Жаңа сабақтар

ЖАҚСЫҒАЛИЕВА ПАТШАЙЫМ КЕНЖЕСОВНА

Ақтөбе қаласы ПДТ балаларға арналған облыстық арнайы түзету мектеп-балабақшасының тәрбиешісі

ЖАҚСЫҒАЛИЕВА ПАТШАЙЫМ КЕНЖЕСОВНА

Тақырыбы: «Қыстап қалған құстар»

Тәрбиеленуші: АРУНА АЗАМАТҚЫЗЫ

Тақырыбы: «Жабайы аңдар»

Тәрбиеленуші: Қалиев Арлан

Тақырыбы: Қысқы табиғат.

Тәрбиеленуші: Жеңісбай Диас.

Тақырыбы: Шырша шамдары жарқырайды.

Мақсаты: Балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту, табиғат байлығын қорғау сезімдерін, дамыту.Балаларды белсенді әңгімелеугеынталандыру. Ой-өрісін, логикалық ойлауын, дүние-танымын, сөздік қорын, тілін, ұсақ — қол моторикасын дамыту.

Білім беру салалары: «Таным», «Шығармашылық».

Бөлімдері: Экология негіздері, қоршаған орта, ҚМҰҚ, «Құрастыру», «Жапсыру».

Көрнекіліктер: Үлгі суреттер, слайд, түрлі-түсті қағаздар, кесілген суреттер, қыстырғыштар, тақта.

Амандасу рәсімі: Амансың ба, күн!

Амансың ба, дос!

Амансың ба, ғасыр!

Амансың ба, әлем!

Жақсы адамға менен сәлем!

Кіріспе бөлім:

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
  • Қыс екенін қайдан білдіңдер?

Қар жауды, күн суытты, адамдар жылы киінді. Адамдар, аңдар, құстар барлығы да қысқа дайындалды.Қыстап қалатын құстар: Қарға, сауысқан, торғай, суық торғай,сары шымшық, тоқылдақ,көгершін.( осы кезде есік қағылады).

  • Балалар біреу есік қағып тұр, тыңдаңдаршы. Көрейік кім келді екен?

Балалар, бізге Қыс қонаққа келіпті.

-Мен қыстап қалған құстарымды таба алмай жүрмін, оларды ұстауға көмектесесіңдер ме?

  • Балалар, біз Қыс апамызға көмектесейік.

Қыс: Жарайды,сендерге кедергі жасамайын, асығыс едім.

  • Балалар орманға саяхатқа баруға келісесіңдер ме?

Балалар: Ия

  • Бір, -екі, -үш

Көзді қане жұмайық,

Орманға қарай ұшайық

Қане , қайта санайық:

-Бір, -екі, -үш

Орманға ұшып жеттік біз.Қыс апамыздың орманынан қандай құстар қыстап қалатынын біліп алайық.

Ал , балалар, санайық,

Ойнайық та , ойлайық.

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық.

Жұмбақтар:

  1. Қонып алып жарға қарқылдайды. (қарға)

2.Өзі сақ, өзі ұзын,

Шықылықтап тұрмайды,

Құйрығы ұзын, өзі бұтақтан

Бұтаққа ауысқан

Бұл қандай құс? (сауысқан)

-Ал , балалар торғай , үкі, тоқылдақ туралы кім тақпақ айтады?

Саусақ жаттығуы: «Құстар»

  • Балалар, қалай ойлайсыңдар, құстар орманнан бізге неге ұшып келді?
  • Олар жем іздеп келді.

  • Олай болса , балалар, біз құстарға қамқорлық жасауымыз керек.Оларға жем берейік. Ол үшін мына талдардағы құстарға қарап, қыстап қалатын құстың атын қай бала дұрыс айтса, сол бала құстарға келіп жем шашады.

  • Жақсы, балалар, сендер құстар туралы өте жақсы біледі екенсіңдер.Енді осы құстардың сендерге дайындаған тапсырмалары бар екен, топқа барып, соларды орындауға маған көмектесесіңдер ме?

  • Ия, орындаймыз.

  • Сергіту жаттығу:

    Көгершінге ұқсайық

    Қане, қанат жазайық.

    Бір отырып, бір тұрып

    Ұшып-ұшып алайық.

    1.«Кім жылдам?»

    Түрлі-түсті резинкаларды керіп, тақтайшаға құс ұясын жасау

    1. Қиылған суреттерден картина жасау.

    3.«Қанша?» , «Қайда» прашивкамен жұмыс.

    4.«Біз кішкентай құс қамқоршысымыз»

    (түрлі-түсті қағаздан ұя жасау)

    Балалардан бүгінгі іс-әрекеттен алған әсерлерін көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрап сабақты бекітеді.

    Тосын сый: марапаттау балаларды.

    Біз қарлығаш тобымыз

    Доспыз бәріміз

    Құстай қанат қағамыз

    Келгендеріңізге рахмет сау болыңыздар!

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.