мадақтау

Мотивациялық қозғаушы
Тәрбиешінің іс — әрекеті
Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударып, шаттық шеңберіне шақырады.

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар!
  • Балалар бізге көптеген қонақ апайлар келіпті, орнымыздан тұрып, келген қонақ апайлармен сәлемдесіп алайық.
    Үлкенге де сіз,
    Кішіге де сіз.
    Барша жанды құрметтеп,
    Бас иеміз біз.

Әнұран
— Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
— Күз мезгілінен кейін қай мезгіл келетінін білесіңдер ме?
— Қыс мезгілі келеді екен.
Қыс мезгілінің ең алғашқы күні бізде үлкен мереке болады. Ол мереке біздің Елбасымыздың құрметіне арналады.
— 1 желтоқсан күнін Президент күні деп атайды. Сендер елбасымызды білесіңдер ме?
— Ал, балалар, тақтаға назар аударайық.
— Балалар, бұл кім?
— Балалар, сендер қандай елде тұрасыңдар?
— Әр елдің өз басшысы болады. Біздің де Елбасымыз бар. Оның есімі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз. Ал қазіргі елбасымыз Қ.К.Тоқаев . Елбасымыз Астана қаласында тұрады. Мынау – Астана қаласы. Ал мынау балалар, елбасымыздың жұмыс жасайтын орны – Ақорда.
— Балалар елбасымызға арнап тақпағымызды айтайықшы.
Асылым:
— Жасай бер Қазағым!
— Жасай бер Елбасым!
Алихан:
— Елімнің елбасшысы
— Қасым-Жомарт Тоқаев атамыз аман болсын!

  • Отан туралы тақпақ, мақал – мәтелдер.
  • Қуат алған өзінен

  • Туған елдің ұлымын
  • Бақытты етіп өсірген
  • Отанымның гүлімін.

  • Отан – оттан да ыстық

  • Отан — елдің анасы

  • Отан – қуат

  • Отбасы – шуақ

  • Отансыз адам,

  • Ормансыз бұлбұл.
  • Балалар, әр елдің өз рәміздері, өз ана тілдері болады.
  • Балалар, біз қай тілде сөйлейміз?

  • Балалар бұл біздің мемлекеттік – Әнұранымыз. Ал, мынау – Елтаңба. Елтаңбаның ортасында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ еліміздің біртұтастығын бейнелейді. Екі жағында қанатты тұлпар мәңгілік өмір, самғау биігі. Шекесінде 5 жұлдыз мемлекетіміздің жарқын болашағы.

  • «Қазақстан» атты жазу біздің қазақ екенімізді білдіреді. Балалар туымыздың түсі – көк. Көк түс – адалдық пен тазалықтың, бейбітшіліктің белгісі. Тудың ортасында күн мен қалықтаған қыран құсымыз, оң жағында оюдың суреті бар. Күннің болуы – күндей жарқын болсын, дала бүркіті – дархандық пен қырағылықты бейнелеген.
    Оюдың бейнеленуі – қазақ екенімізді білдіреді.
    Түстерінің сары болуы – молшылықтың белгісі екен.
  • Балалар, дидактикалық ойын ойнайық. Ойын:«Көк тудың желбірегені
    Ойын шарты: Балалар мынау не? Қағаздың ортасына туды жапсырамыз
    Мақсаты: Балаларды шығармашылыққа, жылдамдыққа үйрету.
    — Балалар, біз нені жабыстырдық?
    — Күннің түсі қандай?
    — Күннің пішіні қандай?
    — Тудың түсі қандай?
    — Күнді
    — Сары
    — Домалақ
    — Көк

    Сергіту сәті
    — Елбасымыз кім?
    — Елбасымыздың жұмыс жасайтын орны қалай аталады?
    — Біз қай елде тұрамыз? «Қазақстан»
    — Біз бүгін не жабыстырдық? «Көк ту»

    • Жарайсыңдар, балалар!
      Әрқашан еліміз тыныш, елбасшымыз аман, көк туымыз мәңгі желбірей берсін!
      Келген қонақтарға сау болыңыздар дейік.
      Күтілетін нәтиже:
      Білуі керек: Елбасын және елбасы күнін
      Үйренуі керек: Рәміздерді құрметтеуді.

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.