Жаңа сабақтар

Оқушылар шығармашылығы

Менің досым.

Менің Әсет есімді досым бар. Екеуміз бір сыныпта оқимыз. Тіпті бір партада отырамыз. Сабақтан бос уақытта доп ойнағанды, сурет салғанды жақсы көреміз. Екеуміз бір аулада тұрамыз. Сондықтан күнде сабаққа бірге барып, бірге келеміз. Әсет секілді досымның барына қатты қуаныштымын.

Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Мичурин ЖОББМБК, Мектеп алды даярлық тобының оқушысы Аскаров Шапағат

Жетекшісі: Садыкова А.Т.

Гүлдер.

Менің ойымша, гүлдер әлемдегі ең нәзік жаратылыс иесі. Себебі жел тұрса, дауыл болса бірден солып қалады. Ал керісінше күн шығып, айнала керемет болып тұрса, гүлдер де жайқалып, құлпырады. Сондықтан шығар қыздарды да гүлге теңеп жатады. Себебі қыздар да гүл секілді нәзік жаратылыс иесі. Егер біреу қабағын түйіп, қатты сөз айтса тез ренжіп қалады. Ал жақсы сөз айтса, құлпырып кетеді.

Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Мичурин ЖОББМБК, Мектеп алды даярлық тобының оқушысы Мұрат Аружан

Жетекшісі: Садыкова А.Т.

Жаз мезгілі.

Маған жаз мезгілі қатты ұнайды. Себебі жаз кезінде күн жылы болады. Барлық оқушылар демалысқа шығады. Сонымен қатар менің туған күнім болады. Жаз мезгілінде мен ата-әжеме ауылға барып демалғанды жақсы көремін. Себебі ауылда өте қызықты. Кеш батқанға дейін ауылдың балаларымен қуыспақ ойнаймыз. Кеште отбасымызбен кешкі асымызды ішіп, таза ауада серуендейміз. Айта берсең, жаз мезігілінің қызықтары өте көп.

Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Мичурин ЖОББМБК, Мектеп алды даярлық тобының оқушысы Құрман Бибі

Жетекшісі: Садыкова А.Т.

Менің отбасым.

Біздің отбасында 6 адам бар. Олар: ата-әжем, әке-шешем және інім екеуміз. Менің отбасым өте тату. Кешкі ас ішкен кезде әрқашан күніміздің қалай өткенін сұраймыз. Әркезде бір-бірімізге қолдау көрсетеміз. Қателік жасасақ кешіреміз. Менің ата-әжем зейнеткер. Ал әкем дәрігер болып қызмет етеді. Анам болса мұғалім. Мен де өскенде әкем секілді дәрігер болғым келеді. Себебі маған адамдарға көмектескен ұнайды. Болашақта әкем сияқты білікті маман болсам деп армандаймын. Себебі сол арқылы көп адамға көмектесер едім деп ойлаймын.

Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Мичурин ЖОББМБК, 1 «а» сынып оқушысы Мақсотова Мадина

Жетекшісі Есмағанова Д.М.

Денсаулық-бірінші байлық.

Әр адам үшін денсаулық өте маңызды. Себебі адамның бір жері ауырса мазасы болмайды. Көңіл – күйі түсіп кетеді. Ештеңеге зауқы да соқпайды. Сондықтан әрқашан ауырмаудың жолын іздеп, денсаулықты барынша күткен абзал. Ал дені сау болу үшін адам спортпен айналысу керек. Сонымен қоса дұрыс тамақтану керек. Әр түрлі қоспалар қосылған тамақтардан аулақ болған жөн. Себебі олар ағазаға кері әсерін тигізіп, адам денсаулығының нашарлауына әкеп соғады деп ойлаймын. Сондықтан әрқашан денсаулығымызды күтіп жүргеніміз абзал.

Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Мичурин ЖОББМБК, 1 «а» сынып оқушысы Гумар Нұрсезім

Жетекшісі Есмағанова Д.М.

Арман.

Адамдарда көп арман,

Айға ұшырып апарған.

Орындалсын десеңіз

Түспесін еш еңсеңіз.

Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Мичурин ЖОББМБК 1 «а» сынып оқушысы Абат Аянат

Жетекшісі Есмағанова Д.М.

Жақсылық жасау.

Жақсылық жаса адамдар,

Үлгі болып сол қалар.

Жамандықты жасырсаң,

Жақсылықты бағалар.

Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Мичурин ЖОББМБК 1 «ә» сынып оқушысы Хасан Әділхан

Жетекшісі: Дюсенгалиева Г.М.

Менің туған өлкем.

Менің туған өлкем – Орал қаласы. Әр адамға өзінің туған өлкесі ыстық. Мен үшін де туған өлкемнің алатын орны ерекше. Себебі бұл жерде мен дүниеге келдім, өсіп-өндім. Орал қаласы өзінің тарихымен, әсем табиғатымен ерекше. Қаншама оқиғалар тізбегі орын алды. Қадір, Жұбан секілді тұлғалар дүниеге келді. Біраз тарихи оқиғалар да орын алды. Орал қаласы өте жап- жасыл және көрікті қала. Сондықтан туған өлкемізді қадірлейік. Оның дамуына бар үлесімізді қосайық. Мен туған өлкемді қатты жақсы көремін.

Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Мичурин ЖОББМБК 1 «ә» сынып оқушысы Күнтуған Гаухар

Жетекшісі: Дюсенгалиева Г.М.

Анашым.

Мейірімді менің анам

Арта берсін сенің бағаң.

Ұл-қызыңды тәрбиелеп,

Сыйлап өтер әрбір балаң.

Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Мичурин ЖОББМБК 1 «ә» сынып оқушысы Тұрақ Жанель

Жетекшісі: Дюсенгалиева Г.М.

Қоршаған ортаны қорғау.

Қоршаған ортаның біздің өмірімізде алатын орны ерекше. Себебі адам өзін қоршаған ортамен бірлікте өмір сүреді. Сондықтан біз қолдан келгенше қоршаған ортаны қорғауға атсалысуымыз керек. Қазіргі таңда ғылым дамыған сайын қоршаған ортаны ластайтын, бұзатын факторлар көбеюде. Ал бұған біз барынша жол бермеуіміз керек. Себебі қоршаған орта ластанса, ол біздің де өмірімізге тікелей әсер етеді деп ойлаймын. Сондықтан барынша қауіпсіздік шараларын сақтап, қоршаған ортаны таза ұстауға тырысайық.

Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Мичурин ЖОББМБК 2 «ә» сынып оқушысы Маркс Балауса

Жетекшісі: Сухбаева Н.А.

Мектеп.

Баршаға берген білімі,

Санамызда сақталар.

Мектебімнің ілімі,

Болашақта ақталар.

Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Мичурин ЖОББМБК 2 «ә» сынып оқушысы Кульманов Зейнур

Жетекшісі: Сухбаева Н.А.

Менің ұстазым.

Ұстаздардың еңбегі

Бағаланар әрқашан.

Ұстаздардың бергені

Ұмытылмас ешқашан.

Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Мичурин ЖОББМБК 2 «ә» сынып оқушысы Калимуллин Алтынбек

Жетекшісі: Сухбаева Н.А.

Саяхат жасаудың пайдасы.

Саяхатқа шығу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Себебі оған көптің күші жете бермейді. Саяхат шығу үшін адам алдымен саяхат кезіндегі қиындықтарға шыдай білуге дайын болу керек. Содан кейін жанына сенімді жан таба білу керек. Одан кейін қаржының және керекті құрал- жабдықтардың болуы маңызды. Егер сізде осы нәрсенің барлығы болса, сіз саяхаттай аласыз. Ал адам үшін саяхаттау өте маңызды. Себебі ол адамның ойының өзгеруіне, жаңа нәрселерді тануына жағдай жасайды деп ойлаймын, ал адам жақсы нәрселерді көп көрген сайын, жақсы нәрселерге ұмтыла бастайды. Сондықтан жиі-жиі саяхаттап тұрған өте дұрыс.

Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Мичурин ЖОББМБК,

3 «ә» сынып оқушысы Телағыс Алдияр

Жетекшісі : Ихсанова Б.К.

Бақытты балалық.

Бақыт деген балалықтың көктемі.

Бақыттылар бұл жалғанда көп бе еді?

Балалықтың шалалығы көп болып,

Бақытымның өтіп кетті көп белі.

Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Мичурин ЖОББМБК,

3 «ә» сынып оқушысы Бекберген Ғадийат

Жетекшісі : Ихсанова Б.К.

Достар.

Жанымды ұғынатын.

Достарым бар.

Ағынан жарылатын

Әрбірі нар.

Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Мичурин ЖОББМБК,,

3 «ә» сынып оқушысы Мамай Нұрәлі

Жетекшісі : Ихсанова Б.К.

Бауырым — бауыр етім.

Анадан бірге туған бауыр артық.

Туғандай болып кеткен жақыныңнан.

Қолдайды сені әрқашан жақын тартып,

Айналдым бауырлардың бақытынан.

Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Мичурин ЖОББМБК,,

4 «а» сынып оқушысы Турсунгалиева Аружан

Жетекшісі: Оналова Н.С.

Қазақстан – бір Отан.

Біртұтас Қазақстан талай халыққа пана болып отыр. 18миллионнан астам халқы бар елімізде 150-ге тарта өзге ұлт өкілдері тату – тәтті өмір сүруде. Тіпті олардың жақсы өмір сүруіне барлық жағдай жасалған деуге болады. Олардың өз тілдерінде сөйлеуіне, өздерінің діндерін ұстануына ешқандай қарсылық та жоқ. Осы арқылы біз де өзіміздің зайырлы екенімізді көрсетеміз. Сондықтан бұл біздің енді қалыптасып келе жатқандағы ұстанған бағытымыздың дұрыс екендігіне көз жеткізетіндей. Еліміз тату, бірлігіміз жарасқан ел болайық деп тйлеймін.

Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Мичурин ЖОББМБК,

4 «а» сынып оқушысы Насиполла Сұлтан

Жетекшісі : Оналова Н.С.

Менің хоббиім.

Әр адамның өзіне ұнайтын бір хоббиі болады деп ойлаймын. Біреу музыка тыңдағанды ұнатса, біреу футбол ойнағанды қалайды. Ал мен сабақтан бос уақытта сурет салғанды ұнатамын. Әсіресе айналада болып жатқан дүниелерді қағаз бетіне қылқаламмен кескіндеген керемет әсер сыйлайды. Сондықтан сабақтан бос кезде бар уақытымды өзімнің хоббиіме арнаймын. Мені қоршаған ортада болып жатқан оқиғаларды, іс- әрекеттерді сурет арқылы жеткізгім келеді. Болашақта мен хоббиімді өзімнің сүйікті мамандығыма айналдырғым келеді. Өзімнің қабілетімді әрі қарай дамытып, суреттер көрмесін жасағым келеді.

Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Мичурин ЖОББМБК,

4 «а» сынып оқушысы Кабылгалиева Мадина

Жетекшісі : Оналова Н.С.

Кітап оқу.

Кітап – асыл қазына,

Бар білімді беретін.

Балалардың бағына,

Кітаптар көп көретін.

Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Мичурин ЖОББМБК,

4 «ә» сынып оқушысы Ерболова Ақнұр

Жетекшісі: Нұрғали Б.Ғ.

Мейірімділік.

Мейірімді адамдар!

Жақсылықты бағамдар.

Алға бастар қадамдар,

Мейірімнен жаралар.

Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Мичурин ЖОББМБК,

4 «ә» сынып оқушысы Нұрымбетқызы Алинур

Жетекшісі : Нұрғали Б.Ғ.

Білім — үлкен байлық.

Білімдінің бағасы – бақыт, байлық.

Қазынасы келмейтін өлшеуге де.

Оқығанның жоғалтпас арып-ашып,

Ұсақтауға келмейтін, бөлшектеуге.

Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Мичурин ЖОББМБК,

4 «ә» сынып оқушысы Тұрақ Сабина

Жетекшісі : Нұрғали Б.Ғ.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.